Жаңалықтар

Бауырмалдық пен батырлық

  «Қызыл ту», 27 сентябрь 1969 жыл, № 118 Бауырмалдық пен батырлық дейтін ұғымдар - бұрын да, бүгінгі таңда да күн тәртібінен түспей келе жатқан күрделі мәселелер. Бұл ұғымдардың түптегі тарихтың терең түкпірлерінде: «Человек человеку - не волк...», «Пролетарии всех стран, соединяйтесь!», «Союз пролетариата с трудовым крестьянством», «Семья это есть маленькое государство», ...ынтымақты отбасы - қоғамның ұйытқысы. Қоғам содан құрылады, өседі, өнеді, көсегесі көгереді, т.б.қасиеттерді әр дәуірде, әр заманда жаңарта көтеріп келген марксизм - ленинизм даналығы екені даусыз. Оған тарихи дәлелдер мол. Бауырмалдық. Ынтымақ, бірлік деген түсінік - семья мүшелері әрқайсысы өз орындарын біле отырып, бір - бірін сыйлап, қадірлеп, бір - біріне қолынан келгенше жәрдемдесе біліп, бауырмалдануға жету... Осындай семьяда тәрбиеленген, «ұяда нені көрсең, ұшқанда соны аласың» дегендей, басқаларға бауырмал болуды өзіне парыз санайды. Адам тану, ел танып білудің де бастапқы негізгі арнасы осында жатыр. Семьяда өзімшілдік (эгоизм), көре алмастық (зависть), әйтпесе, менмендік (надменность - высокомерия), ұлттық артықшылық және діншілдік антогонизмдер жас ұрпақтың кең мағынада бауырмал, адал, ақниет болып қанаттануына аяқ - қолдарын, сана сезімдерін шідерлейтін кедергі, үлкен кесепат екені көбімізге тарихи мәлім. Үлкенді сыйламау, халықтың ізгі қасиет, салт - санасын жоғары тұта білмеушілікті атам заманнан көргенсіздік, тәрбиесіздік, жүгенсіздік деп санап келген. Тәрбиелі елдің ұлы - тәртіптің құлы. Тәрбиесіздік - тексіздік, тәртіпсіздік - бұзақылық. Олардан бауырмалдық күтуге болмайды. Бауырмалдықтың ең жоғары сатысы - халықаралық достық, интернационализм. Өз қадірін ұстай білмеген кісі, өзгенің қадірін білмейді Өз елінің қадірін білмеген, басқа елдің де қадірін білмейді. Шовинизм мен национализм, халық достығына от салатын пасықтық, ренжісу, араздасу, өкпелесу өмірде бола береді. Бірақ та ондай уақытша құбылыстарға, өштесуге, қиян - кескі қырғынға айналдырып жіберуге прогрестік қоғам жол бермеуі керек. Түсініссе, тіл табысса, көп келіспеушілікті жанжал, шатақсыз - ақ шешуге болатынына жеке адамдар арасында болсын, мемлекеттер арасында болсын мүмкіншіліктің мол екеніне тарихта дәлел көп. «Ерегіс ерді өлтіреді» деген сөз бекер айтылған емес. Тап жауымен ерегіспе деуден біз, әрине, аулақпыз. Неге десеңіз, еш уақытта марксизм тап жауымен ымыраға шақырған емес, империализм мен социализм арасында ешқандай ымыра болуы да мүмкін емес. Біздің қазіргі дәуірде дүние қарама - қарсы екі лагерьге бөлініп, бітіспес идеологиялық күрес жүргізуде, ал, саяси талас, тартысты империализмнің қарулы күшпен шешуге тырысқанын біздің ғасырдың бірінші жартысында өткізілген екі дүниежүзілік соғыстан көрдік. Әсіресе, соңғы соғыс адамзатқа өте ауыр тиді: бұл соғыста 50 миллион адам қаза тапты. Соғысқа жұмсалған қаражат шығыны 4 триллион сомға жетті. Бұл соғыстың жалынына (орбитасына) 61 мемлекет тартылып, 1 миллиард жеті жүз миллион адам шарпылды. Өткен соғыстың негізгі ауыртпалығы біздің Совет халқына түсті. Оған достарымыз да, дұшпандарымыз да куә. Оған тарихи дәлелдер куә. 1941 жылдың жазында фашистік Германия бес жарым миллион әскерін, елу мыңнан аса зеңбіректерімен (орудий), үш мың жеті жүз танктерімен, төрт мың тоғыз жүз елу самолеттерімен күтпеген жерден біздің батыс шекарамызға шабуыл жасап, батыс шекарада тұтқиылдан сұрапыл соғыс ашты... Соғыс ұзаққа, бірнеше жылдарға созылды. Біздің елде соғыс жалынына шарпылмаған бірде - бір семья жоқ. Түнде ұйқы, күндіз күлкі не майданда, не Отанымыздың тылында соғыс жылдары болған жоқ... Ол рас! Қан майданда, тылдағы қиыншылық жағдайда біздің лениндік партиямыздың ұлт саясатымен тәрбиеленген совет халықтары ынтымақтық, адал ниеттестік, ауыз бірлік, бауырмалдық сезімдерін жанмен де, қанмен де, термен де ғажайып ақтады, айқын дәлелдеді. Майданда да, тылда да жаппай батылдық, батырлық көрсетті. Оларға тарих куә. Фашистердің табан астында алты жыл бойы тапталып, езіліп, еркектері құл болып, әйелдері күң болып жатқан Европа халықтарының (Польша, Венгрия, Болгария, Румыния, т.б.) алдында біз интернационалдық - бауырмалдық парызымызды орындап, оларды азаптан азат еттік... Көптеген жылдары Япон империализмінің табанында қор боп жатқан Манчжурия мен Кореяны азат етіп, Японияның ең күшті Квантун армиясын жойып азат еттік... Ал, енді осы ұлы жеңіс бізге арзанға түскен жоқ. Оған дәлел мына фактылар: 1710 бұзылған қалаларымыз, 70000 өртенген, жанған селоларымыз, 32000 талқандалған өндіріс орындарымыз, 98000 колхоз, 1876 таланған совхоздарымыз, жиырма миллионнан аса майданда қыршын кеткен ерлеріміз.. Осындай шығын, осындай апат бір елге аз ба? Жоқ, өте көп. Біз оны ешқашан да ұмытпаймыз. Басқалар неге ұмытады?! Мао - Цзе - Дунизмнің қолшоқпарларының күнде біздің КПСС - ке жақпаған жалалары жоқ, «ревизионистер», «ренегаттар - опасыздар, бас жауымыз СССР» деген сияқты сандырақ сөздер айтып, Совет - Қытай шекарасында талай рет әртараптан Қарулы күшпен қол сұғып қан төгісуге дейін барғаны, сөйтіп, бандиттік арандатушылық әрекеттер істеп отырғаны әлемге аян. Біз ұлы Қытай халқымен, оларды басқарып отырған бір топ халықтан қол үзген үкімет басшыларын шатастырмай бір - бірінен ақылмен, бауырмалдық сезіммен ажырата білуіміз керек. Бұзылған басшылардың сойқан әрекетіне халық айыпты емес. Қытай басшылары өздерін «Біз анық марксистерміз» деп күнде даурығып, езеуреп айқайлайды. Онысы қып - қызыл өтірік, ешқандай ақылға сыймайтын нағыз жалғанның жалғаны. Марксизм - ленинизм бір топтың, бір ұлттың, бір рассаның үстемдік етуіне қашан да қарсы. Қытайлықтар марксизмді жаңартамыз деп лепіреді. Сондағысы мынау: Мао - Цзе - дунның ертеректегі еңбектерінің өзегі болып жататын «Салқын самал шығыстан еседі» деген мәтелі болушы еді. Бақсақ, оның төркіні Қытай дүниежүзіне үстемдік етуге тиіс деген великодержавный шовинизмге келіп саяды екен. Қазіргі Пекин билеушілерінің Мао идеясы деп жүргені де осы көрінеді. Бұл «теорияның» марксизмге үш қайнаса, сорпасы қосылмайды. Бұның аты нағыз қытайлық шовинизм десек, қателесуіміз мүмкін емес. Марксизм - саналы адамгершілікті, нағыз шын гуманизмді жоғары қоятын ғылым. Ал Қытайда жүргізіліп жатқан реакциялық қылмыскерлікті қалай марксизм дей аламыз? Марксизм - терең демократиялық ғылым. Ал, Қытайдағы бейбастық баскесерлерге, бұзықтарға сүйенген әскери бюрократтық диктатураны қалай марксизм дей аламыз? Марксизм - шынайы педагогика. Буыны қатпаған, санасы жетпеген талшыбықтай жаңа өспірім жастарды қалай исең, солай иіледі. Ол- табиғаттың өсу заңы. Солардың талшыбықтай иілетін жас мезгілін, балалықтарын теріс бағытпен, баскесерлік, бұзақылық, соқыр фанатизм жолдарымен тәрбиелеуді қалайынша марксизм деуге болады? Марксизм дүниежүзі халықтарының мәдениет, әдебиет, көркемөнер қорына қосқан үлестерін, ардақты, жақсы халық дәстүрлерін жоғары тұтып қадірлейді. Оған социалистік реализм тұрғысынан әділ баға береді. Ал, Қытайда жүргізіліп жатқан «Мәдени революцияның» атам заманнан адамзат даналығы жасаған асыл мұраларды (созданные веками челевеческим гением) қиратып өртеп, таптау ылаңын қалай марксизм дей аламыз? Атамұраны ақыреттеу адамгершілікке де, бауырмалдыққа да жатпайды. Орыс тілінде айтқанда оны кощунство дейді.   Бауырмалдық дегенде, мәселе мақсаттас адамның бірін - бірі орынды қадірлеп, сыйлай біліп, жаны ашығандықтан бір- біріне орынды кезде ақылгөй бола білуінде. Кемістіксіз адам болмайды, бүгінгі абайсызда істелген қатені «ақылгөйің» болса, ертең түзеуге болады. «Төртеу түгел болса, төбедегіні алады. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деген аталы сөздер бекер айтылған емес. Береке - бірлікте, бірлік - ынтымақта. Сын айтсаң, шын айт. Ақыл айтсаң, алдын ойлана айт. Әділ сын - ауызбірлік дәнекері. Ежелден ер тілегі - ел тілегі, Адал ұл ер боп туса, ел тірегі. Батырлық бауырмалдықтан шығады. Отан үшін отқа түс, күймейсің.   Человек- это звучит гордо,- дейді А.М.Горький. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар, қалан»,- дейді Абай. Жасқанып өскен жаумен жағаласуға жарамайды. Осы қасиеттер біздердің әр уақытта да естерімізде болуы керек. Біз монтаны пацифистер емеспіз. Біз - Совет азаматтары көп қиыншылықтарды басымыздан кешіріп, көпті көзімізбен өткерген озат халықтың, батыр халықтың біріміз. Бізбен әзілдесуге болады, бірақ та бізді келемеждеп кекіре кекетуге, маңғаздана менсінбеуге болмайды. Батылдық, батырлық - күрделі тақырып, оны біз мына статьяға толығымен ендіре алмадық. Сол себепті оқырмандардың алдында кешірім сұраймыз. Ерлік еңбек, әділеттілік, адамгершілік, патриотизм, бауырмалдық, батырлық - біздің ата дәстүріміз, асыл салтымыз. Біз - Советтер Одағының азаматтарымыз. Біздің Отан - ұлы социалистік держава.      
04.12.2012 05:14 11729

 

«Қызыл ту», 27 сентябрь 1969 жыл, № 118

Бауырмалдық пен батырлық дейтін ұғымдар - бұрын да, бүгінгі таңда да күн тәртібінен түспей келе жатқан күрделі мәселелер.

Бұл ұғымдардың түптегі тарихтың терең түкпірлерінде: «Человек человеку - не волк...», «Пролетарии всех стран, соединяйтесь!», «Союз пролетариата с трудовым крестьянством», «Семья это есть маленькое государство», ...ынтымақты отбасы - қоғамның ұйытқысы. Қоғам содан құрылады, өседі, өнеді, көсегесі көгереді, т.б.қасиеттерді әр дәуірде, әр заманда жаңарта көтеріп келген марксизм - ленинизм даналығы екені даусыз. Оған тарихи дәлелдер мол.

Бауырмалдық. Ынтымақ, бірлік деген түсінік - семья мүшелері әрқайсысы өз орындарын біле отырып, бір - бірін сыйлап, қадірлеп, бір - біріне қолынан келгенше жәрдемдесе біліп, бауырмалдануға жету... Осындай семьяда тәрбиеленген, «ұяда нені көрсең, ұшқанда соны аласың» дегендей, басқаларға бауырмал болуды өзіне парыз санайды. Адам тану, ел танып білудің де бастапқы негізгі арнасы осында жатыр.

Семьяда өзімшілдік (эгоизм), көре алмастық (зависть), әйтпесе, менмендік (надменность - высокомерия), ұлттық артықшылық және діншілдік антогонизмдер жас ұрпақтың кең мағынада бауырмал, адал, ақниет болып қанаттануына аяқ - қолдарын, сана сезімдерін шідерлейтін кедергі, үлкен кесепат екені көбімізге тарихи мәлім.

Үлкенді сыйламау, халықтың ізгі қасиет, салт - санасын жоғары тұта білмеушілікті атам заманнан көргенсіздік, тәрбиесіздік, жүгенсіздік деп санап келген. Тәрбиелі елдің ұлы - тәртіптің құлы.

Тәрбиесіздік - тексіздік, тәртіпсіздік - бұзақылық. Олардан бауырмалдық күтуге болмайды.

Бауырмалдықтың ең жоғары сатысы - халықаралық достық, интернационализм. Өз қадірін ұстай білмеген кісі, өзгенің қадірін білмейді Өз елінің қадірін білмеген, басқа елдің де қадірін білмейді. Шовинизм мен национализм, халық достығына от салатын пасықтық, ренжісу, араздасу, өкпелесу өмірде бола береді. Бірақ та ондай уақытша құбылыстарға, өштесуге, қиян - кескі қырғынға айналдырып жіберуге прогрестік қоғам жол бермеуі керек. Түсініссе, тіл табысса, көп келіспеушілікті жанжал, шатақсыз - ақ шешуге болатынына жеке адамдар арасында болсын, мемлекеттер арасында болсын мүмкіншіліктің мол екеніне тарихта дәлел көп.

«Ерегіс ерді өлтіреді» деген сөз бекер айтылған емес. Тап жауымен ерегіспе деуден біз, әрине, аулақпыз. Неге десеңіз, еш уақытта марксизм тап жауымен ымыраға шақырған емес, империализм мен социализм арасында ешқандай ымыра болуы да мүмкін емес.

Біздің қазіргі дәуірде дүние қарама - қарсы екі лагерьге бөлініп, бітіспес идеологиялық күрес жүргізуде, ал, саяси талас, тартысты империализмнің қарулы күшпен шешуге тырысқанын біздің ғасырдың бірінші жартысында өткізілген екі дүниежүзілік соғыстан көрдік. Әсіресе, соңғы соғыс адамзатқа өте ауыр тиді: бұл соғыста 50 миллион адам қаза тапты. Соғысқа жұмсалған қаражат шығыны 4 триллион сомға жетті. Бұл соғыстың жалынына (орбитасына) 61 мемлекет тартылып, 1 миллиард жеті жүз миллион адам шарпылды.

Өткен соғыстың негізгі ауыртпалығы біздің Совет халқына түсті. Оған достарымыз да, дұшпандарымыз да куә. Оған тарихи дәлелдер куә.

1941 жылдың жазында фашистік Германия бес жарым миллион әскерін, елу мыңнан аса зеңбіректерімен (орудий), үш мың жеті жүз танктерімен, төрт мың тоғыз жүз елу самолеттерімен күтпеген жерден біздің батыс шекарамызға шабуыл жасап, батыс шекарада тұтқиылдан сұрапыл соғыс ашты...

Соғыс ұзаққа, бірнеше жылдарға созылды. Біздің елде соғыс жалынына шарпылмаған бірде - бір семья жоқ. Түнде ұйқы, күндіз күлкі не майданда, не Отанымыздың тылында соғыс жылдары болған жоқ... Ол рас!

Қан майданда, тылдағы қиыншылық жағдайда біздің лениндік партиямыздың ұлт саясатымен тәрбиеленген совет халықтары ынтымақтық, адал ниеттестік, ауыз бірлік, бауырмалдық сезімдерін жанмен де, қанмен де, термен де ғажайып ақтады, айқын дәлелдеді. Майданда да, тылда да жаппай батылдық, батырлық көрсетті. Оларға тарих куә.

Фашистердің табан астында алты жыл бойы тапталып, езіліп, еркектері құл болып, әйелдері күң болып жатқан Европа халықтарының (Польша, Венгрия, Болгария, Румыния, т.б.) алдында біз интернационалдық - бауырмалдық парызымызды орындап, оларды азаптан азат еттік...

Көптеген жылдары Япон империализмінің табанында қор боп жатқан Манчжурия мен Кореяны азат етіп, Японияның ең күшті Квантун армиясын жойып азат еттік...

Ал, енді осы ұлы жеңіс бізге арзанға түскен жоқ. Оған дәлел мына фактылар: 1710 бұзылған қалаларымыз, 70000 өртенген, жанған селоларымыз, 32000 талқандалған өндіріс орындарымыз, 98000 колхоз, 1876 таланған совхоздарымыз, жиырма миллионнан аса майданда қыршын кеткен ерлеріміз.. Осындай шығын, осындай апат бір елге аз ба? Жоқ, өте көп. Біз оны ешқашан да ұмытпаймыз. Басқалар неге ұмытады?!

Мао - Цзе - Дунизмнің қолшоқпарларының күнде біздің КПСС - ке жақпаған жалалары жоқ, «ревизионистер», «ренегаттар - опасыздар, бас жауымыз СССР» деген сияқты сандырақ сөздер айтып, Совет - Қытай шекарасында талай рет әртараптан Қарулы күшпен қол сұғып қан төгісуге дейін барғаны, сөйтіп, бандиттік арандатушылық әрекеттер істеп отырғаны әлемге аян. Біз ұлы Қытай халқымен, оларды басқарып отырған бір топ халықтан қол үзген үкімет басшыларын шатастырмай бір - бірінен ақылмен, бауырмалдық сезіммен ажырата білуіміз керек. Бұзылған басшылардың сойқан әрекетіне халық айыпты емес.

Қытай басшылары өздерін «Біз анық марксистерміз» деп күнде даурығып, езеуреп айқайлайды. Онысы қып - қызыл өтірік, ешқандай ақылға сыймайтын нағыз жалғанның жалғаны.

Марксизм - ленинизм бір топтың, бір ұлттың, бір рассаның үстемдік етуіне қашан да қарсы. Қытайлықтар марксизмді жаңартамыз деп лепіреді. Сондағысы мынау: Мао - Цзе - дунның ертеректегі еңбектерінің өзегі болып жататын «Салқын самал шығыстан еседі» деген мәтелі болушы еді. Бақсақ, оның төркіні Қытай дүниежүзіне үстемдік етуге тиіс деген великодержавный шовинизмге келіп саяды екен. Қазіргі Пекин билеушілерінің Мао идеясы деп жүргені де осы көрінеді.

Бұл «теорияның» марксизмге үш қайнаса, сорпасы қосылмайды. Бұның аты нағыз қытайлық шовинизм десек, қателесуіміз мүмкін емес. Марксизм - саналы адамгершілікті, нағыз шын гуманизмді жоғары қоятын ғылым. Ал Қытайда жүргізіліп жатқан реакциялық қылмыскерлікті қалай марксизм дей аламыз? Марксизм - терең демократиялық ғылым. Ал, Қытайдағы бейбастық баскесерлерге, бұзықтарға сүйенген әскери бюрократтық диктатураны қалай марксизм дей аламыз? Марксизм - шынайы педагогика. Буыны қатпаған, санасы жетпеген талшыбықтай жаңа өспірім жастарды қалай исең, солай иіледі. Ол- табиғаттың өсу заңы. Солардың талшыбықтай иілетін жас мезгілін, балалықтарын теріс бағытпен, баскесерлік, бұзақылық, соқыр фанатизм жолдарымен тәрбиелеуді қалайынша марксизм деуге болады? Марксизм дүниежүзі халықтарының мәдениет, әдебиет, көркемөнер қорына қосқан үлестерін, ардақты, жақсы халық дәстүрлерін жоғары тұтып қадірлейді. Оған социалистік реализм тұрғысынан әділ баға береді. Ал, Қытайда жүргізіліп жатқан «Мәдени революцияның» атам заманнан адамзат даналығы жасаған асыл мұраларды (созданные веками челевеческим гением) қиратып өртеп, таптау ылаңын қалай марксизм дей аламыз? Атамұраны ақыреттеу адамгершілікке де, бауырмалдыққа да жатпайды. Орыс тілінде айтқанда оны кощунство дейді.

 

Бауырмалдық дегенде, мәселе мақсаттас адамның бірін - бірі орынды қадірлеп, сыйлай біліп, жаны ашығандықтан бір- біріне орынды кезде ақылгөй бола білуінде. Кемістіксіз адам болмайды, бүгінгі абайсызда істелген қатені «ақылгөйің» болса, ертең түзеуге болады.

«Төртеу түгел болса, төбедегіні алады. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деген аталы сөздер бекер айтылған емес. Береке - бірлікте, бірлік - ынтымақта.

Сын айтсаң, шын айт. Ақыл айтсаң, алдын ойлана айт. Әділ сын - ауызбірлік дәнекері.

Ежелден ер тілегі - ел тілегі,

Адал ұл ер боп туса, ел тірегі.

Батырлық бауырмалдықтан шығады.

Отан үшін отқа түс, күймейсің.

 

Человек- это звучит гордо,- дейді А.М.Горький. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар, қалан»,- дейді Абай. Жасқанып өскен жаумен жағаласуға жарамайды. Осы қасиеттер біздердің әр уақытта да естерімізде болуы керек.

Біз монтаны пацифистер емеспіз. Біз - Совет азаматтары көп қиыншылықтарды басымыздан кешіріп, көпті көзімізбен өткерген озат халықтың, батыр халықтың біріміз. Бізбен әзілдесуге болады, бірақ та бізді келемеждеп кекіре кекетуге, маңғаздана менсінбеуге болмайды. Батылдық, батырлық - күрделі тақырып, оны біз мына статьяға толығымен ендіре алмадық. Сол себепті оқырмандардың алдында кешірім сұраймыз.

Ерлік еңбек, әділеттілік, адамгершілік, патриотизм, бауырмалдық, батырлық - біздің ата дәстүріміз, асыл салтымыз.

Біз - Советтер Одағының азаматтарымыз. Біздің Отан - ұлы социалистік держава.

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға