Жаңалықтар

Сауда-саттық мәселесі

Сауда – Саттық мәселесі Ислам діні адамзатқа бұл дүниеде  де, ақиретте де  не  қажеттігін  анық білдірген.Соның бірі  тіршіліктің  ажырамас  бөлігіне  айналған  сауда-саттық  мәселесі.Аллаһ Тағалаға қасиетті  Құран Кәрімде: «Әй мүминдер! ӨЗАРА  МАЛДАРЫҢДЫ  БҰЗЫҚТЫҚПЕН  ЖЕМЕҢДЕР.Бірақ  өз  ризалықтарыңмен саудаласу басқа.Және бір-біріңді  өлтірмеңдер.Расында, Аллаһ сендерге ерекше  мейірімді», дейді.(Ниса 29) Аяттағы «...өзара малдарыңды бұзықтықпен жемеңдер» деген ескерту  көптеген мәселеге, оның  ішінде ахлаққа да қатысты.Яғни, сауданы екі  жақтың ризалығына сай істеуге және  қоғамның құлдырауына апаратын оңай  олжа кенелу жолдарынан сақтануға шақырады.(Бүгінгі біздің  саудадағы  кемшін  тұсымыз да осы  болса  керек.) «Бір түйір  құмалақ  бір қарын майды шірітеді» демекші, харамның  бір түйір  дәні  адам ішіне түсер болса, барша  жаман қасиеттердің  бүршік  атуына  себепші  болады.Мысалы, өсімқорлық, құмар ойнау, ұрлық, пара алу, көзбояушылық  секілді харам жолмен мал табу  адамгершілік қасиетті  жоятын  нәрселер.Сондықтан, мұндай жолмен  мал табуға тиым  салынған. Адал  ас жеп, нәпақа  табу  үшін  еңбектену  парыз.Сауда-саттықпен  айналысатын  әрбір адам шарияттың  саудаға  қатысты үкімдерін  білу  керек.Хазіреті Омар (р.а): «Сауда – саттық жайында  діни  үкімдерді  білмеген адам, базарда  саудамен айналыспайсын» деген. Исламда сауданың ахлақи  үкімдерінің бастылары  мынадай: 1.Исламда  сауданың  негізін туралық және  қайырымдылық  құрайды.Сатушы  мен тұтынушының өзара ризалығы, ынсаппен  баға қою, харам мен халалға  мән  беру  секілді шарттарды орындау  және  өсім, таразығы  кем  тарту, нақақ пайдаға  бармау, айлакерлік,жалған  ант беру  сияқты  харам нәрселерден аулақ  болу  мұсылман  саудагердің міндеті.Мұндай  адам  Аллаһ Тағаланың  сүйіспеншілігіне бөленеді. Бір  күні таңертең  Пайғамбарымыз  сахабаларымен  бірге  отырғанда  тепсе  темір  үзетін жас  жігіт жандарынан өтеді.Сол кезде  сахабалар: «Өкінішті, мына  жас  жігіт күш-қуаттың, жастық  шағын  Аллаһтың  жолына  жұмсаса  ғой» дейді.Пайғамбарымыз бұл сөзді  есітіп: «Олай  демеңдер! Егер ол шиттей  бала-шағасының  нәпақасын адал жолмен табу  үшін  жолға  шыққан  болса, онда  Аллаһтың жолында  болғаны.Егер (бір  нәрсені) көру  үшін  жолға  шықса, онда шайтан жолында  болғаны», деген  екен.(Табарани) Тағы  бір  хадис шарифте: «Шыншыл, сенімді мұсылман  саудагер  қиямет  күні пайғамбарлар, турашылдар және шейіттермен  бірге  болады» делінген.(Тирмизи) 2.Исламға  қайшы  әрекеттер мен Исламның  харам  қылған  істерімен айналыспау.Пайғамбарымыздың (с.а.у) өсімқорлық пен ішлікке  тыйым  салынғаннан кейін: «Осыларды (өсімқорлық пен  ішімдікті) тасыған, сол жолда қызмет еткен, (осы саудаға байланысты   қағаздарды) жазған және  куәгер болған  адамдар  қарғысқа  ұшырайды» деген. Тағы  бір  хадис-шәріпте. «Аллаһ тағала бір  нәрсені  харам  қылғанда  оның  құнын  да  (сауда түсуін  де  харам қылады)» (Әбу  Даут) 3.Еселеп  табыс табу  үшін бағаның  көтерілуін  күтіп, халық  мұқтаждық көрген мал-мүлікті  сатпай сақтап отыру харамдармен ең  үлкені.Бұл  адамзатқа үлкен  зұлымдық  істегеннен пара-пар. Пайғамбарымыздан (с.а.у): «Бір  азық-түлікті (бағаның  өсуін  күтіп) саудаға  салмай қырық күннен көп  сақтаған  адам Аллаһтан ұзақтайды және  Аллаһ тағала да  одан ұзақтайды» (Ахмед  бин Ханбал). 4.Алғанда артық алып, сатқанда  таразыны кем  тарту  ұрлықтың  бір  түрі  болмақ.Мұндайлар  арзымас  пайда  табамын деп үлкен  пәлекетке ұшырайды.Бұл  жайында  Құран Кәрімде былай  баяндалады: «Өлшенген толық  өлшеп, тура таразымен  тартыңдар! Осы қайырлы  және  нәтиже тұрғысынан да жақсы» (Исра, 35); «Өлшеп-тартуда  кеміткендерге  нендей өкініш! Олар қашан  өлшеп  алса, толық өлшеп  алады да, қашан  олар өлшеп  немесе  тартып  беретін болса кемітеді.Олар қайта тірілетіндерін ойламай ма?» (Мұтаффифин,1-4) 5.Сатылған  мал-мүліктің  көрінетін-көрінбейтін  барлық  ақауын  айту  керек.Әйтпесе, жасалған сауда  харам іске  жатады.Өзіне  қаламаған  жаман істі өзгеге де  қаламаған  жөн.Пайғамбарымыз (с.а.у) мұндай  алдап  сатушыларды «бізден  емес» деп  ескерткен. 6.Сауда-саттықтағы  тым  көп ант  ішу  мәкруһ. Қандай жағдай  болмасын  Аллаһтың  атымен ант ету  жөн  саналмайды.Пайғамбарымыз (с.а.у): «Сіздер  сауда-саттықта көп ант ішуден аулақ болыңдар. Себебі, ант тауардың  өтуіне көмектессе  де, кейін  ақшаның берекетін  кетіреді» деп  зиянын  көрсетеді.(Муслим) Сауда-саттықта туралықтан  тайған  адамның  ісі  ешқашан алға баспайды.Садақа мал –мүлікті азайтпағаны сияқты, алдау  да мал-мүлікті  көбейтпейді.Қасықтап  жиналған харам мал  ойламаған  жерден  еріген мұздай  ағып, соңында  күнәлары  ғана қалады. 7. Жұма намазы уақытында діни  үкімдер  жауапкершілігі  жүктелген әрбір адамның түрлі  қызметтермен  айналасуына  және қызметшілеріне  жұмыс  істеуіне  тыйым  салынған. 8.Бірнеше кісі  болып  бірігіп іс істеу мубах  амалға жатады.Алдау  мен ұрлық, зұлымдық  пен өтірік жоқ жерде  Аллаһ  тағала ауызбіршілікті  нығайта  түседі. Құдси –хадисте  (мағынасы  Аллаһқа  тән  болған хадис) былай  баяндалған: «Екі  адамның бірі екіншісіне  қиянат жасамаған  кезде, олардың үшіншісіне  Мен боламын.Ал егер, бірі  екіншісіне қиянат  жасай бастаса, мен олардан ұзақтай бастаймын»(Әбу Баут) 9.Мал-мүліктің  жақсысын алу  Пайғамбарымыздың  әмірі. «Аяқ – киім сатып  аларда  жақсысын ал. Сырт киім  алар да  жақсысын алуға»(Табарани). 10.Бір мұсылманың дүниедегі сауда-саттығы ақиреттегі есеп-қисаппен ұмыттырмағаны жөн.Сауда-саттықпен айналысқан  әрбір мұсылманның  ақирет  байлығы  бұл дүние  байлығынан  мың  есе артық  екенін  ұмытпаған абзал.Дүние  табысы өмірінің соңына  дейін ғана жетеді.Ал, ақирет табысы мәңгілік  өмірінің  байлығы  болып қала  бермек.Бұл  жайында  Құран Кәрімде  Аллаһ Тағалаға былай дейді: «Өздерін  сау-саттық  Аллаһтың зікірінен, намазды  орындаудан, зекет  беруден  тоспайтын  адамдар бар.Олар  жүректер мен көздердің қозғалатын  күнінен  қорқады.Сондықтан Аллаһ Тағалаға оларға істегендерінің  ең  көркем сыйлығын, тіпті өз  қасынан  артығымен  береді.Аллаһ Тағалаға  қалаған  құлын есепсіз несібеге бөлейді» (Нұр,37-38) Сонымен мұсылман бауырлар харам жолмен дүние-мүлік жинағанша адал жолмен аз болса  да  ақиреттік байлық жиналық. Адамның  нәпсісі  тоймайды, оның  көзін тек  қана топырақ тойдырады.Қазақта бұл  жайында  айтылған  ұлағат көп: Дүниеқор  жияр  байлық, мал, жайды, Қартайса  да ашкөздігін тек сол кезде, Қашан  оны су, топырақ жалмайды. Біз Ислам дінінің қағидаларымен жүріп  адал жолмен  мал  табатын  болсақ, екі  дүниенің  бақыты  болған  иманнан айырмаймыз. Аллаһ Тағалаға  барлығымызды екі  дүниенің  аздырушы азабы  болған дүние қорлықтан сақтасын. Амин! Өсімхан Тілеуов  
04.12.2012 05:12 8681

Сауда – Саттық мәселесі

Ислам діні адамзатқа бұл дүниеде  де, ақиретте де  не  қажеттігін  анық білдірген.Соның бірі  тіршіліктің  ажырамас  бөлігіне  айналған  сауда-саттық  мәселесі.Аллаһ Тағалаға қасиетті  Құран Кәрімде: «Әй мүминдер! ӨЗАРА  МАЛДАРЫҢДЫ  БҰЗЫҚТЫҚПЕН  ЖЕМЕҢДЕР.Бірақ  өз  ризалықтарыңмен саудаласу басқа.Және бір-біріңді  өлтірмеңдер.Расында, Аллаһ сендерге ерекше  мейірімді», дейді.(Ниса 29)

Аяттағы «...өзара малдарыңды бұзықтықпен жемеңдер» деген ескерту  көптеген мәселеге, оның  ішінде ахлаққа да қатысты.Яғни, сауданы екі  жақтың ризалығына сай істеуге және  қоғамның құлдырауына апаратын оңай  олжа кенелу жолдарынан сақтануға шақырады.(Бүгінгі біздің  саудадағы  кемшін  тұсымыз да осы  болса  керек.) «Бір түйір  құмалақ  бір қарын майды шірітеді» демекші, харамның  бір түйір  дәні  адам ішіне түсер болса, барша  жаман қасиеттердің  бүршік  атуына  себепші  болады.Мысалы, өсімқорлық, құмар ойнау, ұрлық, пара алу, көзбояушылық  секілді харам жолмен мал табу  адамгершілік қасиетті  жоятын  нәрселер.Сондықтан, мұндай жолмен  мал табуға тиым  салынған.

Адал  ас жеп, нәпақа  табу  үшін  еңбектену  парыз.Сауда-саттықпен  айналысатын  әрбір адам шарияттың  саудаға  қатысты үкімдерін  білу  керек.Хазіреті Омар (р.а): «Сауда – саттық жайында  діни  үкімдерді  білмеген адам, базарда  саудамен айналыспайсын» деген.

Исламда сауданың ахлақи  үкімдерінің бастылары  мынадай:

1.Исламда  сауданың  негізін туралық және  қайырымдылық  құрайды.Сатушы  мен тұтынушының өзара ризалығы, ынсаппен  баға қою, харам мен халалға  мән  беру  секілді шарттарды орындау  және  өсім, таразығы  кем  тарту, нақақ пайдаға  бармау, айлакерлік,жалған  ант беру  сияқты  харам нәрселерден аулақ  болу  мұсылман  саудагердің міндеті.Мұндай  адам  Аллаһ Тағаланың  сүйіспеншілігіне бөленеді.

Бір  күні таңертең  Пайғамбарымыз  сахабаларымен  бірге  отырғанда  тепсе  темір  үзетін жас  жігіт жандарынан өтеді.Сол кезде  сахабалар: «Өкінішті, мына  жас  жігіт күш-қуаттың, жастық  шағын  Аллаһтың  жолына  жұмсаса  ғой» дейді.Пайғамбарымыз бұл сөзді  есітіп: «Олай  демеңдер! Егер ол шиттей  бала-шағасының  нәпақасын адал жолмен табу  үшін  жолға  шыққан  болса, онда  Аллаһтың жолында  болғаны.Егер (бір  нәрсені) көру  үшін  жолға  шықса, онда шайтан жолында  болғаны», деген  екен.(Табарани)

Тағы  бір  хадис шарифте: «Шыншыл, сенімді мұсылман  саудагер  қиямет  күні пайғамбарлар, турашылдар және шейіттермен  бірге  болады» делінген.(Тирмизи)

2.Исламға  қайшы  әрекеттер мен Исламның  харам  қылған  істерімен айналыспау.Пайғамбарымыздың (с.а.у) өсімқорлық пен ішлікке  тыйым  салынғаннан кейін: «Осыларды (өсімқорлық пен  ішімдікті) тасыған, сол жолда қызмет еткен, (осы саудаға байланысты   қағаздарды) жазған және  куәгер болған  адамдар  қарғысқа  ұшырайды» деген.

Тағы  бір  хадис-шәріпте. «Аллаһ тағала бір  нәрсені  харам  қылғанда  оның  құнын  да  (сауда түсуін  де  харам қылады)» (Әбу  Даут)

3.Еселеп  табыс табу  үшін бағаның  көтерілуін  күтіп, халық  мұқтаждық көрген мал-мүлікті  сатпай сақтап отыру харамдармен ең  үлкені.Бұл  адамзатқа үлкен  зұлымдық  істегеннен пара-пар. Пайғамбарымыздан (с.а.у): «Бір  азық-түлікті (бағаның  өсуін  күтіп) саудаға  салмай қырық күннен көп  сақтаған  адам Аллаһтан ұзақтайды және  Аллаһ тағала да  одан ұзақтайды» (Ахмед  бин Ханбал).

4.Алғанда артық алып, сатқанда  таразыны кем  тарту  ұрлықтың  бір  түрі  болмақ.Мұндайлар  арзымас  пайда  табамын деп үлкен  пәлекетке ұшырайды.Бұл  жайында  Құран Кәрімде былай  баяндалады: «Өлшенген толық  өлшеп, тура таразымен  тартыңдар! Осы қайырлы  және  нәтиже тұрғысынан да жақсы» (Исра, 35);

«Өлшеп-тартуда  кеміткендерге  нендей өкініш! Олар қашан  өлшеп  алса, толық өлшеп  алады да, қашан  олар өлшеп  немесе  тартып  беретін болса кемітеді.Олар қайта тірілетіндерін ойламай ма?» (Мұтаффифин,1-4)

5.Сатылған  мал-мүліктің  көрінетін-көрінбейтін  барлық  ақауын  айту  керек.Әйтпесе, жасалған сауда  харам іске  жатады.Өзіне  қаламаған  жаман істі өзгеге де  қаламаған  жөн.Пайғамбарымыз (с.а.у) мұндай  алдап  сатушыларды «бізден  емес» деп  ескерткен.

6.Сауда-саттықтағы  тым  көп ант  ішу  мәкруһ. Қандай жағдай  болмасын  Аллаһтың  атымен ант ету  жөн  саналмайды.Пайғамбарымыз (с.а.у): «Сіздер  сауда-саттықта көп ант ішуден аулақ болыңдар. Себебі, ант тауардың  өтуіне көмектессе  де, кейін  ақшаның берекетін  кетіреді» деп  зиянын  көрсетеді.(Муслим)

Сауда-саттықта туралықтан  тайған  адамның  ісі  ешқашан алға баспайды.Садақа мал –мүлікті азайтпағаны сияқты, алдау  да мал-мүлікті  көбейтпейді.Қасықтап  жиналған харам мал  ойламаған  жерден  еріген мұздай  ағып, соңында  күнәлары  ғана қалады.

7. Жұма намазы уақытында діни  үкімдер  жауапкершілігі  жүктелген әрбір адамның түрлі  қызметтермен  айналасуына  және қызметшілеріне  жұмыс  істеуіне  тыйым  салынған.

8.Бірнеше кісі  болып  бірігіп іс істеу мубах  амалға жатады.Алдау  мен ұрлық, зұлымдық  пен өтірік жоқ жерде  Аллаһ  тағала ауызбіршілікті  нығайта  түседі. Құдси –хадисте  (мағынасы  Аллаһқа  тән  болған хадис) былай  баяндалған:

«Екі  адамның бірі екіншісіне  қиянат жасамаған  кезде, олардың үшіншісіне  Мен боламын.Ал егер, бірі  екіншісіне қиянат  жасай бастаса, мен олардан ұзақтай бастаймын»(Әбу Баут)

9.Мал-мүліктің  жақсысын алу  Пайғамбарымыздың  әмірі. «Аяқ – киім сатып  аларда  жақсысын ал. Сырт киім  алар да  жақсысын алуға»(Табарани).

10.Бір мұсылманың дүниедегі сауда-саттығы ақиреттегі есеп-қисаппен ұмыттырмағаны жөн.Сауда-саттықпен айналысқан  әрбір мұсылманның  ақирет  байлығы  бұл дүние  байлығынан  мың  есе артық  екенін  ұмытпаған абзал.Дүние  табысы өмірінің соңына  дейін ғана жетеді.Ал, ақирет табысы мәңгілік  өмірінің  байлығы  болып қала  бермек.Бұл  жайында  Құран Кәрімде  Аллаһ Тағалаға былай дейді: «Өздерін  сау-саттық  Аллаһтың зікірінен, намазды  орындаудан, зекет  беруден  тоспайтын  адамдар бар.Олар  жүректер мен көздердің қозғалатын  күнінен  қорқады.Сондықтан Аллаһ Тағалаға оларға істегендерінің  ең  көркем сыйлығын, тіпті өз  қасынан  артығымен  береді.Аллаһ Тағалаға  қалаған  құлын есепсіз несібеге бөлейді» (Нұр,37-38)

Сонымен мұсылман бауырлар харам жолмен дүние-мүлік жинағанша адал жолмен аз болса  да  ақиреттік байлық жиналық. Адамның  нәпсісі  тоймайды, оның  көзін тек  қана топырақ тойдырады.Қазақта бұл  жайында  айтылған  ұлағат көп:

Дүниеқор  жияр  байлық, мал, жайды,
Қартайса  да ашкөздігін тек сол кезде,
Қашан  оны су, топырақ жалмайды.
Біз Ислам дінінің қағидаларымен жүріп  адал жолмен  мал  табатын  болсақ, екі  дүниенің  бақыты  болған  иманнан айырмаймыз. Аллаһ Тағалаға  барлығымызды екі  дүниенің  аздырушы азабы  болған дүние қорлықтан сақтасын. Амин!

Өсімхан Тілеуов
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға