Жаңалықтар

Тұран сарбаздары

«Авеста» кітабында Тұран сөзі бірнеше жерде кездеседі: Сарбаздарын Тұранның, Жүз соққанда – бір мыңын, Мыңда – қисусанын, Қисусанда – шексізін Жеңуіме қуат бер. Оған берді соншалық…( Оспанов С.И. Абаста (Авеста) //Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы. Ежелгі Шығыс. Т. 1. Астана, 2005, б.353). Тұран сарбаздарының күштілігін, қайраттылығын суреттейді. Олардың күштілігі сондай, жүз сілтегенде мыңдаған, қисапсыз (қисусани) жауларын қирата алатын күшке ие екен және оларға жаратушы осынша күш-қуат бергенін баяндайды. … Жеңуге үш тұрандық – дануды – Шешендер Қара менен Бараны, Туылған Асабанада, Шапшаң Дұраәқайтуды- Жақсылық үшін шайқаста. Оларға берді соншалық… Осы келтірілген үзіндінің мәнін, «Авестаны» қазақшалаған аудармашылар былайша түсіндірген: «Қара (Қара) – Асабана руынан шыққан Тұран батыры. Бара (Вара) – Асабана руынан шыққан Тұран батыры. Асабана – Қара мен Бара сияқты батырлар шыққан тұрандық тайпаның аты. Дұраәқайту (Дураэкайту) – тұрандық Траты мен екі Ашабазда атты ирандық батырлардың жауы, өзге дінге сенушілер» (Мургабаев С.С. Үлкен Қаратау петроглифтері (Кандидаттық диссертация). Алматы, 2010, б. 42-97). Біздің бұл жолдарға қосып-аларымыз жоқ. «Авестада» арийлер мен тұрандық­тар­дың арасындағы шиеленістер кезінде Ашидің жасырынған жерінен тауып берген жастар туралы әңгімелейді. Бұл жерде жастардың малдың қасиеттілігі оның санында емес, тұқымының асылдығында екендігін түсінбегендігі былайша айтылады: Тұрандықтар Нотаридтармен, Желғабыз мінген аттары, Мойынының астына Тығылдым мен қошқардың, Қашыратын жүз қойды; Сонда мені ашып алған Катиаған бойы бозбалалар Һәм балауса жас қыздар, Еркекті ешбір білмеген. (Көктәнді Хамза. Аспан мен даланың төрт ұмытылған тарихы. Бірінші кітап. «Қасиет». Мәскеу, 2001. Екінші ұмытылған тарих кітабы Заратуштра пайғамбардың ұмытылған тарихы, б. 83) «Авестаның» 440-бетінде: «Тұрандықтардан ең алғыр, Барықаша теңізінен» деп үш мәрте қайталанып жазылған. Сөйтіп, Тұран атамасы «Авеста» кітабында аталғанынан үзінділер келтірдік. Соған қарағанда, Тұран ойпаты арийлер заманында олардың белгілі географиялық шоғырланған отаны болған. Тұран аймағы – Орталық Азияның солтүстік-батысынан Қазақстанның оңтүстік-батысындағы көпшілік бөлігі құмды және сазды, шөлді жазық, ойпаң өңір. Оңтүстігінде Копетдаг және Паропамиз тау етегімен, батысында Каспий жағалауы, Мұғалжар және Оңтүстік Оралмен, солтүстігінде Сарыарқамен, шығысында Тянь-Шань және Памир-Алтай тауларының етегімен қоршалған. Солтүстік-батыс бағытта Торғай қолаты арқылы Батыс Сібір жазығымен жалғасады. Оның жалпы алып жатқан аймағы – 2 млн. км2. Міне, осындай кең көлемді алып жатқан Тұран ойпаты ертедегі арийлердің кір жуып, кіндік кескен жері екенін дәлелдейтін деректердің бірегейі. Жоғарыда келтірілген зерттеушінің жазғанында «Ахура-Мазуда иелеген бірінші мемлекет – Түркістан өлкесі» делінген. Бұл өлке ежелден түркітілдес тайпалар мен халықтардың мекені екені тарихтан белгілі. Сондықтан Түркістан – тарихи-географиялық атау. Түркістанға кіретін жердің көлемі – 3 млн. км2. Оған Оралдан Алтайға, Каспийден Қытайға дейін, Оңтүстік Иран мен Ауғанстаннан Томск пен Тобылға дейінгі аралықты алып жатқан өлке кіреді. Осынша ұлан-ғайыр жерде арийлер өрбіп, оны өзінің Отанына айналдырған. Уахит Шәлекенов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры
11.11.2013 04:24 4551

«Авеста» кітабында Тұран сөзі бірнеше жерде кездеседі:
Сарбаздарын Тұранның,
Жүз соққанда – бір мыңын,
Мыңда – қисусанын,
Қисусанда – шексізін
Жеңуіме қуат бер.
Оған берді соншалық…( Оспанов С.И. Абаста (Авеста) //Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы. Ежелгі Шығыс. Т. 1. Астана, 2005, б.353).
Тұран сарбаздарының күштілігін, қайраттылығын суреттейді. Олардың күштілігі сондай, жүз сілтегенде мыңдаған, қисапсыз (қисусани) жауларын қирата алатын күшке ие екен және оларға жаратушы осынша күш-қуат бергенін баяндайды.
… Жеңуге үш тұрандық – дануды –
Шешендер Қара менен Бараны,
Туылған Асабанада,
Шапшаң Дұраәқайтуды-
Жақсылық үшін шайқаста.
Оларға берді соншалық…
Осы келтірілген үзіндінің мәнін, «Авестаны» қазақшалаған аудармашылар былайша түсіндірген: «Қара (Қара) – Асабана руынан шыққан Тұран батыры. Бара (Вара) – Асабана руынан шыққан Тұран батыры. Асабана – Қара мен Бара сияқты батырлар шыққан тұрандық тайпаның аты. Дұраәқайту (Дураэкайту) – тұрандық Траты мен екі Ашабазда атты ирандық батырлардың жауы, өзге дінге сенушілер» (Мургабаев С.С. Үлкен Қаратау петроглифтері (Кандидаттық диссертация). Алматы, 2010, б. 42-97). Біздің бұл жолдарға қосып-аларымыз жоқ.
«Авестада» арийлер мен тұрандық­тар­дың арасындағы шиеленістер кезінде Ашидің жасырынған жерінен тауып берген жастар туралы әңгімелейді. Бұл жерде жастардың малдың қасиеттілігі оның санында емес, тұқымының асылдығында екендігін түсінбегендігі былайша айтылады:
Тұрандықтар Нотаридтармен,
Желғабыз мінген аттары,
Мойынының астына
Тығылдым мен қошқардың,
Қашыратын жүз қойды;
Сонда мені ашып алған
Катиаған бойы бозбалалар
Һәм балауса жас қыздар,
Еркекті ешбір білмеген.
(Көктәнді Хамза. Аспан мен даланың төрт ұмытылған тарихы. Бірінші кітап. «Қасиет». Мәскеу, 2001. Екінші ұмытылған тарих кітабы Заратуштра пайғамбардың ұмытылған тарихы, б. 83)
«Авестаның» 440-бетінде: «Тұрандықтардан ең алғыр, Барықаша теңізінен» деп үш мәрте қайталанып жазылған. Сөйтіп, Тұран атамасы «Авеста» кітабында аталғанынан үзінділер келтірдік. Соған қарағанда, Тұран ойпаты арийлер заманында олардың белгілі географиялық шоғырланған отаны болған. Тұран аймағы – Орталық Азияның солтүстік-батысынан Қазақстанның оңтүстік-батысындағы көпшілік бөлігі құмды және сазды, шөлді жазық, ойпаң өңір. Оңтүстігінде Копетдаг және Паропамиз тау етегімен, батысында Каспий жағалауы, Мұғалжар және Оңтүстік Оралмен, солтүстігінде Сарыарқамен, шығысында Тянь-Шань және Памир-Алтай тауларының етегімен қоршалған. Солтүстік-батыс бағытта Торғай қолаты арқылы Батыс Сібір жазығымен жалғасады. Оның жалпы алып жатқан аймағы – 2 млн. км2. Міне, осындай кең көлемді алып жатқан Тұран ойпаты ертедегі арийлердің кір жуып, кіндік кескен жері екенін дәлелдейтін деректердің бірегейі.
Жоғарыда келтірілген зерттеушінің жазғанында «Ахура-Мазуда иелеген бірінші мемлекет – Түркістан өлкесі» делінген. Бұл өлке ежелден түркітілдес тайпалар мен халықтардың мекені екені тарихтан белгілі. Сондықтан Түркістан – тарихи-географиялық атау. Түркістанға кіретін жердің көлемі – 3 млн. км2. Оған Оралдан Алтайға, Каспийден Қытайға дейін, Оңтүстік Иран мен Ауғанстаннан Томск пен Тобылға дейінгі аралықты алып жатқан өлке кіреді. Осынша ұлан-ғайыр жерде арийлер өрбіп, оны өзінің Отанына айналдырған.

Уахит Шәлекенов,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің профессоры

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға