Жаңалықтар

Діни ғимараттар

  Діни ғимараттар - дін парыздарын өтеуге, Құдайға ғибадат қылуға арнап салынған құрылыстар. Олар әр-түрлі дінде әрқалай аталады. Мыс., мешіт, қылует, шіркеу, собор, синагога, монастырь, кирха, погода, т.б. Сондай-ақ, Діни ғимараттарға діни оқу орындарының ғимараттары (медресе, мектеп, дәрісхана, т.б.) олардағы оқушыларға арналған жатақханалар (хужра), қажылыққа барушылар мен сопыларға арналған тегін қонақ үй-әкиелер және әулие-әнбиелердің, аса танымал діндарлардың қабірі басына орнатылған ескерткіштер, зияратханалар да жатады. Діни ғимараттартар салыну стиліне, типіне қарай көптеген түрлерге бөлінеді. Олар іргелі, зәулім, бірнеше бөлмелі, көп текшелі, биік күмезді, мұнаралы, сәнді және күрделі құбылыс болып келеді. Кейбір ғимараттарға салтанатты сипат беру үшін алғы қасбетті төбе жанынан өте биік салынып, үлкен жарма есік маңдайшалары доға тәрізді иіліп жасалды. Құрылыс материалына әр түрлі материалдар (күйдірілген кірпіш, ағаш, соқпа балшық, т.б.) қолданылды. Түрліше қалыпта күйылған және күйдірілген кірпіштер бетіне өрнектер салынып, жазулар жазылады. Қабырғалары түрліше әдіс тәсілдермен өрілуі мүмкін. Мыс., «екібасар», «өріп қалау», «сұқпа», «оймыш қалау», т.б. діни ғимараттардың ішінде михраб, мінбар сияқты арнаулы орындар болады. Исламдық ғибадатхана - мешіттің ішкі төріндегі қуыс - михраб Меккедегі Қағба бағытына каратылып салынады. Діни ғимараттардың ұшар басына мұсылмандар жарты ай, басқа діндегілер өз белгілерін орнатады. Қазақстан жеріндегі діни ғимараттардың ең көне түрлеріне қорғандар, дыңдар, көрханалар, мұнаралар, т.б. жатады. Ислам дінінің енуіне байланысты VII - VIII ғ-ларда мешіттер салу үрдісі ең алдымен Қазақстанның оңтүстік бағысында басталды. Олардың алғашқы түрлері төртбұрышты етіп тұрғызылып, төбесі ағаш аркалармен жабылатын болған. Бор немесе әк қабаттарынан үңгіп салынған, төбесінде саңылаулы күмбезі бар жер асты мешіттерінің түрі Батыс Қазақстанда таралған. Қазақстандағы ең ежелгі әрі көрнекті мешіт пен Қожа Ахмет Иасауи кесенесі Түркістан қаласында салынған, ал қазіргі кездегі ең көрнекті мешіттер Алматы, Астана, Павлодар қ-ларындағы Орт. мешіттер. XIX ғ-да Діни ғимараттардың пішіні шығыс стилінің ықпалымен әртүрлі архит. стильдер үйлескен түрге ие бола бастады. Діни ғимараттар салуға белгілі сәулетшілер, суретшілер, мүсіншілер, хүснихатшылар, т.б. шеберлер катыстырылған. Діни ғимараттар пішіндерінің түрмыстық, зайырлы құрылыстар архитектурасына ықпалы зор болды.
04.12.2012 05:11 4058

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға