«Рух шырағданы» деректі фильмі
Бүгін сіздерге ұсынып отырған фильм «Рух шырағданы» (Құрылтай) деп аталады. Аталған фильм 2003 жылы түсірілген болатын. Режиссері Әлия Сүлеева. Ол бұдан өзге «Мой дом на зеленых холмах» кинофильмі сценарийінің тең авторы (С. Бодровпен бірге), «Жеңіс семсері» кино- фильмінің қоюшы режиссері болды. Білікті режиссер Әлия Сүлеева 1984 жылы Бүкілодақтық сценаристер сайысының «Үздік сценарий үшін» сыйлығының иегері болды. «Рух шырағданы» деректі фильмінің шығуына қатысқан шығармашылық топ аз емес. Фильм сценарийінің авторы – Серік Райбаев, операторлары – Әбубәкір Сүлеев, Болат Сүлеев, копмпозиторы – Әлібек Мәметов – Жұбанов, дыбыс редакторы – Болат Жетекбай, режиссердің көмекшісі – Назым Рақишева, фильмнің директоры – Диана Нұрмұханова, мәтінін оқыған – Тұңғышбай Жаманқұлов болды.
Фильмнің редакторы Болат Жетекбай «Алматы ақшамы», «Азия», «Қазақ әдебиеті», «Қазақ елі» сияқты республикалық газеттерде, 1986— 1990 жылдары Красноводск ауданында қазақ тілінде шығатын «Жұмысшы» газетінде, 2000 жылдан Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясында аға маман, ғылыми қызметкер болып қызмет еткен. Қазіргі кезде «Қазақфильм» киностудиясында еңбек етуде. 1996 жылы редактордың «Жазушы» баспасынан «Күндіз аққан жүлдыздар» атты жыр жинағы жарық көрген.
Аталған фильм шетелдегі қазақ қандастарымызды таныстырады. Онда тәрбиелік маңызы зор туындының бірі болып табылады. онда отансүйгіштікті, адамгершілікті баса назарда алған. Сонымен қатар елімсізде өткен құрылтай жайында сөз етеді. Осы уақытқа дейін Бүкілдүние жүзі қазақтарының құрылтайы әр елдегі қандастарымызды өз топырағымызда 4 рет жинапты. Алғашқысы 29 қыркүйекте Алматы қаласында өтті одан кейін арада 10 жыл өткеннен соң екінші құрылтай 2002 жылы келесі, рухани астанамыз саналатын Түркістанда өтті. 2005 жылы 27-28 қыркүйекте Қазақтардың үшінші Дүниежүзілік құрылтайы Астанада өткізілді. Ал төртінші Дүниежүзілік Құрылтай 2011 жылы 25 мамырда Астана қаласында Тәуелсіздік сарайында өтті.