Жаңалықтар

Алмас

  Алмас — минерал, көміртектің (С) кристалл түрі, табиғаттағы ең қатты зат. Грекше adamas деп аталады; ол бұзылмас, жеңілмес деген ұғымды білдіреді. Алмас кубтық сингонияда кристалданады. Куб, октаэдр, ромбододекаэдр, тетраэдр, сондай-ақ олардың араласқан түрінде кездеседі. Алмас біздің заманымыздан бұрын белгілі болған. 19 ғасырдың 70 жылдарына дейін ол тек кен қайраңдардан өндірілді. Табиғатта кездесетін алмас түйіршіктерінің салмағы әдетте 0,1 – 1,0 караттан аспайды. Салмағы 100 караттан (20 г) астам ірі кристалдары өте сирек кездеседі және оларға жеке ат беріледі. Мысалы, 1905 ж. Оңтүстік Африкада табылған дүние жүзіндегі ең ірі «Куллинан» алмасы кристалының массасы 3106 карат (621,2 г) болған. Кейін одан әр түрлі пішінді 105 бриллиант алынды. Алмастың меншікті салмағы 3,5 – 4,0 г/см3, қаттылығы 10. Морт сынады, сынған жері бұдыр келеді, электр тогын нашар өткізеді. Түссіз, ақ, көгілдір, жасыл, сарғылт, қоңыр, қызғылт, қара сұр түсті болып келеді. Алмастың түсі әр түрлі болуы құрамындағы қоспаларға (5%-ға дейін Sі, Al, Ca, Mg, Tі, Co, Cr, Fe т.б) байланысты. Бұлардан басқа оның құрамында қатты (оливин, пироксен, гранаттар, хромшпинелидтер, графит, кварц, темір оксидтері, т.б.), сұйық (су), газ (азот, т.б.) күйіндегі қоспалар да болады. Алмас қышқылдар мен сілтілер ерітіндісінің әсеріне берік, селитра мен соданың қоспасында 500ӘС-та ериді, ауада 850 – 1000ӘС-та, оттекте 720 – 800ӘС-та жанады, вакуум мен инертті газда 2000ӘС-та 15 – 20 минутта түгелдей графитке айналады. Графит немесе көмір сияқты жұмсақ тектестерімен салыстырғандағы алмастың орасан қаттылығына оны құрайтын көміртек атомдары арасындағы өте берік ковалентті байланыс себепші болады. Алмас үлкен тереңдікте, жоғарғы мантия аумағындағы зор температура мен қысым әсерінен пайда болады. Ол қопарылыс түтіктерін толтыратын кимберлит құрамында кездеседі. Басқаша айтқанда қопарылыс түтіктері алмас кендерін іздестірудің негізгі сілтемесі болып табылады. Сапасына және нарықтық сұранысқа байланысты алмас  кристалдары зергерлік алмас және техникалық алмас болып ажыратылады. Зергерлік алмас мөлдір, ақаусыз (қуыссыз, жарықшасыз, сызатсыз), қоспасыз, аса берік болуы шарт. Өйткені ол – әсемдік бұйымы болумен бірге капитал сақтаудың сенімді тәсілі. Техникалық алмас ұнтақ немесе тиісті пішінге келтірілген кристалдар түрінде қолданылады. 1990 – 95 ж. дүние жүзінде 100 млн. карат алмас өндірілді. Оның ішіндегі жоғары сапалы зергерлік алмастың үлесі 15%, жартылай асыл түрі 40%, абразив материал ретінде қолданылатын техникалық алмас 45% болды. Жылдық тұтынудың үнемі 10%-ға өсіп отыруына байланысты 20 ғасырдың 50-жылдарынан бастап жасанды (синтетикалық) алмас өндірісі (жылына 250 млн. карат) жолға қойылған. Алмастың ірі кендері Оңтүстік Африкада, Австралияда, Бразилияда, Үндістанда, Канадада, Ресейде (Саха-Якутия) орналасқан. Қазақстанда аса ірі Құмдыкөл алмас кені зерттеліп, өндіріске қосуға дайындалған (1997). Ондағы техникалық алмастың 1 т кентастағы орташа мөлшері  23 карат.  
04.12.2012 06:22 6655

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға