Жаңалықтар

«Нұр Отан» Доктринасында жастардың рөлiн қозғау туралы ұсыныс түстi – Б.Байбек

Жастар «Нұр Отан» Доктринасында жастардың рөлiн қозғау туралы ұсыныс жасады. Бұл жөнiнде аталған құжаттың жобасын әзiрлеу бойынша жұмыс тобының қорытынды мәжiлiсiнде «Нұр Отан» ХДП төрағасының бiрiншi орынбасары Бауыржан Байбек мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.  «Доктринаны жан-жақты талқылауға қоғам өкiлдерi, бұқаралық ақпарат құралдары, зиялы қауым өкiлдерi мен сарапшылар қатысты. Соның бiрi – жақында Темiртауда жастар және үкiметтiк емес ұйым өкiлдерiмен өткен кездесу. Сонда жастар тарапынан осы құжатта жастардың, болашақ ұрпақтың рөлi айрықша атап көрсетiлсе деген ұсыныс түстi. Сонымен қатар, аймақтардағы партияластарымыздан қазақ тiлi мәселесi көбiрек қозғалса деген ұсыныс жасалды. Елбасы атап өткендей, еңбек және оның маңыздылығы да Доктринада назардан тыс қалған жоқ. Аймақтарды дамыту мәселесi құжаттың маңызды бiр бөлiгi болып табылады», - дедi Б.Байбек.
10.10.2013 11:06 3089

Жастар «Нұр Отан» Доктринасында жастардың рөлiн қозғау туралы ұсыныс жасады. Бұл жөнiнде аталған құжаттың жобасын әзiрлеу бойынша жұмыс тобының қорытынды мәжiлiсiнде «Нұр Отан» ХДП төрағасының бiрiншi орынбасары Бауыржан Байбек мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. 

«Доктринаны жан-жақты талқылауға қоғам өкiлдерi, бұқаралық ақпарат құралдары, зиялы қауым өкiлдерi мен сарапшылар қатысты. Соның бiрi – жақында Темiртауда жастар және үкiметтiк емес ұйым өкiлдерiмен өткен кездесу. Сонда жастар тарапынан осы құжатта жастардың, болашақ ұрпақтың рөлi айрықша атап көрсетiлсе деген ұсыныс түстi. Сонымен қатар, аймақтардағы партияластарымыздан қазақ тiлi мәселесi көбiрек қозғалса деген ұсыныс жасалды. Елбасы атап өткендей, еңбек және оның маңыздылығы да Доктринада назардан тыс қалған жоқ. Аймақтарды дамыту мәселесi құжаттың маңызды бiр бөлiгi болып табылады», - дедi Б.Байбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға