Жаңалықтар

Башқұрттар

Башқұрттар өзд. атауы - башқорт, яғни бас құрт (түркіше - бас бөрі)— Башқортостан Республикасының байырғы халқы, түркі халықтарының бірі. Ресейдің Челябі, Қорған, Орынбор, Пермь, Свердлов, Саратов облыстарында, шағын тобы Қазақстан мен Орта Азияда да тұрады. Жалпы саны 1 млн. 500 мың адам (1995), Башқортостанда 1 млн-дай. Түркі тілінің қыпшақ бұтағына жататын башқұрт тілінде сөйлейді. Орыс және татар тілдерін де қолданады. Жазуы кириллицаға негізделген. Башқұрттар этногенезінің қалыптасуына VII - X ғ-лардағы әр алуан түркі тайпалары (үсерген, байлар, сұраш, маңғауыр, жағалбайлы, тама, бешуыл, кедей, табын, мың, керей, қаңлы, арғын, байұлы, т.б.) ұйытқы болды. XI-XIII ғ-ларда қазіргі башқұрт жерін мекендеген бесене, Еділ бұлғары мен мадияр тайпаларына қыпшақтардың әсері күшейіп, көне башқұрт этносының қыпшақтану бағытында дамуы арта түсті. Бату шапқыншылығы, башқұрт жеріне Қыпшақ даласынан халықтың көптеп қоныс аударуы башқұрттардың қыпшақтану процесін одан әрі жеделдетті. Қазақ халқының этногенезінде шешуші орын алатын түркі тайпаларының басым көпшілігі башқұрт халқының құрамында да кездеседі. Қыпшақ дәуірі башқұрт халқының қалыптасуының (XV - XVI ғ-лар) басты кезеңі болып табылады. XVI ғ-дың орта кезінен Башқұрттар Ресей ипериясының отарына айналды. Башқұрттар әскери қызметке, алтын кен орындарына жұмысқа тартылды. Бұрынғы кезде Башқұрттартар негізінен көшпелі мал ш-мен шұғылданып, аң ауласа, XVII-XIX ғ-ларда егіншілікпен айналысып, отырықшылыққа көшті. Тілі мен мәдениеті, қоршаған ортасы татарларға жақын болғанымен, ұлттық тұрмыс-тіршілігі мен дәстүрінде қазақ халқына ұқсастық басым. Мысаслы, қайыстан, теріден жасалған бұйымдар, ер-тұрман, үй жиһазы, ыдыс-аяғы, киіз басу, кілем мен алаша тоқу кәсібі қазақ қолөнеріне ұқсас. Ұлттық тағамдары да қазақ халқының ұлттық тағамдарына ұқсайды: айран, құрт-ірімшік, қаймақ, қымыз, т.б. Бишбармақ, құлдама, салма, чурпаря аталатын тағам түрлері де бар. Далалы жерлерде кірпіштен, орманды-далалы аймақтарда ағаштан қима үйлер салады. Ұлттық киім үлгісінде: әйелдер “кюлдэк” аталатын ұзын, кең етекті қынама көйлек, зерлі қамзол, әсем тақия, ерлер кең балақты шалбар, бағалы аң терісінен тігілген дөңгелек бөрік, тымақ киеді. Кең тараған музыка аспабына қазақтың сыбызғысына ұқсас қурай, шаңқобызына ұқсас қобыз, варган, домра жатады. Жыл сайын ораза мен құрбан айты, наурыз мейрамы, көктемгі егіс жұмыстарынан кейін сабантой тойланады.
18.10.2013 04:19 18316

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға