Жаңалықтар

Әбу Жафар Мұхаммед Ат-Табари

  Әбу Жафар Мұхаммед Ат-Табари Әбу Жафар Мұхаммад ибн Жарир ибн Иазид ат-Табари (839, Табаристан өлкесінде, Амул қаласыңда — 923, Бағдат) — тарихшы. Бірқатар уақыттар бойына Рей, Бағдат, Басра, Куфа қалаларында, кейін Сирияда, Мысырда болған. Өмірінің соңғы жылдарында Бағдатта тұрып, заң, аңыз-әпсана салаларында дәріс оқыған. Әбу Жафар Мұхаммед Ат-Табари ғалым, тарихтанушы ретінде түрлі пәндерге байланысты 10-нан астам еңбек қалдырған. “Тарих ар-русул уә-л-мулук” (“Әулиелер мен патшалар”) атты көп томдық еңбегінде әлемнің жаратылуынан басталған жалпы тарих және сол кезде мәдени өркениетімен арабтарға белгілі болған халықтар туралы, Рим, Византия императорлары, Иран тарихы жайлы мәліметтер жинақталған. Исламның пайда болуынан бастап әрі қарайғы тарихи оқиғалар мұсылманша (һижра) жыл санау ретімен берілген. Араб халифатына қатысты 915 жылға дейін мәліметтер мол қамтылған. Сонымен қатар Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан туралы деректер бере отырып, түркі тайпаларының ислам дінінің енуіне, арабтардың жаулап алуына қарсы күресіне, халық көтерілістеріне, соғдылардың Жетісуға қоныс аударуына, Жетісу түркілерінің этнографиясы және олардың қалалары жайындағы мәліметтерге жан-жақты тоқталады. Әбу Жафар Мұхаммед Ат-Табари Орта Азиядағы оқиғаларды баяндау барысында әл-Мадаинидің (753 — 849) еңбектерін (бізге жетпеген) негізге алған. Әбу Жафар Мұхаммед Ат-Табаридің бұл еңбегі 1879 — 1901 жылдары голландиялық ғалым Де Гуе жетекшілігімен жарық көрді. [1] Биография Ат-Табари Әли Жафар Мухаммед бин Жарир (шамамен 839-923), араб тарихшысы. Өз заманының аса оқымысты адамы ретінде Таяу Шығыстағы елдердің әдет-дәстұрін, салт-санасын, діни және тұрмыстық аңыздарын, поэзиясы мен қара сөзбен жазылған хикаяларын, патшалар мен мемлекеттердің тарихын, пайғамбарлардың шығу тегі мен шежіресін зерттеді. Соның нөтижесінде ол ежелгі заманнан бастап 10 ғасырға дейінгі Таяу Шығыстың тарихын егжей-тегжейлі баяндаған «Китаб джәми әл байиан фи тафсир әл-Құран» Әуезов не «Пайғамбарлар мен патшалар тарихы» атты 10 томдық кітап жазды. Ғалымның бұл еңбегі әлемдік тарих ғылымына қосылған аса үлкен үлес болып табылады. Бұл шығарма барлық медреселер мен ғылыми жоғары оқу орындарында жеке пән ретінде оқытылды. Сондықтан Абай мен Әуезов Ат-Табаридің «Тарихымен» бала кезінен таныс болды. Ғалымның мұсылман елінің рухани емірінде алатын орнын ерекше бағалай келіп, абайтану саласына арналған барлық еңбектерінде Әуезов ерекше атаған. Абайдың танымдық үш қайнар көзі ретінде Шығыс мәдениетінен нәр алған:[2] «Абай араб-мұсылман мәдениетін кең зерттей отырып, Табари, Рабғузи, Рашид-ад-дин, Бабыр, Әбілғазы Баһадүр хан жене басқалары сияқты шығыс ғалымдарының тарихи еңбектерімен танысты, мусылман дінінің барлық шариғат негіздерін біліп алды. Абай Шығыс елдерінің бағзы замандағы тарихымен ғана танысып қойған жоқ, ол сонымен қатар Таяудағы Шығыстың өз тұсындағы мәдениетін де өте жақсы білді»    
04.12.2012 06:14 5486

 

Әбу Жафар Мұхаммед Ат-Табари Әбу Жафар Мұхаммад ибн Жарир ибн Иазид ат-Табари (839, Табаристан өлкесінде, Амул қаласыңда — 923, Бағдат) — тарихшы. Бірқатар уақыттар бойына Рей, Бағдат, Басра, Куфа қалаларында, кейін Сирияда, Мысырда болған. Өмірінің соңғы жылдарында Бағдатта тұрып, заң, аңыз-әпсана салаларында дәріс оқыған. Әбу Жафар Мұхаммед Ат-Табари ғалым, тарихтанушы ретінде түрлі пәндерге байланысты 10-нан астам еңбек қалдырған. “Тарих ар-русул уә-л-мулук” (“Әулиелер мен патшалар”) атты көп томдық еңбегінде әлемнің жаратылуынан басталған жалпы тарих және сол кезде мәдени өркениетімен арабтарға белгілі болған халықтар туралы, Рим, Византия императорлары, Иран тарихы жайлы мәліметтер жинақталған. Исламның пайда болуынан бастап әрі қарайғы тарихи оқиғалар мұсылманша (һижра) жыл санау ретімен берілген. Араб халифатына қатысты 915 жылға дейін мәліметтер мол қамтылған. Сонымен қатар Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан туралы деректер бере отырып, түркі тайпаларының ислам дінінің енуіне, арабтардың жаулап алуына қарсы күресіне, халық көтерілістеріне, соғдылардың Жетісуға қоныс аударуына, Жетісу түркілерінің этнографиясы және олардың қалалары жайындағы мәліметтерге жан-жақты тоқталады. Әбу Жафар Мұхаммед Ат-Табари Орта Азиядағы оқиғаларды баяндау барысында әл-Мадаинидің (753 — 849) еңбектерін (бізге жетпеген) негізге алған. Әбу Жафар Мұхаммед Ат-Табаридің бұл еңбегі 1879 — 1901 жылдары голландиялық ғалым Де Гуе жетекшілігімен жарық көрді. [1]
Биография
Ат-Табари Әли Жафар Мухаммед бин Жарир (шамамен 839-923), араб тарихшысы. Өз заманының аса оқымысты адамы ретінде Таяу Шығыстағы елдердің әдет-дәстұрін, салт-санасын, діни және тұрмыстық аңыздарын, поэзиясы мен қара сөзбен жазылған хикаяларын, патшалар мен мемлекеттердің тарихын, пайғамбарлардың шығу тегі мен шежіресін зерттеді. Соның нөтижесінде ол ежелгі заманнан бастап 10 ғасырға дейінгі Таяу Шығыстың тарихын егжей-тегжейлі баяндаған «Китаб джәми әл байиан фи тафсир әл-Құран» Әуезов не «Пайғамбарлар мен патшалар тарихы» атты 10 томдық кітап жазды. Ғалымның бұл еңбегі әлемдік тарих ғылымына қосылған аса үлкен үлес болып табылады. Бұл шығарма барлық медреселер мен ғылыми жоғары оқу орындарында жеке пән ретінде оқытылды. Сондықтан Абай мен Әуезов Ат-Табаридің «Тарихымен» бала кезінен таныс болды. Ғалымның мұсылман елінің рухани емірінде алатын орнын ерекше бағалай келіп, абайтану саласына арналған барлық еңбектерінде Әуезов ерекше атаған. Абайдың танымдық үш қайнар көзі ретінде Шығыс мәдениетінен нәр алған:[2]
«Абай араб-мұсылман мәдениетін кең зерттей отырып, Табари, Рабғузи, Рашид-ад-дин, Бабыр, Әбілғазы Баһадүр хан жене басқалары сияқты шығыс ғалымдарының тарихи еңбектерімен танысты, мусылман дінінің барлық шариғат негіздерін біліп алды. Абай Шығыс елдерінің бағзы замандағы тарихымен ғана танысып қойған жоқ, ол сонымен қатар Таяудағы Шығыстың өз тұсындағы мәдениетін де өте жақсы білді»
 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға