Жаңалықтар

Атамұра ─ әулие дәстүр

  10.10. 1967 ж Алматы Түнгі с. 24.00 Ленжасқа   I   «Отан» деген түсінік адамның ұғымына, қанына ананың ақ сүтімен, атаның әлдиімен, аға-апалардың аймалауымен сіңеді. Олар кімдер? Олар қоғамның ошақ - орда, ұялас тобы. «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны аласың», - деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Ананың, атаның алдында жүгіне сыйлау, аға-апаларды қадірлей білу, іні-қарындастарды әлпештеп еркелете білу - «Ұлың жақсы болсын десең, ұлы жақсымен, қызың жақсы болсын десең, қызы жақсымен ауылдас болғын» деген сөздің күре тамыры жақсы ұрпақ өсіру, ел ара достықты, сыйласуды арман еткен әсіл, нақыл сөздер. Достық деген ұғым - сеніміңді адал ақтағанның шарт нәтижесінен туады. Қастық - оның қайшысынан туады. Бұл екі ұғым ұлғая - ұлғая келіп, қоғамдық өмірде тап күресіне айналып, қоғамды екі қарама - қарсы топқа бөліп, араларын шиеленістіріп, соғысты тудырған. Соғыста мәселені «білектің күші, найзаның ұшы» шешіп келген. Отан қорғау әр азаматтың қасиетті борышы деген атамұра дәстүрдің күре тамыры мен арналары сонда жатыр. Әркімнің өз ошағы - семьясы, ауыл - аймағы, ауданы, туған өлкесі өзіне ыстық. Қоңсылас қатар жатқан ақ ниеттес елдер болса, оған жақын бауыр - туыстардан кем емес адамдар - достары. Демек, патриотизм мен достық, интернационалдық деген сезімдер осыдан басталып, Отанды сүю сезімі әлеуметтік туысқан дос халықтар арасында үлкен, жалпы қоғамдық сезімге, тәбәрік борышқа айналған. II Отанды қорғау - ең қасиетті атамұрамыз, теберік дәстүріміз. Отанды қорғау - міндетті азаматтық борышымыз. Оның үш тарау күре тамырлары бар. Олар мыналар: 1) тәрбиелі, әдепті болып өсу; 2) еңбекте тер төгуден қашпау; 3) майданда қан төгуден де, керек болса ажалдан да қаймықпау. Бұл үшеуі де - адам өмірінде зор проблемалар. Бұларды дұрыс, әр жағдайда орынды шеше білу - адамның жеке басынан сезімдікті, ұстамдылықты, табандылықты талап етіп, қоғамнан болса, келте ойдан аулақ болып, ақылға салып, кең ойланып, мәселелердің келешектерін «торқаның тоқсан баулы түйіндерін дұрыс шешпей, әрқашан да ескере отырып ұтылмалы ұйытқы сала отырып шешуді зор талап етеді. Ол - ұйымдастыру, тәрбиелеу, баптау, т.б. мәселелер.   III Ерлерді ел тәрбиелейді. Шын ерлер елдерін еңірей қорғайды. Ел намысы - ер намысы, ер намысы - ел намысы. Арлы ер - еңбекте де, майданда да елдің ардагер ұлы, ардагер қызы, сын сағатта сұрыпталған ерлер аты ел аузында қалады. Ол халық тарихына арқауға айналады. Ұрпаққа мұра болып қалады. Өседі, өнеді, көгереді. IV Біздің ұлы Отанымыздың кейінгі ғасырдағы тарихында жалыны жер мен көкті шарпыған үш соғыс өтті. 1) 1812 жылы басталған Отан соғысы. Тарихтың түкпірлерін шағын мақала арқылы ақтара беруге мүмкіншілік болмағандықтан, сол орасан Отан соғысында аттары тарихта сұрыпталған ерлер атын шала - шарпы ғана атап өтелік, олар данышпан қолбасшылар Барклей де Толли, грузин халқының мақтанышы Багротион, арғы тегі белорус Давыдов Денис (сол заманның Махамбет Өтемісұлы), Надежда Дурова, Детхан Қаратаев т.б. орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстойдың өшпес шығармаларындағы кейіпкерлері... Олардың саптарында башкирлар да, қазақтар да т.б. сол Отан соғысына қатысқандар туралы тарихи хабарларымыз бар екені даусыз - дәлел... 2) Бірінші жаһангер соғыстың бастамасы мен жалғасына байланысты Ұлы Октябрь революциясының бел омыртқасындай Азамат соғысы. Революцияға ұлы орыс халқы жүз жылдап қалжырап зордан жетті. Ол тарихта мәлім. Көрегендік халық келбетін Марксистік дұрыс бағытқа арнасы кең арнадай, терең ойлы В.И.Ленин басқарған көсем партия ғана таудың асуынан, өмірдің нажағай бөгеген өркеш - өркеш бұлттарын кешіп өтіп, мұратына жетті. Ұлы Октябрь революциясы жеңді. Советтер орнады. Кемеңгер Ленин қарулы күші әлі қалыптаспаған Отанымыздың, халқымыздың тәуелсіздігін, бостандығын көпке дейін қолға ұстап қалуға мүмкін еместігін терең түсініп, партия арқылы қарулы күштер құруды маңдай алды мәселе етіп қойып, рабочая боевая дружинадан бастап, Красная гвардия арқылы, РККА, РККФ - қа дейін ұйымдастырып жеткізіп, Антанта мен ішкі контрреволюциялық ақтардың жан - жақтан анталай шабуыл жасаған мықты қарулы күштеріне қан майданда жылдап арпалысып, қиын жағдайда соққылар беріп, ұлы Октябрь революциясының жеңістерін жау шеңберінен құтқарып, аман сақтап қалды. Ленин партиясының көсемдік басқаруымен біздің ата - бабаларымыз еңбектерін аямай, майданда қанын, жанын аямай, қиыншылықтарды шыдамдықпен жеңіп, майданда ерлікпен қан төгіп, ондаған ажалдан тайсалмай, Отанымызды, көтерілген Қызыл Туды құлатпастан берік ұстап қалды. Бұл - үлкен адамзаттық тарихи табыс, тарихи жеңіс майдандағы сындар арқылы сұрыпталған адал, жорықта жұмылдырмаған, қиыншылықта қайраса шапқан, майданда жорылмаған ерлер есімі халық лебізі арқылы тарих арнасынан аңыз ретінде орын алды. Олардың аттары: Сталин, Буденный, Чапаев, Щорс, Блюхер, Фрунзе, Ворошилов, Әліби Жангелдин, Пархоменко, Амангелді Иманов, Сергей Лазо, т.б. Біз - солардың ұрпақтарымыз. 3) 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы. 1812 ж. Наполеон - Бонопарт басқыншылары Москваны алып, талап өртегенде М.Кутузов: «Падение Москвы - не падение России», - деген болатын. Ол кезде, халықаралық жағдайда дұрыс айтылған сөз. Халқына сеніп, уақытша жеңілгеніне мән бермей, мұңаймаған сөз... Кешікпей Наполеонның «Көрпесіне қарамай, аяғын созғандығы» әйгіленіп, миллиондаған әскері тым - тырақай қашып, Франция жеңіліп, астанасы Париждің дарбазасының шонжар кілтін бас иіп, тізе бүгіп М.Кутузовқа тапсыруға мәжбүр болғаны ғалам тарихына мәлім. 1941 - 1945 жылдар кәрі - жасымыз бар, көбіміздің есімізде. Есімізден әлі де шығар емес. Есімізден қайдан шықсын. Екінші дүниежүзілік адамзат тарихында болып көрмеген опат соғыстың көп ауыртпалықтары совет халқының еңсесіне түсті. Ол досқа да, дұшпанға да айқын, мәлім; Біздің елде соғыс жалынына шарпылмаған бірде - бір семья жоқ. Бұл - шындық! Миллиондаған ерлеріміз жандарын қан майданда Отан үшін пида етті; Зарлаған ата - аналар, жылаған жетім - жесірлер, қайтпас сапарларға ерлікпен кеткен жақын азаматтарымыздың орындарын әлі күнге дейін толтыра алмай жүр. Ол рас! Қан майданда қан төгіп, қасиетті жерімізді сорғалаған терімен де, қанымен де суғарып, соғыстан мүгедек болып қайтқан ерлеріміз де көп. Ол - рас! Жаңадан талпынып, қанаттанайын деп келе жатқан кезде әскерге алып, жаңа өспірім, жастық шақтың дәмін татпастан жорық азабын, майдан майысын, ұрыстар ұрғыларына сынбай ергенінен бұрын соғыстан егде тартып қайтқан азаматтарымыз біздің елде аз емес! Ол - рас!... Өткен соғыс есімізден қайдан шықсын. Шықпайды да. Біз мұңаймаймыз. Біз жеңіс мұратымызға жеткен халықпыз. Біз жапандағы қу ағаш емеспіз. Біз өсіп - өнген халықпыз. Онымызға достарымыз түгіл, дұшпандарымыз да қол қойып отыр. Шүкір. Өткен соғыс, жеңіс бізге арзанға түспегенін жаңа ұрпақ - жастар да есіне ала жүргендері жөн. И.В.Сталин болса, соғыстың ең түнерген қауіпті кезеңінен бастап, абыройлы жеңіспен аяқтағанша, Маркс - Лениншілдік тұрақты, табандылық жобамен (позиция) тайсалмай данышпандықпен, терең зеректікпен партиямызды, барлық халқымызды, үкіметімізді, қарулы күштерімізді ұдайы басқарып отырды. Әсіресе, сол сын жылдары ол кісінің еңбектері бүкіл прогрестік адамзат алдында өте тарихи мазмұнды, келешекті болды деп айту асыра айтуға жатпайды. 1941 - 1945 жылдары сол кісінің басқаруы бойынша біздің СССР барлық антифашизм жұртшылығының тірегі де, тұтқасы да, сыйынар сенімі де болды. Біз дұшпанды абыроймен жеңдік. Дұшпан табан астында қалған тәуелсіздік тізгіндерін өз қолдарына тапсырдық. Бұл - бізге тарихи үлкен абырой. Ұлы Отан соғысында халықтар достығы үлкен сынға түсті. Әр халық өз үлесін қосты, оз абыройларына ие болды. Олардың арасында біздің қазақ халқының маңдай алды жүйесі бар екені даусыз. Оған дәлел - даңқы жер жарған 8 - ші панфиловшылар дивизиясының ерліктері; жүздеген Совет Одағының Батырлары (олардың ішінде күлді шығыс қыздарынан шыққан Мәншүк пен Әлия атты қазақ қыздары) т.б. абыройлы атақтар... Ұлы Октябрьдің елу жылдығын қуанышпен мерекелеуімізге санаулы ғана апталар қалып отыр. Бұл ұлы мерекені біздің достарымыз бен барлық прогресшіл адамгершілікті адамзат баласы үлкен қуанышпен қарсы алып, тойлауға дайындығын әлемге жариялап жатыр. Оған біз сенеміз, оған біз қуанамыз. Қастарымыз да «түн ұйқыларын төрт бөліп» жатқанын жасырып отырған көрінбейді. Біз ойранда да, тойда да лениндік арнамен сақ болуға үйренген совет халқымыз. Менің құрбыларым, мен, біздің достарымыз егде тартсақ та, бізден әлі күш қайтқан жоқ, біздің ұрпақтарымыз маркстік, Лениндік жорамалмен (позиция) ата жолын қуған, біздің Советтік, Ленин комсомолының мүшелері - алданып, адасқан хунвэйбиндер емес, олар біздің балаларымыз, ұрпағымыз, олар біздің Ұлы Октябрь Революциясының ұрпақтары. Мерекең құтты болсын, ұлы халқым! 50 жыл күреспен өтті. Әр уақытта да төрт жағымыз құбыла бола қойған жоқ. Табыстарымыздың рақатын көрдік, қатарларымыздың кесапаттарына да душар болдық. «Бүлдіру оңай, түзету киын» деп халқымыз бекер айтпаған екен. Бірақ та еңбек жемісі, майдан жеңістері - біздің партияның негізгі арнасынан адаспаудың нәтижесі. 
04.12.2012 05:01 6448

 

10.10. 1967 ж Алматы

Түнгі с. 24.00 Ленжасқа

 

I

 

«Отан» деген түсінік адамның ұғымына, қанына ананың ақ сүтімен, атаның әлдиімен, аға-апалардың аймалауымен сіңеді. Олар кімдер? Олар қоғамның ошақ - орда, ұялас тобы. «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны аласың», - деп халқымыз бекер айтқан жоқ.

Ананың, атаның алдында жүгіне сыйлау, аға-апаларды қадірлей білу, іні-қарындастарды әлпештеп еркелете білу - «Ұлың жақсы болсын десең, ұлы жақсымен, қызың жақсы болсын десең, қызы жақсымен ауылдас болғын» деген сөздің күре тамыры жақсы ұрпақ өсіру, ел ара достықты, сыйласуды арман еткен әсіл, нақыл сөздер.

Достық деген ұғым - сеніміңді адал ақтағанның шарт нәтижесінен туады. Қастық - оның қайшысынан туады. Бұл екі ұғым ұлғая - ұлғая келіп, қоғамдық өмірде тап күресіне айналып, қоғамды екі қарама - қарсы топқа бөліп, араларын шиеленістіріп, соғысты тудырған. Соғыста мәселені «білектің күші, найзаның ұшы» шешіп келген. Отан қорғау әр азаматтың қасиетті борышы деген атамұра дәстүрдің күре тамыры мен арналары сонда жатыр.

Әркімнің өз ошағы - семьясы, ауыл - аймағы, ауданы, туған өлкесі өзіне ыстық. Қоңсылас қатар жатқан ақ ниеттес елдер болса, оған жақын бауыр - туыстардан кем емес адамдар - достары. Демек, патриотизм мен достық, интернационалдық деген сезімдер осыдан басталып, Отанды сүю сезімі әлеуметтік туысқан дос халықтар арасында үлкен, жалпы қоғамдық сезімге, тәбәрік борышқа айналған.

II

Отанды қорғау - ең қасиетті атамұрамыз, теберік дәстүріміз. Отанды қорғау - міндетті азаматтық борышымыз. Оның үш тарау күре тамырлары бар. Олар мыналар:

1) тәрбиелі, әдепті болып өсу;

2) еңбекте тер төгуден қашпау;

3) майданда қан төгуден де, керек болса ажалдан да қаймықпау.

Бұл үшеуі де - адам өмірінде зор проблемалар. Бұларды дұрыс, әр жағдайда орынды шеше білу - адамның жеке басынан сезімдікті, ұстамдылықты, табандылықты талап етіп, қоғамнан болса, келте ойдан аулақ болып, ақылға салып, кең ойланып, мәселелердің келешектерін «торқаның тоқсан баулы түйіндерін дұрыс шешпей, әрқашан да ескере отырып ұтылмалы ұйытқы сала отырып шешуді зор талап етеді. Ол - ұйымдастыру, тәрбиелеу, баптау, т.б. мәселелер.

 

III

Ерлерді ел тәрбиелейді. Шын ерлер елдерін еңірей қорғайды. Ел намысы - ер намысы, ер намысы - ел намысы. Арлы ер - еңбекте де, майданда да елдің ардагер ұлы, ардагер қызы, сын сағатта сұрыпталған ерлер аты ел аузында қалады. Ол халық тарихына арқауға айналады. Ұрпаққа мұра болып қалады. Өседі, өнеді, көгереді.

IV

Біздің ұлы Отанымыздың кейінгі ғасырдағы тарихында жалыны жер мен көкті шарпыған үш соғыс өтті.

1) 1812 жылы басталған Отан соғысы.

Тарихтың түкпірлерін шағын мақала арқылы ақтара беруге мүмкіншілік болмағандықтан, сол орасан Отан соғысында аттары тарихта сұрыпталған ерлер атын шала - шарпы ғана атап өтелік, олар данышпан қолбасшылар Барклей де Толли, грузин халқының мақтанышы Багротион, арғы тегі белорус Давыдов Денис (сол заманның Махамбет Өтемісұлы), Надежда Дурова, Детхан Қаратаев т.б. орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстойдың өшпес шығармаларындағы кейіпкерлері... Олардың саптарында башкирлар да, қазақтар да т.б. сол Отан соғысына қатысқандар туралы тарихи хабарларымыз бар екені даусыз - дәлел...

2) Бірінші жаһангер соғыстың бастамасы мен жалғасына байланысты Ұлы Октябрь революциясының бел омыртқасындай Азамат соғысы.

Революцияға ұлы орыс халқы жүз жылдап қалжырап зордан жетті. Ол тарихта мәлім. Көрегендік халық келбетін Марксистік дұрыс бағытқа арнасы кең арнадай, терең ойлы В.И.Ленин басқарған көсем партия ғана таудың асуынан, өмірдің нажағай бөгеген өркеш - өркеш бұлттарын кешіп өтіп, мұратына жетті. Ұлы Октябрь революциясы жеңді. Советтер орнады.

Кемеңгер Ленин қарулы күші әлі қалыптаспаған Отанымыздың, халқымыздың тәуелсіздігін, бостандығын көпке дейін қолға ұстап қалуға мүмкін еместігін терең түсініп, партия арқылы қарулы күштер құруды маңдай алды мәселе етіп қойып, рабочая боевая дружинадан бастап, Красная гвардия арқылы, РККА, РККФ - қа дейін ұйымдастырып жеткізіп, Антанта мен ішкі контрреволюциялық ақтардың жан - жақтан анталай шабуыл жасаған мықты қарулы күштеріне қан майданда жылдап арпалысып, қиын жағдайда соққылар беріп, ұлы Октябрь революциясының жеңістерін жау шеңберінен құтқарып, аман сақтап қалды.

Ленин партиясының көсемдік басқаруымен біздің ата - бабаларымыз еңбектерін аямай, майданда қанын, жанын аямай, қиыншылықтарды шыдамдықпен жеңіп, майданда ерлікпен қан төгіп, ондаған ажалдан тайсалмай, Отанымызды, көтерілген Қызыл Туды құлатпастан берік ұстап қалды. Бұл - үлкен адамзаттық тарихи табыс, тарихи жеңіс майдандағы сындар арқылы сұрыпталған адал, жорықта жұмылдырмаған, қиыншылықта қайраса шапқан, майданда жорылмаған ерлер есімі халық лебізі арқылы тарих арнасынан аңыз ретінде орын алды. Олардың аттары: Сталин, Буденный, Чапаев, Щорс, Блюхер, Фрунзе, Ворошилов, Әліби Жангелдин, Пархоменко, Амангелді Иманов, Сергей Лазо, т.б. Біз - солардың ұрпақтарымыз.

3) 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы.

1812 ж. Наполеон - Бонопарт басқыншылары Москваны алып, талап өртегенде М.Кутузов: «Падение Москвы - не падение России», - деген болатын. Ол кезде, халықаралық жағдайда дұрыс айтылған сөз. Халқына сеніп, уақытша жеңілгеніне мән бермей, мұңаймаған сөз... Кешікпей Наполеонның «Көрпесіне қарамай, аяғын созғандығы» әйгіленіп, миллиондаған әскері тым - тырақай қашып, Франция жеңіліп, астанасы Париждің дарбазасының шонжар кілтін бас иіп, тізе бүгіп М.Кутузовқа тапсыруға мәжбүр болғаны ғалам тарихына мәлім.

1941 - 1945 жылдар кәрі - жасымыз бар, көбіміздің есімізде. Есімізден әлі де шығар емес.

Есімізден қайдан шықсын.

Екінші дүниежүзілік адамзат тарихында болып көрмеген опат соғыстың көп ауыртпалықтары совет халқының еңсесіне түсті. Ол досқа да, дұшпанға да айқын, мәлім;

Біздің елде соғыс жалынына шарпылмаған бірде - бір семья жоқ. Бұл - шындық!

Миллиондаған ерлеріміз жандарын қан майданда Отан үшін пида етті;

Зарлаған ата - аналар, жылаған жетім - жесірлер, қайтпас сапарларға ерлікпен кеткен жақын азаматтарымыздың орындарын әлі күнге дейін толтыра алмай жүр. Ол рас!

Қан майданда қан төгіп, қасиетті жерімізді сорғалаған терімен де, қанымен де суғарып, соғыстан мүгедек болып қайтқан ерлеріміз де көп. Ол - рас!

Жаңадан талпынып, қанаттанайын деп келе жатқан кезде әскерге алып, жаңа өспірім, жастық шақтың дәмін татпастан жорық азабын, майдан майысын, ұрыстар ұрғыларына сынбай ергенінен бұрын соғыстан егде тартып қайтқан азаматтарымыз біздің елде аз емес! Ол - рас!...

Өткен соғыс есімізден қайдан шықсын. Шықпайды да. Біз мұңаймаймыз. Біз жеңіс мұратымызға жеткен халықпыз. Біз жапандағы қу ағаш емеспіз. Біз өсіп - өнген халықпыз. Онымызға достарымыз түгіл, дұшпандарымыз да қол қойып отыр. Шүкір.

Өткен соғыс, жеңіс бізге арзанға түспегенін жаңа ұрпақ - жастар да есіне ала жүргендері жөн.

И.В.Сталин болса, соғыстың ең түнерген қауіпті кезеңінен бастап, абыройлы жеңіспен аяқтағанша, Маркс - Лениншілдік тұрақты, табандылық жобамен (позиция) тайсалмай данышпандықпен, терең зеректікпен партиямызды, барлық халқымызды, үкіметімізді, қарулы күштерімізді ұдайы басқарып отырды. Әсіресе, сол сын жылдары ол кісінің еңбектері бүкіл прогрестік адамзат алдында өте тарихи мазмұнды, келешекті болды деп айту асыра айтуға жатпайды.

1941 - 1945 жылдары сол кісінің басқаруы бойынша біздің СССР барлық антифашизм жұртшылығының тірегі де, тұтқасы да, сыйынар сенімі де болды.

Біз дұшпанды абыроймен жеңдік. Дұшпан табан астында қалған тәуелсіздік тізгіндерін өз қолдарына тапсырдық. Бұл - бізге тарихи үлкен абырой.

Ұлы Отан соғысында халықтар достығы үлкен сынға түсті. Әр халық өз үлесін қосты, оз абыройларына ие болды. Олардың арасында біздің қазақ халқының маңдай алды жүйесі бар екені даусыз. Оған дәлел - даңқы жер жарған 8 - ші панфиловшылар дивизиясының ерліктері; жүздеген Совет Одағының Батырлары (олардың ішінде күлді шығыс қыздарынан шыққан Мәншүк пен Әлия атты қазақ қыздары) т.б. абыройлы атақтар...

Ұлы Октябрьдің елу жылдығын қуанышпен мерекелеуімізге санаулы ғана апталар қалып отыр.

Бұл ұлы мерекені біздің достарымыз бен барлық прогресшіл адамгершілікті адамзат баласы үлкен қуанышпен қарсы алып, тойлауға дайындығын әлемге жариялап жатыр. Оған біз сенеміз, оған біз қуанамыз.

Қастарымыз да «түн ұйқыларын төрт бөліп» жатқанын жасырып отырған көрінбейді.

Біз ойранда да, тойда да лениндік арнамен сақ болуға үйренген совет халқымыз. Менің құрбыларым, мен, біздің достарымыз егде тартсақ та, бізден әлі күш қайтқан жоқ, біздің ұрпақтарымыз маркстік, Лениндік жорамалмен (позиция) ата жолын қуған, біздің Советтік, Ленин комсомолының мүшелері - алданып, адасқан хунвэйбиндер емес, олар біздің балаларымыз, ұрпағымыз, олар біздің Ұлы Октябрь Революциясының ұрпақтары. Мерекең құтты болсын, ұлы халқым!

50 жыл күреспен өтті. Әр уақытта да төрт жағымыз құбыла бола қойған жоқ. Табыстарымыздың рақатын көрдік, қатарларымыздың кесапаттарына да душар болдық. «Бүлдіру оңай, түзету киын» деп халқымыз бекер айтпаған екен. Бірақ та еңбек жемісі, майдан жеңістері - біздің партияның негізгі арнасынан адаспаудың нәтижесі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға