Жаңалықтар

2012 жыл – жастар саясатындағы тарихи жыл – «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатысы

2012 жылды жастар саясаты бағытындағы тарихи жыл деп санаймын, деді «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы міндетін атқарушы Нұрлан Сыдықов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында.  «Елбасы жастар мәселесіне әркез көп көңіл бөліп келеді. Мәселен, Мемлекет басшысы жастар саясатын жандандыру бойынша тың тапсырмалар берген болатын. Соның ішінде атап өтсек, 2020 жылға дейінгі «Жас Отан» ЖҚ-ның стратегиясы қабылданды, одан кейін мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын қабылдау, мемлекеттік жастар саясаты туралы заң қабылдау сынды ауқымды істер жүзеге асты. Жалпы, өз басым, жастар саясаты бағытында 2012 жылды тарихи жыл деп есептеймін», - деді атқарушы хатшы.  Оның айтуынша, осы секілді іс-шараларда Елбасы жастар жайын ұдайы бірінші орынға қойып, жастарға қамқорлық жасап отырады. «Кез келген жастан «Қазақстанның бүгінгі жетістігін, оның болашағын кіммен байланыстырасыз» деп сұрасаңыз, Елбасының есімімен байланыстыратынын айтады», - деген пікірімен бөлісті Н.Сыдықов.
30.11.2012 12:01 2986

2012 жылды жастар саясаты бағытындағы тарихи жыл деп санаймын, деді «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы міндетін атқарушы Нұрлан Сыдықов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында. 

«Елбасы жастар мәселесіне әркез көп көңіл бөліп келеді. Мәселен, Мемлекет басшысы жастар саясатын жандандыру бойынша тың тапсырмалар берген болатын. Соның ішінде атап өтсек, 2020 жылға дейінгі «Жас Отан» ЖҚ-ның стратегиясы қабылданды, одан кейін мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын қабылдау, мемлекеттік жастар саясаты туралы заң қабылдау сынды ауқымды істер жүзеге асты. Жалпы, өз басым, жастар саясаты бағытында 2012 жылды тарихи жыл деп есептеймін», - деді атқарушы хатшы. 

Оның айтуынша, осы секілді іс-шараларда Елбасы жастар жайын ұдайы бірінші орынға қойып, жастарға қамқорлық жасап отырады.

«Кез келген жастан «Қазақстанның бүгінгі жетістігін, оның болашағын кіммен байланыстырасыз» деп сұрасаңыз, Елбасының есімімен байланыстыратынын айтады», - деген пікірімен бөлісті Н.Сыдықов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға