Жаңалықтар

Бізді әрқашанда партия бастайды

  Партиямыздың XX съезі елімізде коммунизм орнату жөнінде барша совет адамдарының алдына зор міндеттер қойды. Сонымен қатар съезд идеологиялық жұмыстарымыздың өзекті мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Осыған орай мен, идеология майданының ең маңызды салаларының бірі болған көркем әдебиеттің тез арада шешілуге тиісті кейбір мәселелерін ортаға салмақшымын. Қазақтың аса көрнекті ағартушылары, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушылар, өз халқының сол замандағы озық ойлы адамдарды, қазақ жеріне айдалып келген орыс революционерлерінің достары — Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсариндер осыдан жүз жыл бұрын, феодализм қара түнегінің ортасында, патшалық самодержавие қысымы жағдайында, Қазақстан сахарасында орыс халқымен сөнбейтін достық қасиетті туын көтерген болатын. Қазақтардың, орыс мәдениетіне етене араласуы өмірдің қажеті екенін олар сол кездің өзінде-ақ айқын білген-ді. Баршаға мәлім болған фактіні бұл арада дәлелдеп жатудың қажеті бола қоймас. Октябрь революциясынан кейін, еліміздегі барлық халықтар қоян-қолтық араласып, табысып, жарасқан жағдайда, олардың дамуына прогрессивтік орыс мәдениетінің мән-маңызы, атқаратын қызметі арта түсті, күшейді. Мен орыс әдебиетін жан-жақтан андыздап келіп, тарам - тарам көп өзендер құйып жатқан, өзендердің қарт анасы — Волгаға теңеймін. Ұлы өзенге тоғысқан қыруар өзендер бәрі қосылып бір тұтас совет әдебиетін құрайды. Біздің Совет Одағында орыс әдебиетінің игі ықпалы, өркенді әсері тимеген бірде-бір ұлт әдебиеті болған емес. Орыс әдебиеті бізді биік идеямен қаруландырды, біздің зердемізге, санамызға әсем талғам екті, біздің білуге құштарлық сезімімізді күшейтті, мақсат-мүддемізді молайтты, арманымызға қанат бітірді. Мұхтар Әуезов соншалық жеке-дара дарын иесі, ұлт жазушысы болғанымен, Толстойдан тәлім алмаса мұндай ұлылық дәрежеге жетпеген болар еді. Айталық, Виллис Лацис Европа әдебиетіне кемел жетік бола тұрса да, Горькийдің игі әсері, ықпалы тимесе мұндай биік тұғырға қонбас еді. Шығыс поэзиясының мөлдір бұлағынан суарылған, көрнекті ақындар — Самед Вургунмен Мирзо Тұрсынзадені де совет әдебиетінің биік белесіне көтерген Маяковский әсерінің құдіреті. Шетелдік кейбір жазғышсымақтар орыс мәдениеті Совет Одағындағы халықтардың мәдениетін тұншықтырып, жаншып жатыр-мыс деп, арсыздықпен жала жауып жүргенін де біз білеміз. Мұның шыли өтірік екенін дәлелдеудің қажеті де жоқ. Советтік құрылыс, Коммунистік партийный, дана ұлт саясаты біздің халықтарымызға орыс мәдениетінің асыл қазынасын емін-еркін игеруге шексіз мүмкіндік берді. Өткен заманда езілген, азап шеккен халықтар бұл күнде жасампаз еңбекке жаппай жұмылды, жан-жақты, сан алуан творчествомен еркін шұғылдануда. Совет елі туралы былапыт өсек таратуға жаны құмар шетелдік мырзалар, сендер босқа сандырақтап жүрсіңдер! Орыс мәдениеті біздің ұлттық мәдениетімізді тұншықтырмайды, қайта жоғары көтереді, көркейтеді, өркендетеді, орыс әдебиеті біздің ұлттық әдебиеттерімізге көмектеседі, қолтықтайды, бізді жаңа табыстарға, мол жетістіктерге шабыттандырады. Екінші ана тілі болып отырған орыс тілі арқылы біз әлемдік мәдениетке араластық. Шекспир мен Байрон, Шиллер мен Гете, Бальзак пен Ромен Роллан шығармаларын оқимыз. Совет Одағында қандай ғана ұлт болмасын тіпті сан жағынан азғантай тарих тұрғысынан мәдени тәжірибесі шағын ұлттардың өздері де шапшаң дамуда, жалпы адамзат мәдениет қазынасына үлес қосуда. Туысқан халықтар әдебиеттерінің ең таңдаулы шығармалары орыс тіліне аудару арқылы әлемдік әдебиеттің игілігіне айналды. Бұған дәлел ретінде Жамбыл өлеңдері мен Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романын айтсақ та жеткілікті. Совет Одағының орыс әдебиеті сомдап соғып, болаттай шынықтырған көп ұлтты бауырлас әдебиеттері ең алдымен бір-біріне, оның бер жағында, орыс әдебиетіне де ықпал жасауда. Жеңген социализм елінде әдебиет пен мәдениет өз жетістіктерін өзара бөлісе, алмастыра отырып, бізде мәдениеттің ұлттық түрі деп аталатын өзгеше үлгілерін жарқыратып жайып салып, бірін-бірі байытуда. Біздегі мәдениеттің мазмұны социалистік, түрі ұлттық дейтін белгілі қағида тек тіл айырмашылығын, өзгешелігін ғана көздемейді, әсіресе адамдардың психологиялық табиғи болмысын, олардың «ұлттық мінезін» көздейді. Ал бірақ, тіл де, адамдардың психологиялық болмысы да үнемі үздіксіз дамиды. Мысалға капитализмді аттап өтіп, феодализмнен тікелей социализмге келген кейбір Орта Азиялық республикаларды алайық. Ойлау бейнесінде, психикада, үй тұрмысында, рухани және материалдық жағынан да бұл республикалардың азаматтары түбегейлі өзгерістерге ұшыраған жоқ па? Бұл республикалардағы алдыңғы буын аға ұрпақтың санасын біздің шекарамыздан тысқары жатқан қазіргі Шығыс азаматтарының санасымен салыстыруға бола ма? Екі арасы жер мен көктей. Совет заманында туған, халықтар достығы мен туысқандығы рухында тәрбиеленген біздің жас ұрпақтар туралы бұл жерде тәптіштеп айтсақ та болады. Бір сөзбен айтқанда олар туысқандық, достық, моральдық биік қасиетті, өскелең өмірдің үлгі-өнегесін бүкіл әлемге көрсетуде. Мораль мен этиканың тозығы жеткен өлшемдері біздің көз алдымызда бірте-бірте өшіп барады. Ұлттық салт-сана жаңа мазмұнмен толығуда, түрленуде. Біздің мәдениетіміздің түрі ұлттық. Солай бола тұрса да түрі ұлттық мәдениетіміз бүкіл советтік социалистік мәдениетке тән қасиеттерді, сипаттарды барған сайын өз бойына дарытуда. Сондықтан да социалистік ұлттар көркемөнерінің ұлттық түрі мәселесі қазіргі шақта маркстік - лениндік ілім тұрғысынан тиянақты теориялық шешімге ділгер болып отыр. Социалистік эстетиканың бірсыпыра мәселелерінің түбегейлі шешілмеуі совет әдебиетінің жалпы дамуына сәл де болса кемшілік келтіретінін мойындауымыз керек. Еліміздің мәдени өміріндегі аса елеулі оқиға болған жазушылардың Бүкілодақтық екінші съезі совет әдебиетінің өскен жолын, қол жеткен табыстарын атап көрсетті, шешілмеген өзекті мәселелерін талдады. Сонымен қатар, бүкіл әдеби процесті — көп ұлтты әдебиет процесін теориялық жағынан терең талдауға съезге қатысушылардың әзірлігі жеткіліксіз болғанын да көрсетті. Совет жазушыларының бірінші съезінде М. Горький «біздің барлық республикаларымызды алуан тайпалардың алуан тілдегі әдебиеттері бір тұтас тұлға сипатында қарекет істеуде» деген болатын. Ұлы жазушы осы мәселеге жұртшылық назарын аударған-ды. Совет жазушыларының екінші съезі әдебиетіміздің бір тұтастығын бүкіл әлем алдында тағы да айқын көрсетіп берді. Ұлт әдебиеттерінің шығармаларын орыс тіліне аударудағы олқылық, елеулі кемшілік бізді қатты толғандырады. Бұл бірінші кезектегі аса маңызды мәселе. Неге десеңіз, біздің елімізде барлық туысқан әдебиеттер ең алдымен орыс тілі арқылы, орыс әдебиеті арқылы бір-бірімен тәжірибе алмасады, қарым-қатынас жасайды. Бұл орайда орыс тілі қан айналымын басқарып, реттеп тұрған жүректің қызметін атқарады. Біз, ұлт жазушылары орыс жазушыларының шығармаларын тіпті шет ел жазушыларының шығармаларын тікелей түп нұсқасынан аударамыз. Жолма-жол аударманы әсте қолданбаймыз. СССР халықтарының тілдерінен шығармаларды «екі саты» арқылы аудару тәжірибесі бізде көп уақыттан бері орын алып келеді. Бұдан әдеби шығарманың ұлттық түрі де, автордың өзіндік даралығы да орасан зиян шегеді. Біз Бальзактың ұлттық сипатын, жеке-дара ерекшелік қасиеттерін шығармаларының айнытпай аударылған түп нұсқасынан танып, сүйсінеміз, ләззат аламыз. Ал енді жолма-жол аударма арқылы аударылған Садриддин Айни шығармаларына лайықты баға беру, жазушының табиғи дарының ұлылық қасиетін тану тіпті мүмкін емес. Мен бұл қиын мәселені әкімшілік жолымен қас қағымда оп-оңай шешіп тастауға болады деймін. Менің ойымша, бұл шаруашылығымызды бірте-бірте тәртіпке салып реттеп алатын мезгіл жетті. Бұл шаралар мемлекеттік тұрғыдан жүзеге асырылуы керек. Университеттердің филология факультеттерінде, әсіресе Москваның Горький атындағы Әдебиет институтында туысқан халықтардың біреуінің тілін үйренуді оқу программасына енгізу керек. Бұл шара біздің мәдени «байланысшыларымыз»— аудармашылар кадрларын жақсартуымызға көмектеседі. Бұл шара біздің көп ұлтты бір тұтас әдебиетіміздің даму игілігі үшін туысқан әдебиеттер тәжірибесін зерттеу мен жинақтау ісін ілгері бастырады. Мен бұл пікірлерді партиямыздың XX съезіне байланысты ортаға салуды мақұл көрдім. Былайша айтқанда бұл қойылып отырған мәселелер маңызы аз, күйкі мәселелер іспеттес болып көрінуі ықтимал. Ал сайып келгенде мәдениетіміздің гүлденуі үшін, әдебиетіміздің бұдан былай да дамуы үшін аса пайдалы да маңызды мәселелер. Көп ұлтты совет әдебиетінің дамуындағы өзекті, маңызды мәселелерді жазушылар, әдебиет зерттеуші ғалымдар, философтар бірігіп, күш қосып шешеді. Партия бізге әрқашан қамқоршы болып, көмектесіп келеді. Бұдан былай да солай көмектеседі, жеңіске бастайды. 1951
04.12.2012 05:35 3811

 

Партиямыздың XX съезі елімізде коммунизм орнату жөнінде барша совет адамдарының алдына зор міндеттер қойды. Сонымен қатар съезд идеологиялық жұмыстарымыздың өзекті мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Осыған орай мен, идеология майданының ең маңызды салаларының бірі болған көркем әдебиеттің тез арада шешілуге тиісті кейбір мәселелерін ортаға салмақшымын.

Қазақтың аса көрнекті ағартушылары, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушылар, өз халқының сол замандағы озық ойлы адамдарды, қазақ жеріне айдалып келген орыс революционерлерінің достары — Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсариндер осыдан жүз жыл бұрын, феодализм қара түнегінің ортасында, патшалық самодержавие қысымы жағдайында, Қазақстан сахарасында орыс халқымен сөнбейтін достық қасиетті туын көтерген болатын. Қазақтардың, орыс мәдениетіне етене араласуы өмірдің қажеті екенін олар сол кездің өзінде-ақ айқын білген-ді.

Баршаға мәлім болған фактіні бұл арада дәлелдеп жатудың қажеті бола қоймас. Октябрь революциясынан кейін, еліміздегі барлық халықтар қоян-қолтық араласып, табысып, жарасқан жағдайда, олардың дамуына прогрессивтік орыс мәдениетінің мән-маңызы, атқаратын қызметі арта түсті, күшейді.

Мен орыс әдебиетін жан-жақтан андыздап келіп, тарам - тарам көп өзендер құйып жатқан, өзендердің қарт анасы — Волгаға теңеймін. Ұлы өзенге тоғысқан қыруар өзендер бәрі қосылып бір тұтас совет әдебиетін құрайды.

Біздің Совет Одағында орыс әдебиетінің игі ықпалы, өркенді әсері тимеген бірде-бір ұлт әдебиеті болған емес. Орыс әдебиеті бізді биік идеямен қаруландырды, біздің зердемізге, санамызға әсем талғам екті, біздің білуге құштарлық сезімімізді күшейтті, мақсат-мүддемізді молайтты, арманымызға қанат бітірді. Мұхтар Әуезов соншалық жеке-дара дарын иесі, ұлт жазушысы болғанымен, Толстойдан тәлім алмаса мұндай ұлылық дәрежеге жетпеген болар еді. Айталық, Виллис Лацис Европа әдебиетіне кемел жетік бола тұрса да, Горькийдің игі әсері, ықпалы тимесе мұндай биік тұғырға қонбас еді. Шығыс поэзиясының мөлдір бұлағынан суарылған, көрнекті ақындар — Самед Вургунмен Мирзо Тұрсынзадені де совет әдебиетінің биік белесіне көтерген Маяковский әсерінің құдіреті.

Шетелдік кейбір жазғышсымақтар орыс мәдениеті Совет Одағындағы халықтардың мәдениетін тұншықтырып, жаншып жатыр-мыс деп, арсыздықпен жала жауып жүргенін де біз білеміз. Мұның шыли өтірік екенін дәлелдеудің қажеті де жоқ. Советтік құрылыс, Коммунистік партийный, дана ұлт саясаты біздің халықтарымызға орыс мәдениетінің асыл қазынасын емін-еркін игеруге шексіз мүмкіндік берді. Өткен заманда езілген, азап шеккен халықтар бұл күнде жасампаз еңбекке жаппай жұмылды, жан-жақты, сан алуан творчествомен еркін шұғылдануда.

Совет елі туралы былапыт өсек таратуға жаны құмар шетелдік мырзалар, сендер босқа сандырақтап жүрсіңдер! Орыс мәдениеті біздің ұлттық мәдениетімізді тұншықтырмайды, қайта жоғары көтереді, көркейтеді, өркендетеді, орыс әдебиеті біздің ұлттық әдебиеттерімізге көмектеседі, қолтықтайды, бізді жаңа табыстарға, мол жетістіктерге шабыттандырады. Екінші ана тілі болып отырған орыс тілі арқылы біз әлемдік мәдениетке араластық. Шекспир мен Байрон, Шиллер мен Гете, Бальзак пен Ромен Роллан шығармаларын оқимыз. Совет Одағында қандай ғана ұлт болмасын тіпті сан жағынан азғантай тарих тұрғысынан мәдени тәжірибесі шағын ұлттардың өздері де шапшаң дамуда, жалпы адамзат мәдениет қазынасына үлес қосуда. Туысқан халықтар әдебиеттерінің ең таңдаулы шығармалары орыс тіліне аудару арқылы әлемдік әдебиеттің игілігіне айналды. Бұған дәлел ретінде Жамбыл өлеңдері мен Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романын айтсақ та жеткілікті.

Совет Одағының орыс әдебиеті сомдап соғып, болаттай шынықтырған көп ұлтты бауырлас әдебиеттері ең алдымен бір-біріне, оның бер жағында, орыс әдебиетіне де ықпал жасауда. Жеңген социализм елінде әдебиет пен мәдениет өз жетістіктерін өзара бөлісе, алмастыра отырып, бізде мәдениеттің ұлттық түрі деп аталатын өзгеше үлгілерін жарқыратып жайып салып, бірін-бірі байытуда.

Біздегі мәдениеттің мазмұны социалистік, түрі ұлттық дейтін белгілі қағида тек тіл айырмашылығын, өзгешелігін ғана көздемейді, әсіресе адамдардың психологиялық табиғи болмысын, олардың «ұлттық мінезін» көздейді. Ал бірақ, тіл де, адамдардың психологиялық болмысы да үнемі үздіксіз дамиды. Мысалға капитализмді аттап өтіп, феодализмнен тікелей социализмге келген кейбір Орта Азиялық республикаларды алайық. Ойлау бейнесінде, психикада, үй тұрмысында, рухани және материалдық жағынан да бұл республикалардың азаматтары түбегейлі өзгерістерге ұшыраған жоқ па? Бұл республикалардағы алдыңғы буын аға ұрпақтың санасын біздің шекарамыздан тысқары жатқан қазіргі Шығыс азаматтарының санасымен салыстыруға бола ма? Екі арасы жер мен көктей. Совет заманында туған, халықтар достығы мен туысқандығы рухында тәрбиеленген біздің жас ұрпақтар туралы бұл жерде тәптіштеп айтсақ та болады. Бір сөзбен айтқанда олар туысқандық, достық, моральдық биік қасиетті, өскелең өмірдің үлгі-өнегесін бүкіл әлемге көрсетуде. Мораль мен этиканың тозығы жеткен өлшемдері біздің көз алдымызда бірте-бірте өшіп барады. Ұлттық салт-сана жаңа мазмұнмен толығуда, түрленуде.

Біздің мәдениетіміздің түрі ұлттық. Солай бола тұрса да түрі ұлттық мәдениетіміз бүкіл советтік социалистік мәдениетке тән қасиеттерді, сипаттарды барған сайын өз бойына дарытуда. Сондықтан да социалистік ұлттар көркемөнерінің ұлттық түрі мәселесі қазіргі шақта маркстік - лениндік ілім тұрғысынан тиянақты теориялық шешімге ділгер болып отыр.

Социалистік эстетиканың бірсыпыра мәселелерінің түбегейлі шешілмеуі совет әдебиетінің жалпы дамуына сәл де болса кемшілік келтіретінін мойындауымыз керек. Еліміздің мәдени өміріндегі аса елеулі оқиға болған жазушылардың Бүкілодақтық екінші съезі совет әдебиетінің өскен жолын, қол жеткен табыстарын атап көрсетті, шешілмеген өзекті мәселелерін талдады. Сонымен қатар, бүкіл әдеби процесті — көп ұлтты әдебиет процесін теориялық жағынан терең талдауға съезге қатысушылардың әзірлігі жеткіліксіз болғанын да көрсетті.

Совет жазушыларының бірінші съезінде М. Горький «біздің барлық республикаларымызды алуан тайпалардың алуан тілдегі әдебиеттері бір тұтас тұлға сипатында қарекет істеуде» деген болатын. Ұлы жазушы осы мәселеге жұртшылық назарын аударған-ды. Совет жазушыларының екінші съезі әдебиетіміздің бір тұтастығын бүкіл әлем алдында тағы да айқын көрсетіп берді.

Ұлт әдебиеттерінің шығармаларын орыс тіліне аударудағы олқылық, елеулі кемшілік бізді қатты толғандырады. Бұл бірінші кезектегі аса маңызды мәселе. Неге десеңіз, біздің елімізде барлық туысқан әдебиеттер ең алдымен орыс тілі арқылы, орыс әдебиеті арқылы бір-бірімен тәжірибе алмасады, қарым-қатынас жасайды. Бұл орайда орыс тілі қан айналымын басқарып, реттеп тұрған жүректің қызметін атқарады.

Біз, ұлт жазушылары орыс жазушыларының шығармаларын тіпті шет ел жазушыларының шығармаларын тікелей түп нұсқасынан аударамыз. Жолма-жол аударманы әсте қолданбаймыз. СССР халықтарының тілдерінен шығармаларды «екі саты» арқылы аудару тәжірибесі бізде көп уақыттан бері орын алып келеді. Бұдан әдеби шығарманың ұлттық түрі де, автордың өзіндік даралығы да орасан зиян шегеді. Біз Бальзактың ұлттық сипатын, жеке-дара ерекшелік қасиеттерін шығармаларының айнытпай аударылған түп нұсқасынан танып, сүйсінеміз, ләззат аламыз. Ал енді жолма-жол аударма арқылы аударылған Садриддин Айни шығармаларына лайықты баға беру, жазушының табиғи дарының ұлылық қасиетін тану тіпті мүмкін емес. Мен бұл қиын мәселені әкімшілік жолымен қас қағымда оп-оңай шешіп тастауға болады деймін. Менің ойымша, бұл шаруашылығымызды бірте-бірте тәртіпке салып реттеп алатын мезгіл жетті. Бұл шаралар мемлекеттік тұрғыдан жүзеге асырылуы керек. Университеттердің филология факультеттерінде, әсіресе Москваның Горький атындағы Әдебиет институтында туысқан халықтардың біреуінің тілін үйренуді оқу программасына енгізу керек. Бұл шара біздің мәдени «байланысшыларымыз»— аудармашылар кадрларын жақсартуымызға көмектеседі. Бұл шара біздің көп ұлтты бір тұтас әдебиетіміздің даму игілігі үшін туысқан әдебиеттер тәжірибесін зерттеу мен жинақтау ісін ілгері бастырады.

Мен бұл пікірлерді партиямыздың XX съезіне байланысты ортаға салуды мақұл көрдім. Былайша айтқанда бұл қойылып отырған мәселелер маңызы аз, күйкі мәселелер іспеттес болып көрінуі ықтимал. Ал сайып келгенде мәдениетіміздің гүлденуі үшін, әдебиетіміздің бұдан былай да дамуы үшін аса пайдалы да маңызды мәселелер.

Көп ұлтты совет әдебиетінің дамуындағы өзекті, маңызды мәселелерді жазушылар, әдебиет зерттеуші ғалымдар, философтар бірігіп, күш қосып шешеді. Партия бізге әрқашан қамқоршы болып, көмектесіп келеді. Бұдан былай да солай көмектеседі, жеңіске бастайды.

1951

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға