Жаңалықтар

Жұмағали Ысмағұлов

Жұмағали Ысмағұлов Ысмағұлов Жұмағали(1928 жылы туылған) – (17.4. 1928 жылы туылған, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Соналы ауылы) – публицист-жазушы, аудармашы, сыншы-әдебиетші ғалым. Филология ғылым докторы (1994), профессор (1998). •    Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі ҚазҰУ) филология факультетінің журналистика бөлімін (1951), •    КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген (1961). Ысмағұлов еңбек жолын әріп терушіліктен бастады. •    1943 – 54 бірқатар баспасөз органдарында қызмет атқарды. •    Қазақстан Компартиясы ОК-де нұсқаушы (1954 – 58), •    “Қазақ әдебиеті” газетінде бас редактор (1961 – 63), •    Алматы облыстық “Жетісу” газетінде бөлім меңгерушісі (1963 – 64), •    Шығыс Қазақстан облыстық “Коммунизм туы” газетінде жауапты редактордың орынбасары (1965 – 69), •    Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы Партия тарихы ин-тында Марксизм-ленинизм классиктерінің шығармаларын аудару секторының меңгерушісі (1969 – 73) болып қызмет етті. •    1973 жылдан Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі жанындағы Ақпарат агенттігінде (ҚазТАГ) директордың орынбасары болып тағайындалып, •    1982 – 87 жылдары директоры болды. •    1985 жылы он бірінші сайланған Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Шығармашылығы Ол бұқаралық ақпарат құралдарында істей жүріп, ұзақ жылдар бойы әдеби-сын саласында жемісті еңбек етті. Мерзімді баспасөз бетінде Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Т.Ахтанов, С.Мәуленов, Ғ.Қайырбеков, т.б. ақын-жазушылар шығарм. жайында жазған әдеби-сын толғаулары мен публицист. эссе, очерктері “Маржан мен махаббат” (1965), “Адам мерейі” (1969) атты жинақтарда топтастырылған. Ы. шығарм. еңбектерінде саяси, ғыл. және көркем әдебиет аудармалары едәуір орын алады. Ол тәржімалаған О.Бальзактың “Үзілген үміттер”, “Жергілікті дәрігер”, А.Стендальдың “Қызыл мен қара”, В.Вересаевтың “Тығырықта”, Пауло Коэльоның “Заїир”, Ю.Бондаревтың “Жағалау” және “Таңдау”, В.Анчишкиннің “Арктика аңызы” романдары, В.Дальдің “Бөкей мен Мәулене”, Э.Казакевичтің “Көк дәптер” повестері жоғары бағаға ие болды. Ы. 1987 жылдан бері бірыңғай ғыл. жұмыспен айналысып келеді. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қызмет істей жүріп, ол А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың халқымызға қайта оралған шығарм. мұраларын зерттеумен алғашқылардың бірі болып айналысты. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ұлы Абай шығарм-н жаңа тұрғыдан пайымдап зерттеу жұмысымен шұғылданып, 1994 жылы “Абай: ақындық тағылымы” атты монографиясын жариялады. 1996 жылы Абайдың шығарм. мұрасын бастыру және зерттеу жөніндегі жұмыстары үшін ҚР Мемл. сыйл-на ие болды. Ы. “Халықтар достығы”, “Құр-мет белгісі” ордендерімен, бірқатар медальдармен марапатталған.  
04.12.2012 04:07 6214

Жұмағали Ысмағұлов
Ысмағұлов Жұмағали(1928 жылы туылған) – (17.4. 1928 жылы туылған, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Соналы ауылы) – публицист-жазушы, аудармашы, сыншы-әдебиетші ғалым. Филология ғылым докторы (1994), профессор (1998).
•    Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі ҚазҰУ) филология факультетінің журналистика бөлімін (1951),
•    КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген (1961). Ысмағұлов еңбек жолын әріп терушіліктен бастады.
•    1943 – 54 бірқатар баспасөз органдарында қызмет атқарды.
•    Қазақстан Компартиясы ОК-де нұсқаушы (1954 – 58),
•    “Қазақ әдебиеті” газетінде бас редактор (1961 – 63),
•    Алматы облыстық “Жетісу” газетінде бөлім меңгерушісі (1963 – 64),
•    Шығыс Қазақстан облыстық “Коммунизм туы” газетінде жауапты редактордың орынбасары (1965 – 69),
•    Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы Партия тарихы ин-тында Марксизм-ленинизм классиктерінің шығармаларын аудару секторының меңгерушісі (1969 – 73) болып қызмет етті.
•    1973 жылдан Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі жанындағы Ақпарат агенттігінде (ҚазТАГ) директордың орынбасары болып тағайындалып,
•    1982 – 87 жылдары директоры болды.
•    1985 жылы он бірінші сайланған Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.
Шығармашылығы
Ол бұқаралық ақпарат құралдарында істей жүріп, ұзақ жылдар бойы әдеби-сын саласында жемісті еңбек етті. Мерзімді баспасөз бетінде Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Т.Ахтанов, С.Мәуленов, Ғ.Қайырбеков, т.б. ақын-жазушылар шығарм. жайында жазған әдеби-сын толғаулары мен публицист. эссе, очерктері “Маржан мен махаббат” (1965), “Адам мерейі” (1969) атты жинақтарда топтастырылған. Ы. шығарм. еңбектерінде саяси, ғыл. және көркем әдебиет аудармалары едәуір орын алады. Ол тәржімалаған О.Бальзактың “Үзілген үміттер”, “Жергілікті дәрігер”, А.Стендальдың “Қызыл мен қара”, В.Вересаевтың “Тығырықта”, Пауло Коэльоның “Заїир”, Ю.Бондаревтың “Жағалау” және “Таңдау”, В.Анчишкиннің “Арктика аңызы” романдары, В.Дальдің “Бөкей мен Мәулене”, Э.Казакевичтің “Көк дәптер” повестері жоғары бағаға ие болды. Ы. 1987 жылдан бері бірыңғай ғыл. жұмыспен айналысып келеді. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қызмет істей жүріп, ол А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың халқымызға қайта оралған шығарм. мұраларын зерттеумен алғашқылардың бірі болып айналысты. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ұлы Абай шығарм-н жаңа тұрғыдан пайымдап зерттеу жұмысымен шұғылданып, 1994 жылы “Абай: ақындық тағылымы” атты монографиясын жариялады. 1996 жылы Абайдың шығарм. мұрасын бастыру және зерттеу жөніндегі жұмыстары үшін ҚР Мемл. сыйл-на ие болды. Ы. “Халықтар достығы”, “Құр-мет белгісі” ордендерімен, бірқатар медальдармен марапатталған.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға