Жаңалықтар

Қайта өркендеу дәуірі

Қайта Өркендеу Дәуірі, қайта өрлеу дәуірі, Ренессанс – Батыс Еуропа мәдениетінің даму кезеңі (14-16ғғ). Антиктік идеалдар мен құндылықтарды жаңғырту және орта ғасырлық мұрадан арылу ретінде қалыптасты. Алдымен Италияда кейіннен Еуропаның басқа аймақтарынан таралды. Зайырлы мәденниеттің рөлі артты. Бұл дәуірдің мәдениеті гуманизм құндылықтарына негізделеді. Сондықтан бұл дәуір қайраткерлерін гуманистердеп атайды. Оның өкілдері осы дәуір мәдениетіне ой еркіндкгі мен сыни көз карасты енгізді. Ренессанс дүние танымы антропоорталық сипатта болды. Дүниенің орталық тұлғасы - адам, ал Құдай - барлық заттардың бастауы. Қоғам- адамдар әрекетінің нәтижесі. Бұл дәуір адамның өзіндік санасы өзін таныту, өз куш, қабілетін сезіну ретінде корініс табады. Сондықтан мұнда "алыптар" аталған ірі тұлғалар: Леонарда да Винчи , Тициан, Петрарка, Сервантес, Пико делла Мирандолла, Бэкон, Кампанелло,Эразм, т.б. өмір сүрді. Тән сүлулығына адамға деген қызғушылық қайта жанғырады. Өнерде адамы қуанышы мен бақыты талап-тілектері мен құштарлықтары бейнеленеді. Өнерде антиктік адам идеялы, сұлулықты үйлесімділік пен өлшем ретінде түсіну қайта жанғырды.   Қосымша ақпарат Қайта өркендеу кезінде өмір сүріп, өз үлестерін қосқан мынадай ойшыл, дана жазушыларды айтуға болады:  Франческо Петрарка. («Дәрігерге қарсы тұжырым» «Тағдыр тәлкегіне қарсы дәрі» «Жақындарға хаттар»)  Леонардо Бруни. («Ғылыми және әдеби әуесқойлық жайында»)  Козимо Раймонди. («Стоиктер, академиктер және перипатетиктерге қарсы Эпикурды қорғау сөздері»)  Лоренцо Валла. («Шынайы және жалған береке туралы»)  ```Николай Кузанский.``` («Білместік ғылымы» «Қарапайымның кемеңгерлік жайындағысы»)  Марсилио Фичино. («Платонның «Той»-ына қосып айтар»)  Джованни Пико делла Мирандола. («Адамның қасиеті турасында» «Канцоненің «Джироламо Бенивьени махаббаты жайында»-ғысына қосып айтар»)  Леон Эбрео. («Махаббат жайлы сұхбаттар»)  Бальдассаре Кастильоне. («Сарай қызметшісі турасында»)  Аньоло Фиренцуола. («Әйелдердің әсемдігі турасында»)  Бенедетто Варки. («Әдемілік пен инабаттылық туралы кітап»)  Франческо Патрици. («Махаббат даналығы»)  Томмазо Кампанелла. («Әсемдік туралы, адамның жануарлардан артықшылығы және оның құдай сыйлаған жаны туралы»)  Эразм Роттердамдық. («Томас Мор жайлы Уильрих фон Готтенге хат»)  Мишель Монтень. («Тәжірибелер»)  Хуан Луис Вивес. («Өнердің құлдырауының себептері турасыда»)  Пьер Бурдей Сьер де Брантом. («Ілтипатты ханымдар»)  
04.12.2012 06:20 14543

Қайта Өркендеу Дәуірі, қайта өрлеу дәуірі, Ренессанс – Батыс Еуропа мәдениетінің даму кезеңі (14-16ғғ). Антиктік идеалдар мен құндылықтарды жаңғырту және орта ғасырлық мұрадан арылу ретінде қалыптасты. Алдымен Италияда кейіннен Еуропаның басқа аймақтарынан таралды.

Зайырлы мәденниеттің рөлі артты. Бұл дәуірдің мәдениеті гуманизм құндылықтарына негізделеді. Сондықтан бұл дәуір қайраткерлерін гуманистердеп атайды. Оның өкілдері осы дәуір мәдениетіне ой еркіндкгі мен сыни көз карасты енгізді. Ренессанс дүние танымы антропоорталық сипатта болды. Дүниенің орталық тұлғасы - адам, ал Құдай - барлық заттардың бастауы. Қоғам- адамдар әрекетінің нәтижесі. Бұл дәуір адамның өзіндік санасы өзін таныту, өз куш, қабілетін сезіну ретінде корініс табады.
Сондықтан мұнда "алыптар" аталған ірі тұлғалар: Леонарда да Винчи , Тициан, Петрарка, Сервантес, Пико делла Мирандолла, Бэкон, Кампанелло,Эразм, т.б. өмір сүрді. Тән сүлулығына адамға деген қызғушылық қайта жанғырады. Өнерде адамы қуанышы мен бақыты талап-тілектері мен құштарлықтары бейнеленеді. Өнерде антиктік адам идеялы, сұлулықты үйлесімділік пен өлшем ретінде түсіну қайта жанғырды.  
Қосымша ақпарат
Қайта өркендеу кезінде өмір сүріп, өз үлестерін қосқан мынадай ойшыл, дана жазушыларды айтуға болады:
Франческо Петрарка. («Дәрігерге қарсы тұжырым» «Тағдыр тәлкегіне қарсы дәрі» «Жақындарға хаттар»)
Леонардо Бруни. («Ғылыми және әдеби әуесқойлық жайында»)
Козимо Раймонди. («Стоиктер, академиктер және перипатетиктерге қарсы Эпикурды қорғау сөздері»)
Лоренцо Валла. («Шынайы және жалған береке туралы»)
```Николай Кузанский.``` («Білместік ғылымы» «Қарапайымның кемеңгерлік жайындағысы»)
Марсилио Фичино. («Платонның «Той»-ына қосып айтар»)
Джованни Пико делла Мирандола. («Адамның қасиеті турасында» «Канцоненің «Джироламо Бенивьени махаббаты жайында»-ғысына қосып айтар»)
Леон Эбрео. («Махаббат жайлы сұхбаттар»)
Бальдассаре Кастильоне. («Сарай қызметшісі турасында»)
Аньоло Фиренцуола. («Әйелдердің әсемдігі турасында»)
Бенедетто Варки. («Әдемілік пен инабаттылық туралы кітап»)
Франческо Патрици. («Махаббат даналығы»)
Томмазо Кампанелла. («Әсемдік туралы, адамның жануарлардан артықшылығы және оның құдай сыйлаған жаны туралы»)
Эразм Роттердамдық. («Томас Мор жайлы Уильрих фон Готтенге хат»)
Мишель Монтень. («Тәжірибелер»)
Хуан Луис Вивес. («Өнердің құлдырауының себептері турасыда»)
Пьер Бурдей Сьер де Брантом. («Ілтипатты ханымдар»)
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға