Жаңалықтар

Өсімдік географиясы

Өсімдіктердің таралуы ареалын зерттейтін бөлімі. Өсімдік географияның өсімдіктің түрін, туысын тағы басқа таксономиялық котегорияларының табиғатта таралу аймағын-ареалын зерттейтін саласын фитохорология дейді. Өсімдік географияның флористикасы бір аймақта таралған өсімдік түрлерін, флорасын, ал өсімдік географияның экологиясы өсімдіктің тіршілік ортасына бейімделуін зерттейді. Өсімдітің таралуы туралы мағлұматтарды ертедегі дүние ғалымдары (Теофраст) еңбектерінен де көруге болады. Ал нақты мағлұматтар 18 ғасыр натуралистері француз ботанигі Ж.П.де Турнефор, швед ғалымы К.Линней, орыс академигі П.С.Паллас тағы басқа еңбектерінде өсімдік география жөнінде көптеген нақты мәліметтер келтірген, 18-19 ғасырда өсімдік география ғылымның жее саласы болып қалыптасуына неміс натуралистері К.Вильденов, А.Гумбольд көп еңбек сіңірді. Ч. Дарвин организмнің географиялық таралуын эволюциялық дамудың дәлелі ретінде қарады. Ч.Дарвиннің идеяларын ағылшын ғалымы Дж.Д.Гукер, американ ботанигі А.Грей ботаника- география еңбектерінде қолданды. Жер шарындағы өсімдік ареалы мен флорасының байланыстырып ерттеген неміс ботанигі А.Энглер өсімдік географияның тарихи-генетикалық әдісінің дамуына үлкен әсер етті. Өсімдіктер таралуының географиялық аңдылықтарын білу өсімідк дүниесінің эволюциялық заңдылықтарын ашуда үлкен орын алды. Өсімдік географияның зерттеудің өсімідіктің адамға пайдалы түрлерін шығаруда, жаңа түрлерді жерсіндіруде маңызы зор. Өсімдік ареалын зерттегенде сыртқы ортаның өсімідіктің таралуына тигізетін әсері және өсімідң флорасының қалыптасуы мен жеке түрдің таралу тарихи анықталады. Жер бетінің өсімдік флорасын зерттеу үшін жоғары сатыдағы өсімдіктің (тұқымды өсімідк пен папоротник тәрізділердің) барлық түрін есепке алу керек. Белгілі бір жерде (құрлық, арал, ботанико-географиялық аймақ т.б.) таралған өсімідк түрінің жер көлеміне қатынасын анықтау арқылы, сол жер флорасында өскен сімдіктің мөлшері анықталады. Көптеген ботаниктер фолораны салыстыру үшін белгілі бір ботаникалық-географиялық аймақта өсетін өсімідк түрлерін салыстырады (нақты флора дейді). Арктика аймағының нақты флорасында өсімдіктің 20-100 түрі кездессе, тайгада 450-700, жалпақ жапырақты орманда 1000, Жерорта теңізі жағалауында, Кавказ сыртында 1300-1500 түрі өседі. Тропик өңірінде өсімдіктің 2000 түрі өссе, Браилияның кейбір аудандарында 3000 түрі кездеседі. Аралда, таулы жерлерде өсімдік түрі аз болады. Өсімдік географияның өсімдік флорасына ботаникалық - географиялық талдау жасалады. Дереккөз: Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3 “Қазақ Энциклопедиясы”
21.10.2013 06:11 12989

Өсімдіктердің таралуы ареалын зерттейтін бөлімі. Өсімдік географияның өсімдіктің түрін, туысын тағы басқа таксономиялық котегорияларының табиғатта таралу аймағын-ареалын зерттейтін саласын фитохорология дейді. Өсімдік географияның флористикасы бір аймақта таралған өсімдік түрлерін, флорасын, ал өсімдік географияның экологиясы өсімдіктің тіршілік ортасына бейімделуін зерттейді. Өсімдітің таралуы туралы мағлұматтарды ертедегі дүние ғалымдары (Теофраст) еңбектерінен де көруге болады. Ал нақты мағлұматтар 18 ғасыр натуралистері француз ботанигі Ж.П.де Турнефор, швед ғалымы К.Линней, орыс академигі П.С.Паллас тағы басқа еңбектерінде өсімдік география жөнінде көптеген нақты мәліметтер келтірген, 18-19 ғасырда өсімдік география ғылымның жее саласы болып қалыптасуына неміс натуралистері К.Вильденов, А.Гумбольд көп еңбек сіңірді.

Ч. Дарвин организмнің географиялық таралуын эволюциялық дамудың дәлелі ретінде қарады. Ч.Дарвиннің идеяларын ағылшын ғалымы Дж.Д.Гукер, американ ботанигі А.Грей ботаника- география еңбектерінде қолданды. Жер шарындағы өсімдік ареалы мен флорасының байланыстырып ерттеген неміс ботанигі А.Энглер өсімдік географияның тарихи-генетикалық әдісінің дамуына үлкен әсер етті. Өсімдіктер таралуының географиялық аңдылықтарын білу өсімідк дүниесінің эволюциялық заңдылықтарын ашуда үлкен орын алды. Өсімдік географияның зерттеудің өсімідіктің адамға пайдалы түрлерін шығаруда, жаңа түрлерді жерсіндіруде маңызы зор. Өсімдік ареалын зерттегенде сыртқы ортаның өсімідіктің таралуына тигізетін әсері және өсімідң флорасының қалыптасуы мен жеке түрдің таралу тарихи анықталады. Жер бетінің өсімдік флорасын зерттеу үшін жоғары сатыдағы өсімдіктің (тұқымды өсімідк пен папоротник тәрізділердің) барлық түрін есепке алу керек. Белгілі бір жерде (құрлық, арал, ботанико-географиялық аймақ т.б.) таралған өсімідк түрінің жер көлеміне қатынасын анықтау арқылы, сол жер флорасында өскен сімдіктің мөлшері анықталады. Көптеген ботаниктер фолораны салыстыру үшін белгілі бір ботаникалық-географиялық аймақта өсетін өсімідк түрлерін салыстырады (нақты флора дейді). Арктика аймағының нақты флорасында өсімдіктің 20-100 түрі кездессе, тайгада 450-700, жалпақ жапырақты орманда 1000, Жерорта теңізі жағалауында, Кавказ сыртында 1300-1500 түрі өседі. Тропик өңірінде өсімдіктің 2000 түрі өссе, Браилияның кейбір аудандарында 3000 түрі кездеседі. Аралда, таулы жерлерде өсімдік түрі аз болады. Өсімдік географияның өсімдік флорасына ботаникалық - географиялық талдау жасалады.

Дереккөз: Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3 “Қазақ Энциклопедиясы”

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға