Жаңалықтар

Ежелгі грек театрын өмір сүру кезеңдері

Зерттеушілер ежелгі грек театрын өмір сүру уақытына қарай: Тәуелсіздік дәуіріндегі грек театры. Грек қала-мемлекеттерінің негізін салудан олардың өз-өздерін билеу қабілетінен арылуына дейін (б.з.б.VI-IV ғ. ортасы). Эллиндік монархиялар театры. Александр жорықтарынан бастап римдіктер жаулап алуға дейін (б.з.б.IV ғ. ортасы – II ғ. аралығы). Рим республикалық театры. Пуникалық соғыстардан бастап Ұлы төңкеріске дейін: (III–Iғ.ғ.). Рим империясы кезіндегі театр (I–IVғ.ғ.) деп 4 кезеңге бөледі. Дионис (Вакх құдайдың екінші аты) – грек мифологиясындағы жүзім мен шарап құдайы, Зевс пен фивы ханшайымы Симеланың ұлы, антикалық құдайлар пантеонындағы ең құдіретті құдайлардың бірі, солып бара жатып қайта жанданған табиғат белгісі. Диониспен мифологиялық мағынаға сәйкес келетін: мысырлық құдайлар Осирис, Серапис және Амон, ежелгі ирандық Митра, Адонис, римдік Либерді атауға болады. Дионис қайғылы құдайлар қатарына жатқан. Б.з.б. 534 жылы Афины билеушісі тиран Писистрат Дионис культін мемлекеттік мейрам қатарына енгізу туралы шешім қабылданғаннан бастап Дионис құдай құрметіне жасалған мерекелер жыл сайын өткізілетін болды. Аңыз бойынша Дионис Аттикаға бірінші рет келіп, жұртқа шарап таратқанда Афины халқы «бізді улағысы келіп тұр» деп түсініп, оны өлтіріп тастайды. Өз әрекеттерінің дұрыс еместігін кеш түсінген афиндықтар кешірім алу үшін көптеген құрбандықтар шалып, Дионис құдайдың құрметіне арнап мерекелер ұйымдастырып, сайыстар өткізеді. Соның бірі – сахналық қойылымдар болды. Алғашында драмалық қойылымдар б.з.б. ІV ғасырдың аяғында Афинының орталық алаңында, қасиетті қара еменнің жанында ағаштан жасалған сахнада қойылды. Бірақ халық көп жиналғандықтан ағаш сахналар қирап қалды. Сол себепті б.з.б. ІҮ ғасырда Ликург дәуірінде көрермендерге арналған ағаш орындықтар тас орындықтарға ауыстырылды. Ежелгі грек сахналық өнерінің бір ерекшелігі – ондағы қойылымдардың ашық аспан астында өтуі болатын. Ашық аспан астында салынған театрлар амфитеатр деп аталды. Қойылымдар әуелгіде тек күндіз қойылды. Театр шатырының болмауы, табиғи жарықты пайдалану алғашқы грек театрларының өте үлкен болуымен байланысты еді. Археологтардың есептеуінше, ежелгі афиндық театрға 17000 көрермен, Эфес театрына 23000 адам, ал Аркадиядағы Мегалополь қаласының театрына 44000 адам сыйып кеткен. Театрлардың мұншалықты кең болуы қала халқын толық қамту мақсатынан туғаны түсінікті. Бұл әрине грек мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқаны белгілі.
17.10.2013 04:22 6512

Зерттеушілер ежелгі грек театрын өмір сүру уақытына қарай:

  1. Тәуелсіздік дәуіріндегі грек театры. Грек қала-мемлекеттерінің негізін салудан олардың өз-өздерін билеу қабілетінен арылуына дейін (б.з.б.VI-IV ғ. ортасы).
  2. Эллиндік монархиялар театры. Александр жорықтарынан бастап римдіктер жаулап алуға дейін (б.з.б.IV ғ. ортасы – II ғ. аралығы).
  3. Рим республикалық театры. Пуникалық соғыстардан бастап Ұлы төңкеріске дейін: (III–Iғ.ғ.).
  4. Рим империясы кезіндегі театр (I–IVғ.ғ.) деп 4 кезеңге бөледі.

Дионис (Вакх құдайдың екінші аты) – грек мифологиясындағы жүзім мен шарап құдайы, Зевс пен фивы ханшайымы Симеланың ұлы, антикалық құдайлар пантеонындағы ең құдіретті құдайлардың бірі, солып бара жатып қайта жанданған табиғат белгісі. Диониспен мифологиялық мағынаға сәйкес келетін: мысырлық құдайлар Осирис, Серапис және Амон, ежелгі ирандық Митра, Адонис, римдік Либерді атауға болады. Дионис қайғылы құдайлар қатарына жатқан. Б.з.б. 534 жылы Афины билеушісі тиран Писистрат Дионис культін мемлекеттік мейрам қатарына енгізу туралы шешім қабылданғаннан бастап Дионис құдай құрметіне жасалған мерекелер жыл сайын өткізілетін болды. Аңыз бойынша Дионис Аттикаға бірінші рет келіп, жұртқа шарап таратқанда Афины халқы «бізді улағысы келіп тұр» деп түсініп, оны өлтіріп тастайды. Өз әрекеттерінің дұрыс еместігін кеш түсінген афиндықтар кешірім алу үшін көптеген құрбандықтар шалып, Дионис құдайдың құрметіне арнап мерекелер ұйымдастырып, сайыстар өткізеді. Соның бірі – сахналық қойылымдар болды. Алғашында драмалық қойылымдар б.з.б. ІV ғасырдың аяғында Афинының орталық алаңында, қасиетті қара еменнің жанында ағаштан жасалған сахнада қойылды. Бірақ халық көп жиналғандықтан ағаш сахналар қирап қалды. Сол себепті б.з.б. ІҮ ғасырда Ликург дәуірінде көрермендерге арналған ағаш орындықтар тас орындықтарға ауыстырылды. Ежелгі грек сахналық өнерінің бір ерекшелігі – ондағы қойылымдардың ашық аспан астында өтуі болатын. Ашық аспан астында салынған театрлар амфитеатр деп аталды. Қойылымдар әуелгіде тек күндіз қойылды. Театр шатырының болмауы, табиғи жарықты пайдалану алғашқы грек театрларының өте үлкен болуымен байланысты еді. Археологтардың есептеуінше, ежелгі афиндық театрға 17000 көрермен, Эфес театрына 23000 адам, ал Аркадиядағы Мегалополь қаласының театрына 44000 адам сыйып кеткен. Театрлардың мұншалықты кең болуы қала халқын толық қамту мақсатынан туғаны түсінікті. Бұл әрине грек мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқаны белгілі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға