Жаңалықтар

Зәйдилік

Шииттердің қазіргі кездегі тармақтарының бірі. Имамия шиасының төртінші имамы Әли бин Хусейн Зәйнела бидиннің ұлы Зәйдке (80 - 122/699 - 740), одан кейін ұлы Яхяға (125 - 743) бағынып олардың имамдығын қабылдағандардың мазһабы болып табылады. Шын мазһабтарының ішінде Аһли суннаға ең жақыны - 3әйділік. Осы тұрғыдан 3-ті шиадан деп санамайтын зерттеушілер де бар. Білімді,мәдениетті әрі тақуа кісі болған имам 3-тің атымен 3. деп аталған. Омеядтар кезінде қиын күндерді басынан кешірген Зәйд Омейяд мемлекетінің басшысы Хишам бин Әбдумаликпен сөйлескеннен соң қарсы шешім қабылдаған.Куфаға келіп, көтеріліс жоспарын жасаған бауыры Әбу Жағфар оған куфалықтарға сенбеу керектігін айтса да, оны тыңдамай, өзіне сеніп, ант берген он бес мыңдай куфалықпен бірге омейядтардың Куфа әкімі Юсуф бин Омар ас-Сақафиге қарсы көтеріліске шығады. Куфа әскері мен Зәйд әскері арасында соғыс жүріп жатқан кезде, халифа Хишамның тыңшылары оның әскерлері арасында келіспеушілік туғызатын үгіттер жүргізген. Имам Зәйдке «Әбу Бәкір мен Омар туралы өз көзқарасыңды айт, әйтпесе саған көмек бермейміз» деген. Имам Зәйд: «Бұл екеуі туралы жаксылыктан басқа ештеңе айта алмаймын, әкемнің де бұлар туралы тек жақсы нәрсе айтқанын естігенмін. Мен Мединеге шабуыл жасаған Омейяд хандығына қарсы көтеріліске шыктым», - дейді. Бұл жауаптан кейін адамдар одан кетеді. Зәйд оларға: «Мені тастадыңыздар (рафазтумуни)», - дейді.Оның қасында аз ғана адам қалады, бірақ олар өлгенше соғысады. Зәйд осы соғыста өлтірілген еді.Кейіннен аман қалған Зәйдтің жақтастарының өз араларында келіспеушіліктер туындап, жарудия,сулеймания және бетрия деген топтарға бөлінген.Көзқарастары. Аббасилердің алғашқы кездерінде итиқадтық фырқа ретінде пайда болған Зәйдия өзінің көзқарасымен үлкен мәнге ие болған. Әсіресе, имамдық және үлкен күнә істеген адамның жағдайы туралы. Пікірлері шииттікте бір жаңалық бо- лып саналған. 3-тің көзқарасы бойынша имамдық насс және тағайындаумен болмайды. Хәзіреті Пайғамбар, нұсқап есімін айту арқылы өз орнына ешкімді имам ретінде мемл. басшысы ретінде тағайындамаған. Сондықтан да имам тек сипаттарымен ғана анықталады. Өзіндегі сипаттары бойынша Хазіреті Әлидің имам болуы керек, өйткені имамдыққа керекті сипаттары бар. Ал имамның сипаттары - хашими, тақуа, сенімді, ғалым және жомарт болу. Сонымен қатар, имам имамдығын жариялау керек. Міне, осы түсінік Зәйдияның имамдықтың насс және тағайындаумен болатынын қолдайтын имамия тобынан ерекшеленетінін көрсетеді.Зәйдия көзқарасы бойынша имамның исмет (күнәсіздік) сипаты жоқ. Яғни, барлық күнәлардан сақталмайды, қате іс істейді және барлық нәрсені біле бермейді.3. ғайып имам түсінігін қабылдамайды^ Мемл. басшысын көсемдік сипатқа теңертірмейді. Лайықтылық жағынан адамдардың әртүрлі болғандығын қабылдап, ең лайықты адам (афдал) бар кезде, сол лайықтының (мафдул) имам бола алатынын айтады. Яғни, Әбу Бәкір, Омар және Османның халифалықтарының дұрыс екенін қолдайды. Ешқандай сахабаны күпірлікпен кінәламайды.3-тің бұл көзқарасы мұсылман қоғамда саяси тұрақтылықтың, бейбітшілік пен тыныштықтың орнатылуында үлкен мәнге ие болып, қолдау тапқан. Зәйдия - үлкен күнә жасаған мумия толығымен тәуба жасамаса, тозақта мәңгі қалады дейді. Харижилік және муғтазиламен бірдей болған бұл көзқарас күнә жасағандардың үмітін үзетін ерекшелік болып табылады.«Әл-әмру бил-маруф уән-нәхиу әнил-мүнкардің» толық жүзеге асырылуын қалатын Зәйдия фикһтық амалдық мәселелерде аһли суннаның ханафия мазһабының көзқарастарына ұқсас болып келеді.
04.12.2012 05:44 4446

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға