Жаңалықтар

Астанада «Бала тілі - бал» атты мемлекеттік тілді насихаттау акциясы өтеді

2 желтоқсан күні Астанада «Абырой» қазақ мәдениеті мен тілін дамыту қоры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Елбасының «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген өсиетін жүзеге асыру мақсатында балаларға арналған «Бала тілі - бал» атты мемлекеттік тілді насихаттау акциясын өткізеді, деп хабарлайды BNews.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ерекше жобаның басты мақсаты ел болашағы – өскелең ұрпақтың еліне, жеріне, отанына, ана тіліне деген құрметін арттыру болып табылады. Аталмыш акцияның басты ерекшелігі тек мемлекеттік тілде өтуінде. Ұйымдастырушылар мемлекеттік тілде сөйлейтін барша бүлдіршіндерді «Бала тілі-бал» акциясына шақырады. Акция барысында жұмбақ шешу, тақпақ, қазақ ертегілері мен батырлар жыры, мақал-мәтел айту бойынша сайыстар ұйымдастырылады. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің жоғын жоқтап, мемлекеттік тілді паш ету мақсатында құрылған «Абырой» қоры келешекте де осы бағыттағы жұмыстарын жалғастыра түседі. Сайысқа Астана қаласы, Семей, Өскемен Алматы қалаларынан білімді де өнерлі балалар қатысады. Қуыршақ театры мен Марат Омаров студиясы шәкірттері өнер көрсетеді.
30.11.2012 19:26 3366

2 желтоқсан күні Астанада «Абырой» қазақ мәдениеті мен тілін дамыту қоры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Елбасының «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген өсиетін жүзеге асыру мақсатында балаларға арналған «Бала тілі - бал» атты мемлекеттік тілді насихаттау акциясын өткізеді, деп хабарлайды BNews.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерекше жобаның басты мақсаты ел болашағы – өскелең ұрпақтың еліне, жеріне, отанына, ана тіліне деген құрметін арттыру болып табылады.

Аталмыш акцияның басты ерекшелігі тек мемлекеттік тілде өтуінде. Ұйымдастырушылар мемлекеттік тілде сөйлейтін барша бүлдіршіндерді «Бала тілі-бал» акциясына шақырады. Акция барысында жұмбақ шешу, тақпақ, қазақ ертегілері мен батырлар жыры, мақал-мәтел айту бойынша сайыстар ұйымдастырылады.

Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің жоғын жоқтап, мемлекеттік тілді паш ету мақсатында құрылған «Абырой» қоры келешекте де осы бағыттағы жұмыстарын жалғастыра түседі. Сайысқа Астана қаласы, Семей, Өскемен Алматы қалаларынан білімді де өнерлі балалар қатысады. Қуыршақ театры мен Марат Омаров студиясы шәкірттері өнер көрсетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға