Жаңалықтар

Қостанайда Тұңғыш Президент күні қарсаңында мемлекеттік тілді меңгеруден конкурс өтті

Қостанайда Тұңғыш Президент күні қарсаңында өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді меңгеруден конкурс өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Мереке қарсаңында барлық мемлекеттік ұйымдар мәдени іс-шаралар ұйымдастырып жатыр. Қостанай облысының Қостанай ауданында мемлекеттік тіл курстарын тыңдаушы өзге ұлт өкілдері арасында «Менің Республикам – Менің Президентім» конкурсы өтті. Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, мемлекеттік тілді үйренуге тілек білдірушілердің саны жыл санап өсіп келеді. Олар үшін арнайы бағдарлама жасалған, ол нақты жетістіктерге жетуге көмектеседі. Соңғы 2 жылдың ішінде Қостанай ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту және дамыту бөлімінің тыңдаушылары аудандық, облыстық және республикалық конкурстарда жүлделі орындарға ие болып жүр.
30.11.2012 19:24 3011

Қостанайда Тұңғыш Президент күні қарсаңында өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді меңгеруден конкурс өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Мереке қарсаңында барлық мемлекеттік ұйымдар мәдени іс-шаралар ұйымдастырып жатыр.

Қостанай облысының Қостанай ауданында мемлекеттік тіл курстарын тыңдаушы өзге ұлт өкілдері арасында «Менің Республикам – Менің Президентім» конкурсы өтті.

Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, мемлекеттік тілді үйренуге тілек білдірушілердің саны жыл санап өсіп келеді. Олар үшін арнайы бағдарлама жасалған, ол нақты жетістіктерге жетуге көмектеседі.

Соңғы 2 жылдың ішінде Қостанай ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту және дамыту бөлімінің тыңдаушылары аудандық, облыстық және республикалық конкурстарда жүлделі орындарға ие болып жүр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға