Жаңалықтар

1727 жылғы Бұланты бойындағы шайқас. Аңырақай шайқасы

    1726 жылы Ордабасы мекенінде қазақ рулары мен тайпаларының жиыны болды. Онда біртұтас халықтық қарсыласу жасағы құрылып, бүкіл қазақ әскеріне қолбасшылық ету Кіші жүз ханы Әбілқайырға жүктелді. Сөйтіп, жұдырықтай жұмылған қазақ қолы жоңғарларға жойқын соққы беруге даярланды. Ұрыс 1927жылы Бұланты өзені маңындагы Қарасиыр деген жерде өтті. Қазақ жасақтары жауды өзінің кең-байтақ даласына тереңірек сұғындыра еліктіріп кіргізіп алып, кенеттен жалт бұрылып, оң қанаттан да, сол қанаттан да ойсырата соққы берді. Сосын ту сыртынан енді қайтып тұрмастай тіке шабуылдың астына алды. Бұл ұрыс болған жер тарихта «Қалмаққырылған» деген атпен калды. Жеңіс халықтың рухын көтеріп, өз күшіне сенуге жігерлендірді. Осыдан бастап қазақтар ұрыс барысын өз қолдарына алып, қарсы шабуылға шықты. Қазақ қолын жеңіске жеткізген тағы бір жағдай — Жоңғарияның ішінде өзара тартыстың күшеюі болды. Себан Рабдан балаларының хан тағына таласуы, одан соң үшінші жоңғар-цин соғысының басталуы сол тартыстардың көрінісі. Жоңғарларға Цин империясынан өзінің батыс шекарасын қорғауға тура келді. Аңырақай шайқасы XVIII ғасырдың 20-жылдарының соңындағы қазақтардың жоңғарларды талқандаған тамаша жеңістеріне жау елінің өз ішіндегі күрделі жағдайлары да себепші болды. Сонымен бірге 1727 жылы Жоңғарияның өз ішінде бұрқ ете қалған қырқыстар мен жоңғар-цин соғысының басталуы да әсер етті. 1729 жылы хан тағынан үміткерлер мемлекет мүддесін естен шығарып, жоғары өкімет билігін мұралану үшін жанжалдасты. Жоңғар хандығы Цин империясы тарапынан жасалған шабуылға ұшырады да, ойрат нояндарына өз жасақтарын тез арада батысқа жеткізуге тура келді. Баяғыдан атысып-шабысып жүрген ата жауына тағы бір күйрете соққы беруді кездеген қазақтар Жоңғарияда басталып кеткен өзара талас-тартысты пайдаланып қалуға тырысты. 1729 жылы Балқаштың оңтүстік жағынан Аңырақай деген жерде ең ірі және соңғы шайқас болды. Қазақ жасақтарын ұрысқа Бөгенбай, Қабанбай және Райымбек батырлар бастап кірді. Алдыңғы шайқастардағы сияқты, қазақтар бұл жолы да ұрыс қимылдарын жүргізудің дәстүрлі далалық тактикасын қолданды. Жауынгерлердің шағын тобы жоңғарлардың қарсы алдынан шыға келіп, қазақ қолының қатарын аз сияқты көрсетуге тырысты. Сонан соң кейін қарай қаша ұрысып, дұшпанды еліктіре ішке сұғындырып жіберді, сол кезде қазақ жасақтарының басты бөлімшелері қос қанаттан лап қойып, қансырата соқты. Аңырақай шайқасы жоңғарлар үшін шешуші соғыс болды. 30-жылдардан бастап жоңғарлармен болған шайқастардың бәріне қатысып, асқан ерлік көрсеткен, ақылды әрі тамаша қолбасшы ретінде көзге түскен Абылай Орта жүздің билеушісі әрі бүкіл қазақтың ханы болып саналады. Қазақ халқының мүддесі үшін ол көрші мемлекеттер арасындағы, әсіресе олардың өз ішіндегі алауыздықты қалт жібермей пайдалана білді және жауларының өзара кырқысуларын одан әрі өршітуге ықпал етті. Мұның бәрі қазақ елінің сыртқы қауіпсіздігін нығайтып, ежелгі жауының күшін әлсіретуге көмектесті. XVIII ғасырдың 40-жылдарында жоңғар шонжарлары арасындағы өршіген алауыздықты пайдаланған Абылай жоңғарлардың ішкі ісіне араласып, үкімет билігіне таласқан шонжарлардың біресе ол жағын, біресе бұл жағын қолдап, талас-тартысты ушықтырды, сөйтіп, оларды әлсіретті. Осының нәтижесінде бұрын жоңғарлар бастап алған қазақ жерлерін қайтарып алды. 1745-1755 жылдар аралығында жоңғар шонжарлары хан тағы үшін өзара соғысып, әбден әлсіреді. Осыдан кейін 1757-1758 жылдары жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы біржола тоқтады.  
04.12.2012 06:19 39763

 

 
1726 жылы Ордабасы мекенінде қазақ рулары мен тайпаларының жиыны болды. Онда біртұтас халықтық қарсыласу жасағы құрылып, бүкіл қазақ әскеріне қолбасшылық ету Кіші жүз ханы Әбілқайырға жүктелді. Сөйтіп, жұдырықтай жұмылған қазақ қолы жоңғарларға жойқын соққы беруге даярланды. Ұрыс 1927жылы Бұланты өзені маңындагы Қарасиыр деген жерде өтті. Қазақ жасақтары жауды өзінің кең-байтақ даласына тереңірек сұғындыра еліктіріп кіргізіп алып, кенеттен жалт бұрылып, оң қанаттан да, сол қанаттан да ойсырата соққы берді. Сосын ту сыртынан енді қайтып тұрмастай тіке шабуылдың астына алды. Бұл ұрыс болған жер тарихта «Қалмаққырылған» деген атпен калды. Жеңіс халықтың рухын көтеріп, өз күшіне сенуге жігерлендірді. Осыдан бастап қазақтар ұрыс барысын өз қолдарына алып, қарсы шабуылға шықты.
Қазақ қолын жеңіске жеткізген тағы бір жағдай — Жоңғарияның ішінде өзара тартыстың күшеюі болды. Себан Рабдан балаларының хан тағына таласуы, одан соң үшінші жоңғар-цин соғысының басталуы сол тартыстардың көрінісі. Жоңғарларға Цин империясынан өзінің батыс шекарасын қорғауға тура келді.
Аңырақай шайқасы
XVIII ғасырдың 20-жылдарының соңындағы қазақтардың жоңғарларды талқандаған тамаша жеңістеріне жау елінің өз ішіндегі күрделі жағдайлары да себепші болды. Сонымен бірге 1727 жылы Жоңғарияның өз ішінде бұрқ ете қалған қырқыстар мен жоңғар-цин соғысының басталуы да әсер етті. 1729 жылы хан тағынан үміткерлер мемлекет мүддесін естен шығарып, жоғары өкімет билігін мұралану үшін жанжалдасты. Жоңғар хандығы Цин империясы тарапынан жасалған шабуылға ұшырады да, ойрат нояндарына өз жасақтарын тез арада батысқа жеткізуге тура келді.
Баяғыдан атысып-шабысып жүрген ата жауына тағы бір күйрете соққы беруді кездеген қазақтар Жоңғарияда басталып кеткен өзара талас-тартысты пайдаланып қалуға тырысты. 1729 жылы Балқаштың оңтүстік жағынан Аңырақай деген жерде ең ірі және соңғы шайқас болды.
Қазақ жасақтарын ұрысқа Бөгенбай, Қабанбай және Райымбек батырлар бастап кірді. Алдыңғы шайқастардағы сияқты, қазақтар бұл жолы да ұрыс қимылдарын жүргізудің дәстүрлі далалық тактикасын қолданды. Жауынгерлердің шағын тобы жоңғарлардың қарсы алдынан шыға келіп, қазақ қолының қатарын аз сияқты көрсетуге тырысты. Сонан соң кейін қарай қаша ұрысып, дұшпанды еліктіре ішке сұғындырып жіберді, сол кезде қазақ жасақтарының басты бөлімшелері қос қанаттан лап қойып, қансырата соқты. Аңырақай шайқасы жоңғарлар үшін шешуші соғыс болды.
30-жылдардан бастап жоңғарлармен болған шайқастардың бәріне қатысып, асқан ерлік көрсеткен, ақылды әрі тамаша қолбасшы ретінде көзге түскен Абылай Орта жүздің билеушісі әрі бүкіл қазақтың ханы болып саналады. Қазақ халқының мүддесі үшін ол көрші мемлекеттер арасындағы, әсіресе олардың өз ішіндегі алауыздықты қалт жібермей пайдалана білді және жауларының өзара кырқысуларын одан әрі өршітуге ықпал етті. Мұның бәрі қазақ елінің сыртқы қауіпсіздігін нығайтып, ежелгі жауының күшін әлсіретуге көмектесті.
XVIII ғасырдың 40-жылдарында жоңғар шонжарлары арасындағы өршіген алауыздықты пайдаланған Абылай жоңғарлардың ішкі ісіне араласып, үкімет билігіне таласқан шонжарлардың біресе ол жағын, біресе бұл жағын қолдап, талас-тартысты ушықтырды, сөйтіп, оларды әлсіретті. Осының нәтижесінде бұрын жоңғарлар бастап алған қазақ жерлерін қайтарып алды. 1745-1755 жылдар аралығында жоңғар шонжарлары хан тағы үшін өзара соғысып, әбден әлсіреді. Осыдан кейін 1757-1758 жылдары жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы біржола тоқтады.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға