Жаңалықтар

ЕурАзЭҚ, КО мен БЭК – Елбасының Еуразиялық идеясын жүзеге асырудың жаңа кезеңдері – Жұма

Елбасының Еуразиялық идеясын іске асырудың жаңа кезеңдері деп ЕврАзЭҚ пен Кедендік Одақты айта аламыз. Бірыңғай экономикалық кеңістік құрылуда. Бұл туралы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» алғашқы Назарбаев оқуларында сөз сөйлеген кезінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Қазақстан әлемдегі берік ұстанымы бар аймақтық ірі мемлекеттердің біріне айналды. Егемен елдің алғашқы шешімдерінің өзінде ғаламдық маңыз бар. Әлемде төртінші ядролық держава бола отырып, одан бас тарту қазіргі әлем қауіпсіздігінің маңызды факторларының біріне айналды. Қазақстан көптеген мәртебелі халықаралық ұйымдар мен одақтардың бастамашысы мен белсенді қатысушысы ретінде танылды. Мысалы, Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары бойынша кеңес, Президентіміз айтқандай, «Қазақстанның дипломатиялық доктринасының квинтэссенциясы». ЕҚЫҰ, ИКҰ және ШЫҰ сияқты мәртебелі халықаралық ұйымдардағы өз төрағалығының шеңберінде, еліміз аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастық жүйесін бекітуге салмақты үлес қосуда», - деді Б.Жұмағұлов. Сондай-ақ ҚР білім және ғылым министрі Қазақстан көпполярлы және өзара біте қайнасып жатқан әлем идеологиясын қолдайтындығын атап өтті. «Бұл ретте Н.Ә. Назарбаев ХХІ ғасырдың жаһандық індеттеріне қарсы тұрудың ұжымдық тұрғыдағы қажеттіліктері, өркениет пен дін диалогын тереңдету үрдістері идеясын айтудан бір жалыққан емес. 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде сөйлеген сөзі көптің жадында. Онда еуразиялық интеграция идеясы алғаш рет айтылды. Ол Еуразиялық идеясы қазіргі заманда оны ғылыми дамытудың өзегін түбегейлі жаңаша ұғынудың нәтижесіне ұласты. Осы идеяны іске асырудың жаңа кезеңдері деп ЕврАзЭҚ пен Кедендік Одақты айта аламыз. Бірыңғай экономикалық кеңістік құрылуда. Еуразиялық идеясы ҰҚШҰ, ШЫҰ және т.б. мемлекетаралық ықпалдастықтың басқа да тетіктері арқылы таралуда. Ол ЕҚЫҰ-да нақты түрде іске асты – Астанада ЕҚЫҰ парадигмасын еуропалықтан еуразиялық ауқымда кеңейту туралы тарихи шешім қабылданды. Сөйтіп, еуразиялықтың әуелгі теориялық идеясы Президентіміздің сенімді қолымен ауқымды саяси және экономикалық ақиқат арнасына тоғытылды», - деп түйіндеді ол.
29.11.2012 08:06 3207

Елбасының Еуразиялық идеясын іске асырудың жаңа кезеңдері деп ЕврАзЭҚ пен Кедендік Одақты айта аламыз. Бірыңғай экономикалық кеңістік құрылуда. Бұл туралы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» алғашқы Назарбаев оқуларында сөз сөйлеген кезінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Қазақстан әлемдегі берік ұстанымы бар аймақтық ірі мемлекеттердің біріне айналды. Егемен елдің алғашқы шешімдерінің өзінде ғаламдық маңыз бар. Әлемде төртінші ядролық держава бола отырып, одан бас тарту қазіргі әлем қауіпсіздігінің маңызды факторларының біріне айналды. Қазақстан көптеген мәртебелі халықаралық ұйымдар мен одақтардың бастамашысы мен белсенді қатысушысы ретінде танылды. Мысалы, Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары бойынша кеңес, Президентіміз айтқандай, «Қазақстанның дипломатиялық доктринасының квинтэссенциясы». ЕҚЫҰ, ИКҰ және ШЫҰ сияқты мәртебелі халықаралық ұйымдардағы өз төрағалығының шеңберінде, еліміз аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастық жүйесін бекітуге салмақты үлес қосуда», - деді Б.Жұмағұлов.

Сондай-ақ ҚР білім және ғылым министрі Қазақстан көпполярлы және өзара біте қайнасып жатқан әлем идеологиясын қолдайтындығын атап өтті.

«Бұл ретте Н.Ә. Назарбаев ХХІ ғасырдың жаһандық індеттеріне қарсы тұрудың ұжымдық тұрғыдағы қажеттіліктері, өркениет пен дін диалогын тереңдету үрдістері идеясын айтудан бір жалыққан емес. 1994 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінде сөйлеген сөзі көптің жадында. Онда еуразиялық интеграция идеясы алғаш рет айтылды. Ол Еуразиялық идеясы қазіргі заманда оны ғылыми дамытудың өзегін түбегейлі жаңаша ұғынудың нәтижесіне ұласты. Осы идеяны іске асырудың жаңа кезеңдері деп ЕврАзЭҚ пен Кедендік Одақты айта аламыз. Бірыңғай экономикалық кеңістік құрылуда. Еуразиялық идеясы ҰҚШҰ, ШЫҰ және т.б. мемлекетаралық ықпалдастықтың басқа да тетіктері арқылы таралуда. Ол ЕҚЫҰ-да нақты түрде іске асты – Астанада ЕҚЫҰ парадигмасын еуропалықтан еуразиялық ауқымда кеңейту туралы тарихи шешім қабылданды. Сөйтіп, еуразиялықтың әуелгі теориялық идеясы Президентіміздің сенімді қолымен ауқымды саяси және экономикалық ақиқат арнасына тоғытылды», - деп түйіндеді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға