11-12 ғасырлардағы Русь
04.12.2012 05:17
17362
Киев қаласы славян мемлекеті Киев Русінің астанасына айналды. Бұл мемлекет IX ғасырда құрылған болатын. Киев кінәздігінің жері бірте-бірте өсе берді. XI ғасырда Киев Русі Балтық теңізі мен Қара теңіздің, Днестр мен Еділдің аралығын алып жатты. Құдіретті кінәз Ярослав Мудрыйдың аты алысқа жайылды. Онымен одақ құру үшін Еуропаның көптеген елдерінен қымбат сыйлықтар алып, елшілер келіп жатты. Бұдан тоғыз жүз жылдай бұрын Ярослав Мудрый кезінде салынған үйлер Киевте және басқа қалаларда күні бүгінге дейін түр, олардың ең бірегейі - София соборы. Ол дала көшпелілерімен болған қанды шайкастың орнына салынған. Киев «орыс қалаларының анасы» деп аталды. Оның корғандары Днепрдің биік жағасында айбаттана бой созып, шіркеулерінің алтындатқан күмбездері күнге шағылысатын. Еңісте, айлақ қолтығында алыс- жақын елдерден келген жүздеген кемелер мен қайықтар тұратын. Кемелерге алуан түрлі тауарлар: гректің сәнді ыдыстары, Балтық бойынан әкелінген жақұт моншақтар, алтынмен аптап, күміспен күптеген айшықты әшекейлер, жүн маталар, теңіздің арғы бетінен келген шарап пен кептірілген жеміс т.б. тиелген. Шаңдақ жол алуан тілдегі сөздер естілетін сауда алаңына апарады. Онда алушылар мен сатушылар, карапайым жұрт сеңдей соғылысар еді. Көпестер мен қолөнершілер өз бұйымын мақтап, зар қағады. Топырлаған жұрттың арасынан әрең өтіп, шетелдік елшілер соборға карай бара жатар еді. Қаланың айлаққа тірелетін төменгі бөлігі - Подол (Етек) деп аталады. Мұнда қарапайым жұрт - қолөнершілер, ұсақ саудагерлер тұрады. Tap көшелерді бойлап ағаш үйлер, жер кепелер орналасқан. Днепр суының көктемгі жайылуынан сақтанып, үйлердің көпшілігі биік дөңге салынды. Соғыс қаупі төнген жағдайда Киев тұрғындары өз қаласын ерлікпен қорғады. Мұның өзі далалық аймақтан келген көшпелілердің шапқыншылығына қарсы үздіксіз күреске айналды. Олар бай қаланы шауып, тонап алуға тырысатын. Ең қатерлі әрі үрейлі дүрбелең XII ғасырдың орта шеніндегі монғол-татар басқыншылығы болды. Бұл шапкыншылықта қала түгел талқандалып, тұрғындары қырғынға ұшыраған еді.
Владимир Мономах
1113-1125 жылдары Ярослав Мудрыйдың немересі Владимир Всеволодич Мономах Киевтің ұлы кінәзі болды. Ол ұлы кінәздік таққа отырмас бұрын да қыпшақтардан Русьті белсенді қорғаушы батыр ретінде халыққа танымал болатын. Мономах тек қолбасшы және мемлекет қайраткері ғана емес, сонымен бірге жазушы болды. Ол өз өмірінен «Владимир Мономахтың балаларына жазған өсиеті» атты кітап жазды. Осы шығармадан және жылнамадан біз кінәз Владимирдің өз өмірінде 83 жорыққа қатысқанын білеміз. Мономах Руське қыпшақ қолын бастап келген Олег Святославичпен ұзақ соғысты және 1097 жылы Любеч қаласында өткен съезде барлық кінәздердің арандатушы кінәз Олегті жазғыруын ұйымдастырды. Любечтегі съезд мынадай шешім қабылдады: «Өзара қырқысып, неге біз орыс жерін құртамыз, соны көріп қыпшақтар қуанады және олар біздің жерімізді бөлшектеп, құртқысы келеді. Осы күннен бастап ынтымақты болайық, орыс жерін сақтап қалайық!» Алайда бұл съезд кінәздер арасындағы қырқысуды тоқтата алған жоқ, бірақ Владимир Мономахтың осы жолдағы талпынысы замандастарының есінде қалды. Владимир Мономах қыпшақ хандарымен соғысқа қарсы орыс кінәздерін топтастырды. Оның Сарыхан Бұншақ және Түғырылды жеңгені туралы халық дастан шығарды, онда бұл хан Тұғырыл Змеевич деп аталған. Киевтің ұлы кінәзі Владимир қыпшақтарды біржола талқандап, біраз уақыт Русьті көшпелілердің шапқыншылығы қаупінен құтқарды. Қырық мың қыпшақ Солтүстік Кавказға көшіп барып, соңынан грузин патшасы Давидке қызмет етті. Владимир Мономахтың қыпшақтар тарапынан төнген қауіпке отыз жыл бойы қарсы тұруы, кінәздер арасындағы қырқысуларды тыюға талпынысы және қарызға белшесінен батқан қарапайым адамдарға қамқорлық жасауы бұл кінәзді кең танымал етті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еуропа халықтарының ағарту ісі мен әдебиеті
Келесі жаңалық
Астаналық жастар қарттарға көмектесті