Жаңалықтар

Данияр, Әділбек, Берік те жеңісті жолды жалғастырады

Бокстан Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатының алтыншы күні (20 қазан) шаршы алаңға шыққан екі қазақ боксшысы да жеңіске жетті. 69 келіде Данияр Елеусінов Багам аралдарының өкілі Карл Хэйлдті 3:0 есебімен ұтса, 81 келіде Әділбек Ниязымбетов финляндиялық Вилл Хукканненді таза жеңді — 3:0. Елеусінов енді француз Сүлеймен Киссеккомен кездеседі. Ал Ниязымбетовтің қарсыласы — косовалық Арменд Хохнаж. Кешкі сессияда Берік Әбдірахманов (60 килограмм) Даниелло ди Росамен (Пуэрто-Рико) кездесіп, жеңді. Үш төреші де жеңісті Берікке берген. Боксшымыздың ендігі қарсыласы неміс спортшысы болмақ. Baq.kz
21.10.2013 03:00 3513

Бокстан Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатының алтыншы күні (20 қазан) шаршы алаңға шыққан екі қазақ боксшысы да жеңіске жетті.

69 келіде Данияр Елеусінов Багам аралдарының өкілі Карл Хэйлдті 3:0 есебімен ұтса, 81 келіде Әділбек Ниязымбетов финляндиялық Вилл Хукканненді таза жеңді — 3:0.

Елеусінов енді француз Сүлеймен Киссеккомен кездеседі. Ал Ниязымбетовтің қарсыласы — косовалық Арменд Хохнаж.

Кешкі сессияда Берік Әбдірахманов (60 килограмм) Даниелло ди Росамен (Пуэрто-Рико) кездесіп, жеңді. Үш төреші де жеңісті Берікке берген. Боксшымыздың ендігі қарсыласы неміс спортшысы болмақ.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға