Жаңалықтар

Энтомология және Териология

Энтомология (грек. entomа – жәндіктер және logos – ілім) – жәндіктерді зерттейтін ғылым, зоологияның бір саласы. Энтомология жер бетінде, топырақ арасында, суда, ауада таралған жәндіктердің тіршілігін зерттейді. Жәндіктерді ғыл. түрде зерттеу 17 ғ-да басталды. Энтомологияның негізін салушылар италян биологы М.Мальпиги (1628 – 94), голланд натуралисі Я.Сваммердам (1637 – 80) және француз табиғат зерттеушісі Р.Реомюр (1683 – 1757) болды. 18 ғ-дың бас кезінде француз энтомологы Ж.Дюфурдың зерттеу жұмыстары арқасында жәндіктерді салыстырмалы анатомия тұрғысынан зерттеу жақсы дамыды. 18 ғ-дың 2-жартысында орыс ғалымы П.С. Паллас Энтомологияға көп еңбек сіңірді. 19 ғ-дың ортасында Энтомология зоологияның жеке саласы болып шықты. Қазіргі кезде Энтомологиялық зерттеулер негізінен екі бағытта жүргізіледі. Жалпы Энтомология жәндіктердің құ-рылысы мен тіршілігін, олардың жекелей дамуы мен эволюциясын; ал қолданбалы Энтомология (а. ш., орман, мед., мал дәрігерлік болып бөлінеді) а. ш. дақылдары мен өнімдерінің, орман ағаштарының зиянкестерін, паразиттерді, қансорғыштарды, ауру тарататын жәндіктерді зерттейді. Бұдан басқа Энтомологияның ішінде колеоптерология (қаттықанаттыларды зерттейді), лепидоптерология (қа-быршаққанаттыларды), мирмекология (құмырсқаларды), т.б. салалары бар. Қазақстан жәндіктерін алғаш 19 ғ-да П.П. Семенов-Тянь-Шаньский, Н.А. Северцов, А.П. Федченко, А.П. Семенов-Тянь-Шаньский, В.Ф. Ошанин экспедициялары зерттеді. Жеке Энтомологиялық мәселелермен 1921 ж. құрылған Жетісу энтомологиялық бюросы (1924 ж. Өсімдік қорғау ст. болып қайта құрылды) айналысты. Энтомология саласындағы жүйелі зерттеулер КСРОҒА-ның Қазақстандық базасының Зоология секторында 1932 ж. басталып, осы күні Зоология ин-тында жалғастырылуда. Республиканың әр өңіріне тән жәндіктер фаунасы жөніндегі мағлұматтар “Қазақстан соналары”, “Қазақстанның қан сорғыш масалары”, “Қазақстан цикадалары”, “Қазақстан ағашжегі қо-ңыздары”, “Орта Азия және Қазақстан бізтұмсық қоңыздары”, “Қазақстан мен Орта Азия қазғыш аралары”, “Жетісу шөліндегі құмырсқалар”, “Қазақстанның қансорғыш шыбындары”, “Қазақстанның жапырақжегі қоңыздары”, “Қазақстан мен Орта Азия жайпақ мұртты қоңыздары”, т.б. ғыл. еңбектерде басылды. Қазақстан жәндіктерінің жүйеленімі, фаунасы, экологиясы, географиясы үнемі жаңартылып, толықтырылып отырылады. Қазақстанда Энтомология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдар: акад. И.Г. Галузо, Т.Н. Досжанов, ғыл. докторлары Б.Шайкенов, И.Д. Митяев, В.Л. Казенас, Д.Жатқанбаева, т.б. Т. Досжанов. Териология (көне грекше: θηρίον – аң және λόγος – ілім) – зоология ғылымының сүтқоректілер мәселесін зерттейтін саласы. Сүтқоректілердің таралуы, мекендейтін жерлері мен тіршілігі, ерекшелігі туралы алғашқы деректер 11–12 ғасырлардағы саяхатшылардың күнделіктерінде кездеседі. 15–16 ғасырларда сүтқоректілер туралы алғашқы ғылыми мәліметтер жинақталды. Қазақстан аңдары туралы алғашқы мәліметтерді 18 ғасырда Петербург Ғылым академиясының экспедициясының құрамында Қазақстан фаунасын зерттеуге келген орыс ғалымдары П.С.Паллас, И.Лепехин, И.Гмелиннің еңбектерінен кездестіруге болады. Кең-байтақ республика жеріндегі сүтқоректілер, бұлардың тіршілігі, таралуы, ғылымға беймәлім түрлерінің сипаттамасы жайлы алғашқы мағлұматтар 19 ғасырдағы орыс ғалымдары Эверсман, Г.С.Карелин, М.Н.Богданов, Н.А.Северцов, Н.А.Зарудный, Н.Ф.Кащенко, А.Никольскийдің еңбектерінде баяндалған. 20 ғасырдың 20-жылдарында Мәскеу, Ленинград университеттері ұйымдастырған экспедициялар республиканың бірқатар жерлерінде болып, мұндағы сүтқоректілердің түрлерін анықтады, санын есепке алып, таралуы мен шаруашылық мәнін сипаттады. Осы жылдары Қазақстан фаунасы және сүтқоректілер жүйеленімі туралы деректер қорытылды. Қазақстанда Териология саласындағы жүйелі зерттеулер 1932 ж. КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық базасы құрамында Зоология бөлімі ашылған соң басталды. Териология саласындағы зерттеулер қорытындыланып, 9 томдық «Қазақстан сүтқоректілері» басылымы жарық көрді (1969–85). Қазір Қазақстанда 180-нен астам сүтқоректілердің түрі белгілі. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
21.10.2013 06:05 11948

Энтомология (грек. entomа – жәндіктер және logos – ілім) – жәндіктерді зерттейтін ғылым, зоологияның бір саласы. Энтомология жер бетінде, топырақ арасында, суда, ауада таралған жәндіктердің тіршілігін зерттейді. Жәндіктерді ғыл. түрде зерттеу 17 ғ-да басталды. Энтомологияның негізін салушылар италян биологы М.Мальпиги (1628 – 94), голланд натуралисі Я.Сваммердам (1637 – 80) және француз табиғат зерттеушісі Р.Реомюр (1683 – 1757) болды. 18 ғ-дың бас кезінде француз энтомологы Ж.Дюфурдың зерттеу жұмыстары арқасында жәндіктерді салыстырмалы анатомия тұрғысынан зерттеу жақсы дамыды. 18 ғ-дың 2-жартысында орыс ғалымы П.С. Паллас Энтомологияға көп еңбек сіңірді. 19 ғ-дың ортасында Энтомология зоологияның жеке саласы болып шықты. Қазіргі кезде Энтомологиялық зерттеулер негізінен екі бағытта жүргізіледі. Жалпы Энтомология жәндіктердің құ-рылысы мен тіршілігін, олардың жекелей дамуы мен эволюциясын; ал қолданбалы Энтомология (а. ш., орман, мед., мал дәрігерлік болып бөлінеді) а. ш. дақылдары мен өнімдерінің, орман ағаштарының зиянкестерін, паразиттерді, қансорғыштарды, ауру тарататын жәндіктерді зерттейді. Бұдан басқа Энтомологияның ішінде колеоптерология (қаттықанаттыларды зерттейді), лепидоптерология (қа-быршаққанаттыларды), мирмекология (құмырсқаларды), т.б. салалары бар. Қазақстан жәндіктерін алғаш 19 ғ-да П.П. Семенов-Тянь-Шаньский, Н.А. Северцов, А.П. Федченко, А.П. Семенов-Тянь-Шаньский, В.Ф. Ошанин экспедициялары зерттеді. Жеке Энтомологиялық мәселелермен 1921 ж. құрылған Жетісу энтомологиялық бюросы (1924 ж. Өсімдік қорғау ст. болып қайта құрылды) айналысты. Энтомология саласындағы жүйелі зерттеулер КСРОҒА-ның Қазақстандық базасының Зоология секторында 1932 ж. басталып, осы күні Зоология ин-тында жалғастырылуда. Республиканың әр өңіріне тән жәндіктер фаунасы жөніндегі мағлұматтар “Қазақстан соналары”, “Қазақстанның қан сорғыш масалары”, “Қазақстан цикадалары”, “Қазақстан ағашжегі қо-ңыздары”, “Орта Азия және Қазақстан бізтұмсық қоңыздары”, “Қазақстан мен Орта Азия қазғыш аралары”, “Жетісу шөліндегі құмырсқалар”, “Қазақстанның қансорғыш шыбындары”, “Қазақстанның жапырақжегі қоңыздары”, “Қазақстан мен Орта Азия жайпақ мұртты қоңыздары”, т.б. ғыл. еңбектерде басылды. Қазақстан жәндіктерінің жүйеленімі, фаунасы, экологиясы, географиясы үнемі жаңартылып, толықтырылып отырылады. Қазақстанда Энтомология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдар: акад. И.Г. Галузо, Т.Н. Досжанов, ғыл. докторлары Б.Шайкенов, И.Д. Митяев, В.Л. Казенас, Д.Жатқанбаева, т.б. Т. Досжанов.

Териология (көне грекше: θηρίον – аң және λόγος – ілім) – зоология ғылымының сүтқоректілер мәселесін зерттейтін саласы. Сүтқоректілердің таралуы, мекендейтін жерлері мен тіршілігі, ерекшелігі туралы алғашқы деректер 11–12 ғасырлардағы саяхатшылардың күнделіктерінде кездеседі. 15–16 ғасырларда сүтқоректілер туралы алғашқы ғылыми мәліметтер жинақталды. Қазақстан аңдары туралы алғашқы мәліметтерді 18 ғасырда Петербург Ғылым академиясының экспедициясының құрамында Қазақстан фаунасын зерттеуге келген орыс ғалымдары П.С.Паллас, И.Лепехин, И.Гмелиннің еңбектерінен кездестіруге болады. Кең-байтақ республика жеріндегі сүтқоректілер, бұлардың тіршілігі, таралуы, ғылымға беймәлім түрлерінің сипаттамасы жайлы алғашқы мағлұматтар 19 ғасырдағы орыс ғалымдары Эверсман, Г.С.Карелин, М.Н.Богданов, Н.А.Северцов, Н.А.Зарудный, Н.Ф.Кащенко, А.Никольскийдің еңбектерінде баяндалған. 20 ғасырдың 20-жылдарында Мәскеу, Ленинград университеттері ұйымдастырған экспедициялар республиканың бірқатар жерлерінде болып, мұндағы сүтқоректілердің түрлерін анықтады, санын есепке алып, таралуы мен шаруашылық мәнін сипаттады. Осы жылдары Қазақстан фаунасы және сүтқоректілер жүйеленімі туралы деректер қорытылды. Қазақстанда Териология саласындағы жүйелі зерттеулер 1932 ж. КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық базасы құрамында Зоология бөлімі ашылған соң басталды. Териология саласындағы зерттеулер қорытындыланып, 9 томдық «Қазақстан сүтқоректілері» басылымы жарық көрді (1969–85). Қазір Қазақстанда 180-нен астам сүтқоректілердің түрі белгілі.

Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға