Жаңалықтар

«Жас Отан» Елбасы жүктеген міндеттерді жүзеге асыруға дайын

Жасотандықтар Елбасы жүктеген мемлекеттік жастар саясатының жаңа міндеттерін жүзеге асыруға дайын. «Жас Отан» жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ербол Шыма BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді. «Жастарды қолдау мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі деп айтуға толық негіз бар. Мемлекет басшысы жастар саясатына үлкен көңіл бөледі. Жақында өткен «Жас отан» жастар қанатының екінші съезінде Мемлекет басшысы жастар саясатының жаңа міндеттерін айқындады. Президенттің бастамасымен бүгінде елімізде 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Осы құжатта «Жас Отанның» 2020 жылға дейінгі стратегиясының негізгі ережелерін ескеру керек» деді Елбасы. Осыған қоса, жастар саясаты жөніндегі заң жобасы әзірленіп жатыр. Ол келесі жылдың алғашқы жартыжылдығында қабылданбақшы», - дей келе Ербол Шыма жасотандықтар мемлекеттік жастар саясатының жаңа міндеттерін жүзеге асыруға дайын екендіктерін алға тартты. «Алдағы уақытқа көптеген маңызды міндеттер қойылып отыр. Бұл орайда жаңғырту үдерісіндегі қазақстандық жастардың басты саяси үйлестірушісі ретінде «Жас Отанға» жүктелген жауапкершілік зор. Облыста ұйымға алты мыңға жуық жас мүше. Жылдан-жылға қатарымыз артып келеді. Әсіресе, студент жастардың ынтасы зор. Өзіміздің стратегиямыз бар. Оның аясында сапалы білім, жастарды жұмыспен қамту, жас отбасы, жас кәсіпкерлерді қолдау тәрізді бағыттар бойынша қыруар жұмыс атқаруды жоспарлап отырмыз», - деді «Жас Отан» жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалының атқарушы хатшысы. Оның айтуына қарағанда, Ақтөбе облысында жастар саясаты аясында атқарылып жатқан жұмыс көңіл көншітерлік. « Біздің облыста жастарды жұмыспен қамту өте жоғары деңгейде деп айта аламын. Жылда құрылыс жасақтары, «Жасыл ел» қатарында жастар екі қолға бір күрек табады. Осыған қоса, екі жыл қатарынан «Ауылдың гүлденуі - Қазастанның гүлденуі» марафон эстафетасына оқушылар мен студенттер белсенді қатысып, өз үлестерін қосты. Әрине, проблемалар да жоқ емес. Ауылдық жерлерде үлкен жұмыс орындары ашылса дейміз. Елді мекендерде кәсіпорындар іске қосылса, жұмыссыз жүрген жастар еңбекке тартылар еді», - деп атап өтті Е.Шыма.
30.11.2012 06:40 3032

Жасотандықтар Елбасы жүктеген мемлекеттік жастар саясатының жаңа міндеттерін жүзеге асыруға дайын. «Жас Отан» жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ербол Шыма BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді.

«Жастарды қолдау мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі деп айтуға толық негіз бар. Мемлекет басшысы жастар саясатына үлкен көңіл бөледі. Жақында өткен «Жас отан» жастар қанатының екінші съезінде Мемлекет басшысы жастар саясатының жаңа міндеттерін айқындады. Президенттің бастамасымен бүгінде елімізде 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Осы құжатта «Жас Отанның» 2020 жылға дейінгі стратегиясының негізгі ережелерін ескеру керек» деді Елбасы. Осыған қоса, жастар саясаты жөніндегі заң жобасы әзірленіп жатыр. Ол келесі жылдың алғашқы жартыжылдығында қабылданбақшы», - дей келе Ербол Шыма жасотандықтар мемлекеттік жастар саясатының жаңа міндеттерін жүзеге асыруға дайын екендіктерін алға тартты.

«Алдағы уақытқа көптеген маңызды міндеттер қойылып отыр. Бұл орайда жаңғырту үдерісіндегі қазақстандық жастардың басты саяси үйлестірушісі ретінде «Жас Отанға» жүктелген жауапкершілік зор. Облыста ұйымға алты мыңға жуық жас мүше. Жылдан-жылға қатарымыз артып келеді. Әсіресе, студент жастардың ынтасы зор. Өзіміздің стратегиямыз бар. Оның аясында сапалы білім, жастарды жұмыспен қамту, жас отбасы, жас кәсіпкерлерді қолдау тәрізді бағыттар бойынша қыруар жұмыс атқаруды жоспарлап отырмыз», - деді «Жас Отан» жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалының атқарушы хатшысы.

Оның айтуына қарағанда, Ақтөбе облысында жастар саясаты аясында атқарылып жатқан жұмыс көңіл көншітерлік.

« Біздің облыста жастарды жұмыспен қамту өте жоғары деңгейде деп айта аламын. Жылда құрылыс жасақтары, «Жасыл ел» қатарында жастар екі қолға бір күрек табады. Осыған қоса, екі жыл қатарынан «Ауылдың гүлденуі - Қазастанның гүлденуі» марафон эстафетасына оқушылар мен студенттер белсенді қатысып, өз үлестерін қосты. Әрине, проблемалар да жоқ емес. Ауылдық жерлерде үлкен жұмыс орындары ашылса дейміз. Елді мекендерде кәсіпорындар іске қосылса, жұмыссыз жүрген жастар еңбекке тартылар еді», - деп атап өтті Е.Шыма.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға