Жаңалықтар

Чехияда қазақстандық студенттер арасында футболдан турнир өтті

Чехияның ЖОО-ларында білім алатын қазақстандық студенттер арасында шағын футболдан іріктеу турнирі ұйымдастырылды. Командалар «Eurokz-2014» студенттік кубогының финалына өту үшін жарысты, деп хабарлайды ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі. Шағын футболдан турнирді Қазақстан Республикасының Чехия Республикасындағы елшілігі ұйымдастырды. Елшілік турнирді Чехиядағы қазақстандық студенттердің «Тарлан» бірлестігімен бірігіп өткізді. Жарыс қорытындысы бойынша, «Барыс» қазақстандық студенттердің құрама командасы Кубок иесі мен чемпионы атанды. Сондай-ақ, турнир соңында футболшылар арасында чемпионаттың үздік ойыншылары атағы үшін түрлі аталымдар бойынша жарыс өтті. Еске сала кетсек, 2012 жылы студенттік Кубок Польшада өтті. BNews.kz
18.10.2013 06:01 3135

Чехияның ЖОО-ларында білім алатын қазақстандық студенттер арасында шағын футболдан іріктеу турнирі ұйымдастырылды. Командалар «Eurokz-2014» студенттік кубогының финалына өту үшін жарысты, деп хабарлайды ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.

Шағын футболдан турнирді Қазақстан Республикасының Чехия Республикасындағы елшілігі ұйымдастырды. Елшілік турнирді Чехиядағы қазақстандық студенттердің «Тарлан» бірлестігімен бірігіп өткізді.

Жарыс қорытындысы бойынша, «Барыс» қазақстандық студенттердің құрама командасы Кубок иесі мен чемпионы атанды. Сондай-ақ, турнир соңында футболшылар арасында чемпионаттың үздік ойыншылары атағы үшін түрлі аталымдар бойынша жарыс өтті.

Еске сала кетсек, 2012 жылы студенттік Кубок Польшада өтті.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға