Жаңалықтар

Алматыда Назарбаев оқулары өтті

Алматыда «Өрлеу» Ұлттық мұғалімдердің біліктілігін көтеру орталығында «Тәуелсіздік. Ұлт көшбасшысы. Ұлттық бірлік» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  Конференцияда Қазақстан тәуелсіздігін баянды етуде Елбасының алатын орны мен білім беру саласындағы көптілділік бағдарламасының маңызы, Назарбаев зияткерлік мектебінің дарынды балаларды тәрбиелеуде алатын орны жайлы айтылды.  «Қазіргі білім беру саласындағы оқытушының рөлі өзгеше. Мұғалім өзіне деген сыни көзқарасты ұштап, оқыту барысында ақпараттық технологияларды қолдана білуі қажет. Дарынды балалармен жұмыс жасауда да біліктілік қажет. 12-жылдық білім беру саласында ұстаз менеджмент заңдылықтарын және психологиялық-педагогикалық білімді меңгергені жөн. Осындай біліктілікті талап ететін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың білім берудегі жаңа идеяларлары Назарбаев зияткерлік мектептері жүйесінде көрініс тауып отыр», - деді «Өрлеу» АҚ Алматыдағы бөлімшесінің директоры Раушан Ахмедова.
30.11.2012 04:29 2832

Алматыда «Өрлеу» Ұлттық мұғалімдердің біліктілігін көтеру орталығында «Тәуелсіздік. Ұлт көшбасшысы. Ұлттық бірлік» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Конференцияда Қазақстан тәуелсіздігін баянды етуде Елбасының алатын орны мен білім беру саласындағы көптілділік бағдарламасының маңызы, Назарбаев зияткерлік мектебінің дарынды балаларды тәрбиелеуде алатын орны жайлы айтылды. 

«Қазіргі білім беру саласындағы оқытушының рөлі өзгеше. Мұғалім өзіне деген сыни көзқарасты ұштап, оқыту барысында ақпараттық технологияларды қолдана білуі қажет. Дарынды балалармен жұмыс жасауда да біліктілік қажет. 12-жылдық білім беру саласында ұстаз менеджмент заңдылықтарын және психологиялық-педагогикалық білімді меңгергені жөн. Осындай біліктілікті талап ететін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың білім берудегі жаңа идеяларлары Назарбаев зияткерлік мектептері жүйесінде көрініс тауып отыр», - деді «Өрлеу» АҚ Алматыдағы бөлімшесінің директоры Раушан Ахмедова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға