Жаңалықтар

Закария әл-Рази

Закария әл-Рази — әйгілі мұсылман дәрігері. Иранның атақты дәрігері Абубакр Мұхаммад Закария Рази хижра-қамаридің 251-ші жылы шабан айының 1-ші жұлдызында қазіргі кезде Теһранның оңтүстігінде орналасқан Рей қаласында дүниеге келген. Рази дүниеге келген кезде Рей – гүлденген аймақ еді. Бұл қала мұсылмандардың ғылыми орталықтарының бірі болатын. Рази Рей қаласында математика, астрономия, әдебиет және медицина ғылымдары салаларында білім алуын жалғастырды. Ол медицинадан басқа химия, физика және философия салаларында құнды зерттеу жұмыстарын іске асырды. Ибн Усибахтың "Уюн әл-әнбия" кітабында: "Рази Бағдатқа келген кезде 30-дан асқан жігіт еді. Ол кішкентайынан ғылымға құштар болды. Ол медицина ғылымын есейген шағында оқыды, бұл саладағы оның ұстазы – Али ибн Раббан Табари еді,"- деп жазылған. Рази Бағдаттан Рейге оралған соң осы қаладаға аурухананың басшылығын өз міндетіне алды. Ол бұл ауруханада емдеумен қатар ынта білдіргендерге сабақ берді. "Әл-Хукама" кітабында: "Мұсылман ғалым және аурухананың дәрігері Рази Рей қаласының кейін Бағдат ауруханаларын басқарған,"- деп жазылған. Кейбіреулер Разиді "мұсылмандар Галені" деп атайтын. Рази Ислам өркениетінің дамыған кезіндегі Авиценадан кейінгі ең үлкен дәрігер болып саналады. Ол шәкірттері мен ауруханасын жақсы көретін. Закария зағип болып қалғанша қолынан қалам мен кітапты тастамады. Разидің әсіресе медицина саласындағы нәтижелері өз зерттеулерінің жемісі еді. Тарихта Асадуле Дилами Бағдатта аурухана салу туралы шешім қабылдаған кезінде, атақты дәрігер Разиге аурухана салатын ең жақсы жерді табуды бұйырды. Тәжірибе ғылымының маманы болған Рази көмекшілерінің көмегімен қаланың әртүрлі жерлеріне шикі еттің бөліктерін іліп қояды, 24 сағаттан соң еттерді бір-бірімен салыстырады. Содан соң ет аз бүлінген жерде аурухана құрылысын бастауға рұқсат береді. Өнертапқыш дәрігер Рази алдын ала зерттемес бұрын, өзіне дейінгі дәрігерлердің білімдеріне сүйенбейтін. Ол Галеннің көзқарастары мен емдеу әдістерін сынады. Галеннің көру, есту және сәуле шағылысына қатысты маңызды сын-пікірлер білдірген. Рази Гален пікіріне қарсы, көрі прцесін көзден жарқырайтын сәулемен емес, көзге шеткізетін шағылыстармен байланыстырды. Закария Рази медицина, фармакология, философия, астрономия және баска да ғылым салаларда 200-ден астам еңбек жазды. Олардың шамамен 100 томы ем мен дәрі-дәрмекті сипаттауға арналған. "Әл-Хави" және "Әл-Мансури" кітаптары – медицинаның екі маңызды ескерткіші саналады. "Әл-Хави" кітабында Рази төсек тартып қалған аурулар туралы өз байқауларын жазады. Аталмыш кітап медициналық энциклопедия болып саналады. Біздің заманымызға осы кітаптің араб тіліндегі түп нұсқасының жартысы жеткен. "Әл-Хави" кітабі теория және іс-жүзінде қолдану әдістері туралы екі бөлімге бөлініп, исламдық медициналық басқа мұраларға үлгі болды. Закария әл-Рази талай химиялық заттарды оқшаулаған, көптеген дәрілер ашқан, әрі көптеген лабораториялық құрылғылармен таныстырған. Разидің "Әл-Хави" кітабы 12 бөлімге бөлініп, әр бөлімінде әртүрлі медициналық мәселерді қарастырады. Тазалық пен ем; аурулар; сынықтар және оларды емдеу жолдары; бірнеше элементтерден тұратын дәрілер мен олардың ерекшеліктері және өсімдік дәрілер аталмыш кітапта қарастырылған кейбір мәселелер. "Әл-Хави" кітабынің тек дәрі-дәрмек өсімдіктері туралы бөлімінде шамамен 700 өсімдік қарастырылады. Бұл кітап мұсылман дәрігерлердің әртүрлі аурулар және оларды емдеу әдістерінде туралы маңызды рөл атқарды. "Әл-Мансури" кітабы – Разидің медицина ғылымындағы тағы бір маңызды мұраларының бірі. Бұл Еуропада басылып шыққан медицина саласындағы бірінші кітап. "Әл-Мансури" – қысқаша жазылған оқулық. Рази оны Рей басшысы саманиттер бекзадасы Абусалеһ Мансур бен Исхакқа арнап жазған. Разидың Медицина кітабы мұқаба беті. "Әл-Мансури" кітабы екі бөлімнен тұрады, адамның денесіндегі ерекшеліктер, дәрі-дәрмек әсері, денсаулық туралы, сондай-ақ жаралар мен құрт-құмырсқалардың улары, сондай-ақ, аурулардың топтары. Аталмыш кітап сан рет латын тілінде басылып шықты. Жерард Кармониоли осы кітапты басып шығарушылардың бірі, оның аудармасы 1510-ші жылы Италияда жарық көрді. Рази шешек пен қызылша туралы маңызды кітап жазды. "Шешек пен қызылша" деген Разидің кітабі осы ауруларға арналған ең көне маңызды кітап болып саналады. Рази шешек пен қызылшаны ажыратып, оларды екі жеке ауру ретінде таныстырған бірінші дәрігер. Аталмыш кітаб батыстықтарды таңқалдырды және олар оны көне медицинаның ең жақсы кітабы деп атады. Бұл кітап – мұсылмандардың медицина ғылымының дамуындағы маңызды ескерткіш саналады. Разидің бұл екі ауруға жасаған сипаттамалары және оларды емдеу әдістері осы кездегі зерттеулерге ұқсас. Медицина тарихының зерттеушілері, атап айтқанда Нуибургер "Медицина тарихы" кітабінда Разидің исламдық мәдениетке медицина саласындағы көптеген еңбек сіңіргеніне тоқталды. Ол: "Қай тұрғыдан қарасақ та, бұл кітап мұсылмандардың медицина саласындағы кітаптардың ең маңыздысы деп жазған. Разидің басқа еңбектеріне қарағанда "Шешек пен Қызылша" еңбегі дәрігерлер мен ғалымдардың көңілін көбірек аударды. Бұл кітабтің латың тіліндегі аудармасы 1498 – 1866 жылдар арасында шамамен 40 рет басылып шықты. Рази қуық пен бүйректегі тастар туралы зерттеулер жүргізді. Бұл зерттеулер кітап болып жинақталып, араб тілінен әртүрлі тілдерге, соның ішінде француз тіліне аударылды. Аталмыш кітап 1896 жылы Лондонда басылып шықты. Разидің келесі маңызды еңбегі – "Ман Лаяхзуруху әл-Табиб" деп аталады. Кедейлер емі деп танымал болған бұл кітапта дәрігерге қолы жетпейтін аурулар үшін ем жолдарын ұсынады.
04.12.2012 05:15 4394

Закария әл-Рази — әйгілі мұсылман дәрігері.

Иранның атақты дәрігері Абубакр Мұхаммад Закария Рази хижра-қамаридің 251-ші жылы шабан айының 1-ші жұлдызында қазіргі кезде Теһранның оңтүстігінде орналасқан Рей қаласында дүниеге келген. Рази дүниеге келген кезде Рей – гүлденген аймақ еді. Бұл қала мұсылмандардың ғылыми орталықтарының бірі болатын. Рази Рей қаласында математика, астрономия, әдебиет және медицина ғылымдары салаларында білім алуын жалғастырды. Ол медицинадан басқа химия, физика және философия салаларында құнды зерттеу жұмыстарын іске асырды. Ибн Усибахтың "Уюн әл-әнбия" кітабында: "Рази Бағдатқа келген кезде 30-дан асқан жігіт еді. Ол кішкентайынан ғылымға құштар болды. Ол медицина ғылымын есейген шағында оқыды, бұл саладағы оның ұстазы – Али ибн Раббан Табари еді,"- деп жазылған. Рази Бағдаттан Рейге оралған соң осы қаладаға аурухананың басшылығын өз міндетіне алды. Ол бұл ауруханада емдеумен қатар ынта білдіргендерге сабақ берді. "Әл-Хукама" кітабында: "Мұсылман ғалым және аурухананың дәрігері Рази Рей қаласының кейін Бағдат ауруханаларын басқарған,"- деп жазылған.

Кейбіреулер Разиді "мұсылмандар Галені" деп атайтын. Рази Ислам өркениетінің дамыған кезіндегі Авиценадан кейінгі ең үлкен дәрігер болып саналады. Ол шәкірттері мен ауруханасын жақсы көретін. Закария зағип болып қалғанша қолынан қалам мен кітапты тастамады. Разидің әсіресе медицина саласындағы нәтижелері өз зерттеулерінің жемісі еді. Тарихта Асадуле Дилами Бағдатта аурухана салу туралы шешім қабылдаған кезінде, атақты дәрігер Разиге аурухана салатын ең жақсы жерді табуды бұйырды. Тәжірибе ғылымының маманы болған Рази көмекшілерінің көмегімен қаланың әртүрлі жерлеріне шикі еттің бөліктерін іліп қояды, 24 сағаттан соң еттерді бір-бірімен салыстырады. Содан соң ет аз бүлінген жерде аурухана құрылысын бастауға рұқсат береді. Өнертапқыш дәрігер Рази алдын ала зерттемес бұрын, өзіне дейінгі дәрігерлердің білімдеріне сүйенбейтін. Ол Галеннің көзқарастары мен емдеу әдістерін сынады. Галеннің көру, есту және сәуле шағылысына қатысты маңызды сын-пікірлер білдірген. Рази Гален пікіріне қарсы, көрі прцесін көзден жарқырайтын сәулемен емес, көзге шеткізетін шағылыстармен байланыстырды.

Закария Рази медицина, фармакология, философия, астрономия және баска да ғылым салаларда 200-ден астам еңбек жазды. Олардың шамамен 100 томы ем мен дәрі-дәрмекті сипаттауға арналған. "Әл-Хави" және "Әл-Мансури" кітаптары – медицинаның екі маңызды ескерткіші саналады.

"Әл-Хави" кітабында Рази төсек тартып қалған аурулар туралы өз байқауларын жазады. Аталмыш кітап медициналық энциклопедия болып саналады. Біздің заманымызға осы кітаптің араб тіліндегі түп нұсқасының жартысы жеткен. "Әл-Хави" кітабі теория және іс-жүзінде қолдану әдістері туралы екі бөлімге бөлініп, исламдық медициналық басқа мұраларға үлгі болды.

Закария әл-Рази талай химиялық заттарды оқшаулаған, көптеген дәрілер ашқан, әрі көптеген лабораториялық құрылғылармен таныстырған.

Разидің "Әл-Хави" кітабы 12 бөлімге бөлініп, әр бөлімінде әртүрлі медициналық мәселерді қарастырады. Тазалық пен ем; аурулар; сынықтар және оларды емдеу жолдары; бірнеше элементтерден тұратын дәрілер мен олардың ерекшеліктері және өсімдік дәрілер аталмыш кітапта қарастырылған кейбір мәселелер. "Әл-Хави" кітабынің тек дәрі-дәрмек өсімдіктері туралы бөлімінде шамамен 700 өсімдік қарастырылады. Бұл кітап мұсылман дәрігерлердің әртүрлі аурулар және оларды емдеу әдістерінде туралы маңызды рөл атқарды. "Әл-Мансури" кітабы – Разидің медицина ғылымындағы тағы бір маңызды мұраларының бірі. Бұл Еуропада басылып шыққан медицина саласындағы бірінші кітап. "Әл-Мансури" – қысқаша жазылған оқулық. Рази оны Рей басшысы саманиттер бекзадасы Абусалеһ Мансур бен Исхакқа арнап жазған.

Разидың Медицина кітабы мұқаба беті.

"Әл-Мансури" кітабы екі бөлімнен тұрады, адамның денесіндегі ерекшеліктер, дәрі-дәрмек әсері, денсаулық туралы, сондай-ақ жаралар мен құрт-құмырсқалардың улары, сондай-ақ, аурулардың топтары. Аталмыш кітап сан рет латын тілінде басылып шықты. Жерард Кармониоли осы кітапты басып шығарушылардың бірі, оның аудармасы 1510-ші жылы Италияда жарық көрді. Рази шешек пен қызылша туралы маңызды кітап жазды. "Шешек пен қызылша" деген Разидің кітабі осы ауруларға арналған ең көне маңызды кітап болып саналады. Рази шешек пен қызылшаны ажыратып, оларды екі жеке ауру ретінде таныстырған бірінші дәрігер. Аталмыш кітаб батыстықтарды таңқалдырды және олар оны көне медицинаның ең жақсы кітабы деп атады. Бұл кітап – мұсылмандардың медицина ғылымының дамуындағы маңызды ескерткіш саналады. Разидің бұл екі ауруға жасаған сипаттамалары және оларды емдеу әдістері осы кездегі зерттеулерге ұқсас. Медицина тарихының зерттеушілері, атап айтқанда Нуибургер "Медицина тарихы" кітабінда Разидің исламдық мәдениетке медицина саласындағы көптеген еңбек сіңіргеніне тоқталды. Ол: "Қай тұрғыдан қарасақ та, бұл кітап мұсылмандардың медицина саласындағы кітаптардың ең маңыздысы деп жазған. Разидің басқа еңбектеріне қарағанда "Шешек пен Қызылша" еңбегі дәрігерлер мен ғалымдардың көңілін көбірек аударды. Бұл кітабтің латың тіліндегі аудармасы 1498 – 1866 жылдар арасында шамамен 40 рет басылып шықты. Рази қуық пен бүйректегі тастар туралы зерттеулер жүргізді. Бұл зерттеулер кітап болып жинақталып, араб тілінен әртүрлі тілдерге, соның ішінде француз тіліне аударылды. Аталмыш кітап 1896 жылы Лондонда басылып шықты. Разидің келесі маңызды еңбегі – "Ман Лаяхзуруху әл-Табиб" деп аталады. Кедейлер емі деп танымал болған бұл кітапта дәрігерге қолы жетпейтін аурулар үшін ем жолдарын ұсынады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға