Жаңалықтар

Қазақстан – тұрақтылық мекені – сарапшы

Франция Сенатының бұрынғы төрағасы, Францияның Еуропалық Сенаттар Қауымдастығының төрағасы Кристиан Понселе «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» алғашқы Назарбаев оқулары» форумы кезінде Қазақстанды тұрақтылықтың мекені деп атады. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісі хабарлайды.  «Ауғанстандағы жағдай тұрақтылықтың қажеттілігін көрсетеді. Қазақстан тұрақтылықты құрды және қазір өңірдегі бейбітшілікке қол жеткізуде маңызды рөл атқарып келеді. Осыған байланысты, мен, 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткеніне қуаныштымын», – деді Кристиан Понселе. Франция Сенатының бұрынғы төрағасы атап өткендей, Қазақстан тұрақтылықтың мекені боп табылады және бұл назарға алынуы тиіс. «Бейбітшілік Президент Назарбаевтың негізгі ұстанымдарының бірі болып табылады және мен өзімнің үлкен құрметім мен достық сезіміді білдіремін», – деді ол. «Қазақстан көптеген мәдениеттер мен халықтар тоғысқан мемлекет. Бұл маңызды рөл атқарады. Қазақстан өз көршілерімен қарым-қатынасты жөнге салған және түрлі әлемдер арасындағы көпірге айналған ел», – деді Францияның делегаты.
29.11.2012 16:59 4541

Франция Сенатының бұрынғы төрағасы, Францияның Еуропалық Сенаттар Қауымдастығының төрағасы Кристиан Понселе «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» алғашқы Назарбаев оқулары» форумы кезінде Қазақстанды тұрақтылықтың мекені деп атады. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісі хабарлайды. 

«Ауғанстандағы жағдай тұрақтылықтың қажеттілігін көрсетеді. Қазақстан тұрақтылықты құрды және қазір өңірдегі бейбітшілікке қол жеткізуде маңызды рөл атқарып келеді. Осыған байланысты, мен, 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткеніне қуаныштымын», – деді Кристиан Понселе.

Франция Сенатының бұрынғы төрағасы атап өткендей, Қазақстан тұрақтылықтың мекені боп табылады және бұл назарға алынуы тиіс.

«Бейбітшілік Президент Назарбаевтың негізгі ұстанымдарының бірі болып табылады және мен өзімнің үлкен құрметім мен достық сезіміді білдіремін», – деді ол.

«Қазақстан көптеген мәдениеттер мен халықтар тоғысқан мемлекет. Бұл маңызды рөл атқарады. Қазақстан өз көршілерімен қарым-қатынасты жөнге салған және түрлі әлемдер арасындағы көпірге айналған ел», – деді Францияның делегаты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға