Жаңалықтар

Әдебиетіміздің жайы мен міндеттері

  Қазақ совет жазушыларының екінші съезінен бері он бес жыл өтті. Бұл он бес жылда совет елінің көркі орасан өзгерді: құрғақ далаларда көлдер, өзендер, теңіздер жасалды. Ат аяғы, құс қанаты талатын ұзақ жолдар қысқарды: аспанда самолет, жерде поездар, машиналар қаптады. Елсізге ел: жаңа өндірістер, қалалар, совхоз, колхоздар орнады. Жер бетіндегі, жер астындағы байлықтарды табуда, пайдалануда алып адыммен алға бастық. Осының бәрі халықтың мәдениетін көтере, еңбек өнімін арттыра келді. Егер осы экономикалық, мәдениеттік табыстарды шаруашылық қызметкері баяндаса, әр сөзін жеті-сегіз буынды цифрмен дәлелдеп берер еді. Кеше ғана дүниені күйретіп, еңбекші адамзатты қырғынға ұшыратқан екінші жер жүзілік соғыста Совет Отаны, социалистік система мейлінше қатал, мейлінше қатерлі сыннан етті. Ұлы Отан соғысы көп ұлтты совет елінің мойымас күшін, бұзылмас бірлігін ғана көрсетіп қоймай, одан да басымырақ, айқынырақ етіп совет адамдарының рухани дүниесінің беріктігін, көркемдігін көрсетті. Совет өмірі қанша бай, қанша қызықты болса да сонет адамдарының ойы одан әлдеқайда асып жатады. Біз, жазушылар, алдымен осы жан дүниесін көріп қуанамыз. Өйткені бәрін жасаушы адам. Сондықтан, социализм жолындағы табыстардың ішінде ең қымбаты, осы жан дүниесіндегі табыстар болу керек. Бұдан он бес жыл бұрын ойға келмеген, келсе жоспарға енбеген талай тілектер бұл күнде орындалған іске, халық игілігіне айналып кетті. Экономикада, мәдениет, саясатта Совет Одағы қазір сондай дәрежеге көтерілді, — ол есіне түскенде сонау мұхиттардың ар жағындағы дұшпандары қорқыныштан, достары қуаныштан тиып ұйықтай алмайды. Бейбітшілікті, бостандықты көксеген дүние еңбекшілерінің көңіліндегі үлкен сенім —  СССР еді. СССР мен қазір демократиялық елдер тізе қосқан шақта, ол сенім зорая түсіп, дүние еңбекшілері бейбітшілік, бостандық жолын айқынырақ көретін, батыл күресетін болды. Әдебиет тақырыбына келместен бұрын бұл шолуларды әлдеқалай жасап тұрғаным жоқ. Біздің әдебиетіміз халықтық әдебиет. Оның арқауы — халықтың өмірі, ойы, ісі. Ол соларды айнадай көрсетіп тұрады. Сондықтан, совет халқы жеткен табыстарға оның әдебиеті де ортақ, сондықтан, совет әдебиеті жер жүзінде ең шыншыл, өміршіл, адамға көмекші, озық әдебиет саналады. Қазақ әдебиетіне келместен бұрын бүкіл совет әдебиетін ауызға алуым да әлдеқалай емес. Өйткені, совет әдебиетіне тән қасиеттерге, ол жеткен табыстарға қазақ әдебиеті де ортақ косқан үлесі бар. Кеш туса да, шапшаң өсіп келе жатқан қазақ әдебиетінің бойындағы сенім сонша — ерте туған егде әдебиеттермен жарысуға жасқанбайды. Халық өмірінің қай саласын алсақ та көзге алдымен табыстар түседі. Бұл табыстарға қалай жеттік деп біреу сұрай қалса, совет елінің мектеп баласынан бастап, саудыраған шалына дейін мақтана тұрып жауап қайырады: — Бізді бастап жеткізген Коммунистік партия! — дейді. Әдебиетімізді де бастаушы, мәпелеп өсіруші Совет Одағының кемеңгер Коммунистік партиясы. Он бес жылдан бергі — екінші съезд бен үшінші съездің аралығындағы қазақ әдебиетін талқылағанда негізгі бірнеше мәселенің ғана төңірегінде пікір айтуды қажет көрем. Социалистік реализм бағытындағы әдебиет шыншыл болуға, айтам дегенін күмілжімей, бұлтақтамай, атап, анықтап айтуға тиісті. Айтқандарының бәрі адамды социалистік рухта тәрбиелеуге тиісті. Сонымен қабат революциялық романтикамен өмірдің алдын да шола отыру керек. Жазушы жазбастан бұрын материал іздейді. Өмірде материал өте көп, бірақ, бәрі бірдей жарамды емес. Осы материал тануға келгенде талай жазушы шатасқан, әлі де шатасушылар табылады. Маркстік диалектикаға сүйенген, социалистік реализмнің негізгі бір сипаты болып отырған революциялық романтика шындық, факт деген аттарымен шығармаға әйтеуір өмірде барды тыға беруге, яғни, натурализмге, формализмге мүлде қарсы. Революциялық романтика бардың бәрін дәріптемейді, олардың ішінде келешегі барын ғана алуды, өмірдің артында емес, алдында болуды үйретеді. Міне, осы социалистік реализм әдісін меңгеруде қазақ жазушылары қай дәрежеде тұрғанын анықтауымыз керек. Абай сыншыл реализмді орыс классикасынан үйренді. Біз социалистік реализм әдісін орыстың социалистік озық әдебиетінен үйренеміз, үйреніп те келеміз. Үйрену деген — көшіріп не жаттап алу емес, творчестволық меңгеру. Сөйтіп, өзіңе тән жаңа сөз айту екені белгілі нәрсе. Қалай үйреніп келеміз? Тексерелік, бұ да әдебиеттің негізгі мәселесінің бірі. Көп ұлтты совет елін біріктіріп тұрған ұлы күш бар. Оның аты — достық. Ұлттар достығын советтік ешбір әдебиет ұмыта алмайды. Бірақ, осы тамаша тақырыпты тамаша етіп көрсете алдық па? Кімдер қалай көрсетіп жүр? Әңгіме осы жайлы болу керек. Халық тілегімен санасу — әдебиеттік те міндет. Бір тілек бар — бес, он жылда орындасаң да күтеді. Бір тілек бар — бес, алты ай да күтпейді. Бұл — біздің әдебиетіміз өмірдің маңызды мәселелерін көрсетіп отыру керек,— деген сөз. Халық әдебиет жанрларының, тақырыптарының бай болуын сүйеді. Сондықтан, әдебиетіміздің жанр, тақырып, сонылық жағын да әңгімелемей кете алмаймыз. Әр әдебиеттің өзіне тән ұлттық түрі болатыны белгілі. Бірақ, түр дегеннің өзі қатып қалған нәрсе емес, оны да өзгертіп, жаңартуға болады. Ескі заманнан қалған эпостарымыздың, ауыз әдебиеттеріміздің түрін жаңа заманда туған жазба әдебиетіміз қабылдай бермейді. Өйткені, түр мазмұнға бағынышты, мазмұн мүлде өзгеріп кетті. Бұл сөзден ескінің бәрін жұлып тастау керек деген ұғым тумасын. Ескінің жарамдысын пайдалана отырып, жаңаны жасай берелік демекпін. Рас, әдебиет түрі өте кеш өзгереді, ұзақ жасайды. Қанша ұзақ жасаса да «әриайдай, ақ серкенің мүйізі қарағайдай» деп жырлай алмаймыз бүгін. Жаңа мазмұнды, озық идеялы әдебиетіміз өзіне тән ұлттық түр таппай тынбайды. Осы табу жолында неміз бар? Aтап айту керек. Әдебиеттік бұл талаптар шығарманың партиялық, халықтық рухына қарай, жазушының шеберлігіне қарай толығып, көркейіп немесе кеміп, жүдеп отырады. Сондықтан, әдебиеттік сипаттардың әрқайсысы партиялық, халықтық дәрежесіне, шеберлік дәрежесіне қарап бағаланады. Осы айтылған шарттарды еске сақтай отырып, енді әдебиетіміздің ішіне еніп көрелік. Әдебиетіміз әрдайым өсіп отырды. Екінші съезд бен үшінші съездің аралығындағы он бес жылда Бүкілодақтық озық әдебиеттердің қатарына қосылды. Бұл он бес жылдық өсу жолы үш бөліп көрсетуді тілейді. Атап айтқанда: соғыс алдындағы жылдар, соғыс кезі, соғыстан кейінгі уақыттар. Мөлшермен алғанда отызыншы жылдардың бірінші жартысына дейін әдебиетімізде, әсіресе поэзияда советтік идея басым еді де, советтік өмірдің өзін көрсету жағы солғын еді. Отызыншы жылдардың екінші жартысынан былай біздің әдебиет өмірдің өзін көрсетуге бет бұрды:социалистік құрылыстың табыстарын, халықтар достығын, Совет Одағының Конституциясын, партияны, үкіметті жырлады. Осы кезде барлық жанрлар үн қосып, батыста, шығыста дайындалып жатқан екінші жер жүзілік соғысты әшкереледі, халқымызды қырағылыққа шақырды, кешеден бүгін жақсы істеуге, партия мен үкімет төңірегіне бұрынғыдан да бекем топтала түсуге шақырды. Бұл кездің бір өзгешелігі — әдебиетіміздің үлкен және ең аз түрі — поэма, бес-алты роман бірнеше пьесалар жазылған екен. Солардың ішінде Сәбит Мұқановтың «Жұмбақ жалауы» (қазіргі «Ботагөз»), Саттар Ерубаевтың «Менің құрдастарым», Тайыр Жароковтың «Тасқыны», Әбділда Тәжібаевтың «Абыл», «Оркестрі», Асқар Тоқмағамбетовтың сатиралық өлеңдері, Ғали Ормановтың лирикалары — бұл күнге дейін халқымыз сүйіп оқитын шығармалар болып қалды. Қазір елеулі жазушыларымыз болып отырған Қасым Аманжолов, Жұмағали Саин, Әбу Сәрсенбаев, Қалижан Бекхожин, Қапан Сатыбалдин, марқұм Абдолла Жұмағалиев, Саттар Ерубаевтардың алғашқы лебізін сол кезден естідік. Жиырмасыншы жылдары әдебиетке келген жастардың көбі тек талантымен келсе, бұл жастардың көбі орта, жоғары дәрежелі білім алып, орыс әдебиетін бірсыпыра оқып үйреніп келді. Сонымен, Ұлы Отан соғысы алдында әдебиетіміздің тағы бір белге көтеріліп келе жатқаны айқын еді. Отан соғысы бүкіл советтік системаны қатал сыннан өткізді, адамдарымыздың бойында бұрын ашылмаған қасиеттерді ашты, халық жігерін қайнатты. Соғыс, әдебиеттен мейлінше өткір, шапшаң болуды тіледі. Партия мен халық ол тілекті орындауға шақырды. Бұл тарихи кезеңнен әдебиетіміз әсем өтті деуге болады. Соғыс күндерінің талабы бойынша «Сын сағатта», «Қынаптан қылыш», «Қырағылық», «Намыс гвардиясы» сияқты бірнеше үлкен пьесалар, ондаған ұсақ пьесалар жазылды. Әдебиеттің ең кенже жанрының бірі — публицистика зор күшке айналды. Әуезов, Мұқанов, Мүсрепов, Тоқмағамбетов сияқты аға жазушылардың халық ашуымен суарылған мақала, очерктері өз алдына, бұрын үні естілмеген Бұлқышев сияқты жастар окопта жатып жауын оқпен ғана атқан жоқ, өткір мақала, очерктермен де атып жатты. Аманжолов, Әбілев, Саин, Сәрсенбаевтардың майданда жазған өлеңдері бұрынғы өлеңдерінен әлдеқайда нәрлі, көрікті болып шықты. Қазір дұрыс өсіп келе жатқан X. Ерғалиев, М. Иманжанов, С. Мәуленов, Ж. Молдағалиев, Қ. Ұябаев, М. Әлімбаев сияқты бір топ ақын-жазушы соғыс үстінде келіп қосылды қатарға. Жамбыл бастаған халық ақындары еш уақытта соғыс кезіндегідей тұтасқан зор үнмен жырлаған емес. Жамбыл үні бүкіл жер жүзіне естілді. Ұлы ақынның «Ленинградтық өрендерім» атты өлеңі ең қысылшаң шақта тылдағы халықтың, майдандағы армияның бойына қуат беріп тұрды. Әдебиет ескендігінің айқын белгісі — үлкен проза. Бұл, шабан өсетін, уақытты көп тілейтін ауыр жанр болғанымен қысылшаң соғыс жылдарында да өсуін қойған жоқ. Әлденеше роман, повестер жазылды. Солардың ішінде тарихи тақырыпқа Әуезов жазған «Абайдың» бірінші кітабы, соғыс тақырыбына Мүсрепов жазған — «Қазақ батыры (қазіргі—«Қазақ солдаты»), колхоз тақырыбына жазылған —«Шығанақ» романдары соғыс жылдарының жемісі болатын. Атай берсек шығармалар да, авторлар да көп. Осы аталғандардың өзі-ақ әдебиетіміздің үздіксіз өсу жолында екенін дәлелдер деймін. Бірақ, қанша өстік десек те, қазақ әдебиеті өскен әдебиеттің қатарына соғыстан кейінгі жылдарда ғана қосылды. Онда да прозамен қосылды. Қазақ поэзиясы Абай сияқты классигі, бай эпосы, көптеген ауыз поэзиясы бола тұра және жазушылар коллективінің қаптал көпшілігі ақындар бола тұра жас прозадан кейін қалды. Бұны ақын жолдастар есінен шығармауға тиісті. Біздің проза Октябрьден кейін туды. Онан арғы Абай Құнанбаевтың ғақлия сөздері, Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері, Спандияр Көбеевтің «Қалың малы» немесе Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлуы» тек айтарға болмаса, прозамыздың өсуіне елеулі әсер ете алған жоқ. Біз үлгіні, нәрді орыс прозасынан алып келеміз. Соғыстан кейінгі жылдарда отыз шақты роман, повестер жарыққа шықты. Олардың тақырыбы алуан-алуан: жұмысшы табы, колхозды ауыл, халықтар достығы жайында, өзгерген табиғат, адам, соғыс, халқымыздың өткені жайында айтады. Қазақ прозасы еш уақытта сан жағынан болсын, тақырып жағынан болсын бұндай дәрежеге жеткен емес. Өсу жолы — күрес жолы. Қате, кемшіліктер де аз болған жоқ, бәрі күрес үстінде жойылып келеді. Партия бізді сол күреске әрдайым бастап, көмектесіп отыр. КПСС Орталық Комитетінің әдебиет, искусство туралы 1946—1948 жылдары алған қаулылары әдебиетімізге жаңа бағыт берді, өсу жолында біздер асқан белгілі бір кезең болып қалды. Оған дейін ескі тақырыпқа тым үйір едік. Кенесары сияқты бас кесер ханды да біраз дәріптеп алдық. Бірсыпыра жазушының шығармаларындағы идеясыздық, саясатсыздық нышаналарды кезінде байқай алмадық. Осының бәрін көруге, жоюға Орталық Комитеттің сол тарихи қаулысы зор көмек етті, жақсы шығармаларымыздың көпшілігі сол қаулыдан кейін туды. Қазақ әдебиеті озық әдебиеттердің қатарына қосылды, қосылғанда прозамен қосылды дегенде, алдымен «Абай» романын аламыз ауызға. Бұл романның ақырғы — төртінші кітабы биыл жазылып бітті, әлі жарыққа шығып үлгерген жоқ, үлгермесе де, алғашқы кітаптарда қапы кеткенін бұл кітапта автор қатты ескеріпті. «Абай» романы туралы көп айтылды, көп жазылды. Жақсы шығарма айтқан сайын жаңара түседі, ашылмаған қасиеттері ашыла түседі. Мен бұл романның негізгі бірнеше қасиетіне тоқтамақпын. Роман тарихи шындықты айтады. Шындықтың болғаны, болашағы бар, екеуін бірдей қамти айтады. Адамның жан құбылыстарын, сыртқы сипаттарын, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, табиғат суреттерін беруде — бұл роман өзінен бұрынғы қазақ әдебиетінен анағұрлым жоғары көтерілді, өзінен кейінгілерге әлі жеткізбей келеді. Халықты қараңғыға, тұңғиық тереңге айдаған қара күштердің зор тұлғасы Құнанбай, оған қарсы халық туын, ізгілік ұранын көтере шыққан Абай — романның ішіндегі ең ірі образдар. Бұл қарама қарсы жасалған екі образдың қазақ әдебиетінде әлі теңдесі жоқ. Әуезовтің ең үлкен қасиеті — он тоғызыншы ғасырдағы қазақтардың ұлттық мінездерін сипаттауда жатыр. «Абай» романы көшпелі қазақ аулын өзгешеліктерімен жақсы, жаман, әлді-әлсіз жақтарымен тұтас алып көрсетеді. Надандық, таптық, рушылдық, феодалдық қат-қабат шырмаулардың ішінде арпалысқан Абайды, Абайды ғана емес, халықтың өзін көреміз. Дәуір сырын, халық тұлғасын автор мейлінше кең, тере алып берген. Романның халықтық жағы басым. Петр мен Бейсембайдың айыл-шеттік тамырлығын немесе Жылқыбайдың Наташаға үйленуін біреулер бір кезде ұлт достығы деп жүрді. Ұлт достығы одан әлдеқайда тереңде, халықтардың материалдық, рухани тілектері қабысуында жатыр. «Абай» романында ұлт достығы дәл осы тұрғыдан көрсетіледі. Жас Абайдың бетін әкесі Құнанбай кертартпа шығысқа — исламға бұрады. Есі ене бастаған Абай батысқа — орыс мәдениетіне ұмтылады. Семей кітапханаларында, өз үйінде Абайдың сарылып орыс кітаптарына үңілуін, балаларын орыс мектебіне беруін, Михайлов, Андреевтермен достасуын былай қойғанда, Татьянаның қазақша сөйлеуінде терең сыр жатыр. Пушкин орыс қызының халін, мұңын егіле отырып жазса, Абай да егіле отырып, сол Татьянаға қырдағы қазақ қызының үнін қосты. Қосылған бұл үндер бүкіл қазақ даласына жайылды. Абай аударманы кәсіп еткен оны қозғаған екі халықтың қабысқан мәдени, рухани армандары еді. Әуезов бұл жайды үлкен махаббатпен, шебер, көркем, терең жазған. Ұлт достығы дегенді халықтық мағынада алған. Романның тілі орамды, мағыналы, тапқыр екендігі өз алдына, сонымен қоса бай. Салақтықтан, білмегендіктен, кейде тіпті жалған сақтықтан халық жасаған бірсыпыра тіл әдебиетімізден қағажу қалып жүрді. «Абай» романында халық тілі кең қолданылған, олардың қайсы біріне автор жаңа мән сала, жаңа әсер бере отырған. Жылдар өтер, біздің тарихшыларымыз жазушының, кітаптың тіл байлығын терең зерттейтін болар, сонда «Абай» романының бұл қасиеті арта түсетіндігінде күмән жоқ. Абай дәуірі түгілі колхоздасудан бұрынғы ауылды осы түнгі жастардың көбі білмейді. Өйткені, тіпті тез өзгерді ауыл, орасан өзгерді. Біздің өзіміз «Абай» романындағы халықтық кейбір салттарды білмейміз. Тарихты тек тарихи ғылымдардан ғана үйренуге жетімсіз. Жақсы шығарма оқушыға эстетикалық ләззат берумен қатар, білім де береді өмір тануға жәрдем етеді. Өткен қауымның салтын, әдет-ғұрпын, күнкөріс тәсілдерін, жалпы елдік қағидаларын білу қажет десек, «Абай» романы бұл жағынан да өте құнды кітап. Осы кітап жиырмасыншы, отызыншы жылдары тумай келіп, қырқыншы жылдардың екінші жартысында қалай туа қалды? Оның бас себебі: прозамыз қырқыншы жылдарға дейін есейе алмады. «Абай» романы сияқты романды тек есейген, өскен прозаның ортасынан шығады. «Абай» романын сөз қылғанда социалистік реализм әдісі қалай қолданылды екен — деген заңды сұрақ туады. Бұл сұраққа дұрыс қолданылған, деп тура айтамыз. Бұған бар күшін салып, бір жағынан — кертартпалықты ескілікті жек көруге баулыса, екінші жағынан — бар қуатын салып, болашаққа, алдағы жарқын жақсылыққа тартады. Осы екі сипат тарихтық романдағы социалистік реализмнің айқын айғағы болады. Әуезов жазушылардың III съезінің қарсаңында он үш, он төрт жылдық еңбегін аяқтады. Бұл өзі көлемі екі мың, бетке жуық, төрт кітаптық серия. Бұнда бір халықтың жарым ғасырлық өмірі бар. Сол жарым ғасырлық өмір романда көркем тілмен кең көлемде көрсетіліп отыр. Атақты ақын, ойшыл, нағыз халық ұлы арқылы көрсетіліп отыр. Төрт кітаптық бұл бір топ роман өмір тақырыбының бәрін жағымды геройдың тағдыры мен тартысы арқылы береді. Ол — ақыл, қуаты зор, интеллект! бай герой. Ендеше бұл алуандас романдар еңсесі биік, ірі мәдениетті үлгі етеді. Жоғары сапалы әдебиеттік мәдениетті танытады. Бұл бір топ романның жайын осы съезде сөз қылғанда біз бір нәрсені батыл айта аламыз. Қазақ совет әдебиеті Абай жайындағы төрт кітаппен бүкілодақтық, көркем әдебиет қорына үлкен үлес қосты дейміз. Қазақ совет әдебиеті ғана емес, бүкіл советтік социалистік әдебиетіміздің екі съезд арасындағы үлкен табыстарының бірі осы Абай жайындағы романдар деуге батылымыз барады. Аталып отырған романдардың бірінші кітабында жазықсыз кедей Қодар Құнанбай қолымен түйенің өркешіне асылып өлтірілген еді. Енді соңғы кітаптың ең соңғы беттерінің бірінде Абай орыс революционерлері Павловпен сырласа жүріп, 1905 жыл революциясының жақындап келе жатқан дабылын естиді. Соны аңсап жүріп қайтыс болады. Жаңағы жақсы сарынды естігеннен кейін Абай алыс белдің ар жағында атып келе жатқан таң барын сезініп, соны жұртына өсиет етіп өтеді. Бұл жөнінде Герцен айтқан бір сөз еске түседі. Герцен Грибоедовтың «Ақыл азабы» пьесасындағы Чацкий туралы: «Оның геройы жырақ, көкжиегінің шетінде ғана болса да, қиял мекенін көруге ынтығады» деген еді. Абай бала шағынан бастап өзінін, өлім сағатына жеткенше ұзақ, тарихтық жол кешеді. Абай мен бірге біздің халқымыздың тарихи да, азиялық орта ғасыр дәуірінен 1905 жыл революциясының табалдырығына тақап келгені көрінеді. Абай жайындағы романдар тарихи романдарға жатады. Әрине, бұдан ешбір мінсіз, ол туралы жақ ашпа, деген ұғым тумайды. Сынауға, мінеуге болады. Бірақ оның бірде-бірі аталған қасиеттерін жоя алмайды. Абай жайындағы романдар тек өскен прозаның ортасынан шығатын болса, сол өскен прозаның өзіне үлгі де бола алады. Біз енді прозамызға Абай жайындағы романдардың дәрежесінен қарайтын болдық. Мұхтар Әуезов тарихи тақырыпты тамаша меңгерді. Ал, бүгінгі тақырыпты еркін меңгере алмай келеді. Ол үлкен драматург бола тұра, қазақ театрының пердесін алдымен өзі ашқан драматург бола тұра, драматургиямызға он жылдан бері елеулі ештеңе қоса алмады. Қазақстан егін, мал байлығын дамыту жолында қазір сондай биікке көтеріліп барады, ондай биікке ешқашан шыққан емес. Шығу үшін партия мен үкімет Қазақстанға барлық жағдайды жасап жатыр, бүкіл совет жұртшылығы болып көмектесіп жатыр. Біз жазушылар көз алдымыздағы бұл ұлы уақиғаның эпопеясын жасауға міндеттіміз. Эпопея бірден жасалмас, оны әркімнен талап етуге де болмас. Ал, әр жазушыға сен осы ұлы іске немен көмектестің?— деп әбден айтамыз. Соның ішінде Әуезовке ерекше айтуға тура келеді. Ол, біздің заманымыздың геройларын да Абайды сүйгендей сүйіп, Абай образындай зор образдар жасауға міндетті. Аға жазушылардың бірі — Сәбит Мұқанов. Әдебиетімізде ол қатынаспаған жанр кемде кем. Ол бірде ақын, бірде прозашы, бірде сыншы, бірде драматург, кейде журналист. Оның шығармалары, әсіресе поэзиясы біздің көркем шежіреміз сияқты: Ұлы Октябрьді, азамат соғысын, НЭП-ті, бесжылдықтарды, Ұлы Отан соғысын — елімізде болған елеулі өзгерістердің бәрін жырлаған. Қазақ совет Поэзиясын жасауда Мұқановтың орны үлкен. «Сұлушаш», «Октябрь өткелдері», «Кешегі жалшы мен бүгінгі жалшы» сияқты поэмаларын бас қылып, поэзиямызға ондаған мың, жол өлеңдер қосты. Солардың ішінде жаңалық, новаторлық аз емес. Әлденеше пьесалар, романдар берді. Тақырып сонылығы, жанр байлығын әдебиеттік сипаттардың негізгі бірі десек, Мұқанов мақала, очерктерімен, ұсақ пьесаларымен әмән алдыңғы қатарда жүрді. Рас, еңбектерінде қате, кемшіліктер аз болған жоқ, қазір ескіргендері де толып жатыр. Бірақ, соның көпшілігі кезінде жұртшылықтың пайдасына жарады. Сәбит өзін осылай ұзақ жолда сынай келіп, кейініректе екі роман берді. Екеуін де орыс тілі арқылы бүкіл совет халқы оқып отыр. Ол, өздеріңізге мәлім —«Ботагөз», «Сырдария» романдары. «Ботагөз» туралы «Правда» газеті кезінде былай деп жазған: «...Сәбит Мұқанов Қазақстандағы халық өмірінің өрлеу кезеңдерін тарихи шындыққа сай көрсететін шын мағынасында үлкен еңбек жасады». «Правда» айтқандай, «Ботагөз» шын мағынасындағы үлкен еңбек болды. Оның бас геройы Асқар жаңа заманның, жаңа ойдың, революциялық күрестің адамы. Бұндай образды, халқымыздың революциялық күресін көрсететін бұндай романды біздің ішімізде әзірге тек Мұқанов жасады. «Ботагөз» романын қазір Совет Одағынан сыртқы елдер де оқып жатыр. Социалистік реализмнің негізін салушы ұлы Горький айтады: ...Қозғаушы күш боларлық нағыз көркем тіл — сөздің дәлдігі, айқындығы, әсерлілігімен жасалады, кітаптың картинасын, характерін, идеясын солар құрастырады... Әдебиетші, өзінің тек қаламмен ғана жазып отырмай, сөзбен сурет салып отырғанын ұмытпауы керек, салғанда суретші шеберлер сияқты адамды қозғалтпай емес, әмән қозғалыста, әрекетте, тап, топ, жеке адамдар күрес үстінде ылғи қағысып, айқасып отыратындығын ұмытпауы керек. Алексей Максимович тағы бір ретте проза жайында айта келіп, бұл пікірді күшейте түседі: «Әдебиетті сөз қоқыстарынан тазарту үшін, тіліміздің жатықтығы, мөлдірлігі үшін, әдебиеттік адал техника үшін рақымсыз күресу керек, оларсыз идеологияны нақ айту мүмкін емес. Әуезовтың «Абай» романының немесе Мүсреповтің «Оянған өлке» романының негізгі қасиеті мәдениеттілігінде. Олардың ішінде ертегі, экзотика, мақалдар жоқ, сонда да халық сүйіп оқиды. Біздің ұғымда мәдениетті шығарма—халықтық партиялық болады; халықтық. партиялық шығарма мәдениетті болады. Бұларды бірінен бірін бөлуге болмайды. Көрнекті көне жазушыларымыздың бірі — Ғабит Мүсрепов. Әр жазушының бойында не әлді, не әлсіз жағы болса, оның әлді жағы — тілі, стилі. Ол айтам дегенін бытқыратпай дәл айтатын сөз мергені. Оның прозаларынан артық сөз түгіл, қоюы қашқан бір сөз табу қиын,— сұлу проза. Сөз сұлулығын әркім әр түрлі ұғынып, әр жақтан іздеп жүр. Мүсрепов те бір кезде аспанға шығып қайтты, ақыры жерден тапты. Заты, сұлу сөзге белгіленген пішін не бекітілген тізім жоқ, жазушы әрдайым оны өзі жасайды. Орнын тауып қоя білсең әр сөз сұлу, орнын таппаған әр сөз бұжыр. Сөзге әсер бере білген, жаңа мағына сала білген, сезім мөлшерін ұмытпаған жазушы әрдайым ұтады. Пушкин кейде бір сөздің мағынасын, әсерін он-он беске дейін өзгертіп пайдаланған. Осының бәрі әдебиет тілінің мәдениетін көрсетеді. Қазақ совет прозасының ұлттық тіл мәдениетін жасауда Әуезов пен Мүсреповтің қосқан үлесін өзгеден ерекше айтуымыз керек. Әуезов туралы Абайға байланысты айтылды. Мүсрепов Горькийден үйрене отыра қазақ прозасына бір топ әңгіме әкеп қосты. Әңгімелерінің көпшілігі біздегі бұл жанрдың үлгісі боп қалды десем артық болмас. Одан кейін «Қазақ солдатын» әкеп қосты. Соғыс тақырыбына жазылған бұл роман көп тілдерге, соның ішінде шет тілдерге аударылса да, халқымыз сүйіп оқитын кітаптардың бірі болса да, автордың мүмкіндігін толық көрсете алған жоқ. Романның тереңдігі, кеңдігі, ұлы соғыс бейнесін жасауы жетпеген еді. Мүсрепов содан кейін «Оянған өлкені» жазды. Жұмысшы табы туралы жазылған бұл роман үлкен прозада автордың қуаты қаншаға жететінін көрсетті, қазақ совет әдебиетінің елеулі табыстарының бірі болды. «Оянған өлке» автордың жоспары бойынша эпопеяның тұңғыш кітабы. Қазақ даласына өндіріс капиталы еніп, тұңғыш қазақ жұмысшылары шыға бастаған кезең суреттеледі. Романнан XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамының өмірін көреміз. Сол кездегі қазақ сахарасы өзінің ойы - қырымен, қысы-жазымен, түрлі табиғатымен көз алдыңа келеді. Нағыз әлеуметтік роман болып табылатын «Оянған өлкеде» қазақтың бай ауылдарының өзі жіктеліп көрсетіледі. Патриархалдық-феодалдық ескілікке сауда капиталымен ымыраласып, қаулап өсіп келе жатқан феодал-буржуазиялар қарама-қарсы суреттеледі. Жалпы қазақ аулындағы тап қайшылығы шиеленісе түседі де, содан автор дұрыс қорытынды шығарып отырады. Дала шонжарларынан тепкі көрген қазақ еңбекшілерінің өз-ара бірлігі орыс жұмысшыларымен бірлікке әкеледі. Сөйтіп, олардың достығы тереңдей береді. Көп планды романда жазушы адам образын шебер жасай білетінін де көрсетті. Әсіресе, ұнамсыз кейіпкерлердің образы айқын шықты. Олар мейлінше дараланып көрсетілді. Ауыздарынан өздеріне тән сөздер ғана шығады. автордың олар тұсындағы юморы мен сарказмы да өткір. Бірақ, ұнамды кейіпкерлерге келгенде жазушыда селкеулік бар. Байжан, Бұланбай, Михайло Неволя, Шило қарт сияқты кейіпкерлер көркем образ болса, Бәйшегір, Быков, Елизавета солардың көлеңкесінде қалып қояды. «Оянған өлке» дәуірді кең қамтиды дедік. Олай болса, автор халықты да кең қамтуы керек еді. Халықтың бойындағы адалдық, ерлік, достыққа беріктік, адамгершілік, қайырымдылық, жомарттық сияқты шынайы қасиеттерді толық та, терең аша суреттеуі керек еді. Дәуірдің де прогресшілдік жақтары болатынын былай қойғандағы бұндай ұлы қасиеттер басы ашық нәрсе екені белгілі. Ал, Ғабит шығармасында Бұланбай мен Жабайдың кейбір қимылдары, Байжан үйінің қонақжайлығынан басқа есте қаларлық қасиеттер тым аз, жұқа көрсетілген. Мүсрепов тілге бай жазушы дедік. «Оянған өлкеде» кейде ылғи бір бірыңғай әріптермен басталып, құрылатын азын-аулақ жерлерін айтпасақ, тілі өте тартымды. Жазушы өз интонациясын айқын танытады. «Оянған өлкені» елеулі табысымыз деп қана қоймай, көрініп тұрған эпопеяның бастамасы деп қарауымыз керек. Олай болса авторға да үлкен үміт артуымыз керек, зор талап та қоюымыз орынды. Осы бағытта авторға ой саларлық тағы да бірер сөз айтқым келеді. Жұманды келекелей отырып, оқушыға жексұрын етіп көрсетуі әбден дұрыс. Ал, Ушаков, Игіліктер де жағымсыз геройлар ғой, оларға келеке жүрмей ме? Жүрсін, жүрмесін, оқушыға оларды жек көрсету жағы жеткілікті ме? Меніңше әлі де жетіңкіремей жатыр. Орыс, қазақ жұмысшыларының достығы тым оңай жасалған. Егер сол күндердің өзінде ұлт достығы, жұмысшы бірлігі мықты болса, біз мықтадық, деп несіне мақтанамыз бүгін. Автор бұл арада шындықты аттандырып кеткен сияқты. Тағы да айта түсуге болар еді, автор бұның бәрін екінші кітапқа қалдырғанмын десе жеңіп кетеді. Сондықтан осымен тоқтадым. Шығармалардың ішінде сынды көтеретіні бар, көтермейтіні бар. Әлжаппар Әбішевтің прозалары көтермейді. Әбішев драматургиямызға он шақты пьеса қосқан, солардың ішінде «Достық пен махаббат» атты жақсы пьесасымен жұртшылыққа өзін танытқан көне жазушының бірі. Ол прозамен айналысқалы жиырма шақты жыл болды. Содан бері әжептәуір көлемі бар бес-алты кітап берді. («Забал», «Армансыздар», «Жас түлек». «Үлкен жолда», «Сахара сәулеті», «Терең тамырлар», «Саржан»), Осының бір де бірі халықтың есінде қалды ма екен? Ар жағын айтпағанда, автордың өскен кезде, кейінгі жеті-сегіз жылда жазған төрт кітабының бір де бірі сәтті шықпады. «Жас түлек» туралы «Каз. правда»—«қисық айна» десе, «Әдебиет газеті»—«совет жастарының образын бүлдіруші» деп жазды. «Үлкен жолда» Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінен төмен баға алды. «Сахара сәулетін» жазушылар ұйымы бір ауыздан жаман шығарма деп сөкті. «Терең тамырларды» президиум кеп істеу керек деген еді. Істеліп, кітап болғаннан кейін «Әдебиет және искусство» журналы: «көркемдік, идеялық жағынан талапқа сай етіп шығара алмаған» деп жазды. Осы пікірлердің бір де біріне қарсылық болған жоқ. Халық бекітті. Өскелең әдебиет күшін оқтын-оқтын еселеп отырады. Әдебиетке келген әрбір жаңа адам, жас адам азды-көпті жаңалық ала келеді, толықтырады, жаңартады. Прозамызға соғыстан кейінгі жылдарда келген жастардың ішінде Әбдіжәміл Нүрпейісов, Сафуан Шәймерденов, Бердібек Соқпақбаевты атап кетуге болады. Нұрпейісов соғыс өмірінен алып «Курляндия» атты роман, Шәймерденов студенттер өмірінен алып «Болашаққа жол» атты роман жазды. Екеуі де әдебиет еңбегін романнан бастаған жастар. Тәжірибесіздікке байланысты көп кемшіліктер болса да, бұл екі роман авторлары үшін үлкен табыс, әдебиетіміз үшін үлкен табыстың сенімді кепілі деуге болады. Біз, жазушылар әдебиеттік бұндай нәрестелердің дүниеге келуін әрдайым қуанышпен қарсы алуымыз керек. Бірақ, қуаныш үстінде нәрестені азамат деп даурықпалық. Кейде ондай даурығу қаны ыстық жас адамды есінен тандыруға дейін апарады. Сондықтан, қуана отырып, жарқ еткен жасты ата-анасындай тәрбиелеп есіру біздің коллективтің, оның ішінде әсіресе аға жазушылардың мойнынан түспейтін міндет. Нұрпейісов пен Шәймерденовтің романдары, Соқпақбаевтың кейбір әңгімелері мен «Алыстағы ауылда» атты повесі қазіргі күйінің өзінде кейбір сарыкідір жазушыларымыздың шығармасынан жоғары тұр. Ал, авторлардың өз мүмкіндігінен төмен тұр. Бәрін талдауға уақыт жетпейді. Тек соғыстан кейінгі жылдардың ішінде отыз шақты роман, повестер жазылды. Солардың ішінде мектеп өмірінен алынған Мұқан Иманжановтың «Алғашқы айлары», колхоз өмірінен алынған Ғабдол Слановтың «Кең өрісі», балықшылар өмірінен алынған Әбу Сәрсенбаевтың «Толқында туғандары» сияқты сөз қыларлық шығармалар бар. Қазақ совет прозасы жайында мынандай қорытынды жасауға болады: күмән жоқ, өскен проза. Өсудің де өсуі бар. Мысалы: жүз гектар егіннің он гектары ғана жиырма центнерден астық беріп, қалғаны бес-алты центнерден берсе, қалай өсті дер едік? Тұтас өсу керек. Біз бұл дәрежеге әлі жеткеніміз жоқ. Прозамыздың енді бір кемшілігі — ұсақ жанрлары тым шабан өсіп келеді. Бұлар прозаның бұтағы, жапырағы сияқты. Бұларсыз көркеймейді проза. Соңғы уақыттың ішінде қазақ совет поэзиясы бұрынғы қалпынан бірталай ілгері кетті. Жазушыларымыз олардың ішінде ақындарымыз Ұлы Отан соғысына өлеңімен ғана емес, қолына қару алып, өздері де қатынасты. Жеңіс туын халықпен бірге тігісті. Отанды жаудан қорғау, жеңіске шақыру туралы жазылған қазақ ақындарының өлең-жырларынан патриоттық сезім, совет халқының майдандағы, тылдағы ерлік істері айқын сезіліп тұрды. Соғыс күндеріндегі қазақ поэзиясын айтқанда, Жамбылды4 орны өзгеше екенін атап айтуымыз қажет. Жасы жүзге жақындаған қартты фашист басқыншыларының шабуыл жасауы қатты ашындырды. Оның өлеңдерінен ыза борап жатты. Москва, Ленинград, Сталинград түбіндегі ұрыстарда совет азаматтары көрсеткен тарихта теңдесі жоқ ерліктерді ол шарықтай жырлады, оның жырлары бүкіл совет поэзиясының алдыңғы қатарынан орын алды. Жамбылдың төңірегіне топталған Доскей, Нұрпейіс, Шашубай, Нартай, Қуат тағы сол сияқты ауыз әдебиет өкілдері де халықты жеңіске шақыруда аз қызмет атқарған жоқ. Ұлы Отан соғысының ерлік істерінен бір топ поэма туды. Бұлардың көркемдік дәрежесін салыстырғанда Қасым Аманжоловтың «Абдолласы» бәрінен жоғары деуге болады. Оқушы қай жанрдағы шығармадан болса да халықтың ісін, ойын, сезімін көргісі келеді. Қазақ ақындары ойды, сезімді батыл жырлайтын да, іске келгенде тайқақтай беретін. Соғыстан кейінгі жылдары осы істің өзін көрсетуге батыл кірісті. Тайыр Жароковтың «Жапанды орман жаңғыртты» дейтін поэмасы мен Хамит Ерғалиевтің «Біздің ауылдың қызы» атты поэмасы совет адамдарының табиғаттың мылқау күшін жеңу жолындағы ерлік еңбектеріне арналған. Жұбан Молдағалиевтің «Нұрлы жол» поэмасы жас жұмысшылардың кадрын даярлау ісіне арналған. Дихан Әбілевтің «Алтай жүрегі» атты поэмасы бұрынғы Риддер заводының азамат соғысы кезінде жау қолынан бүлінуі, совет өкіметінің Қазақстанда іргесі бекігеннен кейін қайтадан ашылуы жайында баяндайды. Бейбітшілікті сақтау мақсаты поэзиямыздан үлкен орын алды. Бұл жөнінде әсіресе ұсақ өлеңдер көп қызмет атқарады. «Бейбітшілік даусы» деген атпен өлеңдердің қалың жинағы шықты. Тек соғыстан кейінгі жылдардың өзінде ақындар өлең, поэмалардың ондаған жинағын берді. Бұл жинақтар Отанымызда жасалып жатқан ұлы істердің, қайнаған жігердің бораған ұшқыны тәрізді. Ақындарымыз орыстың және дүние жүзілік прогресшіл әдебиеттің поэзиялық қымбат мұраларын қазақ тіліне аударуда да аз еңбек еткен жоқ. Осындай жақсы жақтарымен қатар, поэзиямызда кемшіліктер мен қателіктер де болмай қойған жоқ. Кейбір ақындар майдандағы қазақ жауынгерлерін атаның аруағына сиынуға шақырды. Отанды Қазақстандық тар мағынада түсіну де соңғы жылдағы қазақ поэзиясынан табылады. Бұл қателіктердің бәріне партия, әдебиет жұртшылығы кезінде өз пікірін айтып, түзетіп отырды. Жазылған өлең, поэмалар көп болғанмен, әлі де көркемдік жағынан көп көтеруді тілейді. Поэзиямыздың елеулі жетістіктері бола тұрса да талап дәрежесінен төмен екенін мойындауымыз керек. Осыған байланысты кейбір басты кемшіліктерді атап көрсетпеске болмайды. Көркем шығарманың қай қайсысында болса да автор оқушыға өз ықпалын жүргізуге тырысып отырады. Өзінің жақсы дегенін жақсы, жаман дегенін жаман көрсеткісі келеді. Бұл үшін шығарма алдымен ұғымды болуы шарт. Хамит Ерғалиев — соғыс күндерінде көрінген, поэзияға өз ерекшелігімен келген ақын. Ол бүгінгі тақырыпқа жүйемелете төрт поэма жазды. Бұл поэмаларда оның тоқталмай ізденіп, өрлеп келе жатқаны сезіледі. Бірақ, өрлеу жолында бір нәрсені байқамай келеді. Жаңалық деп кейде ұғымсыздық жасайды. Мысалы: «самолетке» «самал отты» ұйқастырды. Отта самал бола ма? Бұндай мағынасыз не ойлап отырып мағынасын азар түсінерлік ұйқастарды жаңалық деп ұсынады. Поэзия ұғымды болуымен қоса әсерлі болсын. Өйткені, ұғымдының бәрі әсерлі бола бермейді. Әсердің өзі әр қилы. Бір әсер — өмір бойы ойыңнан кетпейді, бір әсер — сол арада қалып қояды. Поэзиядан біз ұмытылмайтын күшті әсер іздейміз. Осы жөнінде көне ақындарымыздың, үзбей жазып, үлкен тақырыпқа барған ақындарымыздың бірі — Дихан Әбілевке аз тоқталамыз. Әбілевтің «Алтай жүрегі» өндіріс тақырыбына өлеңмен жазылған роман. Бұл үлкен еңбекті оқып отырғанда талай уақиғамен, талай адамдармен кездесесің. Романды мазмұнды, қызықты ету мақсатымен уақиға көбірек алынған. Уақиға, адам көбейген сайын автордың жауаптылығы артады, орындай алса жақсы, орындай алмаса борышты болып қалады. Әбілев бұл жөнінде де оқушыға борышты. Уақиғалар барған сайын дамып отырмайды, сюжеттің, олпы-солпысы көп, композиция мықты емес. Роман тым шашыраңқы, көп сөзді. Түптеп келгенде шығарманың тағдырын шешетін екі нәрсе — пікір мен тіл. Романның құбатөбел ғана тілі бар. Пайдалы пікірлері аз емес. Бірақ, жаңалық айтқаны аз. Әбілевтің романы жайында айтылған бұл пікірлер тек оған айтылған жоқ. Өйткені, ол романдағы кемшіліктер бүгін таңдағы қазақ поэзиясындағы басты кемшіліктер. Поэзиямыз өндіріске батыл араласқанын «Алтай жүрегі», «Қырда туған құрыш» сияқты поэмалар айқын көрсетті, сонымен қатар бұл поэмалар шеберлік дәрежесі жетпей жатқанын да көрсетті. Біздің поэзия бірсыпыра қалыптасқан поэзия. Абайды, Жамбылды былай қойғанда, Мұқановтың «Сұлушашы», Жароковтың «Тасқыны», Тәжібаевтың «Абылы», Аманжоловтың «Абдолласы», Ерғалиевтің «Біздің ауылдың қызы» сияқты, табысымыз деп именбей айтарлық поэмалар жасалып қалды. Біз бүгінгі поэзияны, сынағанда осы жеткен дәрежеден төмен түспе, асып түс, деген мағынада санаймыз. Біздің поэзияда орыс үлгісімен жазылған: сараң сөзді, мағыналы, суретті, жанға жылы ұсақ өлеңдер, өлең циклдер! Көріне бастады. Ұсақ өлеңдерді бос сөзден арылу бағыты айқын байқалады. Ал, поэмаларда су әлі көп. Арзан ақыл, жалаңаш үгіттердің орнына өмір суретін, сол өмірді жасаушылардың ісін, сипатын, ойын шебер тілмен, уақиға етіп айтып бере алмай келеді ақындардың көбі. Бір сөзбен айтқанда шеберлік жетпей жатыр. Әлі де жақсы идеяның тасасымен жөндеу шығармалар өтіп кетіп жүр. Идея жөнінде қандай жоғары талап қойсақ, көркемдік жөнінде де сондай жоғары талап қоятын кез жетті. Драматургия біздің әдебиетімізге поэзиядан да, прозадан да кейін қосылған, Октябрьден туған жанр. Үлгіні ол орыстан, орыс арқылы дүние жүзілік классикадан алып келеді. Қазіргі қазақ драмасы қалыптасқан, буыны қатқа әдебиетіміздің бір саласына айналды, қалай сынасақ та, қандай талап қойсақ та көтереді. Екі съездің аралығында ондаған пьесалар жазылған екен. Солардың ішінде Мүсреповтің «Қозы Көрпеш — Баян сұлуы», «Аманкелдісі», Әуезовтың «Қобыландысы» мен Леонид Соболевпен бірігіп жазған «Абайы», Әбішевтің «Достық пен махаббаты», Құсайыновтың «Көктем желі», Тәжібаевтың «Гүлден, даласы», Әуезов пен Әбішевтің «Намыс гвардиясы» сияқты пьесаларды, кейбір кемшіліктерін көре тұра, драматургиямыздың елеулі табысы деуге болады. Жаңа тақырыпқа жазылған ондаған пьесалардың сахнада бірі азырақ, бірі көбірек тұрды. Айналып келгенде көбінің өмірі қысқа болды. Ескі тақырыпқа жазылған пьесалар аз, бірақ, өмірі ұзақ болды
04.12.2012 06:06 9188

 

Қазақ совет жазушыларының екінші съезінен бері он бес жыл өтті. Бұл он бес жылда совет елінің көркі орасан өзгерді: құрғақ далаларда көлдер, өзендер, теңіздер жасалды. Ат аяғы, құс қанаты талатын ұзақ жолдар қысқарды: аспанда самолет, жерде поездар, машиналар қаптады.

Елсізге ел: жаңа өндірістер, қалалар, совхоз, колхоздар орнады. Жер бетіндегі, жер астындағы байлықтарды табуда, пайдалануда алып адыммен алға бастық. Осының бәрі халықтың мәдениетін көтере, еңбек өнімін арттыра келді. Егер осы экономикалық, мәдениеттік табыстарды шаруашылық қызметкері баяндаса, әр сөзін жеті-сегіз буынды цифрмен дәлелдеп берер еді. Кеше ғана дүниені күйретіп, еңбекші адамзатты қырғынға ұшыратқан екінші жер жүзілік соғыста Совет Отаны, социалистік система мейлінше қатал, мейлінше қатерлі сыннан етті. Ұлы Отан соғысы көп ұлтты совет елінің мойымас күшін, бұзылмас бірлігін ғана көрсетіп қоймай, одан да басымырақ, айқынырақ етіп совет адамдарының рухани дүниесінің беріктігін, көркемдігін көрсетті. Совет өмірі қанша бай, қанша қызықты болса да сонет адамдарының ойы одан әлдеқайда асып жатады. Біз, жазушылар, алдымен осы жан дүниесін көріп қуанамыз. Өйткені бәрін жасаушы адам. Сондықтан, социализм жолындағы табыстардың ішінде ең қымбаты, осы жан дүниесіндегі табыстар болу керек.

Бұдан он бес жыл бұрын ойға келмеген, келсе жоспарға енбеген талай тілектер бұл күнде орындалған іске, халық игілігіне айналып кетті. Экономикада, мәдениет, саясатта Совет Одағы қазір сондай дәрежеге көтерілді, — ол есіне түскенде сонау мұхиттардың ар жағындағы дұшпандары қорқыныштан, достары қуаныштан тиып ұйықтай алмайды. Бейбітшілікті, бостандықты көксеген дүние еңбекшілерінің көңіліндегі үлкен сенім —  СССР еді. СССР мен қазір демократиялық елдер тізе қосқан шақта, ол сенім зорая түсіп, дүние еңбекшілері бейбітшілік, бостандық жолын айқынырақ көретін, батыл күресетін болды.

Әдебиет тақырыбына келместен бұрын бұл шолуларды әлдеқалай жасап тұрғаным жоқ. Біздің әдебиетіміз халықтық әдебиет. Оның арқауы — халықтың өмірі, ойы, ісі. Ол соларды айнадай көрсетіп тұрады. Сондықтан, совет халқы жеткен табыстарға оның әдебиеті де ортақ, сондықтан, совет әдебиеті жер жүзінде ең шыншыл, өміршіл, адамға көмекші, озық әдебиет саналады.

Қазақ әдебиетіне келместен бұрын бүкіл совет әдебиетін ауызға алуым да әлдеқалай емес. Өйткені, совет әдебиетіне тән қасиеттерге, ол жеткен табыстарға қазақ әдебиеті де ортақ косқан үлесі бар. Кеш туса да, шапшаң өсіп келе жатқан қазақ әдебиетінің бойындағы сенім сонша — ерте туған егде әдебиеттермен жарысуға жасқанбайды.

Халық өмірінің қай саласын алсақ та көзге алдымен табыстар түседі. Бұл табыстарға қалай жеттік деп біреу сұрай қалса, совет елінің мектеп баласынан бастап, саудыраған шалына дейін мақтана тұрып жауап қайырады:

— Бізді бастап жеткізген Коммунистік партия! — дейді.

Әдебиетімізді де бастаушы, мәпелеп өсіруші Совет Одағының кемеңгер Коммунистік партиясы.

Он бес жылдан бергі — екінші съезд бен үшінші съездің аралығындағы қазақ әдебиетін талқылағанда негізгі бірнеше мәселенің ғана төңірегінде пікір айтуды қажет көрем.

Социалистік реализм бағытындағы әдебиет шыншыл болуға, айтам дегенін күмілжімей, бұлтақтамай, атап, анықтап айтуға тиісті. Айтқандарының бәрі адамды социалистік рухта тәрбиелеуге тиісті. Сонымен қабат революциялық романтикамен өмірдің алдын да шола отыру керек.

Жазушы жазбастан бұрын материал іздейді. Өмірде материал өте көп, бірақ, бәрі бірдей жарамды емес. Осы материал тануға келгенде талай жазушы шатасқан, әлі де шатасушылар табылады. Маркстік диалектикаға сүйенген, социалистік реализмнің негізгі бір сипаты болып отырған революциялық романтика шындық, факт деген аттарымен шығармаға әйтеуір өмірде барды тыға беруге, яғни, натурализмге, формализмге мүлде қарсы. Революциялық романтика бардың бәрін дәріптемейді, олардың ішінде келешегі барын ғана алуды, өмірдің артында емес, алдында болуды үйретеді.

Міне, осы социалистік реализм әдісін меңгеруде қазақ жазушылары қай дәрежеде тұрғанын анықтауымыз керек.

Абай сыншыл реализмді орыс классикасынан үйренді. Біз социалистік реализм әдісін орыстың социалистік озық әдебиетінен үйренеміз, үйреніп те келеміз. Үйрену деген — көшіріп не жаттап алу емес, творчестволық меңгеру. Сөйтіп, өзіңе тән жаңа сөз айту екені белгілі нәрсе. Қалай үйреніп келеміз? Тексерелік, бұ да әдебиеттің негізгі мәселесінің бірі.

Көп ұлтты совет елін біріктіріп тұрған ұлы күш бар. Оның аты — достық. Ұлттар достығын советтік ешбір әдебиет ұмыта алмайды. Бірақ, осы тамаша тақырыпты тамаша етіп көрсете алдық па? Кімдер қалай көрсетіп жүр? Әңгіме осы жайлы болу керек.

Халық тілегімен санасу — әдебиеттік те міндет. Бір тілек бар — бес, он жылда орындасаң да күтеді. Бір тілек бар — бес, алты ай да күтпейді. Бұл — біздің әдебиетіміз өмірдің маңызды мәселелерін көрсетіп отыру керек,— деген сөз. Халық әдебиет жанрларының, тақырыптарының бай болуын сүйеді. Сондықтан, әдебиетіміздің жанр, тақырып, сонылық жағын да әңгімелемей кете алмаймыз.

Әр әдебиеттің өзіне тән ұлттық түрі болатыны белгілі. Бірақ, түр дегеннің өзі қатып қалған нәрсе емес, оны да өзгертіп, жаңартуға болады. Ескі заманнан қалған эпостарымыздың, ауыз әдебиеттеріміздің түрін жаңа заманда туған жазба әдебиетіміз қабылдай бермейді. Өйткені, түр мазмұнға бағынышты, мазмұн мүлде өзгеріп кетті. Бұл сөзден ескінің бәрін жұлып тастау керек деген ұғым тумасын. Ескінің жарамдысын пайдалана отырып, жаңаны жасай берелік демекпін. Рас, әдебиет түрі өте кеш өзгереді, ұзақ жасайды. Қанша ұзақ жасаса да «әриайдай, ақ серкенің мүйізі қарағайдай» деп жырлай алмаймыз бүгін. Жаңа мазмұнды, озық идеялы әдебиетіміз өзіне тән ұлттық түр таппай тынбайды. Осы табу жолында неміз бар? Aтап айту керек.

Әдебиеттік бұл талаптар шығарманың партиялық, халықтық рухына қарай, жазушының шеберлігіне қарай толығып, көркейіп немесе кеміп, жүдеп отырады. Сондықтан, әдебиеттік сипаттардың әрқайсысы партиялық, халықтық дәрежесіне, шеберлік дәрежесіне қарап бағаланады.

Осы айтылған шарттарды еске сақтай отырып, енді әдебиетіміздің ішіне еніп көрелік.

Әдебиетіміз әрдайым өсіп отырды. Екінші съезд бен үшінші съездің аралығындағы он бес жылда Бүкілодақтық озық әдебиеттердің қатарына қосылды. Бұл он бес жылдық өсу жолы үш бөліп көрсетуді тілейді. Атап айтқанда: соғыс алдындағы жылдар, соғыс кезі, соғыстан кейінгі уақыттар.

Мөлшермен алғанда отызыншы жылдардың бірінші жартысына дейін әдебиетімізде, әсіресе поэзияда советтік идея басым еді де, советтік өмірдің өзін көрсету жағы солғын еді. Отызыншы жылдардың екінші жартысынан былай біздің әдебиет өмірдің өзін көрсетуге бет бұрды:социалистік құрылыстың табыстарын, халықтар достығын, Совет Одағының Конституциясын, партияны, үкіметті жырлады. Осы кезде барлық жанрлар үн қосып, батыста, шығыста дайындалып жатқан екінші жер жүзілік соғысты әшкереледі, халқымызды қырағылыққа шақырды, кешеден бүгін жақсы істеуге, партия мен үкімет төңірегіне бұрынғыдан да бекем топтала түсуге шақырды. Бұл кездің бір өзгешелігі — әдебиетіміздің үлкен және ең аз түрі — поэма, бес-алты роман бірнеше пьесалар жазылған екен. Солардың ішінде Сәбит Мұқановтың «Жұмбақ жалауы» (қазіргі «Ботагөз»), Саттар Ерубаевтың «Менің құрдастарым», Тайыр Жароковтың «Тасқыны», Әбділда Тәжібаевтың «Абыл», «Оркестрі», Асқар Тоқмағамбетовтың сатиралық өлеңдері, Ғали Ормановтың лирикалары — бұл күнге дейін халқымыз сүйіп оқитын шығармалар болып қалды.

Қазір елеулі жазушыларымыз болып отырған Қасым Аманжолов, Жұмағали Саин, Әбу Сәрсенбаев, Қалижан Бекхожин, Қапан Сатыбалдин, марқұм Абдолла Жұмағалиев, Саттар Ерубаевтардың алғашқы лебізін сол кезден естідік. Жиырмасыншы жылдары әдебиетке келген жастардың көбі тек талантымен келсе, бұл жастардың көбі орта, жоғары дәрежелі білім алып, орыс әдебиетін бірсыпыра оқып үйреніп келді.

Сонымен, Ұлы Отан соғысы алдында әдебиетіміздің тағы бір белге көтеріліп келе жатқаны айқын еді. Отан соғысы бүкіл советтік системаны қатал сыннан өткізді, адамдарымыздың бойында бұрын ашылмаған қасиеттерді ашты, халық жігерін қайнатты. Соғыс, әдебиеттен мейлінше өткір, шапшаң болуды тіледі. Партия мен халық ол тілекті орындауға шақырды. Бұл тарихи кезеңнен әдебиетіміз әсем өтті деуге болады. Соғыс күндерінің талабы бойынша «Сын сағатта», «Қынаптан қылыш», «Қырағылық», «Намыс гвардиясы» сияқты бірнеше үлкен пьесалар, ондаған ұсақ пьесалар жазылды. Әдебиеттің ең кенже жанрының бірі — публицистика зор күшке айналды. Әуезов, Мұқанов, Мүсрепов, Тоқмағамбетов сияқты аға жазушылардың халық ашуымен суарылған мақала, очерктері өз алдына, бұрын үні естілмеген Бұлқышев сияқты жастар окопта жатып жауын оқпен ғана атқан жоқ, өткір мақала, очерктермен де атып жатты. Аманжолов, Әбілев, Саин, Сәрсенбаевтардың майданда жазған өлеңдері бұрынғы өлеңдерінен әлдеқайда нәрлі, көрікті болып шықты. Қазір дұрыс өсіп келе жатқан X. Ерғалиев, М. Иманжанов, С. Мәуленов, Ж. Молдағалиев, Қ. Ұябаев, М. Әлімбаев сияқты бір топ ақын-жазушы соғыс үстінде келіп қосылды қатарға. Жамбыл бастаған халық ақындары еш уақытта соғыс кезіндегідей тұтасқан зор үнмен жырлаған емес. Жамбыл үні бүкіл жер жүзіне естілді. Ұлы ақынның «Ленинградтық өрендерім» атты өлеңі ең қысылшаң шақта тылдағы халықтың, майдандағы армияның бойына қуат беріп тұрды.

Әдебиет ескендігінің айқын белгісі — үлкен проза. Бұл, шабан өсетін, уақытты көп тілейтін ауыр жанр болғанымен қысылшаң соғыс жылдарында да өсуін қойған жоқ. Әлденеше роман, повестер жазылды. Солардың ішінде тарихи тақырыпқа Әуезов жазған «Абайдың» бірінші кітабы, соғыс тақырыбына Мүсрепов жазған — «Қазақ батыры (қазіргі—«Қазақ солдаты»), колхоз тақырыбына жазылған —«Шығанақ» романдары соғыс жылдарының жемісі болатын.

Атай берсек шығармалар да, авторлар да көп. Осы аталғандардың өзі-ақ әдебиетіміздің үздіксіз өсу жолында екенін дәлелдер деймін. Бірақ, қанша өстік десек те, қазақ әдебиеті өскен әдебиеттің қатарына соғыстан кейінгі жылдарда ғана қосылды. Онда да прозамен қосылды. Қазақ поэзиясы Абай сияқты классигі, бай эпосы, көптеген ауыз поэзиясы бола тұра және жазушылар коллективінің қаптал көпшілігі ақындар бола тұра жас прозадан кейін қалды. Бұны ақын жолдастар есінен шығармауға тиісті.

Біздің проза Октябрьден кейін туды. Онан арғы Абай Құнанбаевтың ғақлия сөздері, Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері, Спандияр Көбеевтің «Қалың мал

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға