Жаңалықтар

БАҚ мемлекеттік органдардың қызметін бақылайтын болды

ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин бірқатар республикалық БАҚ басшыларымен кездесті. Жиын барысында 11 қазанда үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы туралы ақпарат тарату мәселелері талқыланды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметінен хабарлады. Кеңес барысында Тәжин БАҚ басшыларына мемлекеттің экономикалық саясатының стратегиялық бағыттары, жедел түрде шешілуі тиіс өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер жайлы хабар таратуға баса мән беру керектігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, жиында мәдени, ақпараттық және идеологиялық салалардағы мемлекеттік органдардың қызметі қаралды. Шара барысында әлеуметтік-экономикалық тақырыптағы арнайы тілшілер бірлестігін құру туралы шешім қабылданды. Бұған қоса, ақпараттық материалдар мен жаңалықтарды, оның ішінде президент тапсырмаларының орындалуы жайлы мемлекеттік орган басшыларының брифингтерін, арнайы репортаждар дайындау және беру форматтары жаңартылды. «Мемлекет басшысы бірталай сын айтты, нақты міндеттер жүктеді және оны орындаудың мерзімдерін белгіледі. Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік органдардың жұмысын бақылауы және жасалып жатқан жұмыстар жайлы бұқараны хабардар етіп отыруы тиіс», - деді мемлекеттік хатшы. Кеңестің қорытындысы бойынша мемлекеттің ақпараттық саясатына жауапты мемлекеттік органдарға президенттің сын ескертпелері мен тапсырмаларын іске асыру аясында ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас орнату үшін нақты міндеттер жүктелді. Ғабит ҚАРАБАЙ Baq.kz
17.10.2013 05:20 3357

ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин бірқатар республикалық БАҚ басшыларымен кездесті. Жиын барысында 11 қазанда үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы туралы ақпарат тарату мәселелері талқыланды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кеңес барысында Тәжин БАҚ басшыларына мемлекеттің экономикалық саясатының стратегиялық бағыттары, жедел түрде шешілуі тиіс өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер жайлы хабар таратуға баса мән беру керектігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, жиында мәдени, ақпараттық және идеологиялық салалардағы мемлекеттік органдардың қызметі қаралды.

Шара барысында әлеуметтік-экономикалық тақырыптағы арнайы тілшілер бірлестігін құру туралы шешім қабылданды. Бұған қоса, ақпараттық материалдар мен жаңалықтарды, оның ішінде президент тапсырмаларының орындалуы жайлы мемлекеттік орган басшыларының брифингтерін, арнайы репортаждар дайындау және беру форматтары жаңартылды.

«Мемлекет басшысы бірталай сын айтты, нақты міндеттер жүктеді және оны орындаудың мерзімдерін белгіледі. Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік органдардың жұмысын бақылауы және жасалып жатқан жұмыстар жайлы бұқараны хабардар етіп отыруы тиіс», - деді мемлекеттік хатшы.

Кеңестің қорытындысы бойынша мемлекеттің ақпараттық саясатына жауапты мемлекеттік органдарға президенттің сын ескертпелері мен тапсырмаларын іске асыру аясында ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас орнату үшін нақты міндеттер жүктелді.

Ғабит ҚАРАБАЙ

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға