Жаңалықтар

«Әдебиет порталының» тұсауы кесіледі

Бүгін Жазушылар одағының «Әдебиетшілер үйінде» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі “Қазконтент” АҚ ұйымдастыруымен «Әдебиет порталының» таныстырылымы өтеді деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. «Әдебиет порталы» атты веб-портал Қазақ елінің мәдени мұрасына, әдебиетіне және тарихына қызығушылық танытатын әлемнің түпкір-түкпіріндегі оқырман қауымның интернет арқылы басын қосатын әлем. Веб-порталды құрудағы басты мақсат - ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық әдебиетті жүйелі түрде насихаттау және Қазақстанның қазіргі заманғы жазушылар мен ақындарының шығармашылық белсенділігін арттырып, қазақ әдебиетін кеңінен таныту болып табылады. Порталдың арқасында қолданушылар қазақ және әлем әдебиетін талқылап, өзара пікір алмасу мен әдеби-онлайн платформасын құру мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қоса, өз пікірлері мен рецензияларын қалдырып, жеке кітаптары мен аудармаларын әлеуметтік желілер арқылы бөліседі.    Қазіргі қазақстандық авторлардың шығармаларын интернет-қор арқылы оқырмандарға төрт тілде: қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жеткізілетін болады. Сонымен қатар, қазақ және әлем әдебиеті туралы қазақстандық және әлемдік жазушылармен сұхбаттар жарияланып, әдебеиетке қатысты бейне түсірілімдер арқылы ашық әдеби алаң ұйымдастыру мақсаттарының бірі болып саналады.
30.10.2013 09:18 2547

Бүгін Жазушылар одағының «Әдебиетшілер үйінде» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі “Қазконтент” АҚ ұйымдастыруымен «Әдебиет порталының» таныстырылымы өтеді деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Әдебиет порталы» атты веб-портал Қазақ елінің мәдени мұрасына, әдебиетіне және тарихына қызығушылық танытатын әлемнің түпкір-түкпіріндегі оқырман қауымның интернет арқылы басын қосатын әлем. Веб-порталды құрудағы басты мақсат - ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық әдебиетті жүйелі түрде насихаттау және Қазақстанның қазіргі заманғы жазушылар мен ақындарының шығармашылық белсенділігін арттырып, қазақ әдебиетін кеңінен таныту болып табылады. Порталдың арқасында қолданушылар қазақ және әлем әдебиетін талқылап, өзара пікір алмасу мен әдеби-онлайн платформасын құру мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қоса, өз пікірлері мен рецензияларын қалдырып, жеке кітаптары мен аудармаларын әлеуметтік желілер арқылы бөліседі. 
  Қазіргі қазақстандық авторлардың шығармаларын интернет-қор арқылы оқырмандарға төрт тілде: қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жеткізілетін болады. Сонымен қатар, қазақ және әлем әдебиеті туралы қазақстандық және әлемдік жазушылармен сұхбаттар жарияланып, әдебеиетке қатысты бейне түсірілімдер арқылы ашық әдеби алаң ұйымдастыру мақсаттарының бірі болып саналады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға