Жаңалықтар

Бастауыш Халық Училищелері

Бастауыш Халық Училищелері — бастауыш білім беру мақсатымен “Бастауыш халық училищелері туралы ережеге” (1874) сай Қазақстан аумағында жұмыс істеген төменгі дәрежелі мектептер түрі. Бастауыш Халық Училищелері құрамына: прогимназиялар және 1, 2 сыныптық халық училищелері, қалалық училищелер, уездік училищелер, орыс-қазақ училищелері, орыс-түзем мектептері, ауылдық мектептер, бастапқы сауат ашу мектептері, т.б. кірді. Сырдария облысында 1912 жылы 56 орыс-түзем училищесінде 3 мың бала оқыса, оның 2%-і ғана қазақ балалары болған. 1912 жылы қалалық училищелер қайта құрылып “Жоғары сатылы бастауыш мектептер” деп аталды. Бөкей ордасындағы 1 сыныптық орыс-қазақ уч-щелері және Торғай обл-ндағы болыстық мектептер 1 сыныптық учили деңгейіне сәйкес болды. училищенің көпшілігінің оқу бағдарламаларында: дін сабағы (Закон Божий), шіркеулік-славян тілі, орыс тілі, көркем жазу, арифметика пәндері оқытылды. Түсіндіру сабақтары тарих, табиғаттану, география пәндерінен деректер келтіру арқылы жүргізілді. Бастауыш Халық Училищелерінде орыс мұғалімдермен қатар мұғалімдер семинариясын бітірген қазақ жастары сабақ берді. Бастауыш Халық Училищелері 1887—1896 жылдары Торғайда, Қостанайда, Ақтөбеде ашылды. 1894—1814 жылдары аралығында Қазақстандағы Бастауыш Халық Училищелері саны 730-дан 1988-ге, ал оқушылардың саны 28 мыңнан 101 мыңға өсті. Сонымен бірге Бастауыш Халық Училищелері қатарында ауыл шаруашылығы және фельдшерлік мектептер, коммерциялық училищелер ашылды. Бастауыш Халық Училищелеріндегі оқыту мазмұны Ресей үкіметінің отарлық саясатының мүддесін көздеді. Оқу бағдарламалары қазақ халқын орыстандыру мақсатына бағытталып жасалды. 1886 жылы қазақтарды Бастауыш Халық Училищелеріне барынша тарту мақсатымен орыс-қазақ мектептерінде мұсылмандық негізін оқыту туралы жарлық шықты. Ресей үкіметі Бастауыш Халық Училищелерінде оқыту мазмұнын қатаң бақылап отырды. Көптеген орыс шенеуніктері Бастауыш Халық Училищелерін ұйымдастыруға “бұратана” халықтарды орыстандыру саясатының “маңызды тарихи қадамы” ретінде қарап, оған белсене қызмет етті. Бастауыш Халық Училищелерін бітірушілердің көпшілігі орыс тілінде сауат ашып, Ресей үкіметінің отарлық саясатымен жақын танысқаннан кейін, өз халқының мүддесін қорғау жолына түсті. Бастауыш Халық Училищелері 20 ғасырдың басындағы қазақ жастарының әлеуметтік-мәдени дамуында, зиялы қауымның қалыптасуында елеулі рөл атқарды.
04.12.2012 05:01 3735

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға