Жаңалықтар

«Базар жоқтан» «Әзіл әлеміне» қадам басты...

Кеше Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында Астана қаласы көңілді тапқырлар театрының «Әзіл әлемі» атты үш жылдық концерті өтті. Белгілі сатирик Тұрсынбек Қабатов басқаратын театр ұжымының өнерін тамашалауға келген көрерменнің санында есеп болмады. Концерт барысында елді елең еткізген тосын сыйларда аз болмады. Оның біріншісі, халық арасында «Базар жоқ» аталып кеткен театрдың ендігі атауы «Әзіл әлемі» болмақ. Мұнымен қатар, қазақ сатирасына өзіндік үлестерін қосып келе жатқан театрдың құрамы Оңтүстік Қазақстан облыстық әзіл-сықақ және сатира театрының бұрынғы ақтері Нұржан Құлшынбаевпен толыққан. Бұл жолғы концертті әдеттегідей Тұрсынбек Қабатов емес, театрдың белді ақтері Қанат Әлжаппаров жүргізді. Қанат ойнақы әзілдерімен жиналған жұртшылықты қыран-топан күлкіге бөлеп, жуырда Тұрсынбектің үш қыздан соң ұлды болғанын айтып, халықтан сүйінші сұрауды ұмытпады. Астана қаласы көңілді тапқырлар театрының өзге де актерлары Аманғали Спабек, Ерболат Төлегенов, Бақытжан Қасымов, Қайрат Әділгерей, Медет Досханаев, Арман Жаналиевтер уытты әзілдері арқылы көпшілік қауымға терең ой сала білді... Сәбидей тәй-тәй басып келе жатқан театр ұжымын қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Айгүл Иманбаева мен «Жігіттер» квартеті құттықтап, әсем әннен шашу шашты.  Baq.kz
17.10.2013 05:15 5470

Кеше Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында Астана қаласы көңілді тапқырлар театрының «Әзіл әлемі» атты үш жылдық концерті өтті.

Белгілі сатирик Тұрсынбек Қабатов басқаратын театр ұжымының өнерін тамашалауға келген көрерменнің санында есеп болмады. Концерт барысында елді елең еткізген тосын сыйларда аз болмады. Оның біріншісі, халық арасында «Базар жоқ» аталып кеткен театрдың ендігі атауы «Әзіл әлемі» болмақ. Мұнымен қатар, қазақ сатирасына өзіндік үлестерін қосып келе жатқан театрдың құрамы Оңтүстік Қазақстан облыстық әзіл-сықақ және сатира театрының бұрынғы ақтері Нұржан Құлшынбаевпен толыққан. Бұл жолғы концертті әдеттегідей Тұрсынбек Қабатов емес, театрдың белді ақтері Қанат Әлжаппаров жүргізді. Қанат ойнақы әзілдерімен жиналған жұртшылықты қыран-топан күлкіге бөлеп, жуырда Тұрсынбектің үш қыздан соң ұлды болғанын айтып, халықтан сүйінші сұрауды ұмытпады.
Астана қаласы көңілді тапқырлар театрының өзге де актерлары Аманғали Спабек, Ерболат Төлегенов, Бақытжан Қасымов, Қайрат Әділгерей, Медет Досханаев, Арман Жаналиевтер уытты әзілдері арқылы көпшілік қауымға терең ой сала білді...
Сәбидей тәй-тәй басып келе жатқан театр ұжымын қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Айгүл Иманбаева мен «Жігіттер» квартеті құттықтап, әсем әннен шашу шашты.

 Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға