Жаңалықтар

Заратуштра

Заратуштра (шамамен б.з.б. 630/18 – 541/33) – адамзат тарихындағы тұңғыш пайғамбарлардың бірі, адамзаттың алғашқы діни және философиялық танымының негізін қалаушы ғұлама, ақын. Платон оны бақсылардың ұстазы деп санаса, Заратуштраны зерттеуші орыс ғалымы Л.А. Лелеков: “Гректер өз жүйелерінің Заратуштрадан бастау алатынын мақтан еткен. Пифагордың өзі тағылар пайғамбарының шәкірті деп жарияланды”, – дейді. Заратуштраның туған жері, өскен елі, ілімінің мән-мазмұны мен таралған аймақтары, кіші “Авеста” кітабындағы жыр үлгілерінің Заратуштраның төл туындысы – гат қағидаларына қатысы туралы мәселелер ғалымдар арасында қызу пікірталастар туғызды. Заратуштрашылдықтың киелі кітабы “Авестаның” көне бөлімдерінің бірі гаттарда мифологиялық образдардың кездесуі Заратуштраның тарихи тұлға екендігін жоққа шығаруға себеп болса, соңғы кезеңдердегі лингвист., тарихи зерттеулер оның тарихта болған адам екендігін дәлелдеді. Неміс тарихшысы Э.Мейер (1855 – 1930), т.б. Батыс Еуропа ғалымдары Заратуштраның тегін Еуропадан шығаруға тырысты. Туған жері туралы пікірлер Заратуштраның өмір сүрген уақыты туралы нақтылы мәліметтер жоқ. Соған қарамастан гаттарға сүйене отырып, Заратуштраны өзі өмір сүрген қауымдағы бұрынғы құндылықтардың дағдарысқа ұшырап, жаңа құндылықтар әлі қалыптаспаған аралық дәуірде өмір сүрген деп тұжырымдауға болады. Міне, осы кезеңде қоғамға жаңа дүниетанымдық парадигма қажет болды. Бұл парадигма Заратуштраның өсиет сөздері мен ілімдерінде көрініс тапты. Кейін бұл уақытты неміс философы К.Ясперс (1883 – 1969) “тарихтағы белдеулік уақыт” деп атады. 20 ғ-дың орта шенінде парсы ғалымы Капиада, сондай-ақ, орыс шығыстанушысы В.В. Струве (1889 – 1965), т.б. ғалымдар Заратуштраның Орталық Азия кеңістігінде туып-өскенін дәлелдеді. Ал ағылшын ғалымы, Лондон университетінің проффессоры Мэри Бойс “Заратуштрашылдар” атты кітабында өзіне дейінгі зерттеушілердің дәйектерін қорыта келе, Заратуштраның Еділ өзенінің шығыс беткейіндегі жазық дала төсінде өмір сүргендігі туралы кесімді пікір айтты. Ұзақ уақыт бойы зерттеушілер Заратуштраның туған жері Батыс Иран деп келсе, қазіргі заман ғалымдарының басым көпшілігі оның Отаны Шығыс Иран немесе Орталық Азия деп санайды. Ресей шығыстанушысы В.И. Абаев заратуштрашылдықтың Шығыс Иранда пайда болғанын растай отырып, Заратуштраның өзі кейінгі сақтар елінен шығуы мүмкін деген болжам жасайды, Заратуштраның сақтармен туыстық байланысы болғанына күмәнданбайды. Ал заратуштрашылдықтың Сасани әулеті империясының мемл. дініне айналуы және “Авестаның” осы уақыттарда хатқа түсуі Заратуштра парсы деуге негіз қалап, оның шын туған жерін анықтау ісі ұмыт қалды. Заратуштра ілімі Тарихи деректердегі Заратуштра Виштаспа сарайына солтүстіктен келді деген мәліметтер Бойстың “Заратуштра Еділдің шығыс беткейлеріндегі азиялық далада өмір сүрді” деген тұжырымдарына сәйкес келеді. Соңғы ғыл. пікірлер бойынша, Заратуштра осыдан 3000 жылдай бұрын, Еділ өзенінің шығыс жағалауындағы Ұлы Тұран жазығында (қазіргі Батыс Қазақстан аумағы) киіз туырлықты сипаттама ұлысында, Поурушаспа деген малшының отбасында дүниеге келген. Кез келген көшпелі жұрттың өкілі тәрізді Заратуштра да табиғат құбылыстарына табынып, бала күнінен адам мен ғаламның, болмыстың сырын ұғуға, абс. ақиқатқа (Жаратушы иеге) жетуге талпынады. 30 жасқа толған шағында, көктемгі теңесу сәті – Наурызды қарсы алған күннің ертесіне Заратуштра әлемді жаратушы құдірет иесі – Ахура Мазда құдайға жолығады. Соның шарапатымен Заратуштра ақыл-білімге кенеліп, жаратушы Жалғыз Иенің ақиқат сөздерін жұртқа тарата бастайды. Бұл: Будданың жер бетіне келуінен – 1000 жыл, Иса пайғамбардың келуінен – 1500 жыл, ал Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) Жаратушыдан Құран Кәрім аяттарын қабылдауынан 2000 жыл бұрын болған оқиға еді. Заратуштра пәниден өкінішсіз өтіп, бақидың рахатына кенелу үшін адамзат баласына “ізгілікті ойға беріл”, “ізгілікті сөз айт” және “ізгілікті іс тындыр” деп үш шарт қояды. Кесапаты көп, қиянаты мол пенделер болашақта дозақтың отына шарпылып, қиямет-қайым күй кешетінін ескертті, тайпаластарын әділеттілік пен қанағатшылдық жолына үндеді. Заратуштраның уағыздарын ен даланы еркін жайлаған көшпелі жұрт қабылдай алмады, оның өзін қуғындап, өміріне қауіп төндірді. Еділ бойын тастап қашқан дала пайғамбары Бактрия елінің (қазіргі Түрікменстан, Ауғанстан аумағы) билеушісі Виштаспа патшаны барып паналайды. Патша оның уағыздарына ұйып, ақыл-парасатына тәнті болады. Осылайша Заратуштра ілімі Бактрия арқылы ежелгі Иранға тарайды (қ Заратуштрашылдық). Арада бірнеше ғасыр өткен соң Заратуштраның діни-мистикалық уағыздары мен дұға-өлеңдері жинақталып, жүйеленеді де, “Авеста” деген атпен көне парсы тілінде кітап болып шығады (қ. Авеста). Адамзаттың алғашқы ұстаздарының бірі жөнінде неміс философы Ф.Ницше, “Заратуштра осылай деген” атты филос. толғау жазған.
04.12.2012 05:28 16648

Заратуштра (шамамен б.з.б. 630/18 – 541/33) – адамзат тарихындағы тұңғыш пайғамбарлардың бірі, адамзаттың алғашқы діни және философиялық танымының негізін қалаушы ғұлама, ақын. Платон оны бақсылардың ұстазы деп санаса, Заратуштраны зерттеуші орыс ғалымы Л.А. Лелеков: “Гректер өз жүйелерінің Заратуштрадан бастау алатынын мақтан еткен. Пифагордың өзі тағылар пайғамбарының шәкірті деп жарияланды”, – дейді. Заратуштраның туған жері, өскен елі, ілімінің мән-мазмұны мен таралған аймақтары, кіші “Авеста” кітабындағы жыр үлгілерінің Заратуштраның төл туындысы – гат қағидаларына қатысы туралы мәселелер ғалымдар арасында қызу пікірталастар туғызды. Заратуштрашылдықтың киелі кітабы “Авестаның” көне бөлімдерінің бірі гаттарда мифологиялық образдардың кездесуі Заратуштраның тарихи тұлға екендігін жоққа шығаруға себеп болса, соңғы кезеңдердегі лингвист., тарихи зерттеулер оның тарихта болған адам екендігін дәлелдеді. Неміс тарихшысы Э.Мейер (1855 – 1930), т.б. Батыс Еуропа ғалымдары Заратуштраның тегін Еуропадан шығаруға тырысты.

Туған жері туралы пікірлер

Заратуштраның өмір сүрген уақыты туралы нақтылы мәліметтер жоқ. Соған қарамастан гаттарға сүйене отырып, Заратуштраны өзі өмір сүрген қауымдағы бұрынғы құндылықтардың дағдарысқа ұшырап, жаңа құндылықтар әлі қалыптаспаған аралық дәуірде өмір сүрген деп тұжырымдауға болады. Міне, осы кезеңде қоғамға жаңа дүниетанымдық парадигма қажет болды. Бұл парадигма Заратуштраның өсиет сөздері мен ілімдерінде көрініс тапты. Кейін бұл уақытты неміс философы К.Ясперс (1883 – 1969) “тарихтағы белдеулік уақыт” деп атады. 20 ғ-дың орта шенінде парсы ғалымы Капиада, сондай-ақ, орыс шығыстанушысы В.В. Струве (1889 – 1965), т.б. ғалымдар Заратуштраның Орталық Азия кеңістігінде туып-өскенін дәлелдеді. Ал ағылшын ғалымы, Лондон университетінің проффессоры Мэри Бойс “Заратуштрашылдар” атты кітабында өзіне дейінгі зерттеушілердің дәйектерін қорыта келе, Заратуштраның Еділ өзенінің шығыс беткейіндегі жазық дала төсінде өмір сүргендігі туралы кесімді пікір айтты. Ұзақ уақыт бойы зерттеушілер Заратуштраның туған жері Батыс Иран деп келсе, қазіргі заман ғалымдарының басым көпшілігі оның Отаны Шығыс Иран немесе Орталық Азия деп санайды. Ресей шығыстанушысы В.И. Абаев заратуштрашылдықтың Шығыс Иранда пайда болғанын растай отырып, Заратуштраның өзі кейінгі сақтар елінен шығуы мүмкін деген болжам жасайды, Заратуштраның сақтармен туыстық байланысы болғанына күмәнданбайды. Ал заратуштрашылдықтың Сасани әулеті империясының мемл. дініне айналуы және “Авестаның” осы уақыттарда хатқа түсуі Заратуштра парсы деуге негіз қалап, оның шын туған жерін анықтау ісі ұмыт қалды.

Заратуштра ілімі

Тарихи деректердегі Заратуштра Виштаспа сарайына солтүстіктен келді деген мәліметтер Бойстың “Заратуштра Еділдің шығыс беткейлеріндегі азиялық далада өмір сүрді” деген тұжырымдарына сәйкес келеді. Соңғы ғыл. пікірлер бойынша, Заратуштра осыдан 3000 жылдай бұрын, Еділ өзенінің шығыс жағалауындағы Ұлы Тұран жазығында (қазіргі Батыс Қазақстан аумағы) киіз туырлықты сипаттама ұлысында, Поурушаспа деген малшының отбасында дүниеге келген. Кез келген көшпелі жұрттың өкілі тәрізді Заратуштра да табиғат құбылыстарына табынып, бала күнінен адам мен ғаламның, болмыстың сырын ұғуға, абс. ақиқатқа (Жаратушы иеге) жетуге талпынады. 30 жасқа толған шағында, көктемгі теңесу сәті – Наурызды қарсы алған күннің ертесіне Заратуштра әлемді жаратушы құдірет иесі – Ахура Мазда құдайға жолығады. Соның шарапатымен Заратуштра ақыл-білімге кенеліп, жаратушы Жалғыз Иенің ақиқат сөздерін жұртқа тарата бастайды. Бұл: Будданың жер бетіне келуінен – 1000 жыл, Иса пайғамбардың келуінен – 1500 жыл, ал Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) Жаратушыдан Құран Кәрім аяттарын қабылдауынан 2000 жыл бұрын болған оқиға еді. Заратуштра пәниден өкінішсіз өтіп, бақидың рахатына кенелу үшін адамзат баласына “ізгілікті ойға беріл”, “ізгілікті сөз айт” және “ізгілікті іс тындыр” деп үш шарт қояды. Кесапаты көп, қиянаты мол пенделер болашақта дозақтың отына шарпылып, қиямет-қайым күй кешетінін ескертті, тайпаластарын әділеттілік пен қанағатшылдық жолына үндеді. Заратуштраның уағыздарын ен даланы еркін жайлаған көшпелі жұрт қабылдай алмады, оның өзін қуғындап, өміріне қауіп төндірді. Еділ бойын тастап қашқан дала пайғамбары Бактрия елінің (қазіргі Түрікменстан, Ауғанстан аумағы) билеушісі Виштаспа патшаны барып паналайды. Патша оның уағыздарына ұйып, ақыл-парасатына тәнті болады. Осылайша Заратуштра ілімі Бактрия арқылы ежелгі Иранға тарайды (қ Заратуштрашылдық). Арада бірнеше ғасыр өткен соң Заратуштраның діни-мистикалық уағыздары мен дұға-өлеңдері жинақталып, жүйеленеді де, “Авеста” деген атпен көне парсы тілінде кітап болып шығады (қ. Авеста). Адамзаттың алғашқы ұстаздарының бірі жөнінде неміс философы Ф.Ницше, “Заратуштра осылай деген” атты филос. толғау жазған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға