Жаңалықтар

Бастауыш болатын сөз таптары

  Сөйлемде есім (зат есім, сын есім, сан есім), есімдік, я, есімге айналған сөздер (есімше, тұйық етістік) әрі объектеніп субстантқа айналған (үстеу, одағай, шылау) сөздер дара тұрып та, күрделі тұрып та бастауыш болады.    1. Зат есімдердің бастауыш болуы   Атау түріндегі , аяғы тәуелді жалғаулы я көптік жалғаулы зат есімдердің бастауыш болуы ең қалыпты нәрсе.  Мысалы: Абай бұл сөздерді жақтырмай амалсыз тыңдап отыр. Ояң жерлер тіпті төмендеп, қыраң жерлер тіпті биіктеп кеткендей. Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез. Көптік жалғаулы сөздің бастауыш болуына мысал:  Жүргіншілер бұлақтың дәл қасына ең жақын қонған ауылға келе жатыр. Студенттердің ғылыми қоғамының бір үйірмесіне жазушылар шақырылды.  Бұл сөзді естісімен Ырғызбайлар тағы шапқылап түні бойы қол жинады. Шоқыға шыққан жігіттер ентіге күлісіп, қалжың айтысты.   2. Сын есімдердің бастауыш бастауыш болуы   Затқа айналған субстантталған сын есімнің бастауыш болуында да екі түрлі бар. Біріншіден, сын есім тура затты анықтамайтын болып, заттың орнына айтылуы керек. Екіншіден, сөйлем ішінде субъект болған сын есімнен басқа тағы бір сын есім я сын есімнен шыққан сөз болу керек. Бұл сонда ғана объектердің қайшылықтарының бірлігін көрсететін құбылыс болып табылады. Зат есім мен сын есім өздігінен қарсы тұра алмайды. Мысалы: «Жақсы кісі жалған айтпайды» десек, жақсы бастауыш болмайды, бастауыш кісі ғана болады. Егер, «жақсы жалған айтпайды» десек, жақсы бастауыш болады. Сын есім көптік жалғау арқылы да затқа айналып, бастауыш болады. Мысалы: Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек. (Абай). «Үйірімен үш тоғыз» деп жымыңдап, Жасы үлкендер жанына байлағанда. (Абай). Кейде сын есім тәуелді жалғауын жалғау арқылы затқа айналмай-ақ, бастауыш болады. Мұндайда сын есім затты анықтамайды, өйткені оның анықтамайтын сөзі бұрын келеді, орын ауысады. Мысалы: Қазақстандағы өзеннің үлкені – Ертіс. Түйенің үлкені көпірден таяқ жейді. (Мақал).   3. Сан есімдердің бастауыш болуы   Сан есімдердің бастауыш болуы да сын есімдердікіндей, бірақ, өзгешелігі де жоқ емес. Атау қалпындағы сан есімдер артынан айтылған зат есім жоқ болса, зат есім орнында айтылып бастауыш болады. Мысалы: Сегіз – екіге бөлінеді. Екі жердегі екі – төрт. Кейде екі екі – төрт деп те айтылады. Мұндайда «екілердің» соңында зат есім барлығы да, негізінде болатындығы да сезілмейді. а) Сан есімнің жинақты түрлері де, оның тәуелдісі де бастауыш болады. Мұның бастауыш болуы өте қолайлы, себебі: бұл аяққы -ау, -еу жұрнағы арқылы затқа айналып, зат есімнің орнына жүреді. Мысалы: Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса төбедегі келеді. (мақал). Екеуі қарауыл қарайды, біреуі шөпшек тереді. (жұмбақ).  ә) Есепті сан есімнің тәуелді түрі де бастауыш болады. Мысалы: Аттың отызы ана бригадада. Мына жиырмаң бөлініп шық! б) Сан есімнің ретті түрі де бастауыш бола алады. Мысалы: Бірі тым ауыр, екіншісі тым шапшаң, ұрыншақ... в) Бөлшек сандардың бөлшегі мен көрсеткіші де тәуелді жалғауда тұрып, күрделі бастауыштың қызметін атқара алады. Мысалы: Колхоздың жүздеген тоқсан тоғызы бақша еге біледі. г) Сан есімнің шақты, шамалы шылауы бар түрі де, көптік түрі де тәуелді жалғау жалғанса, бастауыш қызметін атқарады. Мысалы: Сауын сиырдан мұнда жүз шамаласы қалар дейміз. Жігіттердің он шақтысы жаудың соңынан қуып кетті. Оқушылардың он шақтысы музыка үйренді. Сан есімдік мәні бар ондаған, бестеген сияқтылар да тәуелді жалғау арқылы бастауыш болады. Мысалы: Пионерлердің ондағаны ойын көрсетті.   4. Есімдіктердің бастауыш болуы   Есімдіктер зат есімнен соңғы өздігінен өнімді бастауыш болатын сөз. Олар бастауыш болумен қатар, баяндауышқа тура сәулесін түсіреді.  а) Жіктеу есімдіктерінің бастауыш болуы: Мен – балаң жарық күннен сәуле қуған. Біз оқытушы болуды арман еттік. Сен жаралы жолбарыс ең. Ол бір қызарып, бір ақшылданып, сұрлана түсіп, сөйлеп отыр. Олар да бұның жүзіне тегіс қарап қапты. ә) Сұрау есімдіктерінің бастауыш болуы: Кімі тантық, кімі паң. Кімдер сапар шекпеді, Туған елдің қамы үшін. Нелер кетіп, не кетпес ер жігіттің басына.  б) Сілтеу есімдіктерінің бастауыш болуы: Бұл – Тыржық деген бай екен. Бұл бір ащы мысқыл еді. Қонақтардың қасында бүгін де солар ғана болған. в) Өзіндік есімдіктің бастауыш болуы: Өзің қара артыңа – өткен өмір бейне түс. Менің өзім нашармын, Түрікпен аузым ашармын. г) Белгісіздік есімдіктің бастауыш болуы: Сәлде киген біреу отыр, ол молда болып шықты. Біреулер жата қалып, көз іліндіріп, біреулер құрғақ тағамдарын жеп, әркім өз шаруасына кірісіп жатыр. д) Болымсыздық есімдіктің бастауыш болуы: Оған осы отырған ешқайсымыз, әй, ештеңе қоса алмаймыз. Бірақ, ақшаға ешкім зат сатпайды.  е) Жалпылық есімдігінің бастауыш болуы: - Кім еді мұның! – деп әркімдер таңдананйын деп еді. Осы үш жігітке ауыр хал-жағдайымызды айтып едім, әрқайсысы әртүрлі ақыл берді. Бәрі Есжанның қарамағындағы аттар. ж) Мөлшер есімдігінің бастауыш болуы: Жүктің бірсыпырасы  тасылып болды. Әлі бұл аттардың бірнешесі (бірнешеуі) жолда қалады. Кейде есімдіктердің қатар келуінен, оның қайсысы бастауыш екенін айыру қиынға соғатын жайы бар. Мысалы: Мынау сіз жазған хат па? Бұл сөйлемдегі бастауыш – сілтеу есімдік мынау,  ал сіз бастауыш емес, себебі, ол сіздің деген сөз, мұның тек қана жалғауы түсіп қалып тұр. Сол сияқты «Ол сен айтқан кітапты берген жоқ». Мұнда сен сенің-нің орнына тұр.   5. Етістіктен туған есімдердің бастауыш болуы   Бұлар да орнына, мағынасына қарай бастауыш болады. Мысалы: Жаудан күту жақсылық – зарлыққанның салдары, Байдан күту жақсылық – тарыққанның салдары. Жазықтыны жазалау – заңның ісі. Жар сүю,  жұрт мақтанарлық атақ табу – аз аз күннің аз ермегі уанатын. Көптен үйрене отырып, үйретуіміз де керек. Етістіктен зат есімге айналған сөз өзінен соң зат есім келген жағдайда анықтауыш болады да, зат есім тіркессіз жалаң өзі келген орында бастауыш болады. Мысалы: Жығылған адам күреске күреске тоймас. – Жығылған күресек тоймас. Бірақ әлі де білмегенім көп. Баққандары өзінің ғана құлқыны мен бақ-дәрежесі.    6. Етістіктердің бастауыш болуы   Нақтылы етістіктер объектке айналып барып, бастауыш болады. Етістіктер де етістігі арқылы объектке айналады, бірақ ол үнемі сақтала бермейді. Мысалы: Көрдім – көп сөз. Бастауыш – көрдім. Мұның толық түрі: Көрдім деген көп сөз. Сендердің сүймейміндерің  - сүйемін дегендерің. Тойдың болғанынан боладысы қызық.   7. Одағай, шылау, үстеу сөздердің бастауыш болуы Одағай, шылау, үстеулердің бастауыш болуы үшін де, олардың жұрнақ жалғап, басқа сөз табына айналуы я объектке айналуы шарт:  а) «Түу» - одағай сөз. Бастауыш – «түу», ол объектеліп тұр. Аллаңнан ойбайым жақсы. «Әйт-шу» деген түйеге демеу. Жұманның «оһы-үһісі»-ақ мезі қып бітті. ә) Бұл тастың қасындағы қайда? Бұл жерде «қасында» шылауы сынға айналып, объектеніп барып, бастауыш болып тұр. «Де» - жалғаулық шылау. Осы кісінің «яғниы»-ақ таусылмайды екен. б) Еріншектің ертеңі бітпес. «Ертеңі» объектенген үстеу. Қапанның «тіптісі» бітпейді. Күн бұрының жоқ демесең ортаңа түспей кететін нем болушы еді менің... Мезгіл үстеуі объектіге айналмай-ақ, бастауыш бола алады. Ол үшін бастауыш үстеуден соң я оның алдында салыстырмалы түрде тағы бір үстеу болу керек. Мысалы: Ертең бүгіннен ашық  болады. Бастауыш – ертең. Бұл «ертең» субстанттанған затқа айналған сөз, зат есімнің орнында айтылып тұр.  
04.12.2012 04:58 77346

 

Сөйлемде есім (зат есім, сын есім, сан есім), есімдік, я, есімге айналған сөздер (есімше, тұйық етістік) әрі объектеніп субстантқа айналған (үстеу, одағай, шылау) сөздер дара тұрып та, күрделі тұрып та бастауыш болады. 
 
1. Зат есімдердің бастауыш болуы
 
Атау түріндегі , аяғы тәуелді жалғаулы я көптік жалғаулы зат есімдердің бастауыш болуы ең қалыпты нәрсе.  Мысалы: Абай бұл сөздерді жақтырмай амалсыз тыңдап отыр. Ояң жерлер тіпті төмендеп, қыраң жерлер тіпті биіктеп кеткендей. Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.
Көптік жалғаулы сөздің бастауыш болуына мысал:  Жүргіншілер бұлақтың дәл қасына ең жақын қонған ауылға келе жатыр. Студенттердің ғылыми қоғамының бір үйірмесіне жазушылар шақырылды.  Бұл сөзді естісімен Ырғызбайлар тағы шапқылап түні бойы қол жинады. Шоқыға шыққан жігіттер ентіге күлісіп, қалжың айтысты.
 
2. Сын есімдердің бастауыш бастауыш болуы
 
Затқа айналған субстантталған сын есімнің бастауыш болуында да екі түрлі бар. Біріншіден, сын есім тура затты анықтамайтын болып, заттың орнына айтылуы керек. Екіншіден, сөйлем ішінде субъект болған сын есімнен басқа тағы бір сын есім я сын есімнен шыққан сөз болу керек. Бұл сонда ғана объектердің қайшылықтарының бірлігін көрсететін құбылыс болып табылады. Зат есім мен сын есім өздігінен қарсы тұра алмайды. Мысалы: «Жақсы кісі жалған айтпайды» десек, жақсы бастауыш болмайды, бастауыш кісі ғана болады. Егер, «жақсы жалған айтпайды» десек, жақсы бастауыш болады.
Сын есім көптік жалғау арқылы да затқа айналып, бастауыш болады. Мысалы: Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек. (Абай). «Үйірімен үш тоғыз» деп жымыңдап, Жасы үлкендер жанына байлағанда. (Абай). Кейде сын есім тәуелді жалғауын жалғау арқылы затқа айналмай-ақ, бастауыш болады. Мұндайда сын есім затты анықтамайды, өйткені оның анықтамайтын сөзі бұрын келеді, орын ауысады. Мысалы: Қазақстандағы өзеннің үлкені – Ертіс. Түйенің үлкені көпірден таяқ жейді. (Мақал).
 
3. Сан есімдердің бастауыш болуы
 
Сан есімдердің бастауыш болуы да сын есімдердікіндей, бірақ, өзгешелігі де жоқ емес. Атау қалпындағы сан есімдер артынан айтылған зат есім жоқ болса, зат есім орнында айтылып бастауыш болады. Мысалы: Сегіз – екіге бөлінеді. Екі жердегі екі – төрт. Кейде екі екі – төрт деп те айтылады. Мұндайда «екілердің» соңында зат есім барлығы да, негізінде болатындығы да сезілмейді.
а) Сан есімнің жинақты түрлері де, оның тәуелдісі де бастауыш болады. Мұның бастауыш болуы өте қолайлы, себебі: бұл аяққы -ау, -еу жұрнағы арқылы затқа айналып, зат есімнің орнына жүреді. Мысалы: Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса төбедегі келеді. (мақал). Екеуі қарауыл қарайды, біреуі шөпшек тереді. (жұмбақ). 
ә) Есепті сан есімнің тәуелді түрі де бастауыш болады. Мысалы: Аттың отызы ана бригадада. Мына жиырмаң бөлініп шық!
б) Сан есімнің ретті түрі де бастауыш бола алады. Мысалы: Бірі тым ауыр, екіншісі тым шапшаң, ұрыншақ...
в) Бөлшек сандардың бөлшегі мен көрсеткіші де тәуелді жалғауда тұрып, күрделі бастауыштың қызметін атқара алады. Мысалы: Колхоздың жүздеген тоқсан тоғызы бақша еге біледі.
г) Сан есімнің шақты, шамалы шылауы бар түрі де, көптік түрі де тәуелді жалғау жалғанса, бастауыш қызметін атқарады. Мысалы: Сауын сиырдан мұнда жүз шамаласы қалар дейміз. Жігіттердің он шақтысы жаудың соңынан қуып кетті. Оқушылардың он шақтысы музыка үйренді. Сан есімдік мәні бар ондаған, бестеген сияқтылар да тәуелді жалғау арқылы бастауыш болады. Мысалы: Пионерлердің ондағаны ойын көрсетті.
 
4. Есімдіктердің бастауыш болуы
 
Есімдіктер зат есімнен соңғы өздігінен өнімді бастауыш болатын сөз. Олар бастауыш болумен қатар, баяндауышқа тура сәулесін түсіреді. 
а) Жіктеу есімдіктерінің бастауыш болуы: Мен – балаң жарық күннен сәуле қуған. Біз оқытушы болуды арман еттік. Сен жаралы жолбарыс ең. Ол бір қызарып, бір ақшылданып, сұрлана түсіп, сөйлеп отыр. Олар да бұның жүзіне тегіс қарап қапты.
ә) Сұрау есімдіктерінің бастауыш болуы: Кімі тантық, кімі паң. Кімдер сапар шекпеді, Туған елдің қамы үшін. Нелер кетіп, не кетпес ер жігіттің басына. 
б) Сілтеу есімдіктерінің бастауыш болуы: Бұл – Тыржық деген бай екен. Бұл бір ащы мысқыл еді. Қонақтардың қасында бүгін де солар ғана болған.
в) Өзіндік есімдіктің бастауыш болуы: Өзің қара артыңа – өткен өмір бейне түс. Менің өзім нашармын, Түрікпен аузым ашармын.
г) Белгісіздік есімдіктің бастауыш болуы: Сәлде киген біреу отыр, ол молда болып шықты. Біреулер жата қалып, көз іліндіріп, біреулер құрғақ тағамдарын жеп, әркім өз шаруасына кірісіп жатыр.
д) Болымсыздық есімдіктің бастауыш болуы: Оған осы отырған ешқайсымыз, әй, ештеңе қоса алмаймыз. Бірақ, ақшаға ешкім зат сатпайды. 
е) Жалпылық есімдігінің бастауыш болуы: - Кім еді мұның! – деп әркімдер таңдананйын деп еді. Осы үш жігітке ауыр хал-жағдайымызды айтып едім, әрқайсысы әртүрлі ақыл берді. Бәрі Есжанның қарамағындағы аттар.
ж) Мөлшер есімдігінің бастауыш болуы: Жүктің бірсыпырасы  тасылып болды. Әлі бұл аттардың бірнешесі (бірнешеуі) жолда қалады.
Кейде есімдіктердің қатар келуінен, оның қайсысы бастауыш екенін айыру қиынға соғатын жайы бар. Мысалы: Мынау сіз жазған хат па? Бұл сөйлемдегі бастауыш – сілтеу есімдік мынау,  ал сіз бастауыш емес, себебі, ол сіздің деген сөз, мұның тек қана жалғауы түсіп қалып тұр. Сол сияқты «Ол сен айтқан кітапты берген жоқ». Мұнда сен сенің-нің орнына тұр.
 
5. Етістіктен туған есімдердің бастауыш болуы
 
Бұлар да орнына, мағынасына қарай бастауыш болады. Мысалы: Жаудан күту жақсылық – зарлыққанның салдары, Байдан күту жақсылық – тарыққанның салдары. Жазықтыны жазалау – заңның ісі. Жар сүю,  жұрт мақтанарлық атақ табу – аз аз күннің аз ермегі уанатын. Көптен үйрене отырып, үйретуіміз де керек.
Етістіктен зат есімге айналған сөз өзінен соң зат есім келген жағдайда анықтауыш болады да, зат есім тіркессіз жалаң өзі келген орында бастауыш болады. Мысалы: Жығылған адам күреске күреске тоймас. – Жығылған күресек тоймас. Бірақ әлі де білмегенім көп. Баққандары өзінің ғана құлқыны мен бақ-дәрежесі. 
 
6. Етістіктердің бастауыш болуы
 
Нақтылы етістіктер объектке айналып барып, бастауыш болады. Етістіктер де етістігі арқылы объектке айналады, бірақ ол үнемі сақтала бермейді. Мысалы: Көрдім – көп сөз. Бастауыш – көрдім. Мұның толық түрі: Көрдім деген көп сөз. Сендердің сүймейміндерің  - сүйемін дегендерің. Тойдың болғанынан боладысы қызық.
 
7. Одағай, шылау, үстеу сөздердің бастауыш болуы
Одағай, шылау, үстеулердің бастауыш болуы үшін де, олардың жұрнақ жалғап, басқа сөз табына айналуы я объектке айналуы шарт: 
а) «Түу» - одағай сөз. Бастауыш – «түу», ол объектеліп тұр. Аллаңнан ойбайым жақсы. «Әйт-шу» деген түйеге демеу. Жұманның «оһы-үһісі»-ақ мезі қып бітті.
ә) Бұл тастың қасындағы қайда? Бұл жерде «қасында» шылауы сынға айналып, объектеніп барып, бастауыш болып тұр. «Де» - жалғаулық шылау. Осы кісінің «яғниы»-ақ таусылмайды екен.
б) Еріншектің ертеңі бітпес. «Ертеңі» объектенген үстеу. Қапанның «тіптісі» бітпейді. Күн бұрының жоқ демесең ортаңа түспей кететін нем болушы еді менің...
Мезгіл үстеуі объектіге айналмай-ақ, бастауыш бола алады. Ол үшін бастауыш үстеуден соң я оның алдында салыстырмалы түрде тағы бір үстеу болу керек. Мысалы: Ертең бүгіннен ашық  болады. Бастауыш – ертең. Бұл «ертең» субстанттанған затқа айналған сөз, зат есімнің орнында айтылып тұр.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға