"Но" пьесалар
Сарагаку актерлері ойлап тапқан жаңа пьесалар "Но" деген атпен белгілі болды. Соның негізінде XIV ғасырда театрдың жаңа бір түрі — Но театры дүниеге келді. "Но" сөзі "шеберлік" дегенді білдіреді және бұл әбден театрдың атына сай келеді. Өйткені ол, сарагаку шеберлері жеткен барлық кереметін өзіне сіңірген өнерді, алдыңғы ғасырларда жасалған әдебиет дәстүрімен үйлестірді. Но театрының пьесалары ёкёку (ән айтуға арналған пьеса) деп аталады. Но спектакльдері музыкалық болып келеді, мәтіннің көп бөлігін солист және хор орындайды. Би мен музыкаға құрылған Но сауығын ерлер хоры, флейта мен барабан оркестрі сүйемелдеді. Олар бастырма астындағы сахнага орналасты. Но спектакльдері хореографиялық: бұндағы драмалық кульминация басты кейіпкердің биімен бейнеленеді. Пьесада ауызекі сөз, бір ырғаққа келтірілген проза мен өлең бар. Осыдан әдеби жағынан қарасақ ёкёку — драмалық поэма, театрлық жағынан — драма, опера және балеттің байланысы болып келеді. Но театрының классикасы сараң, нәзік және өте шартты болып келеді. Мәселен, жоғарыға келтірілген қолдар — қайғының, салбыраған бас пен жоғарыға көтерілген алақан — өксіп жылаудың, ал желпуішпен акырын бетті Жабу — терең ұйқының символы болып табылады. Басты кейіпкері маска киіп ойнады. Сауық көріністері пантомимаға кұрылды, ал ойынның оқиға желісін хор түсіндіріп отырды. Актерлер мәтіннің кей бөлігін айтуда әуезді әнді немесе мәнерлі декламацияны пайдаланды. Но театрындағы актерлер, музыканттар мен хористер тек ер адамдар болды. Атақты теоретик, актер және драматургтер — Киецугу Каньами (1333—1384) мен Мотокие Дзэами (1363—1443) әскери адамдар мен ақсүйектерге арналған Но өнерінің эстетикалық негізін қалыптастырды. Актер өнерінде Каньами "еліктеушілік" (мономанэ) қабілетті бәрінен де жоғары қойды. Дзэами бойынша мономанэ актердан толық сахналық бейнеге енуді талап етті. Сонда ғана актердің ойыны қарапайым да еркін шығады деген. Шамамен 1367—1368 жылдары Каньами сол кезде танымал болған кусо-но маи ("әуенді би") биін сарагакуге енгізеді. Әр қойылымға катаң канонмен іріктелген сюжеті бойынша әр түрлі бес пьеса кіреді.
- Бірінші пьесалар тобы, "Құдайлар" деген иероглифпен беріледі. Онда Құдайды, әулиелерді мадақтау бүкіл прологті қамтиды.
- "Хэйкэ моногатари" ("Хэйкэ әулетінің тарихы"), "Гэмпэй сэйсуйки" ("Гэндзи және Хэйкэ әулеттерінің шежіресі") атты ортағасырлық жапон роман-шежірелерінен алынған екінші топ, "ер жауынгер" деп белгіленеді.
- Үшінші топ, "Гэндзи моногатари" романындағы әйелдер тағдыры туралы болады.
- Төртіншісі, өмірде үлкен трагедияға ұшыраған адамдар туралы болса, бесіншісі, көрермендерде қорқыныш үрей тудыратын қара күшпен аяқталады.
Но театрында басты рөлді орындайтын актерді "ситэ" — "орып- даушы" деп атаған. Ситэге екінші актер —"ваки" көмектескен. Хор көрерменге оқиғаның қай жерде және кай уақытта болып жатқанын речитативпен жеткізеді. Қандай пьеса ойналмасын алтын аспан аясындағы жапон қарағайының суретінен басқа сахнада ештеңе болмайды. Но театрында шымылдық жоқ, декорацияны білмейді. XVI ғасырдағы өзара соғыс Но театрының дамуына кесірін тигізді. Өзара қырқыс тоқтағаннан кейін (XVII ғасырдың басында) сауда мен қолөнері өркендеп, қалалар бой түзеді. Бейбіт өмір мәдениет саласын жандандыра түсті. Жапонияның алдыңғы катарлы классикалық дзёрури және Кабуки сияқты театрларына негіз болған жаңа театр түрлері пайда болды. Дзёрури театры XVI ғасырдың аяғында қуыршақшылар, әнші-жыраулар өнері түрінде дүниеге келді. Дзёрури үшін қолданған ең бірінші текст "Дзёрури оқиғасы" еді, осыдан жанрдың аты да пайда болды. Репертуары арнайы дзёрури формасында жазылған жапон драматургтерінің классикалық пьесаларынан тұрады. Жетекші драматургі — Кабуки театрына да жазған Мондзаэмон Тикамацу (1653—1724). Кабуки театры XVII ғасырда пайда болып, XVIII ғасырда шырқау биікке көтерілді. Кабуки театрында музыка, би және драмалық элементтері біртұтас болып келді. Оның қалыптасқан дәстүрлері Жапонияның қазіргі театрында да сақталған. Кабуки театры Но театрының биін, кёгеннің көркем сөз өнерін және дзёруридің драмалық формалары мен музыкалық негізін пайдаланды. Бірақ мұнда оқиғаны жырау — гидаю емес, актерлер айтатын болған. Кабуки театрында қалыптасқан көркемдік әдістер канонға айналды.
Спектакльдер зәулім театрдың кең сахнасында қойылды. Сахнаның сол жағында бүкіл залдың үстінен өтетін ханамити деп аталатын өткелшесі болған, ол кейде қосымша сахна ретінде де пайдаланылды. Әйелдер рөлін ерлер орындады. Кабуки театрлары Токио, Осака, Киото жәнe Нагоя- да бар. Жапониятеатрының тағы бір классикалық түріне Но жатады. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ішінара өзгерістерге ұшырады. Токиода, Киотода, Осакада Но театры ойынын көрсететін бірнеше театр үйлері бар.