Жаңалықтар

Зеренді ауданы

ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ – облыстың солт-ндегі әкімш. бөлік. Аудан солт.-батысында Солт. Қазақстан обл-мен, шығысында Бурабай, оңт-нде Сандықтау аудандары жерімен шектеседі. 1935 ж. құрылған. 1997 ж. Көкшетау ауд-мен біріктірілді. Жерінің аум. 8,0 мың км2. Тұрғыны  43,8 мың адам (2006). 1 км2-ге 6,1 адамнан келеді. Аудандағы 85 елді мекен 11 ауылдық, 3 кенттік әкімш. округтерге біріктірілген. Аудан орт. – Зеренді а. Аудан Көкшетау қыратының солт-н алып жатыр. Жер бедері – аласа таулы, ұсақ шоқылы, ойлы-белесті жазық. Ірі таулары: Зеренді (587 м), Жыланды (609 м), Қараүңгір, Қаратау, т.б. Кен байлықтарынан алтын, қызғылт гранит, доломит, құрылысқа жарамды тас, құм, каолин, емдік саз, т.б. кездеседі. Климаты континенттік: қысы ұзақ (қар 140 – 160 күн жатады), суық, қары аз (20 см), жазы – жылы әрі құрғақ. Ауаның орташа темп-расы қаңтарда –18ӘС, шілдеде 19ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлш. 350 – 400 мм. Ауданның оңт-нен солт-не қарай Шағалалы өз. мен оның оң саласы – Қылшықты ағып өтеді. Оңт-нен Есілдің оң салалары – Жабайы, Аршалы, Қошқарбай бастау алады. Аудан жерінде көл көп. Ірілері: Зеренді, Қарағайлыкөл, Айдабол, Бірқыз, Шымылдықты, Құмдыкөл (тұщы), Қараңғыүңгір, Жамантұз, Жолдыбай, Ахметжансор. Аудан жерінде шіріндісі мол қара және күңгірт қоңыр топырақ кең тараған, сортаңдар да кездеседі. Тың игеру жылдары аудан жерінің басым бөлігі жыртылған. Ауданның солт. бөлігін қайың, терек шоқтары өскен ормандар алып жатыр. Қыраттың биік жерлері мен шоқыларында қарағай, Зеренді өңірінде қылқан жапырақты орман, Кіші Түкті өңірінде қайыңды, теректі ормандар өседі. Орманда қарақат, таңқурай, мойыл, итмұрын, бүлдірген көп. Ашық жерлерде қараған, тобылғы, т.б. бұталар, қалың шалғындық, астық тұқымдас түрлі шөптер, қызғылт селеу, сәбізшөп, бетеге, жусан, тастақты жерлерінде қына өседі. Орманда қасқыр, бұлан, елік, қоян, түлкі, қарсақ, суыр, тиін, даласында кемірушілер кездеседі. Дала, су құстарының 200-ден аса түрі мекендейді. Олардың 150-дейі ұя салады. Ауданда Куйбышев, Самарбай, Зеренді, Кіші Түкті, т.б. орман ш-тары мен олардың бөлімшелері орналасқан. З. а. тұрғындарының тығызд. Ауданда доломит кеніші, тас ұсататын (Алексеевка кен-ті), спирт (Айдабол кенті) з-ттары, құрылыс материалдарын өндіретін, тұрмыстық қызмет көрсететін кәсіпорындар, астық қабылдау пункттері, нан, май з-ттары, баспахана бар. З. а. экономикасының басты салалары егін және мал ш. А. ш-на пайдаланылатын жері 642,4 мың га, оның ішінде егістігі 249,1 мың га, тыңайған жері 112,0 мың га, шабындығы 3,1 мың га, жайылымы 278,2 мың га. Орман 85,9 мың га жерді қамтиды. Бұрынғы мамандандырылған 15 астық, 2 шошқа, 2 картоп, 4 ет, 1 жылқы, 1 бау-бақша, 1 көкөніс-сүт кеңшарлары негізінде 2 акцион. қоғам («Целина», «Болашақ»), 2 өндірістік кооператив («Зеренді», «Картофель»), 39 ЖШС, 176 шаруа қожалығы құрылған. Егін ш-ның басты салалары: астық, жемшөп, картоп, көкөніс, жеміс-жидек өндіру. Мал ш-ның басты салалары: сиыр (39,2 мың), қой мен ешкі (30,1 мың), шошқа (4,8 мың), жылқы (11,3 мың), құс (71,2 мың) өсіру. Ауданда 5 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 42 жалпы білім беретін, музыка, спорт мектептері, 2 кәсіптік уч-ще, а. ш. колледжі, мәдениет үйлері мен клубтар, кітапханалар, 80 емдеу-сауықтыру мекемелері, оның ішінде 65 фельдш.-акуш. пункт бар. Аудан жері арқылы Алматы – Петропавл, Қостанай – Барнауыл т. ж-дары, Алматы – Петропавл, Атбасар – Көкшетау, Саумалкөл – Шортанды, т.б. автомоб. жолдары өтеді.  
04.12.2012 06:06 8745

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға