Жаңалықтар

«АБАЙ» РОМАНЫ – ӘДЕБИЕТІМІЗДІҢ МАҚТАНЫ

  «Абай романы» романы қазақ әдебиетінің, сонымен қоса бүкіл совет әдебиетінің мақтаны деп отырмыз. Бұл сөз тек әдебиетшілердің ғана емес, қазақ  халқының мәртебесін жоғарылата түседі. Бірі келіп, бірі кетіп, әмән алмасып жатқан халық тарихта не қалдырып кетіп жатқанын байқамай қалады. Біздің заманымызда осынша шарықтайтын ақылды Абайды өз заманы да білген жоқ – ты. Біз бүгін қанша білдік десек те, келешекте қай шығарманың қанша шарықтайтынын біле қояр ма екенбіз? Өйткені, ұлы қасиет үлкен тау тәрізді: ішіне кірсең көп шоқы, сыртына шыққанда ғана зорлығын, айбынын айқын көрсетеді. «Абай» романы маған дәл осы секілді байқалады. Бір ғасыр бұрынғы қазақ елінің бейнесін, пиғыл, ойын қамтыған бұл романның кеңдігі, тереңдігі былай тұрсын, көркем түрде ғылымдық дәрежеге жетті. Сол дәуірді зерттеушілерге өте құнды материалдар беріп, қалғаны әне жатыр дегендей жөн сілтеп тұр. Лениннің қиял шарықтай берсін, Белинскийдің көркем шығарма өмірді жаңартып жасайды, Чернышевскийдің алдағы өмірден ала біл, Добролюбовтың оқушыңды үйрет, адамды, оқиғаны көтере көрсет, деген қағидалары романның бойына қан боп тарап кеткен. Сол кездегі рушылдық, феодалдық, капиталистік және дін шырмауындағы қазақ елінің ылай судай өңінен ішін көру қандай қиын еді, талайлар шатасқан да болатын. Мұхтарды шатастырмай алып шыққан марксизм, ленинизм болса, қазақ елін көп әлектен құтқарған орыстың Абай сүйенген озық пікірлері болды. Осы пікірлер қазақ көшін Россияның ұлы керуеніне әкеп тіркеді. Тарихи күресте феодалдық бар тұлғасымен Құнанбай көрінеді. Өз елінің, орыс елінің ең жақсы қасиеттерін жоғары көтере Абай көрінеді. Бір елге таласқан әкелі-балалы — екі заманның өкіліне Зере, Ұлжан сияқты ұлы аналар ел бетін ашып, ел үкімін естіртіп отырады. Өзіне тән өзгешеліктерімен түгел көрінген ескішіл әке, жаңашыл бала, дана ана образдары «Абай» романын ешуақытта ескіртпейді, баламыздың баласы оқығанда өзіміздей сүйсініп оқымақ. Өйткені, ескілік, жаңалық, даналық, тартыстар қауым болған жерде қашан да бола бермек. Романда 30—40 адам бар. Әрқайсысының бойына шақтап іс, мінез, тіл берілген. Оның бәрін бұл жерде талдауға орын тар. Егер қазақ елін бір тұтас дене есебінде алсақ, сол адамдар осы дененің бір-бір мүшесі болып тұр да, Абай бас болып өзгеше тұр. «Абай» романы Мемлекеттік сыйлықты осындай жақсы қасиеттерімен алды. «Абай» романына берілген бәйге — шын мәнісінде қазақ әдебиетіне берілген бәйге. Отыз жылдың ішінде қазақ совет әдебиетіне берілген бәйге. Отыз жылда қазақ совет әдебиеті туып та, ер жетіп те үлгерді. Тек ер жеткен әдебиеттің ғана ішінен шықты «Абай» Егер жалғыз «Абай» романы ғана болып, оның жуан түбірі, оны қоршаған, ол қоректенген әдебиет ортасы болмаса «Абай» романы бұл дәрежеге көтеріле алмаған болар еді. Сондықтан «Абай» романын бағалау бүкіл қазақ әдебиетін бағалау деп түсінуіміз керек. Ал, қазақ әдебиеті Абайдан бастап орыс әдебиетінің ықпалымен өсіп келеді. Бұл пікір, әрине, қазақтың ұлттық өзгешелігін жоққа шығара алмайды. Үлгіні орыстан алған Абай өлеңдерінен артық көркем де, қазақы да өлең болған жоқ әлі. Олай болса, бізге орыс ықпалы тек орысша кітап оқудан енбейді. Орыс мәдениетін творчестволық әдіспен меңгерген қазақ ұғымына, қазақ өміріне бейімдеген талантты қазақша еңбек арқылы да еніп жатыр. Сондай еңбектің ең құндысы ең бір құндысы «Абай» романы. Бұл романды көркемдік, тарихтық жағынан қандай бағаласақ, қазақ әдебиетіне ұлы орыс мәдениетін енгізу жағынан да сондай бағалап, жете зерттеуіміз керек. Романның сюжеті, жазушының қолданған әдісі – әдебиетіміздің алдына теориялық мәселелер қойып отыр. Совет әдебиеті социалистік реализм әдісімен жасалып жатса, социалистік реализм тек социалистік өмір тәжірбиесінен ғана туады деген пікірді дұрыс десек «Абай» романы өткен ғасыр тұрмысынан жазылған боп шығады. Бұл — бір. Екіншіден. Мұхтар сюжет құруда Батыс Европа романдары түгілі орыс романдарына көп соқпай, өзінше кеткен. Сюжет дәстүрін кейде аттап түсіп отырған. Сонда да роман жақсы шықты. Мұның себебі не, сыры қайда? «Абай» романының маңында әдебиетшілеріміз әдебиеттің, осындай теориялық жағын кең толғанып, баспасөз бетінде айтыстар ашулары керек қой деп ойлаймын. 1940
04.12.2012 04:35 3156

 

«Абай романы» романы қазақ әдебиетінің, сонымен қоса бүкіл совет әдебиетінің мақтаны деп отырмыз. Бұл сөз тек әдебиетшілердің ғана емес, қазақ  халқының мәртебесін жоғарылата түседі. Бірі келіп, бірі кетіп, әмән алмасып жатқан халық тарихта не қалдырып кетіп жатқанын байқамай қалады. Біздің заманымызда осынша шарықтайтын ақылды Абайды өз заманы да білген жоқ – ты. Біз бүгін қанша білдік десек те, келешекте қай шығарманың қанша шарықтайтынын біле қояр ма екенбіз? Өйткені, ұлы қасиет үлкен тау тәрізді: ішіне кірсең көп шоқы, сыртына шыққанда ғана зорлығын, айбынын айқын көрсетеді. «Абай» романы маған дәл осы секілді байқалады.

Бір ғасыр бұрынғы қазақ елінің бейнесін, пиғыл, ойын қамтыған бұл романның кеңдігі, тереңдігі былай тұрсын, көркем түрде ғылымдық дәрежеге жетті. Сол дәуірді зерттеушілерге өте құнды материалдар беріп, қалғаны әне жатыр дегендей жөн сілтеп тұр.

Лениннің қиял шарықтай берсін, Белинскийдің көркем шығарма өмірді жаңартып жасайды, Чернышевскийдің алдағы өмірден ала біл, Добролюбовтың оқушыңды үйрет, адамды, оқиғаны көтере көрсет, деген қағидалары романның бойына қан боп тарап кеткен.

Сол кездегі рушылдық, феодалдық, капиталистік және дін шырмауындағы қазақ елінің ылай судай өңінен ішін көру қандай қиын еді, талайлар шатасқан да болатын. Мұхтарды шатастырмай алып шыққан марксизм, ленинизм болса, қазақ елін көп әлектен құтқарған орыстың Абай сүйенген озық пікірлері болды. Осы пікірлер қазақ көшін Россияның ұлы керуеніне әкеп тіркеді.

Тарихи күресте феодалдық бар тұлғасымен Құнанбай көрінеді. Өз елінің, орыс елінің ең жақсы қасиеттерін жоғары көтере Абай көрінеді. Бір елге таласқан әкелі-балалы — екі заманның өкіліне Зере, Ұлжан сияқты ұлы аналар ел бетін ашып, ел үкімін естіртіп отырады. Өзіне тән өзгешеліктерімен түгел көрінген ескішіл әке, жаңашыл бала, дана ана образдары «Абай» романын ешуақытта ескіртпейді, баламыздың баласы оқығанда өзіміздей сүйсініп оқымақ. Өйткені, ескілік, жаңалық, даналық, тартыстар қауым болған жерде қашан да бола бермек.

Романда 30—40 адам бар. Әрқайсысының бойына шақтап іс, мінез, тіл берілген. Оның бәрін бұл жерде талдауға орын тар. Егер қазақ елін бір тұтас дене есебінде алсақ, сол адамдар осы дененің бір-бір мүшесі болып тұр да, Абай бас болып өзгеше тұр.

«Абай» романы Мемлекеттік сыйлықты осындай жақсы қасиеттерімен алды. «Абай» романына берілген бәйге — шын мәнісінде қазақ әдебиетіне берілген бәйге. Отыз жылдың ішінде қазақ совет әдебиетіне берілген бәйге. Отыз жылда қазақ совет әдебиеті туып та, ер жетіп те үлгерді. Тек ер жеткен әдебиеттің ғана ішінен шықты «Абай» Егер жалғыз «Абай» романы ғана болып, оның жуан түбірі, оны қоршаған, ол қоректенген әдебиет ортасы болмаса «Абай» романы бұл дәрежеге көтеріле алмаған болар еді. Сондықтан «Абай» романын бағалау бүкіл қазақ әдебиетін бағалау деп түсінуіміз керек.

Ал, қазақ әдебиеті Абайдан бастап орыс әдебиетінің ықпалымен өсіп келеді. Бұл пікір, әрине, қазақтың ұлттық өзгешелігін жоққа шығара алмайды. Үлгіні орыстан алған Абай өлеңдерінен артық көркем де, қазақы да өлең болған жоқ әлі. Олай болса, бізге орыс ықпалы тек орысша кітап оқудан енбейді. Орыс мәдениетін творчестволық әдіспен меңгерген қазақ ұғымына, қазақ өміріне бейімдеген талантты қазақша еңбек арқылы да еніп жатыр. Сондай еңбектің ең құндысы ең бір құндысы «Абай» романы. Бұл романды көркемдік, тарихтық жағынан қандай бағаласақ, қазақ әдебиетіне ұлы орыс мәдениетін енгізу жағынан да сондай бағалап, жете зерттеуіміз керек.

Романның сюжеті, жазушының қолданған әдісі – әдебиетіміздің алдына теориялық мәселелер қойып отыр. Совет әдебиеті социалистік реализм әдісімен жасалып жатса, социалистік реализм тек социалистік өмір тәжірбиесінен ғана туады деген пікірді дұрыс десек «Абай» романы өткен ғасыр тұрмысынан жазылған боп шығады. Бұл — бір. Екіншіден. Мұхтар сюжет құруда Батыс Европа романдары түгілі орыс романдарына көп соқпай, өзінше кеткен. Сюжет дәстүрін кейде аттап түсіп отырған. Сонда да роман жақсы шықты. Мұның себебі не, сыры қайда? «Абай» романының маңында әдебиетшілеріміз әдебиеттің, осындай теориялық жағын кең толғанып, баспасөз бетінде айтыстар ашулары керек қой деп ойлаймын.

1940

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға