Жаңалықтар

Көкшетау аласа таулы ұсақ шоқылық орманды және құрғақ дала провинциясы

Көкшетау аласа таулы ұсақ шоқылық орманды және құрғақ дала провинциясы – Сарыарқаның солт. бөлігіндегі аласа таулы жүйе. Провинция алуан түрлі жер бедерімен сипатталады. Ең биік жері – Көкше тауы, одан басқа жеке аласа таулар мен шоқылардан, төбелерден тұрады: Жақсы-Жалғызтай (769 м), Имантау (640 м). Суайрықты ұсақ шоқылар мен шоқыаралық денудац. жазықтар теңіз деңгейінен 300 – 450 м-ге, аккумулятивтік жазықтар 210 – 230 м-ге, кейбір жерлерде 300 м-ге дейін жоғарылай түседі. Жыртуға жарамды жерлердің барлығы игерілген. Жыртылмаған көлдің қазаншұңқырларындағы алаңдар, өзен жазықтары шабындық ретінде, ал суайрықты және өзенаралық ұсақ шоқылар, сортаң және сор топырақты жерлер жайылым ретінде қолданылады. Провинция аумағында үш табиғи облыс бар. Көкшетау аласа таулы орманды дала аймағы таулы және кәдімгі қара топырағымен ерекшелінеді. Облыс аумағында Есіл және Ертіс суайрықтары, гранит, гнейс, амфиболит, метаморфты қатпарлардан құралған Көкшетау қыраты орналасқан. Қыратта жаз кездерінде пайда болған бұлттардан жиі-жиі өткінші жаңбырлар жауып тұрады, бұл астықтан мол өнім алуға мүмкіндік береді. Қыратта сары түсті және орманды алқаптарда кездесетін қара топырақтарда қарағайлы және қарағайлы-қайыңды ормандар өседі, денудациядан пайда болған жазықтарда қара және кебір топырақтарда өскен көктеректі-қайыңды ормандар, алуантүрлі шөптесінді-қызылқаулы далалық алқаптармен алмасып жатады. Ормандар алқабымен қоршалған, таулы көлдер аймағы, курорттық белдемдер мен демалыс орындарының (мыс., Бурабай) дамуына үлкен әсерін тигізеді. Жер бедері жонды-жазықты, ол Есіл өз-нің жанама салалары тілімдеген денудац. жазықтықтан пайда болған. Өзенаралық тегіс жондар және жеке төбелі шоқылар жалпақ террасалы сулы аңғарлармен, көлбеулі делювиалды беткейлермен және кейде өзен бойы ұсақ шоқылармен алмасып отырады. Өсімдік жамылғысы негізінен алуантүрлі-шөптесінді-қызылқаулы-қаулы далалық алқапты құрайды. Далалық өңірдің біраз жері егін ш-на берілген. Көксеңгір жазықты-ұсақ шоқылы далалық алқап (оңт-ке тән қара топырағымен), Көкшетау орманды даласының солт.-шығыс және шығысында орналасқан. Бұл жерлердің абс. биікт. 200 – 300 м, ал ұсақшоқылы тауылы-тасты массивтерінің биікт. 340 – 450 м-ден аспайды. Мұнда ағынсыз дефляц. шұңқырлар өте көп. Аумақ негізінен палеозойдың шөгінді қабаттарынан, кейде протерозой метаморфты тау жыныстарынан, кварциттен және граниттерден тұрады.  
04.12.2012 05:14 7228

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға