Жаңалықтар

Әзіл-анкета

  «ЛИТЕРАТУРНАЯ ГАЗЕТА» ЖІБЕРГЕН «СОЦИАЛИСТІК ӨМІР БЕЙНЕСІ» АНКЕТАСЫНА ЖАУАП 1. Коммунистік ұлы арманға жету жолындағы қым-қуыт айтыс-тартыстарда ақыл, білім, әдіс, сескенбейтін жүрек, қажымайтын қайрат жеңеді. Социалистік қоғам адамдарының, социалистік образдардың бойынан мен алдымен соларды іздеймін. Адамшылық басқа қасиеттердің бәрі осыларға бағынушы, осыларды көркейтуші болуы керек. 2.Мыңдаған совет жазушылары бар. Солардың ішінде социалистік өмірді құлшына жырламайтыны кемде-кем. Бәрі жабыла жазса да бірде-бірі бұл өмірдің, оны жасаушылардың толық бейнесін әлі жасай алмай келеді. Өйткені, ол өмір, ол бейнелер кітапқа сыймай жатыр. Халқымыз сүйіп оқитын Шолохов шығармаларының өзі өмір дәрежесінен төмен. Жазушыда бас біреу, қол екеу. Қанша жасампаз болса да өнеге алатыны, көрсететіні өмір. Өмірді миллиондаған бастар, қолдар жасаған. Сондықтан кітапқа сыймайды. Телегей-теңіз өмірдің бір бөлшегін ғана немесе сансыз сипатты, алуан сырлы адамзаттың бір тұлғасын ұқсата жасап берген жазушы да халқының ардақты азаматы. Мұндай жазушылар біздің арамызда аз емес. Сондықтан тізім жасап жатпадым. 3.Жазғанымнан көргенім, білгенім, тіпті бастан кешіргенім асып түседі. Бір кезде тақырып аз, күш көп сияқты еді. Енді тақырып көп, күш аз. Оғы азайған аңшы орынсыз оқ шығармайды. Мен бұдан былай тек советтік мемуар, естеліктермен шұғылданбақпын. Өткен өмірді біздер айтып кетпесек, борыш арқалап кеткен болар едік. Мемуар, естеліктер тек шындық болу керек. Өтірікті қосты-ақ авторды құдай атқаны. Кейінгі жас ұрпақты адастырмақ болғаны. Ондай авторға халықта, тарих та лағынет айтады. 1970 Әзіл-анкета 1.Шығарманы қалай жазасыз, қолмен бе, машинкамен бе? Машинка түгілі башпаймен жазатындар бар, мен әлі қолмен жазамын. 2.Жазу үстіндегі көңіл күйіңіз? Жазып отырғанда мығым-ақпын, жазып болып топқа түскенде жаңа түскен келіншекпін. 3.Біткен туындыңызды қалай мінеп, жөндейсіз? Өзге біреу оның бір сөзіне қол тигізсе, маған шаншу қадалады. Өзім оны пышақтасам да жаным енеді. 4.Жылдың қай мезгілін ұнатасыз? Әрине көктемді. Көктем жерді де, көңілді де көтереді. 5.Жақсы көрер мақалыңыз қайсы? Пайдасыз мың сөзден бармақтай ғана пайдалы бір іс артық. 6.Пір тұтатын жазушыңыз кім? Сүйгенімді, биік көргенімді атай берсем ұзақ тізім. Бірақ бірде-бірін пір тұта алмадым. 7.Қай ойшылдық қай сөзі көкірегіңізге ұялады? Ойшылдардың көкіректе қалдырғаны көп, тізе берсем бұл да бір кітап. Ойшылдар әрқилы, баяғының мәңгілері де ойшыл болған. Ақылды ой бүтін басқа бір енсе, сүйресең де шықпас, жыртық басқа шынжырлап байласаң да тұрмас. 8.Ең соңғы оқып шыққан кітабыңыз? Горькийдің «Портреттерін» тағы да бір оқып шықтым. 9.Кімді оқи алмай жүрсіз? Оқығаным оқымағанымнан, білгенім білмегенімнен істегенім істемегенімнен әлдеқайда аз. 10.Көңілсіз сәттерден қалай арыласыз? Менің көңілсіздікке істейтін емім: еңбек, саяхат, таза ауада бой жазу, кішкентай немерелеріммен ойнау. 11.Құмар машығыңыз? Тек жақсыны көру. Бірер жаман да машығым бар, оны айтуға ұялам. 12.Нені жақтырмайсыз? Толып жатыр: арам өмір, сылдыр сөз, жиі жиналыс, мақтан, өсек, зұлымдық. 13.Қандай мінезді қасиет тұтасыз? Сегіз қырлы, бір сырлы, әділ, ақ мінез — ұлы қасиет. 14.Спортқа қалайсыз? Ұнатамын. Аз да болса спортпен айналыспаған күнім жоқ. 15.Өкінішіңіз? Өмірдің көбін бос жіберіппін. Енді қысқа жіп күрмеуге келмей жатыр. 16. Көңіліңізді мазалап жүрген кейіпкер бар ма? Бар. Бірақ, құрсақтағы бала қандай болып шығарын кім біледі. 17.Тіл жағынан кімнен үйренесіз? Халықтан ғана. 18.Өз шығармаңыздың қайсысын сәттірек шыққан дейсіз? Өзім сүйсінбеген шығармаларымды жарыққа шығарғаным жоқ. Жарыққа шыққанымның бірде-бірі көңіл биігінде тұрақтап тұра алмады. 19.Келер жылға сәлеміңіз? Жаңа жылда жер семіз, ел семіз болғай-ақ, еңбек қырманы тасығай-ақ. 1964
04.12.2012 06:24 5027

 

«ЛИТЕРАТУРНАЯ ГАЗЕТА» ЖІБЕРГЕН «СОЦИАЛИСТІК ӨМІР БЕЙНЕСІ» АНКЕТАСЫНА ЖАУАП

1. Коммунистік ұлы арманға жету жолындағы қым-қуыт айтыс-тартыстарда ақыл, білім, әдіс, сескенбейтін жүрек, қажымайтын қайрат жеңеді. Социалистік қоғам адамдарының, социалистік образдардың бойынан мен алдымен соларды іздеймін. Адамшылық басқа қасиеттердің бәрі осыларға бағынушы, осыларды көркейтуші болуы керек.

2.Мыңдаған совет жазушылары бар. Солардың ішінде социалистік өмірді құлшына жырламайтыны кемде-кем. Бәрі жабыла жазса да бірде-бірі бұл өмірдің, оны жасаушылардың толық бейнесін әлі жасай алмай келеді. Өйткені, ол өмір, ол бейнелер кітапқа сыймай жатыр. Халқымыз сүйіп оқитын Шолохов шығармаларының өзі өмір дәрежесінен төмен. Жазушыда бас біреу, қол екеу. Қанша жасампаз болса да өнеге алатыны, көрсететіні өмір. Өмірді миллиондаған бастар, қолдар жасаған. Сондықтан кітапқа сыймайды. Телегей-теңіз өмірдің бір бөлшегін ғана немесе сансыз сипатты, алуан сырлы адамзаттың бір тұлғасын ұқсата жасап берген жазушы да халқының ардақты азаматы. Мұндай жазушылар біздің арамызда аз емес. Сондықтан тізім жасап жатпадым.

3.Жазғанымнан көргенім, білгенім, тіпті бастан кешіргенім асып түседі. Бір кезде тақырып аз, күш көп сияқты еді. Енді тақырып көп, күш аз. Оғы азайған аңшы орынсыз оқ шығармайды. Мен бұдан былай тек советтік мемуар, естеліктермен шұғылданбақпын. Өткен өмірді біздер айтып кетпесек, борыш арқалап кеткен болар едік. Мемуар, естеліктер тек шындық болу керек. Өтірікті қосты-ақ авторды құдай атқаны. Кейінгі жас ұрпақты адастырмақ болғаны. Ондай авторға халықта, тарих та лағынет айтады.

1970

Әзіл-анкета

1.Шығарманы қалай жазасыз, қолмен бе, машинкамен бе?

Машинка түгілі башпаймен жазатындар бар, мен әлі қолмен жазамын.

2.Жазу үстіндегі көңіл күйіңіз?

Жазып отырғанда мығым-ақпын, жазып болып топқа түскенде жаңа түскен келіншекпін.

3.Біткен туындыңызды қалай мінеп, жөндейсіз?

Өзге біреу оның бір сөзіне қол тигізсе, маған шаншу қадалады. Өзім оны пышақтасам да жаным енеді.

4.Жылдың қай мезгілін ұнатасыз?

Әрине көктемді. Көктем жерді де, көңілді де көтереді.

5.Жақсы көрер мақалыңыз қайсы?

Пайдасыз мың сөзден бармақтай ғана пайдалы бір іс артық.

6.Пір тұтатын жазушыңыз кім?

Сүйгенімді, биік көргенімді атай берсем ұзақ тізім. Бірақ бірде-бірін пір тұта алмадым.

7.Қай ойшылдық қай сөзі көкірегіңізге ұялады? Ойшылдардың көкіректе қалдырғаны көп, тізе берсем бұл да бір кітап. Ойшылдар әрқилы, баяғының мәңгілері де ойшыл болған. Ақылды ой бүтін басқа бір енсе, сүйресең де шықпас, жыртық басқа шынжырлап байласаң да тұрмас.

8.Ең соңғы оқып шыққан кітабыңыз?

Горькийдің «Портреттерін» тағы да бір оқып шықтым.

9.Кімді оқи алмай жүрсіз?

Оқығаным оқымағанымнан, білгенім білмегенімнен істегенім істемегенімнен әлдеқайда аз.

10.Көңілсіз сәттерден қалай арыласыз?

Менің көңілсіздікке істейтін емім: еңбек, саяхат, таза ауада бой жазу, кішкентай немерелеріммен ойнау.

11.Құмар машығыңыз?

Тек жақсыны көру. Бірер жаман да машығым бар, оны айтуға ұялам.

12.Нені жақтырмайсыз?

Толып жатыр: арам өмір, сылдыр сөз, жиі жиналыс, мақтан, өсек, зұлымдық.

13.Қандай мінезді қасиет тұтасыз?

Сегіз қырлы, бір сырлы, әділ, ақ мінез — ұлы қасиет.

14.Спортқа қалайсыз?

Ұнатамын. Аз да болса спортпен айналыспаған күнім жоқ.

15.Өкінішіңіз?

Өмірдің көбін бос жіберіппін. Енді қысқа жіп күрмеуге келмей жатыр.

16. Көңіліңізді мазалап жүрген кейіпкер бар ма?

Бар. Бірақ, құрсақтағы бала қандай болып шығарын кім біледі.

17.Тіл жағынан кімнен үйренесіз? Халықтан ғана.

18.Өз шығармаңыздың қайсысын сәттірек шыққан дейсіз?

Өзім сүйсінбеген шығармаларымды жарыққа шығарғаным жоқ. Жарыққа шыққанымның бірде-бірі көңіл биігінде тұрақтап тұра алмады.

19.Келер жылға сәлеміңіз?

Жаңа жылда жер семіз, ел семіз болғай-ақ, еңбек қырманы тасығай-ақ.

1964

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға