Жаңалықтар

БӨКЕЙ ОРДАСЫНЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

Қазақ хандарының басқару жүйесіне мән бергенімізбен, оның ішкі мәселелеріне әзірге біздің тарих аса ден қоя қоймаған. Оның бірден-бір себебі қазақ хандығына қатысты мұрағат құжаттарының Ресейдің Орынбор, Омбы қалаларында шоғырлануы. Аталған қалалардағы мұрағаттармен тығыз қарым-қатынас жасаған Астана қаласының мұрағатының ұжымы бұл олқылықтың орнын толтыруда.       Астанаға әкелінген құжаттардың ішінде қазақ хандығының басқару ережелері, Жарғылары, рулардың қоныстану аумағы, қазақтардың губернаторларға жазған шағымдары, Хан сарайының штат кестесі секілді ұлтымыздың тарихының ақтаңдақ тұстарын ашатын бірнеше құжаттар сақталған. Әсіресе құжаттардың ішіндегі 1806 жылы жазылып, Орынбор әскери губернаторының Кеңсесінде тіркелген «Ішкі Орданың Хан Кеңесінің штат кестесі» деген құжат бізге осы уақытқа дейін беймәлім болып келген құнды дүниенің бірі. Бұл құжаттың тарихи маңыздылығы «қазақтарда әкімшілік басқару жүйесінде бірізділік болмаған» деп сайрап жүріп, қазақ хандығын ертегідегідей хан мен қырық уәзірінен басқаша кейіпте елестете алмайтын ұлт тарихын қаралаушылардың ауызына құм құяры анық.     Тарихтан мәлім болғандай   1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына бос жатқан Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп-қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 ж. наурызыдың 11-де былай деген рескриптісін (жарлық) шығарады: «Қырғыз-Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұралы хан ұлын өзіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын» деп Бөкей ханның аппаратын құруға рұқсат береді. Осы Бөкей хандығының қазіргі кездегідей мәслихаты – Хан кеңесінен бастап, кеңсесінің хатшысына дейін болғанын біреу білсе, біреу білмейтіні анық. Ішкі Ордада әзірленіп, губернатор кеңсесі бекітіп берген құжатқа үңілсек сол уақытқа тән жоғары деңгейдегі басқарудың мынадай кестесі жасалған*: № Лауазымдары Штат саны Жалақысы (сом) 1 Хан – Кеңес төрағасы 1 - 2 Кеңесшілер 12 - 3 Қазы 1 500 4 Молда 1 250 5 Хатшылық жүргізуші 1 1200 6 Аудармашы 1 900 7 Хатшы 1 500 8 Хан кеңсесінің жалпы шығыны - 250 9 Барлығы 18 3600       Қазақ жеріне тұңғыш рет ветеринария ісін енгізіген, телеграф байланысын орнатқан, ең алғаш рет музей ашқан, қазақ-орыс тілінде қатар білім беретін мектеп салдырған, дәріхана мен емдеу орынында қазақ жерінде алғаш рет ашқан, халықты әр түрлі ауруларға қарсы егу жұмыстарын енгізген Бөкей ордасының құжатпен бекітілген осындай тұрақты штат кестесінің де болуы заңдылық.  *Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты 430 қор, 17 опись, 5 сақтау бірлігі, 1 тізілім. Әзірлеген Нұрсерік ЖОЛБАРЫС
06.12.2013 03:26 6235

Қазақ хандарының басқару жүйесіне мән бергенімізбен, оның ішкі мәселелеріне әзірге біздің тарих аса ден қоя қоймаған. Оның бірден-бір себебі қазақ хандығына қатысты мұрағат құжаттарының Ресейдің Орынбор, Омбы қалаларында шоғырлануы. Аталған қалалардағы мұрағаттармен тығыз қарым-қатынас жасаған Астана қаласының мұрағатының ұжымы бұл олқылықтың орнын толтыруда.

      Астанаға әкелінген құжаттардың ішінде қазақ хандығының басқару ережелері, Жарғылары, рулардың қоныстану аумағы, қазақтардың губернаторларға жазған шағымдары, Хан сарайының штат кестесі секілді ұлтымыздың тарихының ақтаңдақ тұстарын ашатын бірнеше құжаттар сақталған. Әсіресе құжаттардың ішіндегі 1806 жылы жазылып, Орынбор әскери губернаторының Кеңсесінде тіркелген «Ішкі Орданың Хан Кеңесінің штат кестесі» деген құжат бізге осы уақытқа дейін беймәлім болып келген құнды дүниенің бірі. Бұл құжаттың тарихи маңыздылығы «қазақтарда әкімшілік басқару жүйесінде бірізділік болмаған» деп сайрап жүріп, қазақ хандығын ертегідегідей хан мен қырық уәзірінен басқаша кейіпте елестете алмайтын ұлт тарихын қаралаушылардың ауызына құм құяры анық.

    Тарихтан мәлім болғандай   1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына бос жатқан Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп-қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 ж. наурызыдың 11-де былай деген рескриптісін (жарлық) шығарады: «Қырғыз-Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұралы хан ұлын өзіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын» деп Бөкей ханның аппаратын құруға рұқсат береді. Осы Бөкей хандығының қазіргі кездегідей мәслихаты – Хан кеңесінен бастап, кеңсесінің хатшысына дейін болғанын біреу білсе, біреу білмейтіні анық. Ішкі Ордада әзірленіп, губернатор кеңсесі бекітіп берген құжатқа үңілсек сол уақытқа тән жоғары деңгейдегі басқарудың мынадай кестесі жасалған*:

Лауазымдары

Штат саны

Жалақысы (сом)

1

Хан – Кеңес төрағасы

1

-

2

Кеңесшілер

12

-

3

Қазы

1

500

4

Молда

1

250

5

Хатшылық жүргізуші

1

1200

6

Аудармашы

1

900

7

Хатшы

1

500

8

Хан кеңсесінің жалпы шығыны

-

250

9

Барлығы

18

3600

 

    Қазақ жеріне тұңғыш рет ветеринария ісін енгізіген, телеграф байланысын орнатқан, ең алғаш рет музей ашқан, қазақ-орыс тілінде қатар білім беретін мектеп салдырған, дәріхана мен емдеу орынында қазақ жерінде алғаш рет ашқан, халықты әр түрлі ауруларға қарсы егу жұмыстарын енгізген Бөкей ордасының құжатпен бекітілген осындай тұрақты штат кестесінің де болуы заңдылық. 

*Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты 430 қор, 17 опись, 5 сақтау бірлігі, 1 тізілім.

Әзірлеген Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға