Жаңалықтар

Көне Египет мәдениеті

Көне Египет мәдениеті. Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті мемлекетгердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық — билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет. Египеттің жоғары өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды, ал өз кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері — перғауындарды құдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды. Фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін «Раның» («Ра» күн деген мағына береді. Ол — құдайлардың құдайы және «алтын» ұғымымен қосыльш айшлады. — «Алтын» нұр шашқан күн) ұлымын деп жариялады. Перғауынның жеке-дара билік жүргізуі тіпті оның билігінің Египет халқына ғана емес, көршілес жатқан патшалықтар мен тайпаларға да күшейе түсуі, мәдениеттің дамуына өзіндік ықпалын тигізбей қойған жоқ. Ал осы бір шексіз билік пен мансап, байлық пен құдірет кенеттен жоқ болады. Оны өшіретін ұлы күш — өлім. Міне, сондықтан да болар — көне Египеттің мәдениетінің ең басты ерекшелігі — ажалға қарсылық болды. Бұл табиғи қарсылық, немесе мәңгілік өмір сүруге талпынушылық Египет халқының бүкіл діни санасына тереңдей еніп, оның мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда айрықша рөл атқарды. Египеттіктер табиғаттың жыл сайын жаңаратындығын аңғарған, өйткені Ніл өзені тасығанда жерлерді құнарландырады, сөйтіп төңірекке өмір мен береке туғызады, ал тартылғанда құрғақшылық келеді, бірақ бұл ажал емес, өйткені — одан кейін де жыл сайын Ніл қайтадан тасып отырады. Табиғатта болып жатқан осы сияқты құбылыстардың негізінде «өлген адам тіріледі» деген діни ілім пайда болды. Бұл ілім діни және мәдени салада ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, саяси өмірде де үлкен роль атқарады. Тереңірек ойлап қарасақ, бұл ілімнің өмірге келуі ажалға деген табанды қарсылықтан туған. Жыл сайын буырқанып таситын Ніл өзені сияқты адам жаны да денеге қайтып оралады деген діни түсінік адамдар санасында берік орнықты. Олар қабірді адамның уақытша баспанасы деп санады. Ендігі жерде мәңгілік өмірді қамтамасыз ету мәселесі тұрды. Ол үшін адамның денесін сақтап, тірлікте оған қажет болғанның бәрімен қабірде де қамтамасыз ету керек, демек денені бальзамдап, оны мумияға айналдыру, не болмаса өлген адамның денесіне ұқсас етіп, оның мүсінін жасау қажеттігі туды. Сондықтан да, ежелгі Египетте мүсіншіні «санх», ягни «өмірді жасаушы» деп атады. Мүсіншілер өлген адамның бейнесін жасауды тіршілікті қайта жандандыру деп санап, бұл кәсіптерін ерекше мақтан етті. Шындығында да, өнердің бұл саласы адамдар түсінігінде сиқырлы күшке айналды. Аруаққа табыну, суретші санасына «егер дене сақталса немесе толық бейнеленсе, өлген адамның жаны оған қайтып оралады» деген түсінікті сіңірді. Өмірдің табиғи ағысын бұзушылық болып көрінген ажалды тоқтатып, жеңіп шығуға болады деген құштарлық, өлімді жеңуге болады деген үміт оты аруаққа табынуды туғызып, ежелгі Египет өнерінің барлық салаларына өз таңбасын салды. Адамдар санасында қалыптасқан аруаққа табыну — перғауындарды «құдай» деп танумен тығыз ұштасты. Ал құдай — патшалардың (перғауындардың) құрметіне пирамидалар (мазарлар) салына бастады. Өз кезегінде Египеттің жоғары әміршісі — құдай саналған перғауын өзінің құрметіне салынған мазардың әрі асқақ, әрі берік етіп салынуына ерекше мән берді. Сәнсалтанатпен салынатын мұндай пирамидалар қыруар қаржыны гана емес, ұзақққа созылған ауыр да, азапты еңбекті қажет етті. Осы бір азапты еңбек қасіретті өмір Египет құлдарының үлесіне тиген болатын. Пирамидалар перғауындар мен ең атақты адамдар үшін ғана салындЕі. Египет абыздарының қағидаларына сүйенсек, патша лар мен вельможаларға ғана емес, кез келген адам жерлеуге байланысты бүкіл салт-жоралар толық орындалған жағдайда мәңгілік өмірлік күш-«Ка-ға» (мәңгілік өмір) ие болады. Бірақ қаржыны көп қажет ететіндіктен кедей адамдардың денелері бальзамдалмады, оларды матаға орап, көпшілік зираттарының шетіне көме салды. Демек, пирамидалардың салынуы — көне Египет қоғамындаты адамдар арасындағы шектен тыс теңсіздіктің кеңінен орын алғандығын байқатады. Біздің заманымаздан бұрынғы ІІІ—II ғ. құдай — патшаларға арналған құрылыстар — пирамидалар мен храмдар негізінен тастан жасалды. Пирамидалар салу мемлекеттің экономикасын әлсіретіп, қазынаны тауысты, әсіресе халық тарапынан көп шығын мен жұмыс күшін қажет етті. Сондықтан да, пирамидалар салу — халық қайыршылығының басты себепкері болды. Ал егер пирамидалар салуға жұмсалған қыруар қаржы мен египет халқының табанды еңбегін халық игілігіне жұмсағанда (жолдар салғанда және тағы басқалары) Египет сөзсіз экономикасы жоғары дамыған өркениетті елге айналған болар еді деген ой еріксіз келеді.  «Құдіретті құдай» — фараондардың о дүниеге барғанда жанға сая, басқа баспана болатын мәңгілік ғұмырдағы үйлері — пирамидалар көргенді де, көрмегенді де таң қалдыратын дәуір ескерткіштері, «әлемнің жеті кереметі» аталған өнер туындыларының бірінен сана лады. Ерекше атап өтетін бір жай, Египет сәулетшілері өз есімдерін өздері жасаған ескерткіштерге тасқа қашап жазған, демек олар өз еңбегінің нарқын түсіне білген, сондықтан да өз даңқын шығаруға, оны болашақ ұрпаққа мұра етуге арланбаған. Дұрыс та, әділ шешім, өйткені ежелгі заманды былай қойғанда, осыдан небәрі бірнеше ғасыр бұрын ғана салынған феодалдық Еуропаның соборлары мен сарайларын, шіркеулері мен князь үйлерін және тағы да басқа тамаша ғимараттарды салған сәулетшілердің есімдері ілуде бірі болмаса, көпшілігі осы уақытқа дейін белгісіз күйінде қалды. Ал, бүгінгі ұрпақ осыдан бес мың жылдай бұрын тұрғызылған Египеттің ең көне пирамидасы — перғауын Джосердің пирамидасын жасаушының аты-жөнін білуі — осы ащы шындықтың айғағы болса керек. Оның сөулетшісі — Имхотептің ғалымдық, дәрігерлік, философиялық еңбектері өз заманында аса жоғары бағаланған. Ол сонымен қатар ұрпақтар есінде ұлы балгер, сиқыршы ретінде де қалған, өйткені ғылым дамуының сонау бастауы кезеңінде ғұмыр кешкен ғалымдардың өмірі міндетті түрде балгерлікпен астасып жатқан. Имхотеп тіптен екі рет құдай деп танылған. Арада екі жарым мың жыл өткенде гректер оған «медицинаның құдайы» ретінде табынған. Оның мүсіні, сірә, ғалымдарға орнатылған алғашқы мүсін болуы да ғажап емес. Оның мүсіндері сақталынбаған, бірақ Мемфисте Имхотептің құрметіне орнатылған ғибадатхана бар. Джосер пирамидасы көп сатылы құрылыс, ол ұзыннан-ұзаққ басқыш тәрізді аспанға өрлей береді. Бұл пирамиданың биіктігі — 60 м. болса, одан кейінгі салынған пирамидалар одан да биік, одан да аумақты. «Сонда осындай алып құрылыстарды салу неге қажет болды екен?» — деген ойға еріксіз келесің. Біздің ойымызша, жиналған байлықты қоғам өзінің билеп-төстеушілері арқылы аспан мен жер үстіндегі өктемдігін жүзеге асыру ісіне жұмсаудан басқа амал таппады. Сонымен бірге жұмыр басты пенденің ой-қиялын өзіне табындырып қою үшін тірі құдай — перғауын о дүниеден тыныш орын алмақ та болған шығар. Басқаны былай қойғавда, пирамидалардың өте биік етіп салынуы — өзін құдаймен қатар қойған тәкаппар да, мансапқор перғауынның қарапайым халықтан артықшылығын көрсету мақсатынан да туған сияқты. Әйтеуір, қалай болғанда да Египет (Мысыр) мәдениетінің бастауында салынған бұл пирамидалар өз еліндегі ғана емес, бүкіл дүние жүзіндегі ең құдіретті ғимарат болып қала береді. Адамзат баласын таң қалдырған талай мәдени мұралар күлге айналып, гүлденген қалалар жермен-жексен болды, мейірімсіз де қатал уақытгың сынына шыдай алмаған кереметтер («Әлемнің жеті кереметі») бірінен соң бірі жоғала бастады. Ал бүгінгі күнге кереметтердің ең көнесі осы Мысыр пирамидалары ғана жетіп отыр, ендеше көне тарихтың куәгері болған бұл тамаша гимараттар әлі де талай ұрпақтардың қызықтай берер аса құнды мәдени ескерткіші ретінде қала бермек. Біздің заманымаздан бұрынғы бір мың жылдықтың басына қарай пирамидалар салынуы тоқтатылды. Пирамидалар ендігі жерде тастан емес, шикі кесектен тұрғызыла бастады, ал мұның өзі бұрынғьщай қымбатқа түспейтін болды. Перғауын бұрынғысынша құдай саналғандықтан олардың құрметіне сансыз мүсіндер орнатыла бастады, демек перғауындарға құдай есебінде табыну көне Египеттің діни наным-сенімдерінде басты орын алды. Египетте құдайлар өте көп болған, тіпті әрбір қаланың бірнеше құдайы болған. Ең құдіретті құдай, яғни құдайлардың құдайы — Күн құдайы «Ра» болды. Одан кейінгі басты орынға — өлім құдайы «Осирис» шықты. Египеттіктер өздері о дүниеге аттанғаннан кейін Оси-рис жер асты патшалығының құдайы болатындығына кәміл сенген. Құнарлы жер мен аналықтың құдайы Осиристің әрі қарындасы, әрі әйелі — Исида болды. Ай құдайы екінші жағынан жазу құдайы да болып саналса, ал Маат — шындық пен тәртіптің құдайына айналды. Көне Египетте кеңінен орын алған мұндай көп құдайға табынушылық мемлекетті орталықтандыру ісіне нұқсан келтіріп, басқарушы өкіметті одан әрі әлсірете түсті, тіпті мұндай жағдайда басып алған тайпаларды бағыныштылықта ұстаудың өзі қиындыққа соқты. Міне, осындай сындарлы кезеңде тарих сахнасына діни реформатор перғауын Аменхотеп (біздің заманымаздан бұрынғы 1419—1400 жылы аралығында билік жүргізген) шықты. Оның басты мақсаты — бір құдайға табынуды жүзеге асыру болды, сөйтіп адамзат тарихында тұңғыш рет көп құдайға табынушылықтан бір құдайға табынушылыққа көшуге маңызды қадам жасалды. Ол жаңа мемлекеттік діни наным-сенім енгізіп, жалғыз құдай «Атоя» деген ат берілген Күн шарын жариялады. Осы күннен бастап көп құдайға табынушылық жойылып, осыған байланысты олардың ғибадатханалары жабылып, олардың иелігіндегі дүниемүліктер төркіленді. Бұл шынайы тарихи төңкеріс кезеңінде перғауын IV Аменхотеп өз атын құдай атына сәйкестендіріп «Эхнатон» деп («Атан рухы» деген мағына береді) өзгертіп, Египеттің астанасын ежелгі Фивыдан өзі салдырған «Атон көкжиегі» деген мағынаны білдіретін Ахетотон қаласына көшірді. (Бұл қаланың орнында қазіргі уақытта Амарн атты шағын қыстақ тұр, сондықтан да Египет тарихының Эхнатонға байланысты барльгқ кезеңі «Амарндық» деп аталады). Эхнатонның жүргізе бастаған реформаларының абыздар тарапынан жойқын қарсылыққа ұшырап, өмірінің қысқа болуына қарамастан сол дәуірдің мәдениетінің даму барысына, оның болашағына өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Ең бастысы — өнер саласында патша бейнесін барынша дәріптеуден бас тартушылық пен канондар мен стильден гөрі мәдени туындылардың ішкі мазмұнына мән беру құбылысының алғашқы нышандары белгілі бола бастады. Атап айтқанда, «Амарн өнері» деген атауға ие болған бұл дәуір мәдениетінде бейнелердің нанымдылығы, жеке бейнелер мен бүкіл композицияның өзара үйлесімділігі, өнер туындыларындағы лирикалық сырластық, сезімдік қасиеттердің пайда болуы — баға жетпес мәнді мәдени құбылыстар болып табылады. Ойымыз дәлелді болу үшін ата-анасының алдында жұмсақ жастыққа отырып, қаннен-қаперсіз ойынға кіріскен Эхнатонның қыздары — кіп-кішкентай жалаңаш ханшалар бейнеленген суретті алайық. Рахат та, бейғам өмірдің құшағындағы осы бір бейкүнә сәбилердің шаттық өмірін бейнелейтін бұл сурет шын мәнісінде Египеттің асқаралы өнеріндегі бұрын кездеспеген жайлар болатын. Не болмаса Эхнатонның әйелі Нефертитидің портретін көз алдыңызға елестетіңізші. Ғажайып та, сымбатты бұл бейненің даңқы бүгінгі заманға дейін жетіп отырған жоқ па? Әйелге тән нәзіктік пен сұлулық, тек әйел атаулыға тән аналық пәк сезім мен ішкі жан тебіренісі, ой тереңдігі мен табиғи тәкаппарлығы ғажайып бейнеден ап-айқын боп көрініп тұрғанын қалайша мойындамасқа! Ендеше, Нефертити портретінің барлық әйелдердің ішіндегі ең тамашасы деген атаққа ие болуы да — осы бір ерекше қасиеттердің құдіретті бейне бойынан табылуы болса керек. Бұл дәуірден кейінгі кезеңдерде де Египет өнері өз дамуында айта қаларлықтай табыстарға жетті. 1922 жылы дүние жүзін таң қалдырған тамаша жаңалық, яғни баға жетпес көркемөнер қазынасы сақталған перғауын Тутанхамонньщ мұхият жасырылынған қабірі табылды. Бұл тамаша табыс — ағылшын археологы Г. Картердің «Патшалар алқабындағы» ұзаққ жылдар бойы жүргізген еңбегінің жемісі болатын. Эхнатонның мұрагері болған бұл перғауын небәрі 20 жасқа жетпей дүние салған, бірақ ол өз заманында ерекше атаққа ие бола алмаса да, осы бір сәнді дүниелері арқылы біздің заманымызда ерекше даңққа бөленді. Олай болатын себебі Египеттің бүкіл патшаларының қабірлерінің ішінде тек қана Тутанхамонньщ қабірі ғана тонаушылар қолына түспей, барлық қазынасымен сақталып қалған. Египет мәдениеті — сан-салалы мәдениет. Солардың бірі — біздің заманымызға келіп жеткен Египеттің ең көне жазу текстері. Олар — құдайларға құлшылық ету мен шаруашылықты жүргізуге байланысты жазбалар. Біздің заманымаздан бұрынғы екі мыңыншы жылдыққа жататын ең көне әдеби мұралардың кейбіреулері сақталып қалған, бірақ ғалымдардың пікірінше, бұлардан да көне әдеби мұралар болғандығы ақиқат. Өкінішке орай, олар біздің заманымызға дейін келіп жетпеген. Египеттің көркем әдебиетінің түрлі жанрлары болған. Олар: патшалар мен ұлы даналардың өз балаларына арналған нақыл сөздері, түрлі тақырыптарды қамтитын әңгімелер және тағы басқалары Көне Египет әдебиетінің тамаша туындыларының бірі — «Өмірден тұңілген адамның өз жанымен сұхбаты» деп аталады. Өмірден қатты тұңілген бұл адам өлімге бет бұрады. Бірақ оның жаны бұл әрекетке барынша қарсылық жасап, бұл өмірдің қызығы мен рахатын көруге кеңес беріп, оны өлімнен сақтандырады Иероглифтер — көне Мысыр мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені бұл өлкеде салынған қай ғимаратты алсаң да,олар иероглифтерге бай болып келеді. Кейіннен, көне мысырлық иероглифтік жазу буындық жүйеге көшті (қытайлықтар болса мұндай өзгерістерге ұшырамай өз жазба дөстүрлерін сақтап қалған). Ерекше атап өтетін бір жайт, Египет жерінде салынған ғибадатханалардың алдына сфинкстер тұрғызылды. Тастан қашалып жасалған сфинкстердің денесі арыстан, ал басы адам бейнесінде болды. Оның басы перғауынды бейнеледі. Сфинкс — Египет өміршісінің құдіреті мен күшінің оның даналығы мен жұмбақтығының жаршысы болды. Ең алып сфинкс б.з.б үшінші мыңжылдықта салынған. Ол осы уақытқа дейін Хефрен пирамидасын күзетіп түр. Тұтастай алынған жартастан жасалған бұл сфинкстің басы адамның басынан отыз есе ұлкен, ұзындығы 57 метрге жетеді. Ғылым саласында да көне Египет айта қаларлықтай жетістіктерге жетті. Тамаша ғимараттардың, әсіресе пирамидалардың салынуына қарап математика, геометрия сияқты ғылым салаларының қаншалықты сатыға көтерілгендігін айқын аң-ғаруға болатын сияқты. Б.з.б XXI ғ. аяғы мен XIX ғ. басында шардың жоғарғы жағы үлкен дәлдікпен есептеліп шығарылды. Адамзат тарихындағы ең көне сағаттар — су және күн сағаттарын алғаш жасаушылар да осы мысырлықтар болатын. Астрономия ғылымымен қатар, медицина ғылымы да өз дамуында тамаша табыстарға жетті. Адам организміндегі мидың атқаратын қызметі анықталды, сонымен қатар әртүрлі ауруларға бай-ланысты көз, тіс және тағы басқалары дәрігерлері пайда болды. Біздің заманымаздан бұрынғы екінші ғасырдың аяғы бір мыңыншы жылдықтың басынан бастап Египет мәдениетіне Криттің, Сирияның, Қосөзен бойыңдағы құл иленуші мемлекеттердің мәдениеті өз әсерін тигізе бастады. Біздің заманымаздан бұрынғы VI ғ. Египетті парсылар жаулап, ал олардың үстемдігі біздің заманымаздан бұрынғы 405 жылы дейін созылды. Одан кейін де Египет мемлекетінің тәуелсіздігі ұзаққа созылған жоқ, біздің з.б. 332 жылы македондықтар Египетті өздеріне бағынышты етумен қатар, Александр Македонскийдің(біздің заманымаздан бұрынғы 356—323 жылы) құрметіне Александрия қаласының негізін қалады. Египет абыздары Македонскийді құшақ жая қарсы алып, оны «Құдайдың ұлы» деп жариялады. Осы бір тарихи кезінде Египет гректер мен египеттік құдайлардың басты қасиеттерін бойына жинақтаған жаңа Сарапис құдайының бейнесін қалыптастырды, оған халық болып табыну басталды. Ал Александрия қаласы болса Шығыс әлемі мен грек халқының мәдени орталығына айналады, сөйтіп Египетте эллиндік мәдениет кеңінен қанат жайды. Атақты сәулетші Дейнократтың жобасы бойынша салынған Александрия қаласының ұзыннан-ұзақ көшелері, театры, кітапханасы, толып жатқан ғибадатханалары мен бақшалары, моншалары мен түрлі демалыс орындары болды. Мұнда өз дәуірінің талай ғұлама ғалымдары, ақындары, суретшілері еңбек етті. Бұл қалада «Әлемнің жеті кереметінің» бірі — атақты Александрия шырағы салынды.  
04.12.2012 05:56 101187

Көне Египет мәдениеті. Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті мемлекетгердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық — билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет. Египеттің жоғары өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды, ал өз кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері — перғауындарды құдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды. Фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін «Раның» («Ра» күн деген мағына береді. Ол — құдайлардың құдайы және «алтын» ұғымымен қосыльш айшлады. — «Алтын» нұр шашқан күн) ұлымын деп жариялады.
Перғауынның жеке-дара билік жүргізуі тіпті оның билігінің Египет халқына ғана емес, көршілес жатқан патшалықтар мен тайпаларға да күшейе түсуі, мәдениеттің дамуына өзіндік ықпалын тигізбей қойған жоқ. Ал осы бір шексіз билік пен мансап, байлық пен құдірет кенеттен жоқ болады. Оны өшіретін ұлы күш — өлім. Міне, сондықтан да болар — көне Египеттің мәдениетінің ең басты ерекшелігі — ажалға қарсылық болды. Бұл табиғи қарсылық, немесе мәңгілік өмір сүруге талпынушылық Египет халқының бүкіл діни санасына тереңдей еніп, оның мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда айрықша рөл атқарды.
Египеттіктер табиғаттың жыл сайын жаңаратындығын аңғарған, өйткені Ніл өзені тасығанда жерлерді құнарландырады, сөйтіп төңірекке өмір мен береке туғызады, ал тартылғанда құрғақшылық келеді, бірақ бұл ажал емес, өйткені — одан кейін де жыл сайын Ніл қайтадан тасып отырады. Табиғатта болып жатқан осы сияқты құбылыстардың негізінде «өлген адам тіріледі» деген діни ілім пайда болды. Бұл ілім діни және мәдени салада ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, саяси өмірде де үлкен роль атқарады. Тереңірек ойлап қарасақ, бұл ілімнің өмірге келуі ажалға деген табанды қарсылықтан туған. Жыл сайын буырқанып таситын Ніл өзені сияқты адам жаны да денеге қайтып оралады деген діни түсінік адамдар санасында берік орнықты. Олар қабірді адамның уақытша баспанасы деп санады. Ендігі жерде мәңгілік өмірді қамтамасыз ету мәселесі тұрды. Ол үшін адамның денесін сақтап, тірлікте оған қажет болғанның бәрімен қабірде де қамтамасыз ету керек, демек денені бальзамдап, оны мумияға айналдыру, не болмаса өлген адамның денесіне ұқсас етіп, оның мүсінін жасау қажеттігі туды. Сондықтан да, ежелгі Египетте мүсіншіні «санх», ягни «өмірді жасаушы» деп атады. Мүсіншілер өлген адамның бейнесін жасауды тіршілікті қайта жандандыру деп санап, бұл кәсіптерін ерекше мақтан етті. Шындығында да, өнердің бұл саласы адамдар түсінігінде сиқырлы күшке айналды. Аруаққа табыну, суретші санасына «егер дене сақталса немесе толық бейнеленсе, өлген адамның жаны оған қайтып оралады» деген түсінікті сіңірді. Өмірдің табиғи ағысын бұзушылық болып көрінген ажалды тоқтатып, жеңіп шығуға болады деген құштарлық, өлімді жеңуге болады деген үміт оты аруаққа табынуды туғызып, ежелгі Египет өнерінің барлық салаларына өз таңбасын салды.
Адамдар санасында қалыптасқан аруаққа табыну — перғауындарды «құдай» деп танумен тығыз ұштасты. Ал құдай — патшалардың (перғауындардың) құрметіне пирамидалар (мазарлар) салына бастады. Өз кезегінде Египеттің жоғары әміршісі — құдай саналған перғауын өзінің құрметіне салынған мазардың әрі асқақ, әрі берік етіп салынуына ерекше мән берді. Сәнсалтанатпен салынатын мұндай пирамидалар қыруар қаржыны гана емес, ұзақққа созылған ауыр да, азапты еңбекті қажет етті. Осы бір азапты еңбек қасіретті өмір Египет құлдарының үлесіне тиген болатын.
Пирамидалар перғауындар мен ең атақты адамдар үшін ғана салындЕі. Египет абыздарының қағидаларына сүйенсек, патша лар мен вельможаларға ғана емес, кез келген адам жерлеуге байланысты бүкіл салт-жоралар толық орындалған жағдайда мәңгілік өмірлік күш-«Ка-ға» (мәңгілік өмір) ие болады. Бірақ қаржыны көп қажет ететіндіктен кедей адамдардың денелері бальзамдалмады, оларды матаға орап, көпшілік зираттарының шетіне көме салды. Демек, пирамидалардың салынуы — көне Египет қоғамындаты адамдар арасындағы шектен тыс теңсіздіктің кеңінен орын алғандығын байқатады. Біздің заманымаздан бұрынғы ІІІ—II ғ. құдай — патшаларға арналған құрылыстар — пирамидалар мен храмдар негізінен тастан жасалды. Пирамидалар салу мемлекеттің экономикасын әлсіретіп, қазынаны тауысты, әсіресе халық тарапынан көп шығын мен жұмыс күшін қажет етті. Сондықтан да, пирамидалар салу — халық қайыршылығының басты себепкері болды. Ал егер пирамидалар салуға жұмсалған қыруар қаржы мен египет халқының табанды еңбегін халық игілігіне жұмсағанда (жолдар салғанда және тағы басқалары) Египет сөзсіз экономикасы жоғары дамыған өркениетті елге айналған болар еді деген ой еріксіз келеді.
 «Құдіретті құдай» — фараондардың о дүниеге барғанда жанға сая, басқа баспана болатын мәңгілік ғұмырдағы үйлері — пирамидалар көргенді де, көрмегенді де таң қалдыратын дәуір ескерткіштері, «әлемнің жеті кереметі» аталған өнер туындыларының бірінен сана лады. Ерекше атап өтетін бір жай, Египет сәулетшілері өз есімдерін өздері жасаған ескерткіштерге тасқа қашап жазған, демек олар өз еңбегінің нарқын түсіне білген, сондықтан да өз даңқын шығаруға, оны болашақ ұрпаққа мұра етуге арланбаған. Дұрыс та, әділ шешім, өйткені ежелгі заманды былай қойғанда, осыдан небәрі бірнеше ғасыр бұрын ғана салынған феодалдық Еуропаның соборлары мен сарайларын, шіркеулері мен князь үйлерін және тағы да басқа тамаша ғимараттарды салған сәулетшілердің есімдері ілуде бірі болмаса, көпшілігі осы уақытқа дейін белгісіз күйінде қалды. Ал, бүгінгі ұрпақ осыдан бес мың жылдай бұрын тұрғызылған Египеттің ең көне пирамидасы — перғауын Джосердің пирамидасын жасаушының аты-жөнін білуі — осы ащы шындықтың айғағы болса керек. Оның сөулетшісі — Имхотептің ғалымдық, дәрігерлік, философиялық еңбектері өз заманында аса жоғары бағаланған. Ол сонымен қатар ұрпақтар есінде ұлы балгер, сиқыршы ретінде де қалған, өйткені ғылым дамуының сонау бастауы кезеңінде ғұмыр кешкен ғалымдардың өмірі міндетті түрде балгерлікпен астасып жатқан. Имхотеп тіптен екі рет құдай деп танылған. Арада екі жарым мың жыл өткенде гректер оған «медицинаның құдайы» ретінде табынған. Оның мүсіні, сірә, ғалымдарға орнатылған алғашқы мүсін болуы да ғажап емес. Оның мүсіндері сақталынбаған, бірақ Мемфисте Имхотептің құрметіне орнатылған ғибадатхана бар.
Джосер пирамидасы көп сатылы құрылыс, ол ұзыннан-ұзаққ басқыш тәрізді аспанға өрлей береді. Бұл пирамиданың биіктігі — 60 м. болса, одан кейінгі салынған пирамидалар одан да биік, одан да аумақты. «Сонда осындай алып құрылыстарды салу неге қажет болды екен?» — деген ойға еріксіз келесің. Біздің ойымызша, жиналған байлықты қоғам өзінің билеп-төстеушілері арқылы аспан мен жер үстіндегі өктемдігін жүзеге асыру ісіне жұмсаудан басқа амал таппады. Сонымен бірге жұмыр басты пенденің ой-қиялын өзіне табындырып қою үшін тірі құдай — перғауын о дүниеден тыныш орын алмақ та болған шығар. Басқаны былай қойғавда, пирамидалардың өте биік етіп салынуы — өзін құдаймен қатар қойған тәкаппар да, мансапқор перғауынның қарапайым халықтан артықшылығын көрсету мақсатынан да туған сияқты. Әйтеуір, қалай болғанда да Египет (Мысыр) мәдениетінің бастауында салынған бұл пирамидалар өз еліндегі ғана емес, бүкіл дүние жүзіндегі ең құдіретті ғимарат болып қала береді.
Адамзат баласын таң қалдырған талай мәдени мұралар күлге айналып, гүлденген қалалар жермен-жексен болды, мейірімсіз де қатал уақытгың сынына шыдай алмаған кереметтер («Әлемнің жеті кереметі») бірінен соң бірі жоғала бастады. Ал бүгінгі күнге кереметтердің ең көнесі осы Мысыр пирамидалары ғана жетіп отыр, ендеше көне тарихтың куәгері болған бұл тамаша гимараттар әлі де талай ұрпақтардың қызықтай берер аса құнды мәдени ескерткіші ретінде қала бермек.
Біздің заманымаздан бұрынғы бір мың жылдықтың басына қарай пирамидалар салынуы тоқтатылды. Пирамидалар ендігі жерде тастан емес, шикі кесектен тұрғызыла бастады, ал мұның өзі бұрынғьщай қымбатқа түспейтін болды. Перғауын бұрынғысынша құдай саналғандықтан олардың құрметіне сансыз мүсіндер орнатыла бастады, демек перғауындарға құдай есебінде табыну көне Египеттің діни наным-сенімдерінде басты орын алды. Египетте құдайлар өте көп болған, тіпті әрбір қаланың бірнеше құдайы болған. Ең құдіретті құдай, яғни құдайлардың құдайы — Күн құдайы «Ра» болды. Одан кейінгі басты орынға — өлім құдайы «Осирис» шықты. Египеттіктер өздері о дүниеге аттанғаннан кейін Оси-рис жер асты патшалығының құдайы болатындығына кәміл сенген. Құнарлы жер мен аналықтың құдайы Осиристің әрі қарындасы, әрі әйелі — Исида болды. Ай құдайы екінші жағынан жазу құдайы да болып саналса, ал Маат — шындық пен тәртіптің құдайына айналды.
Көне Египетте кеңінен орын алған мұндай көп құдайға табынушылық мемлекетті орталықтандыру ісіне нұқсан келтіріп, басқарушы өкіметті одан әрі әлсірете түсті, тіпті мұндай жағдайда басып алған тайпаларды бағыныштылықта ұстаудың өзі қиындыққа соқты. Міне, осындай сындарлы кезеңде тарих сахнасына діни реформатор перғауын Аменхотеп (біздің заманымаздан бұрынғы 1419—1400 жылы аралығында билік жүргізген) шықты. Оның басты мақсаты — бір құдайға табынуды жүзеге асыру болды, сөйтіп адамзат тарихында тұңғыш рет көп құдайға табынушылықтан бір құдайға табынушылыққа көшуге маңызды қадам жасалды. Ол жаңа мемлекеттік діни наным-сенім енгізіп, жалғыз құдай «Атоя» деген ат берілген Күн шарын жариялады. Осы күннен бастап көп құдайға табынушылық жойылып, осыған байланысты олардың ғибадатханалары жабылып, олардың иелігіндегі дүниемүліктер төркіленді. Бұл шынайы тарихи төңкеріс кезеңінде перғауын IV Аменхотеп өз атын құдай атына сәйкестендіріп «Эхнатон» деп («Атан рухы» деген мағына береді) өзгертіп, Египеттің астанасын ежелгі Фивыдан өзі салдырған «Атон көкжиегі» деген мағынаны білдіретін Ахетотон қаласына көшірді. (Бұл қаланың орнында қазіргі уақытта Амарн атты шағын қыстақ тұр, сондықтан да Египет тарихының Эхнатонға байланысты барльгқ кезеңі «Амарндық» деп аталады).
Эхнатонның жүргізе бастаған реформаларының абыздар тарапынан жойқын қарсылыққа ұшырап, өмірінің қысқа болуына қарамастан сол дәуірдің мәдениетінің даму барысына, оның болашағына өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Ең бастысы — өнер саласында патша бейнесін барынша дәріптеуден бас тартушылық пен канондар мен стильден гөрі мәдени туындылардың ішкі мазмұнына мән беру құбылысының алғашқы нышандары белгілі бола бастады. Атап айтқанда, «Амарн өнері» деген атауға ие болған бұл дәуір мәдениетінде бейнелердің нанымдылығы, жеке бейнелер мен бүкіл композицияның өзара үйлесімділігі, өнер туындыларындағы лирикалық сырластық, сезімдік қасиеттердің пайда болуы — баға жетпес мәнді мәдени құбылыстар болып табылады.
Ойымыз дәлелді болу үшін ата-анасының алдында жұмсақ жастыққа отырып, қаннен-қаперсіз ойынға кіріскен Эхнатонның қыздары — кіп-кішкентай жалаңаш ханшалар бейнеленген суретті алайық. Рахат та, бейғам өмірдің құшағындағы осы бір бейкүнә сәбилердің шаттық өмірін бейнелейтін бұл сурет шын мәнісінде Египеттің асқаралы өнеріндегі бұрын кездеспеген жайлар болатын.
Не болмаса Эхнатонның әйелі Нефертитидің портретін көз алдыңызға елестетіңізші. Ғажайып та, сымбатты бұл бейненің даңқы бүгінгі заманға дейін жетіп отырған жоқ па? Әйелге тән нәзіктік пен сұлулық, тек әйел атаулыға тән аналық пәк сезім мен ішкі жан тебіренісі, ой тереңдігі мен табиғи тәкаппарлығы ғажайып бейнеден ап-айқын боп көрініп тұрғанын қалайша мойындамасқа! Ендеше, Нефертити портретінің барлық әйелдердің ішіндегі ең тамашасы деген атаққа ие болуы да — осы бір ерекше қасиеттердің құдіретті бейне бойынан табылуы болса керек. Бұл дәуірден кейінгі кезеңдерде де Египет өнері өз дамуында айта қаларлықтай табыстарға жетті. 1922 жылы дүние жүзін таң қалдырған тамаша жаңалық, яғни баға жетпес көркемөнер қазынасы сақталған перғауын Тутанхамонньщ мұхият жасырылынған қабірі табылды. Бұл тамаша табыс — ағылшын археологы Г. Картердің «Патшалар алқабындағы» ұзаққ жылдар бойы жүргізген еңбегінің жемісі болатын. Эхнатонның мұрагері болған бұл перғауын небәрі 20 жасқа жетпей дүние салған, бірақ ол өз заманында ерекше атаққа ие бола алмаса да, осы бір сәнді дүниелері арқылы біздің заманымызда ерекше даңққа бөленді. Олай болатын себебі Египеттің бүкіл патшаларының қабірлерінің ішінде тек қана Тутанхамонньщ қабірі ғана тонаушылар қолына түспей, барлық қазынасымен сақталып қалған.
Египет мәдениеті — сан-салалы мәдениет. Солардың бірі — біздің заманымызға келіп жеткен Египеттің ең көне жазу текстері. Олар — құдайларға құлшылық ету мен шаруашылықты жүргізуге байланысты жазбалар. Біздің заманымаздан бұрынғы екі мыңыншы жылдыққа жататын ең көне әдеби мұралардың кейбіреулері сақталып қалған, бірақ ғалымдардың пікірінше, бұлардан да көне әдеби мұралар болғандығы ақиқат. Өкінішке орай, олар біздің заманымызға дейін келіп жетпеген. Египеттің көркем әдебиетінің түрлі жанрлары болған. Олар: патшалар мен ұлы даналардың өз балаларына арналған нақыл сөздері, түрлі тақырыптарды қамтитын әңгімелер және тағы басқалары Көне Египет әдебиетінің тамаша туындыларының бірі — «Өмірден тұңілген адамның өз жанымен сұхбаты» деп аталады. Өмірден қатты тұңілген бұл адам өлімге бет бұрады. Бірақ оның жаны бұл әрекетке барынша қарсылық жасап, бұл өмірдің қызығы мен рахатын көруге кеңес беріп, оны өлімнен сақтандырады Иероглифтер — көне Мысыр мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені бұл өлкеде салынған қай ғимаратты алсаң да,олар иероглифтерге бай болып келеді. Кейіннен, көне мысырлық иероглифтік жазу буындық жүйеге көшті (қытайлықтар болса мұндай өзгерістерге ұшырамай өз жазба дөстүрлерін сақтап қалған).
Ерекше атап өтетін бір жайт, Египет жерінде салынған ғибадатханалардың алдына сфинкстер тұрғызылды. Тастан қашалып жасалған сфинкстердің денесі арыстан, ал басы адам бейнесінде болды. Оның басы перғауынды бейнеледі. Сфинкс — Египет өміршісінің құдіреті мен күшінің оның даналығы мен жұмбақтығының жаршысы болды. Ең алып сфинкс б.з.б үшінші мыңжылдықта салынған. Ол осы уақытқа дейін Хефрен пирамидасын күзетіп түр. Тұтастай алынған жартастан жасалған бұл сфинкстің басы адамның басынан отыз есе ұлкен, ұзындығы 57 метрге жетеді. Ғылым саласында да көне Египет айта қаларлықтай жетістіктерге жетті. Тамаша ғимараттардың, әсіресе пирамидалардың салынуына қарап математика, геометрия сияқты ғылым салаларының қаншалықты сатыға көтерілгендігін айқын аң-ғаруға болатын сияқты. Б.з.б XXI ғ. аяғы мен XIX ғ. басында шардың жоғарғы жағы үлкен дәлдікпен есептеліп шығарылды. Адамзат тарихындағы ең көне сағаттар — су және күн сағаттарын алғаш жасаушылар да осы мысырлықтар болатын. Астрономия ғылымымен қатар, медицина ғылымы да өз дамуында тамаша табыстарға жетті. Адам организміндегі мидың атқаратын қызметі анықталды, сонымен қатар әртүрлі ауруларға бай-ланысты көз, тіс және тағы басқалары дәрігерлері пайда болды.
Біздің заманымаздан бұрынғы екінші ғасырдың аяғы бір мыңыншы жылдықтың басынан бастап Египет мәдениетіне Криттің, Сирияның, Қосөзен бойыңдағы құл иленуші мемлекеттердің мәдениеті өз әсерін тигізе бастады. Біздің заманымаздан бұрынғы VI ғ. Египетті парсылар жаулап, ал олардың үстемдігі біздің заманымаздан бұрынғы 405 жылы дейін созылды. Одан кейін де Египет мемлекетінің тәуелсіздігі ұзаққа созылған жоқ, біздің з.б. 332 жылы македондықтар Египетті өздеріне бағынышты етумен қатар, Александр Македонскийдің(біздің заманымаздан бұрынғы 356—323 жылы) құрметіне Александрия қаласының негізін қалады. Египет абыздары Македонскийді құшақ жая қарсы алып, оны «Құдайдың ұлы» деп жариялады. Осы бір тарихи кезінде Египет гректер мен египеттік құдайлардың басты қасиеттерін бойына жинақтаған жаңа Сарапис құдайының бейнесін қалыптастырды, оған халық болып табыну басталды. Ал Александрия қаласы болса
Шығыс әлемі мен грек халқының мәдени орталығына айналады, сөйтіп Египетте эллиндік мәдениет кеңінен қанат жайды. Атақты сәулетші Дейнократтың жобасы бойынша салынған Александрия қаласының ұзыннан-ұзақ көшелері, театры, кітапханасы, толып жатқан ғибадатханалары мен бақшалары, моншалары мен түрлі демалыс орындары болды. Мұнда өз дәуірінің талай ғұлама ғалымдары, ақындары, суретшілері еңбек етті. Бұл қалада «Әлемнің жеті кереметінің» бірі — атақты Александрия шырағы салынды.


 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға