Жаңалықтар

Қазан революциясы және Азамат соғысы тарихының зерттелуі

Қазақстандық тарих ғылымының пайда болуы мен қалыптасуы XX ғасырдың 20-жылдарындағы ұлттық кеңестік мемлекеттің дүниеге келуі және қазақстандық партия ұйымдарының құрылуы секілді нақты оқиғалармен тығыз байланысты. Жоғарыда аталған оқиғалардың баршасы І.М. Қозыбаевтың «Қазақстан тарихнамасы: тарих тағылымдары» (А., 1990) деп аталатын жұмысында егжей-тегжейлі қарастырылды. Республиканың ғылыми саласы ұйымдық құрылысының негізгі кезеңдері мен формаларын атап өтейік. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің (ХКК) 1920 жылғы 21 қыркүйектегі қаулысымен Ағарту халық комиссариатының жанынан, одан соң 1921 жылдың 1 желтоқсанынан РК(б)П ОК жанынан бөлім құқығында құрылған «Истпарт» (Қазан төңкерісі тарихы және Коммунистік партия тарихы жөнінгі материалдарды жинау мен зерттеуге арналған комиссия) деп аталған құрылым Қазақстандағы қоғамдық ғылымдар бойынша алғашқы ғылыми мекеме болды. Қазақ өлкесінде алғашқылардың бірі болып, 1921 жылдың 24 қарашасында құрылған Семей истпарты қызмет ете бастады. Ал 1924 жылға қарай губерниялық партия тарихы мекемелері Ақмола, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей, Жетісу губернияларында іске қосылды. Осымен бір уақытта сол кезде Түркістан АКСР-інің құрамына енген Қазақстан аудандары аумағындағы революцилық қозғалыс тарихын Түркістан партия тарихы мекемесі зерттеді. Сондай-ақ аталған мәселені зерттеу ісіне Сібір, Омбы және басқа да шекаралас аймақтардағы осы секілді комиссиялар өз үлестерін қосты. 20-жылдары, бұрынғыша, ғылыми-зерттеу жұмыстарын Ғылым академиясының мекемелері жүргізді. Алайда бұрынғы жылдардағыға қарағанда бұл жұмыс неғұрлым кең ауқымды әрі мақсатты сипатқа ие болды. Мұндай ғылыми мекемелердің ішінен қазақтардың саны мен орналасуын зерттеумен айналысатын Ресейдің ұлттық кұрылымын зерттеу комиссиясының Түркістан және Сібір бөлімдерін; КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы антропологиялық отрядын; Материалдық мәдениет тарихы мемлекеттік академиясын; Шығыс мәдениеті, антропология мен этнография мұражайларын ерекше атауға болады. Бұл кезде, ең ірі бөлімі тарихи-этнографиялық бағытта жұмыс істеген Қазақстанды зерттеу қоғамының қызметі есіп, тереңдей түсті. Қоғамтану бағытындағы жұмыстарды партия тарихы мекемелерімен бірге, КазКСР Халық ағарту комиссариатының ғылыми, ағарту және көркемдік саладағы қызметіне басшылық ететін академиялық орталығы да үйлестіріп отырды. Сөйтіп XX ғасырдың 20-жылдары қазақ өлкесінің тарихын зерттеудің ғылыми және ғылыми-ұйымдық ұстанымдарының негізі салынды. Бұл үрдістін айқын түрдегі таптық-идеологиялық, партиялық сипаты болды, себебі Қазақстанда партия ұйымдарын құрумен тығыз байланыста жүргізілді. Дәл осы фактор тарих көріністерін таңдауда, жекелеген тарихи тұлғалардың және тұтас оқиғалар мен құбылыстардың КСРО ыдырағанға дейінгі кезеңдердегі рөлі мен мәнін бағалауда айқындаушы маңызға ие болды. Сондықтан алғашқы тарихи жұмыстар Қазақстан аумағындағы революциялық проблемаларға, Азамат соғысы тарихына арналды. 20-30-жылдардағы басылымдарда, кейіннен партия және кеңес органдарының көрнекті қызметкерлері болған, Азамат соғысы мен Кеңес өкіметі үшін күрестің белсенді қатысушыларының қаламынан туған мемуарлық сипаттағы материалдардың үлесі орасан зор болды. Бұл авторлардың жарияланымдарында 1917 жылдың қарсаңындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай, тұрғындардың әр алуан жіктерінің 1917 жылғы екі төңкеріске қарым-қатынасы, 1918-1920 жылдардағы «қызылдар» мен «ақтардың» қарулы қақтығыстары туралы зерттеушілердің қалың ортасына көп белгілі емес, қызықты материалдардың болуымен құнды, сондай-ақ «Пролетариат диктатурасы» мемлекетінің органы ретіндегі жергілікті Кенестердін калыптасу үрдісі туралы мәліметтер келтірілген. Сонымен катар ол жарияланымдарда, орталықтағы Казан төнкерісінің женісі және Ресейдің ұлттық шет аймақтарында, соның ішінде Қазақстанда да Кенес өкіметін орнату еңбекшілердің түпкілікті мүдделеріне жауап беретін занды кұбылыс екендігі және сондықтан да Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінін және олардың жақтастарының коммунистік идеология мен Кеңес өкіметінің нақты іс-қимылдарына қарсы бағытталған теориялық көзқарастары мен практикалық іс-шаралары халыққа және революцияға қарсы әрекет болып табылатындығы жайындағы тезисті дәлелдеуге талпыныс жасалған. Ал дәл осы орайдағы мәселені А. Байтұрсынов пен бірқатар Алашорда көсемдері басқаша пайымдады. Мәселен, А. Байтұрсынов өзінің РКФСР Халық Комиссариатының Ұлттар ісі жөніндегі органы «Жизнь национальностей» басылымында жарияланған (1919 жыл, 3 тамыз) «Революция және қазақтар» деген мақаласында: «Қырғыздарға (қазақтарға. - авт.) Ақпан революциясы қандай түсінікті болған болса, оларға Қазан революциясы соншалықты түсініксіз болып көрінді... Олар алғашқы революцияны қандай куанышпен қарсы алған болса, екіншісін сондайлық үрейлі қорқынышпен карсы алуларына тура келді», — деп жазды. Мұны ол Ақпан революция қазақтарды «патша үкіметінің езгісі мен зорлық-зомбылығынан азат етті, - деп түсіндіреді, - және... олардың өздерін дербес баскару жөніндегі қасиетті арманын жүзеге асыруға деген үміттерін орнықтырды. Ал екінші революцияның кырғыздарға түсініксіз болатын себебі қарапайым ғана шындықпен түсіндіріледі: қазақтарда капитализм де, таптық жіктеліс те жоқ тіпті оларда меншіктің өзі де басқа халықтардағыдай айқын анықталмаған, көптеген тұтыну бұйымдары оларда қоғамдық меншік болып саналады». Бірақ мұндай пікірлер мен көзқарастар Қазан революциясы мен 20-30-жылдардағы Азамат соғысы тарихнамасында озық идея бола қойған жоқ және бұл жағдай 80-жылдардың соңына дейін жалғасты. 20-30-жылдар мақалаларының барлығының, өзінің мазмұны мен тарихи оқиғаларды қамтуы жағынан маңыздылығы бірдей емес еді. Олардың көпшілігі Қазақстанның жекелеген, жергілікті аудандарына немесе Азамат соғысы мен Кеңес өкіметінің және оның Қазақстанда орнығу үрдісінің жекелеген оқиғаларына арналды. Өз кезінде Т.Е. Елеуовтің дұрыс көрсеткеніндей, 20-жылдар әдебиеті кемшіліктерінің бірі деректемелік негізінін әлсіздігі еді. Ол кезде Қазан революциясы мен Азамат соғысының құжаттары жарияланбады. Kөп жағдайда зерттеушілер өз қорытындыларын революция мен Азамат соғысының даму үрдісін сипаттайтын фактілердін бүкіл жиынтығын есепке алмай, сол тұста қол жетерлік болған жекелеген деректерге негізделіп шығаруға мәжбүр болды. Қазан революциясы мен Қазақстандағы азамат соғысының тарихын зерттеу жұмыстары белгілі бір деңгейде 40-50-жылдары жандана түсті, әсіресе ол Отан соғысынан кейін мақсатты іске айналды . 1943 және 1949 жылдары жарық көрген Қазақстан тарихы жөніндегі жалпы тұжырымдар жасалған жұмыстарда, сондай-ақ «Қазақ КСР тарихы (социализм дәуірі)» кітабының екінші томында өлкеде Кеңес өкіметі мен Азамат соғысы женісінің барысын көрсетуге арналған арнаулы тараулар болды. 1917-1920 жылдардағы Қазақстан тарихы бойынша құжаттар мен материалдар жинақтары шыға бастады. Қазақстанның әр түрлі аймақтарында Кеңес өкіметінің орнау тарихы және олардағы Азамат соғысының барысы, сондай-ақ бұл үрдістердің ерекшеліктері зерттелді. Революция мен аграрлық-шаруа қожалығы мәселесінің байланысын ашатын және қазақ ауылын кеңестендіру проблемаларына арналған алғашқы жұмыстар пайда болды. 40-50-жылдар проблемасы бойынша басылып шыққан жұмыстардың көпшілігі шолу сипатында және негізінен журнал мен газет мақалалары түрінде басылды, оларда талдау мен жалпы қорытындылар аз, деректік негізі әлсіз болды. Мұрағаттық дереккөздер, бірінші кезекте қазақ тіліндегі мерзімдік баспасөз материалдары жеткіліксіз пайдаланылды (дұрысында, мүлде пайдаланылмады). Сондықтан 1917-1920 жылдар кезеңіндегі Қазақстан тарихының көптеген беттері Ресейдің орталық аудандарындағы Қазан революциясы мен Азамат соғысы оқиғаларын суреттеу сұлбасына сәйкес, жергілікті (қазақстандық-түркістандық) ерекшеліктер ескерілмей жазылды. Қазақстан мен Орта Азия тарихшылары 60-80-жылдары екі революция мен Азамат соғысы тарихын зерттеуде елеулі табыстарға қол жеткізді. Бұл уақытта көптеген мақалалармен бірге, Қазақстандағы және тұтастай алғанда қазақстандық-түркістандық аймақтағы революция мен азаматтық қарсыласу тарихының манызды мәселелерін зерттеген байыпты монографиялық жұмыстар да жарық көрді. Бұл тұста С.Н. Покровскийдің, Т.Е. Елеуовтің, П.М. Пахмурныйдың, В.К. Григорьевтің, А.С. Елагиннің, К. Нұрпейісовтің, С.З. Зимановтың монографияларын, Қазақстан мен Орта Азия тарихшыларының ұжымдық еңбектерін   атауға болады. Т.Е. Елеуовтін кітабы — тұтастай алғанда Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы мен ірге бекітуінің күрделі де қарама-қайшы үрдісін республика тарихнамасында тұңғыш рет зерттеген қордалы еңбек. С.Н. Покровскийдін, П.М. Пахмурныйдың, В.К. Григорьевтің, А.С. Елагиннің К. Нүрпейісовтің монографияларында Жетісуда және тұтастай алғанда Қазақстанда Кеңес өкіметінің жеңісі жолындағы күрес картинасы берілген, 1918-1920 жылдардағы Азамат соғысы мен партизандық қозғалыс тарихының маңызды аспектілері айқындалған, Кеңес өкіметінің өлкедегі әлеуметтік саясатынын алғашқы қадамдары көрсетілген. Кеңестік құрылыстың кала мен ауылдық-селолық мекендердегі ерекшеліктері ашылған, қазақ кеңес мемлекеттігін құрудың теориялық және практикалық аспектілері зерттелген. КСРО ҒА ғылыми кеңесі мен оның Орта Азия және Қазақстан жөніндегі секциясы дайындаған «Кеңес өкіметінің Орта Азия мен Қазақстандағы жеңісі» атты ұжымдық монографиясында, «Ұлы Қазан социалистік революциясы» кешенді проблемасы бойынша, Орта азиялық-Қазақстандық аймақтың әр түрлі ұлттық аудандарындағы оқиғалар олардың әкімшілік-аумақтық бөлінісі желісімен синхронды баяндалған. Проблемаларды зерттеудің құжаттық негіздері кеңейді: құжаттар мен материалдар жинақтары, сол жылдар оқиғаларының жылнамалары, Қазақстандағы Кеңес өкіметі үшін күрес пен Азамат соғысына қатысушылардың естеліктері басылып шықты. Қазақстандағы Кеңес өкіметі үшін күреске белсенді қатысушылар туралы, 50-жылдары жарық көре бастаған кітапшалар сериясын жариялау жалғасты. Мәскеудегі «Молодая гвардия» баспасынан Т. Кәкішевтің «Сәкен Сейфуллин» деп аталатын кітабы жарық көрді 60-70-жылдар проблемаларын зерттеу нәтижелері «Қазақ КСР тарихының» 4-томында (Бес томдық. Авторлары: К. Нүрпейісов, С.Н. Покровский, А.С. Елагин) төрт монографиялық тарау түрінде жарияланды. Объективті және субъективті себептерге (80-жылдар ортасында басталған қайта құру барысынын қарама-қайшылықтығы, қоғамдық өмірді демократияландыру мен және Кеңес кезеңіндегі тарихты бағалауға қатысты көзқарастардың өзгеруімен жалғасқан кеңестік саяси өмірді реформалау) байланысты 80-жылдары, тұтастай алғанда біздің тарихымыздың Қазан төңкерісінен кейінгі дәуірін, оның ішінде Қазан революциясы мен Азамат соғысы тарихының проблемаларын да зерттеуге және оқып үйренуге деген ынта-ықылас шұғыл төмендеп кетті. 80-жылдары «Қазақстандағы Қазан революциясы» тақырыбымен жарияланған аз ғана басылымдардың бірі К. Нұрпейісовтің монографиясы. болып табылады, онда автор Қазақстандағы қосөкіметтіктің ерекшеліктері, Қазақстандағы Кеңестердің көтеріліс органдарына айналуының қарама-қайшы үрдісіндегі жалпы (бүкілресейлік) мен жекенің (қазақстандық) арақатысы, ал одан кейін мемлекеттік билік пен басқару органдарына айналуы мен олардың шаруашылық және мәдени құрылыстың бастапқы кезеңіндегі нақты қызметі секілді проблемалар көріністеріне неғүрлым терең талдау жасауға басты назар аударды. Автор, пікір айтушылардың атап өткеніндей, өлкенің облыстық және уездік кеңестері атқару комитеттерінінң құрылымына, оны жетілдіру бағытындағы жұмыстарға, негізгі бөлімдердің қызметтік міндеттеріне мұкият талдау жасады, атқарушы аппараттардың құрылымындағы жергілікті ерекшеліктерді бөліп карастырды, жаңа сот жүйесін қалыптастырудың бастапқы кезеңдерін көрсетті. Осы орайда, 60-80-жылдар әдебиеттерінің барлығы да, оның алдындағы кезеңдердегідей, негізінен, Ұлы Қазан социалистік төңкерісі XX ғасырдың басты оқиғасы болып табылады деген тезисті дәлелдеуге қызмет етті. Оларда Кеңестер билігі үшін күрес Ресей жұмысшы табы мен В.И. Ленин жетекшілік ететін большевиктік партияның бастауымен жүзеге асқан Қазан социалистік төнкерісінің құрамдас бөлігі ретінде дамығандығы және жеңгендігі жөніндегі пікір тұжырымдалды. Сондай-ақ Қазақстандағы 1918-1920 жылдары өткен қарулы күрес, Кеңестік Ресейге шетелдік империалистер мен Қазан революциясының жеңісі нәтижесінде құлатылған қанаушы таптар тарапынан таңылған Азамат соғысының ерекше құрамды бөлігі болды деген тезис те тиянақталды. 60-80-жылдар тарихнамасы Қазақстандағы 1917-1920 жылдар оқиғаларына талдау жасау мен оларға баға беруде, олкедегі революция мен Азамат соғысы тарихы мәселелерін зерттеуде, коммунистік идеология мен таптық көзқарастар басымдылығы ең айқын белгілері болып табылатын, лениндік партиялық тұжырымдаманы басшылыққа алды. Кеңестік кезенде аталған проблема бойынша тарихи білімдердің қордалану үрдісі бірқатар тарихи еңбектердің пайда болуына жағдай жасады. Алайда бұл салада қазақстандық зерттеулердің бүкілодақтықпен салыстырғанда едәуір артта қалғандығын атап өту керек. Тұтастай алғанда КСРО-дағы Қазан революциясы мен Азамат соғысы тарихнамасының мәселелері, ұзақ жылдар бойы академик И.И. Минц тұрақты жетекшілік еткен КСРО ҒА-ның «Ұлы Қазан социалистік революциясының тарихы» кешенді проблемасы жөніндегі ғылыми көнесіне топтасқан бірқатар ғалымдардың жұмыстарында, сондай-ақ КОКПОК жанындағы Марксизм-ленинизм институты қызметкерлерінің енбектерінде нақты көрініс тапты. Қазан революциясы мен Азамат соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихнамасының проблемалары жайлы бірқатар арнайы зерттеулер жүргізілді. 3. А. Алдамжаровтың монографиясы. осылардың бірі болып табылады. Бұл еңбек аталған проблема бойынша 1918-1982 жылдары жарияланған жұмыстардың үлкен бөлігін зерттеу, жалпылау және оларға сыни талдаулар жасау негізінде жазылан. Онда маркстік-лениндік әдіснама шеңберінде, өлкеде Кеңес окіметін орнату мен нығайту тарихын танып білудегі бірізділік, Қазақстан аумағында жаңа қоғамдық кұрылыстың тууы туралы білімнің үздіксіз өсуі бейнеленген. Г.Ф. Дахшлейгердің, С. Бейсембаевтың, П.М. Пахмурныйдың және В.К. Григорьевтің монографияларында «В.И. Ленин және Қазақстандағы Қазан революциясы» тақырыбына, сондай-ақ Кеңес өкіметінің жеңісі жолындағы бұкара халықтың күресіне партиялық басшылық мәселесіне арналған әдебиеттерге тарихнамалық талдаулар жасалды. С.М. Кенжебаевтың, С.З. Зимановтың, К. Нүрпейісовтін тағы басқалардың зерттеулерінде кеңестік және 1917—1920 жылдардағы Қазақстандағы ұлттық-мемлекеггік кұрылыстың жекелеген тарихнамалық және дереккөздік проблемалары қарастырылды. Қазақстанда Кеңес билігін орнату мен нығайту проблемаларын тарихнамалық тұрғыдан зерттеумен салыстыра карағанда, өлкедегі Азамат соғысынын тарихнамасы арнайы зерттелген жоқ. С.Н. Покровскийдің, А.С. Елагиннің монографияларының кіріспе тарауларында, Ә.С. Тәкеновтің, В.К. Григорьевтің жекелеген жұмыстарында 1918—20 жылдардағы азамат соғысы жөніндегі әдебиеттерге тарихнамалық шолулар беріледі. Қазақстандағы партизандық қозғалыстар туралы монографияның авторы П.М. Пахмурный өзінің кітабының бірінші тарауын «Қазақстандағы партизандық қозғалыс тарихнамасының кейбір мәселелері» деп атап, мұнда ол бұл мәселенің тарихы бойынша 1965 жылға дейін жарияланған жұмыстарды талдау мен оларға баға беруге байланысты сәтті талпыныстар жасады. Өкінішке орай, 60-жылдардың екінші жартысынан бастап республикада мұндай жұмыстар іс жүзінде жүргізілген жоқ, мұны өлкедегі партизандық қозғалыстар тарихы туралы байыпты зерттеулердің болмағандығымен, ал барлары өзінің саны мен мазмұны жағынан тарихнамалық жалпы қорытындылар жасауға жарамағандығымен түсіндіруге болады. 1917 жылғы революция мен одан кейінгі Азамат соғысының тарихын зерттеудегі бетбұрыс, кеңес кезеңі тарихының басқа проблемаларындағыдай, КСРО-дағы демократиялық үрдістердің әсерімен зерттеушілер оқиғаларға кешенді және объективті талдау жүргізудің мүмкіндігін алған 80-90-жылдар соңында жасалды. Бұл кезең отандық тарихтың қандай да бір кұбылыстарын түсіндіруде партиялық-таптық ұстанымдардан бас тартуға негізделген жаңа тұғырнамалық сипаттағы зерттеулердің өмірге келуімен ерекшеленеді. Мәселен, проблемаларды тарихнамалық және дереккөздік негізде зерттеуге М.К. Қозыбаев пен І.М. Қозыбаевтар айтарлықтай үлес қосты. Өз жұмыстарында М.К. Қозыбаев, басқа да мәселелермен қатар, зерттеушілер назарын «біздің саяси доктринаға көзқарасымызды үшінші дүние елдерінің отаршылдыққа қарсы күресінің құрамында» және Алаш партиясының нақты іс-әрекеттері негізінде анықтау қажеттілігіне аударды. І.М. Қозыбаев өзінің кітаптарында Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанның тарих ғылымы басып өткен жолды жаңаша түсіндіруге тырысты. Бұл ретте автор тарихи оқиғалар желісін нақты тарихи жағдайлармен өзара байланыста қарастырады, тарих ғылымы мен саясаттың өзара ықпалдастық сипатын ашады, қоғамдық ғылымдардың тежелу тетігінің туындау себептерін және оның көрініс табу түрлерін талдай отырып, ғылымдағы өзгерістердің даму динамикасын көрсетіп берді. Осы көзқарас тұрғысынан, І.М. Қозыбаев өлкедегі Қазан төңкерісі мен Азамат соғысының тарихы жөніндегі жекелеген еңбектерге талдау жасап өткен. Жоғарыда аталған ғылыми еңбектерді және мақалалардың, кітапшалардың, монографиялардың, тақырыптық жинақтардың (бірінші кезекте Кеңес өкіметі үшін күрес пен Азамат соғысына катысушылардың естеліктерінен тұратын) жеткілікті мөлшерін оқып, зерттеу негізінде «Қазақстандағы Қазан төңкерісі мен Азамат соғысы» тақырыбын тарихнамалық тұрғыдан игеруді, біздің ойымызша, төрт кезеңге: бірінші — 20-30-жылдар, екінші - 40-50-жылдар, үшінші - 60-80-жылдарға белуге болады. Жоғарыда айтылғандай, 80-жылдардың соңынан, Кеңес кезеңіндегі Қазақстан тарихының маңызды мәселелерінің тұтас бірқатарын жаңа көзқарастар тұрғысынан қайта қараумен байланысты, Қазан төңкерісі мен Азамат соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихнамасының сапалық жаңа кезеңі басталды. Бұл, ең алдымен, Алаш һәм Алашорда қозғалысының тарихына қатысты. Кеңестік тарихнамада Алаш тарихы 20-жылдардың соңынан бастап, іс жүзінде қазақ халқының XX ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалысы тарихынан алынып тасталды. Қазан төңкерісі мен Азамат соғысынын тарихы жөнінде кеңестік кезеңде жарияланған жұмыстардың барлығы да Алашорда қызметін тек теріс жағынан ғана қарастырды. Алайда бұл жұмыстарда кұнды фактілік материалдар бар және олардың авторлары ресми идеологияның арнасынан шықпауға мәжбүр болғанын естен шығармаған жөн. Кеңестік кезеңде, тарихнамадан, бірінші кезекте Алаш қозғалысына қатысушылардың өздерінің, ең алдымен оның көсемдерінің енбектері сырт қалды. Әйтсе де қоғамдық-саяси дамуға жасалған талдаулар мен Қазақстандағы ұлттық және мұсылмандық қозгалыстар перспективасы ғасыр басында Ә. Бекейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, М. Шоқайдың және басқалардың енбектерінде көрініс тапты. Айта кету керек, 20-жылдардағы жарияланымдарда XX ғасыр басындағы Қазақстан тарихын зерттеу бойынша объективті тенденциялар байқалды. А. Байтұрсыновтың, А. Кенжиннің, Г. Сафаровтың, Т. Рысқұловтың және басқа да бірқатар авторлардың жұмыстарында, ұлт-азаттық қозғалысты нақты-тарихи көзқарасқа негіздей зерттеушілік, 1917 жылға дейінгі қазақ зиялыларының объективті рөлін жеке ерекшеліктерді ескере отырып түсіндіру басты орын алды. Басқарушы биліктің саяси диктатының күшеюіне байланысты 20 -жылдардың екінші жартысы мен 30-жылдардың басында тарихи зерттеулер үшін беті ұрысты кезең туды. «Алашорданың буржуазиялық-ұлтшылдық идеологиясымен» күрес — Алаш тарихын зерттеудегі большевиктік партияның айқындаушы ұстанымына айналды. Осы кезде, 30-жылдардың басына дейін, Алаш қозғалысының Ақпан төңкерісіне дейінгі «объективті-революциялық рөлі» және «оның кейінгі контрреволюциялық қайта жанғыруы». туралы тезис басты қағида болып қабылданды. А.К. Бочаговтың, Е. Федоровтың, П. Галузоның және басқалардың жұмыстарындағы, сондай-ақ «Алаш-Орда» құжаттар жинағындағы. Алаш һәм Алашорда тарихы дәл осы үрдісте талданды. 1933 жылы Қазақ марксизм-ленинизм ғылыми-зерттеу институтында «Алашорданың контрреволюциялық мәнін ашып көрсету және оның қазақ халқының тарихындағы жиренішті, жексұрын рөлін түпкілікті жою» деген айдармен арандатушы пікірталас өткізілді. «Алаштың революцияға дейінгі кезеңдегі объективті-революциялық рөлі» туралы қағиданы толығымен теріске шығару проблеманы зерттеу әдіснамасындағы айқындаушы көзқарас етіп алынды. 1935 жылы С. Брайнин мен Шафироның «Алашорда тарихы туралы очерктер» деген жұмысының жариялануы өлкедегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихын көрсетуде таптық әдіснаманың түбегейлі орныққанына куәлік етті. 40 - және 80-жылдардың ортасы мен соны аралығындағы кезең бұрынғы бағалаулар мен қорытындылардың ізін қуушылықтың айқын көрінісімен сипатталды. Ұлт-азаттық күрес тарихына қатысты деректемелер ауқымының кеңейгеніне қарамастан, аталған проблеманы қарастырудың жалпы жағдайы ғылыми ойлаудың тоқырағанын көрсетті. Алаш қозғалысы тарихын зерттеудегі түбірлі өзгерістердің көрініс табуы 80-жылдар соңы мен 90-жылдардың бас кезіне саяды. Бұл ретте төмендегі жағдайларға көңіл аудару қажет: аталмыш кезеңде хронологиялық жағынан осы дәуірге жататын сапалық екі уақыт межесін бөліп көрсетуге болады. Біріншісі (1991 жылға дейінгі) — дәстүрлі маркстік-лениндік әдіснамаға тән тұғырнамалық және теориялық қағидалармен сипатталады. Объективті жаңа көзқарастар кеңістігіне шығуға деген ықылас пен талпыныстың өрлеуіне қарамастан, Алаш тарихын бағалауда, тұтастай алғанда, тарихнаманың әдіснамалық сапасында оң өзгеріс байқалған жоқ. 1991 жылдан Алаш пен Алашорда тарихын зерттеудің жаңа кезеңі басталды. Бұл ретте қазірге дейін үстем болып келе жатқан әдіснамалық императивтердің (кесімді талаптардың) ғылыми негізінің жоқтығын сезіну мен жаңа теориялық аппараттарды және неғұрлым жетілген тұғырнамалық құралдарды меңгеру қажеттілігі өзінен-өзі түсінікті. Зерттеушілік ойдың жандануы мен деректемелік негіздердің кеңеюі жарияланған жұмыстардың сапасына оң ықпал етті. Проблемалық мақалалар, ғылыми конференциялар мен семинарлардағы, «Дөңгелек үстелдегі» пікірталасты материалдармен бірге, жалпы тұрғыдан зерттеуші, монографиялық сипаттағы еңбектер, энциклопедиялық сөздіктер, оқулықтар, оқу құралдары, құжаттық-деректі басылымдар, қозғалыс көсемдерінің шығармалар жинақтары . жарық көре бастады. Олардың едәуір бөлігі қазақ тілінде шықты. К. Нүрпейісовтің, М. Құл-Мұхаммедтің, М. Көйгелдиевтің, Т. Омарбековтің, В. Григорьевтің, Т. Кәкішевтің, С. Аққұлықлының, А. Сармұрзинның және басқалардың ғылыми жұмыстарында Алаш тарихының әр алуан аспектілері көрініс тапты. Көптеген жарияланымдардың жекелеген тұлғаларға арналуы Ә. Бокейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, Ж. Ақбаевтың, А. Ермековтің, М. Тынышбаевтың, М. Шоқайдың және басқа да көптеген қайраткерлердің өмірі мен қызметінің белгісіз беттерін ашып көрсетуге, Алаш қозғалысының әлеуметтік табиғатын танып білуге, оның саяси бағдары мен мүмкіндіктерін зерделеуге жағдай туғызды. Ү. Сұбханбердинаның «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» газеттері туралы библиографиялық түсіндірме көрсеткішінің (1993), Ө. Әбдімановтың «Қазақ газеті»кітабының (Алматы, 1993) жарық көруі аталған проблеманың деректемелік негізінін кеңеюіне қосылған елеулі үлес болды. «Алаш» партиясы мен қозғалысы тарихының проблемаларын, сондай-ақ оған қазақ ұлттық интеллигенциясының қатысуын талдап түсіндіруде М. Құл-Мұхаммедтің зерттеулері ерекше манызға ие. Қазақстан тарихындағы «ақтандақтарға» жататын 1929-1931 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың проблемалары алғаш рет Т. Омарбековтің зерттеуінде. жоғары ғылыми баға алды. Оның «20-30-жылдардағы Қазақстан қасіреті: көмекші оқу құралы» ғылыми еңбегінде күштеп ұжымдастыру мен байларды тәркілеу саясатының ауыр салдарлары алғаш рет жан- жақты ашып көрсетілді. М. Қойгелдиевтің Т. Омарбековпен бірлесіп жазған «Тарих тағылымы не дейді?» деген еңбегі шаруалар көтерілісіне, қазақтардың қоныс аударуына және 30-жылдардағы аштық оқиғаларына арналды. Монографиялық зерттеулердің пайда болуы аталған проблеманың тарихнамасында сапалық жана кезеңнің туғанын айғақтайды. Д.А. Аманжолованың «Қазахский автономизм и Россия: История движения Алаш» (М., 1994), К.Н. Нүрпейісовтің «Алаш һәм Алашорда» (А., 1995), М. Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» (А., 1995), «Движение Алаш» құжаттар мен материалдар жинағы (А., 2004, 2005) және басқалар ұлт-азаттық қозғалысының тарихына, қоғам дамуының бетбұрысты кезеңдеріндегі қазақ зиялыларының рөлі мен орнын анықтауға қатысты жаңа көзқарастың қалыптасқанын аңғартты.  
04.12.2012 05:13 24937

Қазақстандық тарих ғылымының пайда болуы мен қалыптасуы XX ғасырдың 20-жылдарындағы ұлттық кеңестік мемлекеттің дүниеге келуі және қазақстандық партия ұйымдарының құрылуы секілді нақты оқиғалармен тығыз байланысты. Жоғарыда аталған оқиғалардың баршасы І.М. Қозыбаевтың «Қазақстан тарихнамасы: тарих тағылымдары» (А., 1990) деп аталатын жұмысында егжей-тегжейлі қарастырылды. Республиканың ғылыми саласы ұйымдық құрылысының негізгі кезеңдері мен формаларын атап өтейік. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің (ХКК) 1920 жылғы 21 қыркүйектегі қаулысымен Ағарту халық комиссариатының жанынан, одан соң 1921 жылдың 1 желтоқсанынан РК(б)П ОК жанынан бөлім құқығында құрылған «Истпарт» (Қазан төңкерісі тарихы және Коммунистік партия тарихы жөнінгі материалдарды жинау мен зерттеуге арналған комиссия) деп аталған құрылым Қазақстандағы қоғамдық ғылымдар бойынша алғашқы ғылыми мекеме болды. Қазақ өлкесінде алғашқылардың бірі болып, 1921 жылдың 24 қарашасында құрылған Семей истпарты қызмет ете бастады. Ал 1924 жылға қарай губерниялық партия тарихы мекемелері Ақмола, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей, Жетісу губернияларында іске қосылды. Осымен бір уақытта сол кезде Түркістан АКСР-інің құрамына енген Қазақстан аудандары аумағындағы революцилық қозғалыс тарихын Түркістан партия тарихы мекемесі зерттеді. Сондай-ақ аталған мәселені зерттеу ісіне Сібір, Омбы және басқа да шекаралас аймақтардағы осы секілді комиссиялар өз үлестерін қосты. 20-жылдары, бұрынғыша, ғылыми-зерттеу жұмыстарын Ғылым академиясының мекемелері жүргізді. Алайда бұрынғы жылдардағыға қарағанда бұл жұмыс неғұрлым кең ауқымды әрі мақсатты сипатқа ие болды.

Мұндай ғылыми мекемелердің ішінен қазақтардың саны мен орналасуын зерттеумен айналысатын Ресейдің ұлттық кұрылымын зерттеу комиссиясының Түркістан және Сібір бөлімдерін; КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы антропологиялық отрядын; Материалдық мәдениет тарихы мемлекеттік академиясын; Шығыс мәдениеті, антропология мен этнография мұражайларын ерекше атауға болады. Бұл кезде, ең ірі бөлімі тарихи-этнографиялық бағытта жұмыс істеген Қазақстанды зерттеу қоғамының қызметі есіп, тереңдей түсті. Қоғамтану бағытындағы жұмыстарды партия тарихы мекемелерімен бірге, КазКСР Халық ағарту комиссариатының ғылыми, ағарту және көркемдік саладағы қызметіне басшылық ететін академиялық орталығы да үйлестіріп отырды.
Сөйтіп XX ғасырдың 20-жылдары қазақ өлкесінің тарихын зерттеудің ғылыми және ғылыми-ұйымдық ұстанымдарының негізі салынды. Бұл үрдістін айқын түрдегі таптық-идеологиялық, партиялық сипаты болды, себебі Қазақстанда партия ұйымдарын құрумен тығыз байланыста жүргізілді. Дәл осы фактор тарих көріністерін таңдауда, жекелеген тарихи тұлғалардың және тұтас оқиғалар мен құбылыстардың КСРО ыдырағанға дейінгі кезеңдердегі рөлі мен мәнін бағалауда айқындаушы маңызға ие болды. Сондықтан алғашқы тарихи жұмыстар Қазақстан аумағындағы революциялық проблемаларға, Азамат соғысы тарихына арналды.
20-30-жылдардағы басылымдарда, кейіннен партия және кеңес органдарының көрнекті қызметкерлері болған, Азамат соғысы мен Кеңес өкіметі үшін күрестің белсенді қатысушыларының қаламынан туған мемуарлық сипаттағы материалдардың үлесі орасан зор болды.
Бұл авторлардың жарияланымдарында 1917 жылдың қарсаңындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай, тұрғындардың әр алуан жіктерінің 1917 жылғы екі төңкеріске қарым-қатынасы, 1918-1920 жылдардағы «қызылдар» мен «ақтардың» қарулы қақтығыстары туралы зерттеушілердің қалың ортасына көп белгілі емес, қызықты материалдардың болуымен құнды, сондай-ақ «Пролетариат диктатурасы» мемлекетінің органы ретіндегі жергілікті Кенестердін калыптасу үрдісі туралы мәліметтер келтірілген. Сонымен катар ол жарияланымдарда, орталықтағы Казан төнкерісінің женісі және Ресейдің ұлттық шет аймақтарында, соның ішінде Қазақстанда да Кенес өкіметін орнату еңбекшілердің түпкілікті мүдделеріне жауап беретін занды кұбылыс екендігі және сондықтан да Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінін және олардың жақтастарының коммунистік идеология мен Кеңес өкіметінің нақты іс-қимылдарына қарсы бағытталған теориялық көзқарастары мен практикалық іс-шаралары халыққа және революцияға қарсы әрекет болып табылатындығы жайындағы тезисті дәлелдеуге талпыныс жасалған. Ал дәл осы орайдағы мәселені А. Байтұрсынов пен бірқатар Алашорда көсемдері басқаша пайымдады. Мәселен, А. Байтұрсынов өзінің РКФСР Халық Комиссариатының Ұлттар ісі жөніндегі органы «Жизнь национальностей» басылымында жарияланған (1919 жыл, 3 тамыз) «Революция және қазақтар» деген мақаласында: «Қырғыздарға (қазақтарға. - авт.) Ақпан революциясы қандай түсінікті болған болса, оларға Қазан революциясы соншалықты түсініксіз болып көрінді... Олар алғашқы революцияны қандай куанышпен қарсы алған болса, екіншісін сондайлық үрейлі қорқынышпен карсы алуларына тура келді», — деп жазды. Мұны ол Ақпан революция қазақтарды «патша үкіметінің езгісі мен зорлық-зомбылығынан азат етті, - деп түсіндіреді, - және... олардың өздерін дербес баскару жөніндегі қасиетті арманын жүзеге асыруға деген үміттерін орнықтырды. Ал екінші революцияның кырғыздарға түсініксіз болатын себебі қарапайым ғана шындықпен түсіндіріледі: қазақтарда капитализм де, таптық жіктеліс те жоқ тіпті оларда меншіктің өзі де басқа халықтардағыдай айқын анықталмаған, көптеген тұтыну бұйымдары оларда қоғамдық меншік болып саналады». Бірақ мұндай пікірлер мен көзқарастар Қазан революциясы мен 20-30-жылдардағы Азамат соғысы тарихнамасында озық идея бола қойған жоқ және бұл жағдай 80-жылдардың соңына дейін жалғасты. 20-30-жылдар мақалаларының барлығының, өзінің мазмұны мен тарихи оқиғаларды қамтуы жағынан маңыздылығы бірдей емес еді. Олардың көпшілігі Қазақстанның жекелеген, жергілікті аудандарына немесе Азамат соғысы мен Кеңес өкіметінің және оның Қазақстанда орнығу үрдісінің жекелеген оқиғаларына арналды.
Өз кезінде Т.Е. Елеуовтің дұрыс көрсеткеніндей, 20-жылдар әдебиеті кемшіліктерінің бірі деректемелік негізінін әлсіздігі еді. Ол кезде Қазан революциясы мен Азамат соғысының құжаттары жарияланбады. Kөп жағдайда зерттеушілер өз қорытындыларын революция мен Азамат соғысының даму үрдісін сипаттайтын фактілердін бүкіл жиынтығын есепке алмай, сол тұста қол жетерлік болған жекелеген деректерге негізделіп шығаруға мәжбүр болды. Қазан революциясы мен Қазақстандағы азамат соғысының тарихын зерттеу жұмыстары белгілі бір деңгейде 40-50-жылдары жандана түсті, әсіресе ол Отан соғысынан кейін мақсатты іске айналды . 1943 және 1949 жылдары жарық көрген Қазақстан тарихы жөніндегі жалпы тұжырымдар жасалған жұмыстарда, сондай-ақ «Қазақ КСР тарихы (социализм дәуірі)» кітабының екінші томында өлкеде Кеңес өкіметі мен Азамат соғысы женісінің барысын көрсетуге арналған арнаулы тараулар болды. 1917-1920 жылдардағы Қазақстан тарихы бойынша құжаттар мен материалдар жинақтары шыға бастады. Қазақстанның әр түрлі аймақтарында Кеңес өкіметінің орнау тарихы және олардағы Азамат соғысының барысы, сондай-ақ бұл үрдістердің ерекшеліктері зерттелді. Революция мен аграрлық-шаруа қожалығы мәселесінің байланысын ашатын және қазақ ауылын кеңестендіру проблемаларына арналған алғашқы жұмыстар пайда болды.
40-50-жылдар проблемасы бойынша басылып шыққан жұмыстардың көпшілігі шолу сипатында және негізінен журнал мен газет мақалалары түрінде басылды, оларда талдау мен жалпы қорытындылар аз, деректік негізі әлсіз болды. Мұрағаттық дереккөздер, бірінші кезекте қазақ тіліндегі мерзімдік баспасөз материалдары жеткіліксіз пайдаланылды (дұрысында, мүлде пайдаланылмады). Сондықтан 1917-1920 жылдар кезеңіндегі Қазақстан тарихының көптеген беттері Ресейдің орталық аудандарындағы Қазан революциясы мен Азамат соғысы оқиғаларын суреттеу сұлбасына сәйкес, жергілікті (қазақстандық-түркістандық) ерекшеліктер ескерілмей жазылды.
Қазақстан мен Орта Азия тарихшылары 60-80-жылдары екі революция мен Азамат соғысы тарихын зерттеуде елеулі табыстарға қол жеткізді. Бұл уақытта көптеген мақалалармен бірге, Қазақстандағы және тұтастай алғанда қазақстандық-түркістандық аймақтағы революция мен азаматтық қарсыласу тарихының манызды мәселелерін зерттеген байыпты монографиялық жұмыстар да жарық көрді. Бұл тұста С.Н. Покровскийдің, Т.Е. Елеуовтің, П.М. Пахмурныйдың, В.К. Григорьевтің, А.С. Елагиннің, К. Нұрпейісовтің, С.З. Зимановтың монографияларын, Қазақстан мен Орта Азия тарихшыларының ұжымдық еңбектерін   атауға болады.
Т.Е. Елеуовтін кітабы — тұтастай алғанда Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы мен ірге бекітуінің күрделі де қарама-қайшы үрдісін республика тарихнамасында тұңғыш рет зерттеген қордалы еңбек. С.Н. Покровскийдін, П.М. Пахмурныйдың, В.К. Григорьевтің, А.С. Елагиннің К. Нүрпейісовтің монографияларында Жетісуда және тұтастай алғанда Қазақстанда Кеңес өкіметінің жеңісі жолындағы күрес картинасы берілген, 1918-1920 жылдардағы Азамат соғысы мен партизандық қозғалыс тарихының маңызды аспектілері айқындалған, Кеңес өкіметінің өлкедегі әлеуметтік саясатынын алғашқы қадамдары көрсетілген. Кеңестік құрылыстың кала мен ауылдық-селолық мекендердегі ерекшеліктері ашылған, қазақ кеңес мемлекеттігін құрудың теориялық және практикалық аспектілері зерттелген.
КСРО ҒА ғылыми кеңесі мен оның Орта Азия және Қазақстан жөніндегі секциясы дайындаған «Кеңес өкіметінің Орта Азия мен Қазақстандағы жеңісі» атты ұжымдық монографиясында, «Ұлы Қазан социалистік революциясы» кешенді проблемасы бойынша, Орта азиялық-Қазақстандық аймақтың әр түрлі ұлттық аудандарындағы оқиғалар олардың әкімшілік-аумақтық бөлінісі желісімен синхронды баяндалған. Проблемаларды зерттеудің құжаттық негіздері кеңейді: құжаттар мен материалдар жинақтары, сол жылдар оқиғаларының жылнамалары, Қазақстандағы Кеңес өкіметі үшін күрес пен Азамат соғысына қатысушылардың естеліктері басылып шықты.
Қазақстандағы Кеңес өкіметі үшін күреске белсенді қатысушылар туралы, 50-жылдары жарық көре бастаған кітапшалар сериясын жариялау жалғасты. Мәскеудегі «Молодая гвардия» баспасынан Т. Кәкішевтің «Сәкен Сейфуллин» деп аталатын кітабы жарық көрді 60-70-жылдар проблемаларын зерттеу нәтижелері «Қазақ КСР тарихының» 4-томында (Бес томдық. Авторлары: К. Нүрпейісов, С.Н. Покровский, А.С. Елагин) төрт монографиялық тарау түрінде жарияланды.
Объективті және субъективті себептерге (80-жылдар ортасында басталған қайта құру барысынын қарама-қайшылықтығы, қоғамдық өмірді демократияландыру мен және Кеңес кезеңіндегі тарихты бағалауға қатысты көзқарастардың өзгеруімен жалғасқан кеңестік саяси өмірді реформалау) байланысты 80-жылдары, тұтастай алғанда біздің тарихымыздың Қазан төңкерісінен кейінгі дәуірін, оның ішінде Қазан революциясы мен Азамат соғысы тарихының проблемаларын да зерттеуге және оқып үйренуге деген ынта-ықылас шұғыл төмендеп кетті. 80-жылдары «Қазақстандағы Қазан революциясы» тақырыбымен жарияланған аз ғана басылымдардың бірі К. Нұрпейісовтің монографиясы. болып табылады, онда автор Қазақстандағы қосөкіметтіктің ерекшеліктері, Қазақстандағы Кеңестердің көтеріліс органдарына айналуының қарама-қайшы үрдісіндегі жалпы (бүкілресейлік) мен жекенің (қазақстандық) арақатысы, ал одан кейін мемлекеттік билік пен басқару органдарына айналуы мен олардың шаруашылық және мәдени құрылыстың бастапқы кезеңіндегі нақты қызметі секілді проблемалар көріністеріне неғүрлым терең талдау жасауға басты назар аударды. Автор, пікір айтушылардың атап өткеніндей, өлкенің облыстық және уездік кеңестері атқару комитеттерінінң құрылымына, оны жетілдіру бағытындағы жұмыстарға, негізгі бөлімдердің қызметтік міндеттеріне мұкият талдау жасады, атқарушы аппараттардың құрылымындағы жергілікті ерекшеліктерді бөліп карастырды, жаңа сот жүйесін қалыптастырудың бастапқы кезеңдерін көрсетті.
Осы орайда, 60-80-жылдар әдебиеттерінің барлығы да, оның алдындағы кезеңдердегідей, негізінен, Ұлы Қазан социалистік төңкерісі XX ғасырдың басты оқиғасы болып табылады деген тезисті дәлелдеуге қызмет етті. Оларда Кеңестер билігі үшін күрес Ресей жұмысшы табы мен В.И. Ленин жетекшілік ететін большевиктік партияның бастауымен жүзеге асқан Қазан социалистік төнкерісінің құрамдас бөлігі ретінде дамығандығы және жеңгендігі жөніндегі пікір тұжырымдалды. Сондай-ақ Қазақстандағы 1918-1920 жылдары өткен қарулы күрес, Кеңестік Ресейге шетелдік империалистер мен Қазан революциясының жеңісі нәтижесінде құлатылған қанаушы таптар тарапынан таңылған Азамат соғысының ерекше құрамды бөлігі болды деген тезис те тиянақталды.
60-80-жылдар тарихнамасы Қазақстандағы 1917-1920 жылдар оқиғаларына талдау жасау мен оларға баға беруде, олкедегі революция мен Азамат соғысы тарихы мәселелерін зерттеуде, коммунистік идеология мен таптық көзқарастар басымдылығы ең айқын белгілері болып табылатын, лениндік партиялық тұжырымдаманы басшылыққа алды. Кеңестік кезенде аталған проблема бойынша тарихи білімдердің қордалану үрдісі бірқатар тарихи еңбектердің пайда болуына жағдай жасады. Алайда бұл салада қазақстандық зерттеулердің бүкілодақтықпен салыстырғанда едәуір артта қалғандығын атап өту керек.
Тұтастай алғанда КСРО-дағы Қазан революциясы мен Азамат соғысы тарихнамасының мәселелері, ұзақ жылдар бойы академик И.И. Минц тұрақты жетекшілік еткен КСРО ҒА-ның «Ұлы Қазан социалистік революциясының тарихы» кешенді проблемасы жөніндегі ғылыми көнесіне топтасқан бірқатар ғалымдардың жұмыстарында, сондай-ақ КОКПОК жанындағы Марксизм-ленинизм институты қызметкерлерінің енбектерінде нақты көрініс тапты.
Қазан революциясы мен Азамат соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихнамасының проблемалары жайлы бірқатар арнайы зерттеулер жүргізілді. 3. А. Алдамжаровтың монографиясы. осылардың бірі болып табылады. Бұл еңбек аталған проблема бойынша 1918-1982 жылдары жарияланған жұмыстардың үлкен бөлігін зерттеу, жалпылау және оларға сыни талдаулар жасау негізінде жазылан. Онда маркстік-лениндік әдіснама шеңберінде, өлкеде Кеңес окіметін орнату мен нығайту тарихын танып білудегі бірізділік, Қазақстан аумағында жаңа қоғамдық кұрылыстың тууы туралы білімнің үздіксіз өсуі бейнеленген. Г.Ф. Дахшлейгердің, С. Бейсембаевтың, П.М. Пахмурныйдың және В.К. Григорьевтің монографияларында «В.И. Ленин және Қазақстандағы Қазан революциясы» тақырыбына, сондай-ақ Кеңес өкіметінің жеңісі жолындағы бұкара халықтың күресіне партиялық басшылық мәселесіне арналған әдебиеттерге тарихнамалық талдаулар жасалды.
С.М. Кенжебаевтың, С.З. Зимановтың, К. Нүрпейісовтін тағы басқалардың зерттеулерінде кеңестік және 1917—1920 жылдардағы Қазақстандағы ұлттық-мемлекеггік кұрылыстың жекелеген тарихнамалық және дереккөздік проблемалары қарастырылды. Қазақстанда Кеңес билігін орнату мен нығайту проблемаларын тарихнамалық тұрғыдан зерттеумен салыстыра карағанда, өлкедегі Азамат соғысынын тарихнамасы арнайы зерттелген жоқ. С.Н. Покровскийдің, А.С. Елагиннің монографияларының кіріспе тарауларында, Ә.С. Тәкеновтің, В.К. Григорьевтің жекелеген жұмыстарында 1918—20 жылдардағы азамат соғысы жөніндегі әдебиеттерге тарихнамалық шолулар беріледі.
Қазақстандағы партизандық қозғалыстар туралы монографияның авторы П.М. Пахмурный өзінің кітабының бірінші тарауын «Қазақстандағы партизандық қозғалыс тарихнамасының кейбір мәселелері» деп атап, мұнда ол бұл мәселенің тарихы бойынша 1965 жылға дейін жарияланған жұмыстарды талдау мен оларға баға беруге байланысты сәтті талпыныстар жасады. Өкінішке орай, 60-жылдардың екінші жартысынан бастап республикада мұндай жұмыстар іс жүзінде жүргізілген жоқ, мұны өлкедегі партизандық қозғалыстар тарихы туралы байыпты зерттеулердің болмағандығымен, ал барлары өзінің саны мен мазмұны жағынан тарихнамалық жалпы қорытындылар жасауға жарамағандығымен түсіндіруге болады.
1917 жылғы революция мен одан кейінгі Азамат соғысының тарихын зерттеудегі бетбұрыс, кеңес кезеңі тарихының басқа проблемаларындағыдай, КСРО-дағы демократиялық үрдістердің әсерімен зерттеушілер оқиғаларға кешенді және объективті талдау жүргізудің мүмкіндігін алған 80-90-жылдар соңында жасалды. Бұл кезең отандық тарихтың қандай да бір кұбылыстарын түсіндіруде партиялық-таптық ұстанымдардан бас тартуға негізделген жаңа тұғырнамалық сипаттағы зерттеулердің өмірге келуімен ерекшеленеді. Мәселен, проблемаларды тарихнамалық және дереккөздік негізде зерттеуге М.К. Қозыбаев пен І.М. Қозыбаевтар айтарлықтай үлес қосты. Өз жұмыстарында М.К. Қозыбаев, басқа да мәселелермен қатар, зерттеушілер назарын «біздің саяси доктринаға көзқарасымызды үшінші дүние елдерінің отаршылдыққа қарсы күресінің құрамында» және Алаш партиясының нақты іс-әрекеттері негізінде анықтау қажеттілігіне аударды.
І.М. Қозыбаев өзінің кітаптарында Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанның тарих ғылымы басып өткен жолды жаңаша түсіндіруге тырысты. Бұл ретте автор тарихи оқиғалар желісін нақты тарихи жағдайлармен өзара байланыста қарастырады, тарих ғылымы мен саясаттың өзара ықпалдастық сипатын ашады, қоғамдық ғылымдардың тежелу тетігінің туындау себептерін және оның көрініс табу түрлерін талдай отырып, ғылымдағы өзгерістердің даму динамикасын көрсетіп берді. Осы көзқарас тұрғысынан, І.М. Қозыбаев өлкедегі Қазан төңкерісі мен Азамат соғысының тарихы жөніндегі жекелеген еңбектерге талдау жасап өткен. Жоғарыда аталған ғылыми еңбектерді және мақалалардың, кітапшалардың, монографиялардың, тақырыптық жинақтардың (бірінші кезекте Кеңес өкіметі үшін күрес пен Азамат соғысына катысушылардың естеліктерінен тұратын) жеткілікті мөлшерін оқып, зерттеу негізінде «Қазақстандағы Қазан төңкерісі мен Азамат соғысы» тақырыбын тарихнамалық тұрғыдан игеруді, біздің ойымызша, төрт кезеңге: бірінші — 20-30-жылдар, екінші - 40-50-жылдар, үшінші - 60-80-жылдарға белуге болады.
Жоғарыда айтылғандай, 80-жылдардың соңынан, Кеңес кезеңіндегі Қазақстан тарихының маңызды мәселелерінің тұтас бірқатарын жаңа көзқарастар тұрғысынан қайта қараумен байланысты, Қазан төңкерісі мен Азамат соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихнамасының сапалық жаңа кезеңі басталды. Бұл, ең алдымен, Алаш һәм Алашорда қозғалысының тарихына қатысты. Кеңестік тарихнамада Алаш тарихы 20-жылдардың соңынан бастап, іс жүзінде қазақ халқының XX ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалысы тарихынан алынып тасталды. Қазан төңкерісі мен Азамат соғысынын тарихы жөнінде кеңестік кезеңде жарияланған жұмыстардың барлығы да Алашорда қызметін тек теріс жағынан ғана қарастырды. Алайда бұл жұмыстарда кұнды фактілік материалдар бар және олардың авторлары ресми идеологияның арнасынан шықпауға мәжбүр болғанын естен шығармаған жөн.
Кеңестік кезеңде, тарихнамадан, бірінші кезекте Алаш қозғалысына қатысушылардың өздерінің, ең алдымен оның көсемдерінің енбектері сырт қалды. Әйтсе де қоғамдық-саяси дамуға жасалған талдаулар мен Қазақстандағы ұлттық және мұсылмандық қозгалыстар перспективасы ғасыр басында Ә. Бекейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, М. Шоқайдың және басқалардың енбектерінде көрініс тапты.
Айта кету керек, 20-жылдардағы жарияланымдарда XX ғасыр басындағы Қазақстан тарихын зерттеу бойынша объективті тенденциялар байқалды. А. Байтұрсыновтың, А. Кенжиннің, Г. Сафаровтың, Т. Рысқұловтың және басқа да бірқатар авторлардың жұмыстарында, ұлт-азаттық қозғалысты нақты-тарихи көзқарасқа негіздей зерттеушілік, 1917 жылға дейінгі қазақ зиялыларының объективті рөлін жеке ерекшеліктерді ескере отырып түсіндіру басты орын алды. Басқарушы биліктің саяси диктатының күшеюіне байланысты 20 -жылдардың екінші жартысы мен 30-жылдардың басында тарихи зерттеулер үшін беті ұрысты кезең туды. «Алашорданың буржуазиялық-ұлтшылдық идеологиясымен» күрес — Алаш тарихын зерттеудегі большевиктік партияның айқындаушы ұстанымына айналды. Осы кезде, 30-жылдардың басына дейін, Алаш қозғалысының Ақпан төңкерісіне дейінгі «объективті-революциялық рөлі» және «оның кейінгі контрреволюциялық қайта жанғыруы». туралы тезис басты қағида болып қабылданды. А.К. Бочаговтың, Е. Федоровтың, П. Галузоның және басқалардың жұмыстарындағы, сондай-ақ «Алаш-Орда» құжаттар жинағындағы. Алаш һәм Алашорда тарихы дәл осы үрдісте талданды.
1933 жылы Қазақ марксизм-ленинизм ғылыми-зерттеу институтында «Алашорданың контрреволюциялық мәнін ашып көрсету және оның қазақ халқының тарихындағы жиренішті, жексұрын рөлін түпкілікті жою» деген айдармен арандатушы пікірталас өткізілді. «Алаштың революцияға дейінгі кезеңдегі объективті-революциялық рөлі» туралы қағиданы толығымен теріске шығару проблеманы зерттеу әдіснамасындағы айқындаушы көзқарас етіп алынды. 1935 жылы С. Брайнин мен Шафироның «Алашорда тарихы туралы очерктер» деген жұмысының жариялануы өлкедегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихын көрсетуде таптық әдіснаманың түбегейлі орныққанына куәлік етті.
40 - және 80-жылдардың ортасы мен соны аралығындағы кезең бұрынғы бағалаулар мен қорытындылардың ізін қуушылықтың айқын көрінісімен сипатталды. Ұлт-азаттық күрес тарихына қатысты деректемелер ауқымының кеңейгеніне қарамастан, аталған проблеманы қарастырудың жалпы жағдайы ғылыми ойлаудың тоқырағанын көрсетті. Алаш қозғалысы тарихын зерттеудегі түбірлі өзгерістердің көрініс табуы 80-жылдар соңы мен 90-жылдардың бас кезіне саяды. Бұл ретте төмендегі жағдайларға көңіл аудару қажет: аталмыш кезеңде хронологиялық жағынан осы дәуірге жататын сапалық екі уақыт межесін бөліп көрсетуге болады. Біріншісі (1991 жылға дейінгі) — дәстүрлі маркстік-лениндік әдіснамаға тән тұғырнамалық және теориялық қағидалармен сипатталады. Объективті жаңа көзқарастар кеңістігіне шығуға деген ықылас пен талпыныстың өрлеуіне қарамастан, Алаш тарихын бағалауда, тұтастай алғанда, тарихнаманың әдіснамалық сапасында оң өзгеріс байқалған жоқ.
1991 жылдан Алаш пен Алашорда тарихын зерттеудің жаңа кезеңі басталды. Бұл ретте қазірге дейін үстем болып келе жатқан әдіснамалық императивтердің (кесімді талаптардың) ғылыми негізінің жоқтығын сезіну мен жаңа теориялық аппараттарды және неғұрлым жетілген тұғырнамалық құралдарды меңгеру қажеттілігі өзінен-өзі түсінікті. Зерттеушілік ойдың жандануы мен деректемелік негіздердің кеңеюі жарияланған жұмыстардың сапасына оң ықпал етті. Проблемалық мақалалар, ғылыми конференциялар мен семинарлардағы, «Дөңгелек үстелдегі» пікірталасты материалдармен бірге, жалпы тұрғыдан зерттеуші, монографиялық сипаттағы еңбектер, энциклопедиялық сөздіктер, оқулықтар, оқу құралдары, құжаттық-деректі басылымдар, қозғалыс көсемдерінің шығармалар жинақтары . жарық көре бастады. Олардың едәуір бөлігі қазақ тілінде шықты. К. Нүрпейісовтің, М. Құл-Мұхаммедтің, М. Көйгелдиевтің, Т. Омарбековтің, В. Григорьевтің, Т. Кәкішевтің, С. Аққұлықлының, А. Сармұрзинның және басқалардың ғылыми жұмыстарында Алаш тарихының әр алуан аспектілері көрініс тапты. Көптеген жарияланымдардың жекелеген тұлғаларға арналуы Ә. Бокейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, Ж. Ақбаевтың, А. Ермековтің, М. Тынышбаевтың, М. Шоқайдың және басқа да көптеген қайраткерлердің өмірі мен қызметінің белгісіз беттерін ашып көрсетуге, Алаш қозғалысының әлеуметтік табиғатын танып білуге, оның саяси бағдары мен мүмкіндіктерін зерделеуге жағдай туғызды.
Ү. Сұбханбердинаның «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» газеттері туралы библиографиялық түсіндірме көрсеткішінің (1993), Ө. Әбдімановтың «Қазақ газеті»кітабының (Алматы, 1993) жарық көруі аталған проблеманың деректемелік негізінін кеңеюіне қосылған елеулі үлес болды.
«Алаш» партиясы мен қозғалысы тарихының проблемаларын, сондай-ақ оған қазақ ұлттық интеллигенциясының қатысуын талдап түсіндіруде М. Құл-Мұхаммедтің зерттеулері ерекше манызға ие. Қазақстан тарихындағы «ақтандақтарға» жататын 1929-1931 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың проблемалары алғаш рет Т. Омарбековтің зерттеуінде. жоғары ғылыми баға алды. Оның «20-30-жылдардағы Қазақстан қасіреті: көмекші оқу құралы» ғылыми еңбегінде күштеп ұжымдастыру мен байларды тәркілеу саясатының ауыр салдарлары алғаш рет жан- жақты ашып көрсетілді. М. Қойгелдиевтің Т. Омарбековпен бірлесіп жазған «Тарих тағылымы не дейді?» деген еңбегі шаруалар көтерілісіне, қазақтардың қоныс аударуына және 30-жылдардағы аштық оқиғаларына арналды.
Монографиялық зерттеулердің пайда болуы аталған проблеманың тарихнамасында сапалық жана кезеңнің туғанын айғақтайды. Д.А. Аманжолованың «Қазахский автономизм и Россия: История движения Алаш» (М., 1994), К.Н. Нүрпейісовтің «Алаш һәм Алашорда» (А., 1995), М. Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» (А., 1995), «Движение Алаш» құжаттар мен материалдар жинағы (А., 2004, 2005) және басқалар ұлт-азаттық қозғалысының тарихына, қоғам дамуының бетбұрысты кезеңдеріндегі қазақ зиялыларының рөлі мен орнын анықтауға қатысты жаңа көзқарастың қалыптасқанын аңғартты.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға