Жаңалықтар

Тұңғыш Президент күнін қалың ел болып атап өту керек Қазақстан корейлері Қауымдастығының басшысы

Тұңғыш Президент күнін қалың ел болып атап өту керек. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан корейлері Қауымдастығының төрағасы Роман Ким BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді. «Мұндай мереке - Тұңғыш Президент күні қажет. Елбасымыздың сіңірген еңбегі зор. Бүгінгі күні баршамыз татулық пен келісімде тұрып жатқанымыз, елімізде ешқандай қақтығыстардың жоқтығы, балаларымыз бен немерелерімізді тәрбиелеп, өсіруге бар жағдай жасалып, болашаққа деген сенімнің нық екендігі мұның баршасы Президентіміздің ерен еңбегінің нәтижесі. Сондықтан бұл мерекені қалың ел болып атап өтуіміз қажет», - деді Роман Ким. Мұнымен қатар, Мәжіліс депутаты халық қалаулыларының ертең Астанада өтетін патриоттар форумына қатысуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында кеңес мүшелері мемлекет басшысына жөнелтілген құттықтау хатына қол қойған. 
30.11.2012 03:20 3154

Тұңғыш Президент күнін қалың ел болып атап өту керек. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан корейлері Қауымдастығының төрағасы Роман Ким BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді.

«Мұндай мереке - Тұңғыш Президент күні қажет. Елбасымыздың сіңірген еңбегі зор. Бүгінгі күні баршамыз татулық пен келісімде тұрып жатқанымыз, елімізде ешқандай қақтығыстардың жоқтығы, балаларымыз бен немерелерімізді тәрбиелеп, өсіруге бар жағдай жасалып, болашаққа деген сенімнің нық екендігі мұның баршасы Президентіміздің ерен еңбегінің нәтижесі. Сондықтан бұл мерекені қалың ел болып атап өтуіміз қажет», - деді Роман Ким.

Мұнымен қатар, Мәжіліс депутаты халық қалаулыларының ертең Астанада өтетін патриоттар форумына қатысуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында кеңес мүшелері мемлекет басшысына жөнелтілген құттықтау хатына қол қойған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға