Жаңалықтар

Батудың (Батый) орыс жеріне жорығы

    1236 жылдың соңында Бату әскерлері Еділ өзенінің жағасына келіп, Бұлғар елін жаулап алды. 1237 жылы Еділ мен Дон өзендерінің аралығындағы қыпшақтарды тізе бүктіріп, 120-140 мың әскермен орыс жеріне шабуылға дайындалады. Монғол-татар шапқыншылығы қарсаңында Орыс жері жеке кінәздіктерге бөлініп жатты. Бытыраңқы кінәздіктердің Бату әскерлеріне қарсы тұруы оңай емес еді. Әскери күш жағынан да монғол-татарлар артық болатын. Әсіресе монғол-татарлардың атты әскері өте қуатты еді. Батудың соғыс өнерінде бұрыннан пайдаланып келе жатқан, қала бекіністерін бұзатын жеңіл құралдары болды. Бұл құралмен орыс қалаларының ағаштан салынған бекінісін бұзу қиынға түспейтін. Бүған қосымша Бату әскерлері соғыс жүргізудің неше түрлі әдістерін меңгерді. Сөйтіп жолындағының бәрін жайпаған Бату 1237 жылдың қысында қалың қолын Еділ өзенінен өткізіп, Рязань қаласына келіп жетті. Қыста шабуыл жасауды күтпеген рязаньдықтар айтарлықтай қарсылық жасай алмады. Бес күн бойы монғол-татар әскерінің шабуылына тойтарыс бергенімен, басқа жақтан көмек келмегендіктен, Рязань қаласы құлап, жау қолына көшті. Келесі кезек орыстың ірі Владимир-Суздаль кінәздігіне жетті. Алғашқы шайқас Ұлы Владимир кінәзі [[Юрий Всеволодович әскерлерімен болды. Монғол-татар әскерлері Коломно каласы түбінде кінәз Юрийдің әскерін талқандады, Мәскеу және Клязьма өзендерінен өтіп, бес күн қарсылықтан кейін Мәскеу қаласын алды.   1238 жылы 4 ақпанда Бату Владимир қаласын қоршайды. Қала халқы айтарлықтай ерлік көрсетеді. Бірақ үш күннен арыға шамасы келмеген қаланы қорғаушылар жеңіліс табады. Монғол-татар әскері осылайша Ростов, Суздаль, Ярославль, Кострома, Углич, Тверь сияқты 14 қаланы бағындырып, Владимир кінәздігінен Новогородқа қарай бағыт алады. Бірақ көктемнің ерте шығуы, орманды және бат- пақты Новогород жері алға қарай жүруге қиындық тудырады және монғол-татар әскерлерінің де ұзақ соғыстан қажығаны сезіледі. Сондықтан Бату әскерлерін оңтүстікке қарай бұрады. Жолында кездескен қалалар мен ауылдарды жаулап алып, 1240 жылы Киев қаласына келіп жетеді. Киев қаласын қорғауды Даниил мен Дмитрий кінәздер өз қолдарына алады. Қала халқы өз қаласын айтарлықтай ерлікпен қорғайды. Қала бекінісін бұзып кіру монғол-татар әскерлеріне оңайға түспейді. Киев қаласы сегіз күн қарсылық көрсетеді. Күштің тең болмауы, кінәздіктердің дер кезінде күш біріктіре алмауы Киев кінәздігінің жеңілуіне әкеп соқтырады. Монғол-татар шапқыншылары Киев қаласын талқандап, ежелгі ескерткіштердің көбін жойып жібереді. Киев қаласын алғаннан кейін Бату әскерлері Галич-Волынь кінәздігіне аттанады. Батыс орыс жерін жаулап алғаннан соң Польшаға, Чехия мен Венгрия жеріне баса-көктеп кіреді. Алайда бірнеше жылға созылған жорықтардан әбден қажыған Бату әскерлері Еуропа елдеріне одан әрі ендеп кіре алмайды. Бату әскерлері Еділ өзенінің төменгі сағасына оралып, осында 1243 жылы Сарай-Бату қаласын салғызады. Алтын Орда мемлекетін құрады. 1240-1480 жылдар аралығында Орыс жеріне монғол-татар үстемдігі орнайды.  
04.12.2012 05:05 12926

 

 
1236 жылдың соңында Бату әскерлері Еділ өзенінің жағасына келіп, Бұлғар елін жаулап алды. 1237 жылы Еділ мен Дон өзендерінің аралығындағы қыпшақтарды тізе бүктіріп, 120-140 мың әскермен орыс жеріне шабуылға дайындалады. Монғол-татар шапқыншылығы қарсаңында Орыс жері жеке кінәздіктерге бөлініп жатты. Бытыраңқы кінәздіктердің Бату әскерлеріне қарсы тұруы оңай емес еді. Әскери күш жағынан да монғол-татарлар артық болатын. Әсіресе монғол-татарлардың атты әскері өте қуатты еді. Батудың соғыс өнерінде бұрыннан пайдаланып келе жатқан, қала бекіністерін бұзатын жеңіл құралдары болды. Бұл құралмен орыс қалаларының ағаштан салынған бекінісін бұзу қиынға түспейтін. Бүған қосымша Бату әскерлері соғыс жүргізудің неше түрлі әдістерін меңгерді. Сөйтіп жолындағының бәрін жайпаған Бату 1237 жылдың қысында қалың қолын Еділ өзенінен өткізіп, Рязань қаласына келіп жетті. Қыста шабуыл жасауды күтпеген рязаньдықтар айтарлықтай қарсылық жасай алмады. Бес күн бойы монғол-татар әскерінің шабуылына тойтарыс бергенімен, басқа жақтан көмек келмегендіктен, Рязань қаласы құлап, жау қолына көшті. Келесі кезек орыстың ірі Владимир-Суздаль кінәздігіне жетті. Алғашқы шайқас Ұлы Владимир кінәзі [[Юрий Всеволодович әскерлерімен болды. Монғол-татар әскерлері Коломно каласы түбінде кінәз Юрийдің әскерін талқандады, Мәскеу және Клязьма өзендерінен өтіп, бес күн қарсылықтан кейін Мәскеу қаласын алды.
 
1238 жылы 4 ақпанда Бату Владимир қаласын қоршайды. Қала халқы айтарлықтай ерлік көрсетеді. Бірақ үш күннен арыға шамасы келмеген қаланы қорғаушылар жеңіліс табады. Монғол-татар әскері осылайша Ростов, Суздаль, Ярославль, Кострома, Углич, Тверь сияқты 14 қаланы бағындырып, Владимир кінәздігінен Новогородқа қарай бағыт алады. Бірақ көктемнің ерте шығуы, орманды және бат- пақты Новогород жері алға қарай жүруге қиындық тудырады және монғол-татар әскерлерінің де ұзақ соғыстан қажығаны сезіледі. Сондықтан Бату әскерлерін оңтүстікке қарай бұрады. Жолында кездескен қалалар мен ауылдарды жаулап алып, 1240 жылы Киев қаласына келіп жетеді. Киев қаласын қорғауды Даниил мен Дмитрий кінәздер өз қолдарына алады. Қала халқы өз қаласын айтарлықтай ерлікпен қорғайды. Қала бекінісін бұзып кіру монғол-татар әскерлеріне оңайға түспейді. Киев қаласы сегіз күн қарсылық көрсетеді. Күштің тең болмауы, кінәздіктердің дер кезінде күш біріктіре алмауы Киев кінәздігінің жеңілуіне әкеп соқтырады. Монғол-татар шапқыншылары Киев қаласын талқандап, ежелгі ескерткіштердің көбін жойып жібереді. Киев қаласын алғаннан кейін Бату әскерлері Галич-Волынь кінәздігіне аттанады. Батыс орыс жерін жаулап алғаннан соң Польшаға, Чехия мен Венгрия жеріне баса-көктеп кіреді. Алайда бірнеше жылға созылған жорықтардан әбден қажыған Бату әскерлері Еуропа елдеріне одан әрі ендеп кіре алмайды. Бату әскерлері Еділ өзенінің төменгі сағасына оралып, осында 1243 жылы Сарай-Бату қаласын салғызады. Алтын Орда мемлекетін құрады. 1240-1480 жылдар аралығында Орыс жеріне монғол-татар үстемдігі орнайды.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға