Жаңалықтар

«Астана Опера» мәдениет күндерін тарту етеді

Елордада «Астана Опера» театрының әлемдік премьерасына орай 21-24 қазанда әлем жұлдыздары өнер көрсетеді. Бұл туралы astana.kz сайты «Астана Опера» театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады. 21 қазанда «Астана Опера» театрының жаңа маусымы Д. Вердидің «Attila» шығармасының премьерасымен ашылады. Әлемдік премьера аясында «La Fenice» (Венеция) театры «Аттила» опералық қойылымы (1846 ж.) алғаш көрсетілген замандағы экспонаттар қойылған бірегей көрме ұйымдастырады. Ресейдің Үлкен театры (Мәскеу) өткен ғасырдағы жәдігерлерді, соның ішінде, опера және балет әлеміне танымал тұлғалардың костюмдерін көпшілік назарына ұсынады. 22 қазанда классикалық музыка жұлдыздары - Елена Образцова, Денис Мацуев, Сергей Накаряков, Ильдар Әбдіразақов, Анна Маркаров, Сергей Крылов, Ольга Перетятько, Майра Керей, Медет Чотабаев, Альфия Каримова, Абзал Мухитдинов және т.б. әрістердің қатысуымен гала-концерт өтеді. Бұл күні «XXI ғасырдағы опера» халықаралық конференциясы ұйымдастырылады, онда белгілі музыкалық сыншылар - Franco Soda (Испания), Richard Martet (Франция), Thomas Migge (Германия) және т.б. өз пікірлерін ортаға салады. 23 қазанда Д. Вердидің «Attila» операсы көрсетіледі. Дирижер - Marko Boeni. Қоюшы - Pier Luigi Pizzi (Teatro dell Opera di Roma, Италия), басты партияларды Ильдар Әбдіразақов, Анна Маркарова (Мариин театры, Санкт-Петербург) орындайды. Ал, 24 қазанда «Астана Опера» театрында «Театрдың өмірге келуі» атты үлкен гала-концерт өтеді. Әсерлі бейне пайдаланылатын театрландырылған шоу көрерменді әлемнің пайда болған шағына әкетіп, бүгінгі күнге қайта алып келеді. Көрермен жаңа үлгіде дүниеге келген әлемдік музыкалық театр жауһарларымен танысады. Бұл күні әлемге әйгілі классикалық шығармалармен қатар, бұған дейін Қазақстанда ешқашан орындалмаған музыка шырқалады. Сондай-ақ, кеш бағдарламасында ұлттық репертуардан да шығармалар орындалады. Baq.kz
19.10.2013 05:50 3613

Елордада «Астана Опера» театрының әлемдік премьерасына орай 21-24 қазанда әлем жұлдыздары өнер көрсетеді. Бұл туралы astana.kz сайты «Астана Опера» театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

21 қазанда «Астана Опера» театрының жаңа маусымы Д. Вердидің «Attila» шығармасының премьерасымен ашылады. Әлемдік премьера аясында «La Fenice» (Венеция) театры «Аттила» опералық қойылымы (1846 ж.) алғаш көрсетілген замандағы экспонаттар қойылған бірегей көрме ұйымдастырады. Ресейдің Үлкен театры (Мәскеу) өткен ғасырдағы жәдігерлерді, соның ішінде, опера және балет әлеміне танымал тұлғалардың костюмдерін көпшілік назарына ұсынады.

22 қазанда классикалық музыка жұлдыздары - Елена Образцова, Денис Мацуев, Сергей Накаряков, Ильдар Әбдіразақов, Анна Маркаров, Сергей Крылов, Ольга Перетятько, Майра Керей, Медет Чотабаев, Альфия Каримова, Абзал Мухитдинов және т.б. әрістердің қатысуымен гала-концерт өтеді. Бұл күні «XXI ғасырдағы опера» халықаралық конференциясы ұйымдастырылады, онда белгілі музыкалық сыншылар - Franco Soda (Испания), Richard Martet (Франция), Thomas Migge (Германия) және т.б. өз пікірлерін ортаға салады.

23 қазанда Д. Вердидің «Attila» операсы көрсетіледі. Дирижер - Marko Boeni. Қоюшы - Pier Luigi Pizzi (Teatro dell Opera di Roma, Италия), басты партияларды Ильдар Әбдіразақов, Анна Маркарова (Мариин театры, Санкт-Петербург) орындайды.

Ал, 24 қазанда «Астана Опера» театрында «Театрдың өмірге келуі» атты үлкен гала-концерт өтеді. Әсерлі бейне пайдаланылатын театрландырылған шоу көрерменді әлемнің пайда болған шағына әкетіп, бүгінгі күнге қайта алып келеді. Көрермен жаңа үлгіде дүниеге келген әлемдік музыкалық театр жауһарларымен танысады. Бұл күні әлемге әйгілі классикалық шығармалармен қатар, бұған дейін Қазақстанда ешқашан орындалмаған музыка шырқалады. Сондай-ақ, кеш бағдарламасында ұлттық репертуардан да шығармалар орындалады.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға