Жаңалықтар

Біз өстік

  Советтік Социалистік Республикалар Одағы құрылғалы отыз жыл толды. Осы отыз жылды жеке-жеке алсақ әр республиканың тарихында бір биік тәрізді, тұтас алсақ — сол биіктер бірігіп біздің ақбас Алатау тәрізді боп көрінеді. Советтік өмірдің табысы, тарихы соншалық айдынды. Ғасырлар бойы көшумен, мал бағумен келген қазақ елінің көркін бұл жылдар мүлде өзгертті. Бұрын жүз қазақтың ішінен бір сауатты азар табылса, қазір орта немесе жоғары білімді адамдар екі үйдің бірінен табылады. Қазақ республикасында тек жоғары дәрежелі оқу орындарының саны 27-ге, техникумдар саны 85-ке жетті. Қазақтың өз алдына Ғылым академиясы құрылды. Бір кезде «шайтан арба», «шайтан шамнан» шошитын ел бұл кезде оларсыз тұра алмайтын болған. Ұлан-байтақ даламызды жаңартып, түрлентіп баратқан жойқын күш — электр, мотор. Қол орақ, ағаш рыдуандарды енді музейден ғана көруге болады. Бұрынғы қазақ ат тізгінін қандай ұстай білсе, бүгінгі қазақ социалистік техника тізгінін сондай ұстай біледі. «Ат ердің қанаты» деген мәтел ескірді. Поезд, самолет, машиналар ел қанатына айналды. Қазақстан ірі өнеркәсіптерімен де, мәдениетімен де Советтер Одағында алдыңғы республикалардың қатарына қосылды. Бүкіл совет елінің үшінші кочегаркасы — Қарағанды бізде. Балқаш, Жезқазған, Шымкент түсті металлургия заводтары, Теміртау қара металлургия заводы біздің жерде. Әлі пайдаға аспай жатқан байлықтар ел көркін, табиғат көркін түрленту үшін жасалып жатқан жаңа құрылыстар қанша! Біздің жұмысшыларымыз, колхозшыларымыз еңбек қызығына соншалық берілген. —Кешеден бүгін, бүгіннен ертең жақсы істеп, коммунизмге тез жетсек,— дейді. Тез жету жарысында малшылардан, егіншілерден, жұмысшылардан талай-талай еңбек ерлері шығып жатыр. Қазақстан Ғылым академиясының маңына топталған ғалымдарымыз осы еңбек тасқынына кеңірек жол ашу, жеріміздің жасырын байлықтарын таба түсу жолында еңбек істеп келеді. Қазақстан Жазушылары одағы маңына топталған жазушыларымыз, Қазақстан өнер қайраткерлері күн санап жаңарған халқының бейнесін, сезімін көрсету жолында еңбек істеп келеді. «Барлық табыстарға Коммунистік партияның басшылығы арқасында, ұлы орыс халқының көмегі арқасында жеттік, әлі де жете береміз!» дейді бүкіл қазақ. «Бұл табыстарды қаскүнемдерден, соғыс өртін салушылардан барымызды сала қорғаймыз»,— дейді бүкіл қазақ.
04.12.2012 05:28 3354

 

Советтік Социалистік Республикалар Одағы құрылғалы отыз жыл толды. Осы отыз жылды жеке-жеке алсақ әр республиканың тарихында бір биік тәрізді, тұтас алсақ — сол биіктер бірігіп біздің ақбас Алатау тәрізді боп көрінеді. Советтік өмірдің табысы, тарихы соншалық айдынды. Ғасырлар бойы көшумен, мал бағумен келген қазақ елінің көркін бұл жылдар мүлде өзгертті. Бұрын жүз қазақтың ішінен бір сауатты азар табылса, қазір орта немесе жоғары білімді адамдар екі үйдің бірінен табылады. Қазақ республикасында тек жоғары дәрежелі оқу орындарының саны 27-ге, техникумдар саны 85-ке жетті. Қазақтың өз алдына Ғылым академиясы құрылды.

Бір кезде «шайтан арба», «шайтан шамнан» шошитын ел бұл кезде оларсыз тұра алмайтын болған. Ұлан-байтақ даламызды жаңартып, түрлентіп баратқан жойқын күш — электр, мотор. Қол орақ, ағаш рыдуандарды енді музейден ғана көруге болады. Бұрынғы қазақ ат тізгінін қандай ұстай білсе, бүгінгі қазақ социалистік техника тізгінін сондай ұстай біледі. «Ат ердің қанаты» деген мәтел ескірді. Поезд, самолет, машиналар ел қанатына айналды.

Қазақстан ірі өнеркәсіптерімен де, мәдениетімен де Советтер Одағында алдыңғы республикалардың қатарына қосылды. Бүкіл совет елінің үшінші кочегаркасы — Қарағанды бізде. Балқаш, Жезқазған, Шымкент түсті металлургия заводтары, Теміртау қара металлургия заводы біздің жерде. Әлі пайдаға аспай жатқан байлықтар ел көркін, табиғат көркін түрленту үшін жасалып жатқан жаңа құрылыстар қанша! Біздің жұмысшыларымыз, колхозшыларымыз еңбек қызығына соншалық берілген.

—Кешеден бүгін, бүгіннен ертең жақсы істеп, коммунизмге тез жетсек,— дейді. Тез жету жарысында малшылардан, егіншілерден, жұмысшылардан талай-талай еңбек ерлері шығып жатыр. Қазақстан Ғылым академиясының маңына топталған ғалымдарымыз осы еңбек тасқынына кеңірек жол ашу, жеріміздің жасырын байлықтарын таба түсу жолында еңбек істеп келеді. Қазақстан Жазушылары одағы маңына топталған жазушыларымыз, Қазақстан өнер қайраткерлері күн санап жаңарған халқының бейнесін, сезімін көрсету жолында еңбек істеп келеді.

«Барлық табыстарға Коммунистік партияның басшылығы арқасында, ұлы орыс халқының көмегі арқасында жеттік, әлі де жете береміз!» дейді бүкіл қазақ.

«Бұл табыстарды қаскүнемдерден, соғыс өртін салушылардан барымызды сала қорғаймыз»,— дейді бүкіл қазақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға