Жаңалықтар

Саяси ағарту мен мектеп жүйесінің құрылуы

Саяси ағарту мен мектеп жүйесінің құрылуы Мәдени революцияның мақсаты Мәдени революцияның жүзеге асырылуы — социалистік қоғам құру туралы лениндік жоспардың бip тармағы болатын. Мәдени революция қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтып, жаңа мәдениет түрін жасау және жаңа адамды тәрбиелеу міндетін шешуге тиісті болды. Мәдени революция коммунистік партия белгілеген міндеттерге сәйкес білім беру, ғылым мен мәдениет мекемелерінің қызметін түбірімен өзгерту дегенді білдіреді. Бұл кезеңде Қазақстан мәдениеті кеңес елінің орталық аудандарынан айтарлықтай артта қалған-ды. Халықтың басым көпшілігінің бастауыш білімі де жоқ, яғни сауатсыз еді. Соған байланысты Қазақстандағы мәдени революция басты екі міндетті шешуге тиісті болды: біріншіден, мәдени артта қалушылықты жою, екіншіден, білім беру, ғылыми және мәдени мекемелердің жаңа кеңестік жүйесін қалыптастыру. Мәдениет саласындағы жұмысқа басшылық жасау және бақылау жүргізуді партияның ОК хатшылығы жүзеге асырып отырды, ал жергілікті жерлерде бұл істі партия комитеттері мен ұялары, олардың насихат және үгіт жүргізу коллегиялары атқарды. 1920 жылы тамызда партияның ОК-де үгіт-насихат бөлімі құрылды. Осы жылы 6 қарашада РКФСР Ағарту халкомы жанынан Бас саяси-ағарту комитеті іске қосылды. Бұл екі партиялық және мемлекеттік орган мәдени революцияға күнделікті практикалық басшылықты жүзеге асыра бастады. Кеңес өкіметінің алғашқы онжылдығында партияның ОК-де мәдениетке байланысты әр түрлі мәселелер туралы мәжілістер өткізілді. Мәдени революцияның міндеттері Қазақстанда мәдени революцияны түпкілікті жүзеге асыру үшін бірқатар міндеттерді шешу қажет болды: жергілікті жерде нақты мәдени база жасау үшін сауат ашу және саяси білім тарату шараларын жүзеге асыру; Қазақстандағы оқу-ағарту мекемелерін бір жүйеге келтіру, оқытуды бірыңғай оқу бағдарламасымен жүргізу; рухани өмірге жаңа мазмұн беру үшін қазақ социалистік музыка мәдениетін дамыту; кеңестік мемлекеттердің тұтас аумағында бірыңғай мәдени кеңістік жасау үшін өлкеде өнердің жаңа түрлерін — театр, кино, бейнелеу өнерін, т.б. қалыптастыру; Қазақстанда ғылымды дамыту үшін ғылыми мекемелер жүйесін   құру; жергілікті халықтың қоғамдық және жеке өмірдегі рулық және діни наным-сенімдерін жойып, кеңес адамының жаңа өмір салтын енгізу; социалистік қоғам құру міндеттерін шешу үшін ұлттық кадрларды даярлау; Қазақстанда орта арнаулы және жоғары білім жүйесін құру. Осылайша 1920—1930 жылдары партияның мәдени саясатының мазмұны партиялық және мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ рухани саладағы мекемелер мен ұйымдар қызметі арқылы жаңа кеңестік сана қалыптастыру ісіне бағытталды. Мәдени саясатдегеніміз — түпкі мақсаты. Біртұтас социалистік мәдениет қалыптастыру үшін партия, бір жағынан — шығармашылық саласын халыққа жақындата түсуге, екінші жағынан — халықтың жалпы білімі мен мәдени деңгейін көтеруді ұсынды. Мұндай көзқарас әр түрлі ұлттық мәдениеттер қызметінің өрісін айтарлықтай тарылтты. Көп ұлтты мемлекеттің рухани саласын бірегейлендіру беталысы кейінірек ондағы қарама-қайшылықтардың шиеленісуіне алып келді. Сауатсыздықты жою Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінен бастап мәдени құрылыс мәселесімен халық ағарту бөлімдері айналыса бастады. Барлық мәдени революция міндеттерінің ішінде сауатсыздықты жою жөніндегі шаралар ерекше мәнге ие болды. 1919 жылы 26 желтоқсанда РКФСР ХКК қабылдаған «РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» Декреті бұл мәселе бойынша негізгі міндеттерді белгілеп берді. 1919—1923 жылдары Қазақстанда сауатсыздықты жою науқанын бастау барысында мынадай кедергілердің бар екендігі байқалды: халықты оқытуға жарайтын маман кадрлардың жетіспеуі; жаңа оқулықтардың жоқтығы және жазу құралдарының жоқтығы және жазу құралдарының жеткіліксіздігі; қалаларда әсіресе ауылдық жерлерде білім беру органдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі. 1924 жылдың ақпан айында Қазақстанда Бүкілодақтық «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының бөлімшесі құрылды. «Сауаташқыш» газетінің бетінде жекелеген топтар үшін сабақ өткізу жоспары жарияланып тұрды, сауатсыздықты жоюшы-мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімдік курстар ашылды. 1930 жылғы 11 ақпанда Қаз ОАК-і «Қазақ АКСР-інде халықтың сауатсыздығын міндетті түрде жою туралы» қаулы қабылдады. Жою мерзімі бірінші бесжылдықтың аяғы болып белгіленді. Шараларды жүзеге асырудың жоспары жасалды және сауатсыздықты жоюға арналған қаржы қоры құрылды. 1931 жылы республикада шалғай аудандарға мәдени жорық ұйымдастырылды. Комсомол және пионер ұйымдары оған белсене атсалысты. Алайда елде сауатсыздықты жою ісі тіпті 1935 жылы, мәдениет майданы қызметкерлерінің I съезі өткенге дейін аяқталмады. Осы сьезден кейін республикадағы сауатсыздықты жою жұмысы өзінің соңғы кезеңіне аяқ басты. Қазақ АКСР Ағарту халкомы жанынан ересек халыққа білім беру басқармасы құрылып, оның ішінде сауатсыздар мен шаласауаттылар мектебі бөлімдері ашылды. 1939 жылы Қазақстан халқының жалпы сауаттылығы 76,3%-ға жетті. Әліпбиді өзгерту Сауатсыздықпен күрес барысында сол мезгілге шейін пайдалануда келген араб графикасын латын графикасымен алмастыру мәселесі қойылды. РКФСР-дің ұлттар ісі жөніндегі халық комиссариаты 1923 жылы араб қарпіне реформа жасау жөніндегі комисия құрды. Бұл комиссия үш мәселе бойынша жұмыс жасады: жазуы жоқ халықтар үшін жазу даярлау; өз жазуы бар халықтарды латын қарпіне көшіру; түркі жазуын реформалау. 1926 жылы наурыз айында I Бүкілодақтың түркологтар съезі өтіп, түркі тілдес халықтар жазуын латын графикасына көшіру мәселесі қаралды. Латын қарпіне көшу ісіне сол кездегі Қазақ АКСР халық ағарту халкомы А.Байтұрсынұлы қарсы шықты. Ә.Бөкейханов пенA.Байтұрсынұлы араб жазуының кейбір белгілерін жеңілдетуді ұсынды. Араб әліпбиін қалдыруды жақтаушылар латын қарпін қолдануға көшу — ұлттық мәдениетке жасалған қастандық екендігін айтты. Олар Қазақстанда тек еуропалықтарға тән жаңа әліпбиге көшу қажет, бірақ оған әлі жағдай пісіп-жетілген жоқ деп есептеді. Алайда біртұтас мәдениет кеңістігін орнықтыру міндетін ұстанған Кеңес басшылығы республика өкілдерінің пікірімен санаспады. Жаңа әліпби жасау жөніндегі комиссия құрылып, ол 1928 жылдың күзінде латын қарпі негізіндегі қазақ әліпбиінің жобасын ұсынды. Латын қарпіне түгел ауысып болғанша араб графикасы пайдаланыла тұратын болды. Полиграфиялық техника латын алфавитімен жабдықтала бастады Бұл газет, оқулықтар, әдебиеттер шығаруды жеңілдетті. Республика бір мезгілде екі әліпбиді, яғни: қазақ тілі үшін — латын, орыс тілі үшін - кириллицанықолданатын болды. XX ғасырдың 30-жылдарының соңына қарай КСРО тоталитарлық мемлекетке айналды. Тоталитарлық жүйенің орнауы мәдениеттен де байқала бастады. 1940 жылы кириллица негізіндегі жаңа қазақ әліпбиінің жобасы жасалды. Жоғарғы кеңестің 1940 жылы 10 қарашадағы V сессиясында «Латынданған қазақ жазуын орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» Заң қабылданды. Саяси ағарту жүйесі. Қазақстанда сауатсыздықты жою Коммунистік партияның жергілікті халық арасында саяси ағарту жұмысын жүргізуімен тығыз байланысты болды. Жергілікті халықтың саяси сауатын ашу, олардың қатарынан коммунистерді тәрбиелеп шығару осы кезеңдегі қазақстандық коммунистік партияның басты міндеті еді. Халық арасында үгіт жүргізуді күшейту үшін саяси ағарту ісінің әр түрлі тәсілдері: дәріс оқу, баяндама, әңгімелесу, пікірталастар, әр қилы көрнекілікті шерулер өткізу қолданылды. 1920—1930 жылдарда Қазақстанда саяси-ағарту орындарының ең көп тараған түрі: оқу үйлері, қызыл отау, клубтар, кітапханалар, ағарту қызметкерлерінің үйлері болды. Қазақстан коммунистері үшін саяси-ағарту ісі маңызды міндетке айналды, өйткені олардың көпшілігінің саяси идеялық дайындығы төмен деп саналды. Республика коммунистерін тәрбиелеу үшін саяси сауат ашу мектептерінің жүйесі құрылды. Бұл мектептерде оқуға партиялық, кеңестік, кәсіподақ жұмыстарын атқаруға лайық деген белсенділер тартылды. Коммунистер арасында жүргізілетін саяси ағарту жұмыстарының өзге де түрлері: маркстік үйірмелер (өз бетімен жұмыс істеу дағдысын алу және марксизм теориясынан жалпы түсінік алу) және партиялық клубтар (партклубтар әр түрлі секциялардан — партия құрылысы, революция және партия тарихы, көсіподақ қозғалысы, дінге қарсы насихат, т.б. тұрды) жолға қойылды. 1930 жылдары саяси ағарту жұмыстарының мәні орталық басшылыктың саяси курсы бағытына бейімделе түсті. Партияішілік қатынаста басқарудың әкімшілік формасы орныға бастады. Орталық Азия мен Қазақстандағы коммунистік партия және басқа шығыстық коммунистік ұйымдармен жұмыс жүргізу үшін Мәскеуде Шығыс халықтары коммунистік ұйымдарының Орталық бюросы құрылды. Осы бюро ұлт тілдеріндегі саяси әдебиеттерді басып шығара бастады. Мектептік білім Жаңа мектептер ашу Кеңес өкіметінің алғашқы айларында-ақ қолға алынды. 1918 жылдың 21 қаңтарында РКФСР ХКК-нің «Шіркеуді мемлекет пен мектептен ажырату» туралы Декреті шықты. Қазақстанда мектептерді басқару жергілікті кеңестердің қолына көшті. 1921 жылы 18 қаңтарда Орынборда халыққа білім беpy жөніндегі Бірінші жалпықазақтық конференция болып, онда республикадағы халыққа білім беру ісін ұйымдастыру міндеттері айқындалды. Қазақстанда кеңестік мектептер жүйесін құрудағы негізгі қиыншылықтар: мектеп үйлерінің жоқтығы; арнаулы білімді маман мұғалімдердің жетіспеуі; 2-3 ауысыммен оқыту; ұлттық тілдегі оқулықтардың жетіспеуі, ескі, революцияға дейінгі оқулықтарды пайдалану; көшпелі қазақ ауылдарында мектептер ашу ерекше мәнге ие болды. Осы өзекті мәселені шешу жолында республикада бірқатар шаралар қарастырылды: қалаларда мектепке жарамды деген үйлер мемлекет меншігіне алынды; жаңа мектеп үйлерін салу қолға алынды; Қазақ АКСР Ағарту халкомының академиялық орталығы оқулықтар мен бағдарламалар жасауға кірісті; педагогтік курстар мен мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында оқытушы кадрларын даярлау қолға алынды; ауыл кедейлерін оқыту мәселесін шешу үшін интернат түріндегі коммуна-мектептер құрылды; қазақ ауылдарында жылжымалы маусымдық жартылай жабдықталған мектептер ашылып, олар оқу жылы қысқартылған және жеңілдетілген оқу бағдарламасымен қамтамасыз етілді. Мектептердің әр типтілігін жою үшін КСРО СИК БК(б)П ОК 1934 жылғы 15 мамырда «Бастауыш және орта мектептер құрылымы туралы» қаулы қабылдады. Осы құжатқа байланысты бүкіл КСРО аумағында жалпы білім беретін мектептердің бірыңғай түрі енгізілді. Бірыңғай мектеп жүйесі бірыңғай оқыту бағдарламасын, бірыңғай әдістемелік жүйе, бірыңғай оқулықтар болуын талап етті. 1935 жылы қаңтарда БК(б)П Өлкелік комитеті мен республика үкіметі «Қазақстан мектептері құрылымын жетілдіру туралы» қаулы қабылдады. Бұл қаулы ұсақ мектептерді түпкілікті жойып, жетіжылдық және орта мектептерді дамыту, сондай-ақ әр оқушының сыныптан сыныпқа өтуін қамтамасыз етуге арналған бірқатар шаралар қарастырды. Халыққа білім беруге арналған шығын мөлшері республикада жылдан жылға өсе берді. Өз ісінің үздік шеберлері С.Көбеев, О.Колкенова, Ш.Сарыбаев, Л.Добрянская, Х.Казиев, И.Волков, А.Ақатов, т.б. республикадағы білім саласында тұңғыш еңбек сіңірген мұғалімдер атанды. Шығармашылық ізденіс пен күнделікті тәжірибеге сүйенген кеңестік педагогика қалыптасты.  
04.12.2012 05:26 24513

Саяси ағарту мен мектеп жүйесінің құрылуы

Мәдени революцияның мақсаты

Мәдени революцияның жүзеге асырылуы — социалистік қоғам құру туралы лениндік жоспардың бip тармағы болатын. Мәдени революция қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтып, жаңа мәдениет түрін жасау және жаңа адамды тәрбиелеу міндетін шешуге тиісті болды.

Мәдени революция коммунистік партия белгілеген міндеттерге сәйкес білім беру, ғылым мен мәдениет мекемелерінің қызметін түбірімен өзгерту дегенді білдіреді. Бұл кезеңде Қазақстан мәдениеті кеңес елінің орталық аудандарынан айтарлықтай артта қалған-ды. Халықтың басым көпшілігінің бастауыш білімі де жоқ, яғни сауатсыз еді. Соған байланысты Қазақстандағы мәдени революция басты екі міндетті шешуге тиісті болды: біріншіден, мәдени артта қалушылықты жою, екіншіден, білім беру, ғылыми және мәдени мекемелердің жаңа кеңестік жүйесін қалыптастыру.

Мәдениет саласындағы жұмысқа басшылық жасау және бақылау жүргізуді партияның ОК хатшылығы жүзеге асырып отырды, ал жергілікті жерлерде бұл істі партия комитеттері мен ұялары, олардың насихат және үгіт жүргізу коллегиялары атқарды. 1920 жылы тамызда партияның ОК-де үгіт-насихат бөлімі құрылды. Осы жылы 6 қарашада РКФСР Ағарту халкомы жанынан Бас саяси-ағарту комитеті іске қосылды. Бұл екі партиялық және мемлекеттік орган мәдени революцияға күнделікті практикалық басшылықты жүзеге асыра бастады. Кеңес өкіметінің алғашқы онжылдығында партияның ОК-де мәдениетке байланысты әр түрлі мәселелер туралы мәжілістер өткізілді.

Мәдени революцияның міндеттері

Қазақстанда мәдени революцияны түпкілікті жүзеге асыру үшін бірқатар міндеттерді шешу қажет болды:

  • жергілікті жерде нақты мәдени база жасау үшін сауат ашу және саяси білім тарату шараларын жүзеге асыру;
  • Қазақстандағы оқу-ағарту мекемелерін бір жүйеге келтіру, оқытуды бірыңғай оқу бағдарламасымен жүргізу;
  • рухани өмірге жаңа мазмұн беру үшін қазақ социалистік музыка мәдениетін дамыту;
  • кеңестік мемлекеттердің тұтас аумағында бірыңғай мәдени кеңістік жасау үшін өлкеде өнердің жаңа түрлерін — театр, кино, бейнелеу өнерін, т.б. қалыптастыру;
  • Қазақстанда ғылымды дамыту үшін ғылыми мекемелер жүйесін
  •  
  • құру;
  • жергілікті халықтың қоғамдық және жеке өмірдегі рулық және діни наным-сенімдерін жойып, кеңес адамының жаңа өмір салтын енгізу;
  • социалистік қоғам құру міндеттерін шешу үшін ұлттық кадрларды даярлау;
  • Қазақстанда орта арнаулы және жоғары білім жүйесін құру.


Осылайша 1920—1930 жылдары партияның мәдени саясатының мазмұны партиялық және мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ рухани саладағы мекемелер мен ұйымдар қызметі арқылы жаңа кеңестік сана қалыптастыру ісіне бағытталды. Мәдени саясатдегеніміз — түпкі мақсаты. Біртұтас социалистік мәдениет қалыптастыру үшін партия, бір жағынан — шығармашылық саласын халыққа жақындата түсуге, екінші жағынан — халықтың жалпы білімі мен мәдени деңгейін көтеруді ұсынды. Мұндай көзқарас әр түрлі ұлттық мәдениеттер қызметінің өрісін айтарлықтай тарылтты. Көп ұлтты мемлекеттің рухани саласын бірегейлендіру беталысы кейінірек ондағы қарама-қайшылықтардың шиеленісуіне алып келді.

Сауатсыздықты жою

Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінен бастап мәдени құрылыс мәселесімен халық ағарту бөлімдері айналыса бастады.

Барлық мәдени революция міндеттерінің ішінде сауатсыздықты жою жөніндегі шаралар ерекше мәнге ие болды. 1919 жылы 26 желтоқсанда РКФСР ХКК қабылдаған «РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» Декреті бұл мәселе бойынша негізгі міндеттерді белгілеп берді.

1919—1923 жылдары Қазақстанда сауатсыздықты жою науқанын бастау барысында мынадай кедергілердің бар екендігі байқалды:

  • халықты оқытуға жарайтын маман кадрлардың жетіспеуі;
  • жаңа оқулықтардың жоқтығы және жазу құралдарының жоқтығы және жазу құралдарының жеткіліксіздігі;
  • қалаларда әсіресе ауылдық жерлерде білім беру органдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі.

1924 жылдың ақпан айында Қазақстанда Бүкілодақтық «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының бөлімшесі құрылды. «Сауаташқыш» газетінің бетінде жекелеген топтар үшін сабақ өткізу жоспары жарияланып тұрды, сауатсыздықты жоюшы-мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімдік курстар ашылды. 1930 жылғы 11 ақпанда Қаз ОАК-і «Қазақ АКСР-інде халықтың сауатсыздығын міндетті түрде жою туралы» қаулы қабылдады. Жою мерзімі бірінші бесжылдықтың аяғы болып белгіленді. Шараларды жүзеге асырудың жоспары жасалды және сауатсыздықты жоюға арналған қаржы қоры құрылды. 1931 жылы республикада шалғай аудандарға мәдени жорық ұйымдастырылды. Комсомол және пионер ұйымдары оған белсене атсалысты. Алайда елде сауатсыздықты жою ісі тіпті 1935 жылы, мәдениет майданы қызметкерлерінің I съезі өткенге дейін аяқталмады. Осы сьезден кейін республикадағы сауатсыздықты жою жұмысы өзінің соңғы кезеңіне аяқ басты. Қазақ АКСР Ағарту халкомы жанынан ересек халыққа білім беру басқармасы құрылып, оның ішінде сауатсыздар мен шаласауаттылар мектебі бөлімдері ашылды. 1939 жылы Қазақстан халқының жалпы сауаттылығы 76,3%-ға жетті.

Әліпбиді өзгерту

Сауатсыздықпен күрес барысында сол мезгілге шейін пайдалануда келген араб графикасын латын графикасымен алмастыру мәселесі қойылды. РКФСР-дің ұлттар ісі жөніндегі халық комиссариаты 1923 жылы араб қарпіне реформа жасау жөніндегі комисия құрды.

Бұл комиссия үш мәселе бойынша жұмыс жасады:

  • жазуы жоқ халықтар үшін жазу даярлау;
  • өз жазуы бар халықтарды латын қарпіне көшіру;
  • түркі жазуын реформалау.


1926 жылы наурыз айында I Бүкілодақтың түркологтар съезі өтіп, түркі тілдес халықтар жазуын латын графикасына көшіру мәселесі қаралды. Латын қарпіне көшу ісіне сол кездегі Қазақ АКСР халық ағарту халкомы А.Байтұрсынұлы қарсы шықты. Ә.Бөкейханов пенA.Байтұрсынұлы араб жазуының кейбір белгілерін жеңілдетуді ұсынды.


Араб әліпбиін қалдыруды жақтаушылар латын қарпін қолдануға көшу — ұлттық мәдениетке жасалған қастандық екендігін айтты. Олар Қазақстанда тек еуропалықтарға тән жаңа әліпбиге көшу қажет, бірақ оған әлі жағдай пісіп-жетілген жоқ деп есептеді. Алайда біртұтас мәдениет кеңістігін орнықтыру міндетін ұстанған Кеңес басшылығы республика өкілдерінің пікірімен санаспады. Жаңа әліпби жасау жөніндегі комиссия құрылып, ол 1928 жылдың күзінде латын қарпі негізіндегі қазақ әліпбиінің жобасын ұсынды. Латын қарпіне түгел ауысып болғанша араб графикасы пайдаланыла тұратын болды. Полиграфиялық техника латын алфавитімен жабдықтала бастады Бұл газет, оқулықтар, әдебиеттер шығаруды жеңілдетті. Республика бір мезгілде екі әліпбиді, яғни: қазақ тілі үшін — латын, орыс тілі үшін - кириллицанықолданатын болды.

XX ғасырдың 30-жылдарының соңына қарай КСРО тоталитарлық мемлекетке айналды. Тоталитарлық жүйенің орнауы мәдениеттен де байқала бастады. 1940 жылы кириллица негізіндегі жаңа қазақ әліпбиінің жобасы жасалды. Жоғарғы кеңестің 1940 жылы 10 қарашадағы V сессиясында «Латынданған қазақ жазуын орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» Заң қабылданды.

Саяси ағарту жүйесі. Қазақстанда сауатсыздықты жою Коммунистік партияның жергілікті халық арасында саяси ағарту жұмысын жүргізуімен тығыз байланысты болды. Жергілікті халықтың саяси сауатын ашу, олардың қатарынан коммунистерді тәрбиелеп шығару осы кезеңдегі қазақстандық коммунистік партияның басты міндеті еді. Халық арасында үгіт жүргізуді күшейту үшін саяси ағарту ісінің әр түрлі тәсілдері: дәріс оқу, баяндама, әңгімелесу, пікірталастар, әр қилы көрнекілікті шерулер өткізу қолданылды. 1920—1930 жылдарда Қазақстанда саяси-ағарту орындарының ең көп тараған түрі: оқу үйлері, қызыл отау, клубтар, кітапханалар, ағарту қызметкерлерінің үйлері болды.
Қазақстан коммунистері үшін саяси-ағарту ісі маңызды міндетке айналды, өйткені олардың көпшілігінің саяси идеялық дайындығы төмен деп саналды. Республика коммунистерін тәрбиелеу үшін саяси сауат ашу мектептерінің жүйесі құрылды. Бұл мектептерде оқуға партиялық, кеңестік, кәсіподақ жұмыстарын атқаруға лайық деген белсенділер тартылды.

Коммунистер арасында жүргізілетін саяси ағарту жұмыстарының өзге де түрлері: маркстік үйірмелер (өз бетімен жұмыс істеу дағдысын алу және марксизм теориясынан жалпы түсінік алу) және партиялық клубтар (партклубтар әр түрлі секциялардан — партия құрылысы, революция және партия тарихы, көсіподақ қозғалысы, дінге қарсы насихат, т.б. тұрды) жолға қойылды. 1930 жылдары саяси ағарту жұмыстарының мәні орталық басшылыктың саяси курсы бағытына бейімделе түсті. Партияішілік қатынаста басқарудың әкімшілік формасы орныға бастады. Орталық Азия мен Қазақстандағы коммунистік партия және басқа шығыстық коммунистік ұйымдармен жұмыс жүргізу үшін Мәскеуде Шығыс халықтары коммунистік ұйымдарының Орталық бюросы құрылды. Осы бюро ұлт тілдеріндегі саяси әдебиеттерді басып шығара бастады.

Мектептік білім

Жаңа мектептер ашу Кеңес өкіметінің алғашқы айларында-ақ қолға алынды. 1918 жылдың 21 қаңтарында РКФСР ХКК-нің «Шіркеуді мемлекет пен мектептен ажырату» туралы Декреті шықты. Қазақстанда мектептерді басқару жергілікті кеңестердің қолына көшті. 1921 жылы 18 қаңтарда Орынборда халыққа білім беpy жөніндегі Бірінші жалпықазақтық конференция болып, онда республикадағы халыққа білім беру ісін ұйымдастыру міндеттері айқындалды.

Қазақстанда кеңестік мектептер жүйесін құрудағы негізгі қиыншылықтар:

  • мектеп үйлерінің жоқтығы;
  • арнаулы білімді маман мұғалімдердің жетіспеуі;
  • 2-3 ауысыммен оқыту;
  • ұлттық тілдегі оқулықтардың жетіспеуі, ескі, революцияға дейінгі оқулықтарды пайдалану;
  • көшпелі қазақ ауылдарында мектептер ашу ерекше мәнге ие болды.


Осы өзекті мәселені шешу жолында республикада бірқатар шаралар қарастырылды:

  • қалаларда мектепке жарамды деген үйлер мемлекет меншігіне алынды;
  • жаңа мектеп үйлерін салу қолға алынды;
  • Қазақ АКСР Ағарту халкомының академиялық орталығы оқулықтар мен бағдарламалар жасауға кірісті;
  • педагогтік курстар мен мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында оқытушы кадрларын даярлау қолға алынды;
  • ауыл кедейлерін оқыту мәселесін шешу үшін интернат түріндегі коммуна-мектептер құрылды;
  • қазақ ауылдарында жылжымалы маусымдық жартылай жабдықталған мектептер ашылып, олар оқу жылы қысқартылған және жеңілдетілген оқу бағдарламасымен қамтамасыз етілді.


Мектептердің әр типтілігін жою үшін КСРО СИК БК(б)П ОК 1934 жылғы 15 мамырда «Бастауыш және орта мектептер құрылымы туралы» қаулы қабылдады. Осы құжатқа байланысты бүкіл КСРО аумағында жалпы білім беретін мектептердің бірыңғай түрі енгізілді.

Бірыңғай мектеп жүйесі бірыңғай оқыту бағдарламасын, бірыңғай әдістемелік жүйе, бірыңғай оқулықтар болуын талап етті.

1935 жылы қаңтарда БК(б)П Өлкелік комитеті мен республика үкіметі «Қазақстан мектептері құрылымын жетілдіру туралы» қаулы қабылдады. Бұл қаулы ұсақ мектептерді түпкілікті жойып, жетіжылдық және орта мектептерді дамыту, сондай-ақ әр оқушының сыныптан сыныпқа өтуін қамтамасыз етуге арналған бірқатар шаралар қарастырды.


Халыққа білім беруге арналған шығын мөлшері республикада жылдан жылға өсе берді. Өз ісінің үздік шеберлері С.Көбеев, О.Колкенова, Ш.Сарыбаев, Л.Добрянская, Х.Казиев, И.Волков, А.Ақатов, т.б. республикадағы білім саласында тұңғыш еңбек сіңірген мұғалімдер атанды. Шығармашылық ізденіс пен күнделікті тәжірибеге сүйенген кеңестік педагогика қалыптасты.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға