Қара теңіздің ар жағында не бар?
|
Одесса. Аркадия жағажайы. Ұшы-қиырына көз жеткізсіз қара мұнайдай теңіз аспанмен астасып алыс көкжиекке барып бір-ақ тіреледі. Кемерге ұрған толқындардын шуылына шомылған жұрттың дабыр-дұбыры қосылған жағажай азан-қазан. Ақшыл құмнан сарай соғып, ойнап жатқан бала-шаға күлкісі құлаққа еміс-еміс жетеді. «Сыра алыңыздар», деген даяшы қыздың өтінішті үні осындай шу-шұрқаңнын арасынан әлсіздеу естіліп, қайта құмығады. |

